«ЖАҢа инновациялық имитациялық ойындар технологиясы»



бет6/10
Дата27.10.2022
өлшемі1.66 Mb.
#45637
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
math-prosto.ru fizika.ru orgchem.ru  getaclass.ru bilimland.kz


Оқыту видеокурстары оқу/оқытуды электрондық оқулықтар негізінде ұйымдастыруға мүмкіншілік береді. Мұнда аудио, видео және графикалық материалдар кешенді түрде компьютер арқылы студенттерге ұсынылады.
Білім сапасын арттырудағы жаңа инновациялық технологияларды оқып, үйреніп, сараптай келе, мынадай тұжырым жасауға болады:

  • білім алушылардың білім, білік сапасын арттырудағы жаңа инновациялық технлогоия түрлері сан алуан, оларды таңдау және одан шығатын нәтиже оқушының кәсіби біліктілігіне тікелей байланысты;

  • жаңа инновациялык технологияларды енгізу жүйелі әрі мақсатты түрде жүргізілгенде ғана жетістікке жетуге болады;

  • жаңа инновациялық оқыту технологияларын енгізу барысында әрбір оқу орнының материалдық-техникалық базасының бүгінгі талапқа сай еместігі, әрі жетіспеуі, кадрлық әлеуметтің төмендігі көп кедергі жасайды.


2. ИНТЕРАКТИВТІ ИМИТАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР

2.1 Имитациялық ойындар


Күнделікті санада «ойын» сөзі «бәсекелестік», «қарама-қайшылық», «еліктеу», «ұнамсыздық», «шарттылық», «модель» және т.б. ұғымдармен байланысты. Кейде ойын нәтиже емес, процессі маңызды қызмет түрі ретінде анықталады. Кейбір зерттеушілер ойындарды анықтаған кезде олардың бәсекелестік аспектісін негізге алады, ал басқалары рөлдік имитацияны басты деп санайды. Имитациялық ойын түсінігі ойын элементтерін қамтитын көптеген оқыту стратегиялары үшін жалпы түсінік ретінде қалыптасты. Мұнда рөлдік ойындар, жанжалды ойындар, шешім қабылдауға арналған ойындар, іскерлік ойындар, іскерлік ойын базасындағы компьютерлік имитация және т. б. ұғымдар кіреді.
Ойын арқылы оқыту технологиясының мәні - дидактикалық, тәрбиелік, дамытушылық, әлеуметтендірушілік мақсатқа жету. Ойындық іс-әрекеттің психологиялық механизмі жеке бастың өзіндік талап-талғамдарына сүйенеді. Баланың бойындағы білімділік, танымдық, шығармашылық қасиеттерін аша түсуді көздейді. Оқытудың имитациялық технологиясын "белсенді оқыту" технологиясы деп жиі атайды. Бірақ бұл атау оның ерекшеліктерін көрсетпейді, өйткені кез келген әдіске қойылатын талаптардың бірі - белсенділік талабы.
Имитациялық ойын дегеніміз адамдардың қалыптан тыс (экстремалды) жағдайлардағы әрекеттерін анықтайтын өмір сүру ортасының үлгісін (моделін) құру. Мұндай жағдайлар қатарына жанжал, әуе апаты, жер сілкінісі, кеме апаты, робинзон, жау тылында, тұтқында секілді оқиғаларды жатқызуға болады. Имитациялық ойындарда студенттер өмірде тууы мүмкін оқыс жағдайларды қайталап (имитациялап), шаруашылық, басқару, әлеуметтік, психологиялық шешімдерді қабылдауды үйренеді. Бұл ойындар қарым-қатынастың әртүрлі тәсілдері арқылы жүзеге асырылады: пікірталас, келіссөз жүргізу, презентациялау, бірлесе әрекеттесу. Имитациялық ойындар жаңа ортаға бейімделу дағдыларын қалыптастыруға өз септігін тигізеді. Мұндай ойындарда студенттер үйреншікті қалыптан өзгеше жағдайларда (ситуацияларда) өздерінің күнделікті құлықтары мен әрекеттеріне өзгерістер енгізіп, проблеманың шешімін табады.
Ұйымдастырушылық-қызметтік ойындар (ҰҚО), проблемалық жағдаяттар жүйесі және оқу барысында барлық оқу пәндерінің өзара әрекеттесуі түрінде оқу мазмұнын орналастыру негізінде ұжымдық ойлау әрекеттерін ұйымдастыруды қарастырады.ҰҚО басшысының міндеті - бұл топты әр адамның жеке позициясы сақталған жағдайда оқу процесінің бір бөлігі етіп құру.
Танымдық-дидактикалық ойындар (ТДО), онда зерделенушінің ерекше ойын контекстіне қосылуымен сипатталатын жағдайлар жасалады. Сыртқы қызушылыққа құрылған дидактикалық ойындар мен меңгеруге жататын іс-әрекеттердің құрамына кіретін әрекеттерді талап ететін ойындарды ажырата білу керек. Нақты жағдайларды талдау және шешу әдістерін, танымдық-дидактикалық, рөлдік және іскерлік ойындарды өзіндік "матрешка" ретінде көрсетуге болады, ол алдымен бөлшектелген түрде берілуі тиіс. Бұл білім алушыларды ойынға біртіндеп дайындау керек дегенді білдіреді. Нысан мен қарым-қатынас үлгілері дайын түрде қойылған нақты жағдайларды талдау мен шешуден бастау керек. Содан кейін күрделілігіне қарай танымдық-дидактикалық ойындар жүргізіледі, олар ғылыми, мәдени, әлеуметтік құбылыстардың (білгіштер сайысы, конференция, "Ғажайыптар алаңы" және т.б.) көшірмесін жасау түрінде және пәндік-мазмұнды үлгілер түрінде (мысалы, әр түрлі карталарды пайдалана отырып, ұтымды бағыт әзірлеу қажет болған кезде саяхат-ойын; ертегілер құрастыру және т. б.) өткізіледі. Танымдық ойындарда рөлдік ойындардың элементтері болуы мүмкін. Рөлдерді ойнату тәжірибесін алғаннан кейін оқушылар іскерлік ойындарға дайын болады. Осылайша, ойын қатысушылары белгілі бір тақырып бойынша материалдарды талдау және жағдайларды шешу, танымдық, рөлдік және іскерлік ойындар арқылы зерттей отырып, имитациялық әдістер жүйесін ұйымдастыру қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет