Жалпы редакциясын басқарған: А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры, ҚР ҰҒА корр мүшесі, филол.ғ. д., проф. Е. Қажыбек



Pdf көрінісі
бет135/170
Дата15.04.2022
өлшемі6,86 Mb.
#31095
түріБағдарламасы
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   170
Ə. Сапарбекова
ӨНЕР АЛДЫ – ҚЫЗЫЛ ТІЛ
Белгілі ғалым, Қазақ ССР Ғылым академиясының корреспондент-
мүшесі Рəбиға Сыздықованың творчестволық портреті
Осыдан  нақ 25 жыл  бұрын,  маусым  айының 15-19-дары  аралы -
ғында астанада, Ғылым академиясында қазақ əдебиетінің өзекті проб-
лемаларына арналған ғылыми-теориялық конференция өтіп жатты.


282
Рəбиға Сыздық
Республиканың  əдебиетші-тілші  ғалымдары,  қала  берді,  туыстас 
əдебиетшілер  бас  қосқан  аталмыш  форумның  қорытынды  мəжілі-
сінде кемеңгер жазушы, академик Мұхтар Омарханұлы Əуезов əріп-
тестерінің  ғылыми  ой-тұжырымдарына  баға  бере  келіп,  былай  деп 
еді: «Əдебиет – тілмен əдебиет. Сол тіл, стиль түрінде əдебиет жүйесі 
мен  тарихы  көлемінде  тексерілсе,  осымен  қатар  тілдің  бар  заңы 
бойынша  тіл  ғылымының  оқымыстылары  зерттейтін  дүние  екені 
жəне мəлім.
Біздегі  тіл  ғалымдарымыз  қазақ  əдебиетінің  арғы-бергі  мұрала -
рын,  үлгілерін  ұдайы  зерлеп,  зерттеумен  өз  ғылымдарының  өрісін 
ұлғайта  дамытып  келеді.  Сол  еңбектерінен  олар  біздің  егіз – қатар 
серігіміз  дейміз.  Əрдайым  нық  сүйесе,  тізе  қоса  өсетін  еңбектес 
сыңарымыз.  Осы  құрметті  достарымыз – тілшілер  қатарынан  конфе-
ренция үстінде екі адамның атын арнайы атап өтейін.
Бұның  бірі – барлық  Қазақстандағы  тіл  ғалымдарының  ағасы, 
үлкен  ұстазы I.Кеңесбаев,  екіншісі – Абай  «Қарасөздерінің»  тіл 
ерекшелігін  зерттеп,  кандидаттық  диссертация  қорғағалы  жүрген 
Р.Сыздықова жолдас.
Рəбиға  Сыздықованың  сөзіне  конференцияға  қатысушылар  ай -
рықша ырза болды деп санаймын. Оның сөзіндегі бір ерекшелік: тіл 
мамандары мен əдебиетшілерге қатар айтар орынды, кенеулі ойы бар 
жəне  сол  ойды  таратып  айта  аларлық  тіл  құдіреті  мейлінше  жеткі-
лікті екендігін аңғартты». Сол кандидаттық диссертация қорғауға тал-
пынып  жүрген  жас  зерттеуші – бүгін  əдебиетші-тілші  қауымға  есімі 
мəлім  Қазақ  ССР  Ғылым  академиясының  (қазақ  филолог-əйелдері 
арасындағы  тұңғыш)  мүше-корреспонденті,  филология  ғылымдары-
ның  докторы,  Қазақ  ССР-і  ғылымына  еңбегі  сіңген  қайраткер, 
«Құрмет  белгісі»  орденінің  кавалері,  Қазақ  ССР  Ғылым  академия-
сы  Тіл  білімі  ииститутының  бөлім  меңгерушісі  Рəбиға  Ғалиқызы 
(Сəтіғалиқызы) Сыздықова.
Адам  тағдыры  күрделі,  қайталанбастығымен,  кездейсоқтық  пен 
қажеттіліктің  диалектикалық  байланысынан  өрілетіндігімен  қызық. 
Табиғаттың  төл  перзенті  болғандығынан,  бəлкім  адам  ғұмыры  да 
табиғат құбылыстарына тəн жаз, күз, қыс пен көктем тəрізді айлары-
нан тұратын тəрізді.
Алдыңғы  толқын  аға  буын  еншісіне  тиген,  еліміздегі  ғасырларға 
бергісіз саяси, əлеуметтік, мəдени төңкерістерге толы от-жалын жыл-
дарда  дүниеге  келген  ол  Октябрьден  соңғы  еліміздің  бел-белестері, 
отқа оранған ұлы майдан жылдары, кейінгі «Қайта өрлеу» кезеңдері-
мен бірге есейді.
Көп  арманды  қыршынынан  қиған  соғыс  өрті  тұтанған  жылы 
16-дағы қаршадай жас қыз мектепте ұстаздық етеді.


283
Тіл-ғұмыр
Жаратылысынан  алғыр,  зерделі  жас 1945 жылы  астанаға  келіп, 
ҚазПИ-дің  тіл-əдебиет  факультетінің 3-курсына  қабылданады.  Инс-
титутты  қызыл  дипломмен  тəмамдап,  аспирантураға  қалдырылған 
тынымсыз  Рəбиға  туған  тіл  мен  əдебиетінің  сан  алуан  көкейкесті 
мəселелеріне жүрексінбей араласады.
Сөз  басында  келтіріп  өткен  Мұхаңның  жылы  бағасы  кездейсоқ 
туған байлам емес-ті. Аспирантурада оқи жүріп, жаһан мəдениетінің 
жауһар  туындысын  жаратқан  жазушы,  енді  бір  қырымен – тұңғиық 
ойды  маржан  сөзбен  түйген  ғұлама,  шешен  Əуезовтің  университет -
тегі дəрістерін Рəбиға арнайы іздеп барып тыңдар еді.
Кейінгі  буын  Əуезов  дəрісін  тыңдап,  Əуезов  тағылымын  алған 
жандарға  ұлы  суреткер  рухының  бір  сынығы,  шарапаты  дарығандай 
қызыға, қызғана қарайтынымыз шындық. 
Əдебиет пен тіл болашағын сеніп тапсырар азаматтар жайлы тол-
ғана  жүрер  жіті  көзді  ұстаз  шəкірт  бойында  тіл  мен  əдебиетке  тел 
бір  ұшқын  барын  тамыршыдай  тап  басып  тани  білсе  керек.  Үміт 
күттірер жастың кейінгі қадамдарына да зер сала жүрсе керек.
Сол жылдарға тағы бір шегініс жасай кетейік.
1953 жыл. Əрбір бітімі өзге, кесек туындының оқырман қауымды 
бір сілкінте келері аян. «Абай жолы» эпопеясы жайында қилы пікір-
лер  айтылып,  қызу  талқыланып  жатқан  шақ.  Осындай  жиындардың 
бірінде  мəжіліске  төрағалық  етіп  отырған,  сол  кездегі  Жазушылар 
одағының  председателі,  философ  Ə.Жаймурзинге  залдағы  Мұхаңнан 
тілдей  қағаз  келіп  түседі: «Абдрахим!  Егер  Құтқожина  деген  əйел 
бала  сөз  сұраса,  берсең  жақсы  болар  еді.  Ол  бір  өте  ақылды  жəне 
мəдениетті  жас.  Мұхтар» (Рəбиға  апайдың  тұрмыс  құрғанға  дейінгі 
өз фамилиясы Құтқожина болатын).
Жас талап филологтың белгілі сыншыларға теңдес пікір айта ала-
рына ұлы Мұхаң сенімі бекер тумағанын кейін өмір көрсетті.
Арада 25 жыл  өткен  соң, 1978 жылы 24 декабрьде  ҚазГУ-дегі 
дəстүрлі  Əуезов  күнінде  Ə.Жаймурзин  Мұхаң  жайлы  естелігін  айта 
келе,  жоғарыдағы  жайтты  да  əңгімелеп,  осы  кешке  шақырылған  фи-
лология  ғылымдарының  докторы,  ғалым  Р.Сыздықоваға  Мұхаң  қол-
таңбасын табыс еткен.
Қазақ  тілі  мен  əдебиет  зерттеу  саласындағы  алғашқы  аяқ  алысы-
мен-ақ  жас  Рəбиға  ғылымға  осындай  өзіндік  сергектікпен,  даралық -
пен келген.
Өнер  мен  ғылым – егіз  стихия.  В.Г.  Белинский  айтқандай, «Ғы-
лым – қоғамның  ақылы  да,  поэзия – жүрегі»  емес  пе?  Өзі  тілші-
ғалым  бола  тұра  Рəбиға  апай  көркем  əдебиет  жайларынан  бір  сəтке 
қол  үзген  емес.  Əдебиетке  деген  қалтқысыз  құштарлығы  апайдың 
ғылыми  еңбектерінің  мазмұнынан  да  аңғарылады.  Негізгі  зерттеу 


284


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   170




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет