«Жалпыұлттық құндылықтар негізінде білім беру және тәрбиелеу»


«Айналайын» бөбекжайы базасында құрылған ресурстық орталық



Pdf көрінісі
бет95/188
Дата25.11.2023
өлшемі6,46 Mb.
#127328
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   188
«Айналайын» бөбекжайы базасында құрылған ресурстық орталық 
қызметінің мақсаты -
«Мектепке дейінгі мекемеде инклюзивті тәрбиені 
дамыту» 
тақырыбындағы 
тәжірибелік 
– 
эксперименттік 
жұмыс 
бағдарламасынан жинақталған тәжірибені білім беру ұйымдарына тарату. 
Ресурстық орталықтың негізгі міндеттері: 

инклюзивті білім берудің идеялары мен қағидаларын ілгерілету, 
кеңестік-әдістемелік көмек көрсету, психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу 
қызметінің педагог-мамандарға, ата-аналарға және мүдделі тұлғаларға кеңес 
беру; 

ТЭЖ барысындағы зерттеулердің нәтижелерін Приозерск қаласындағы 
серіктес мектепке дейінгі ұйымдарға тарату және енгізу; 

ЕБҚ бар балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу 
тәжірибесін талдау, тәжірибелерді жалпылау және тарату. 
Ресурстық орталық қызметінің бағыттары: 

инклюзивті білім беру мен тәрбиелеуді психологиялық-педагогикалық 
және әдістемелік тұрғыда сүйемелдеу; 


214 

инклюзивті білім беруді жүзеге асыру үшін педагог-мамандарға 
әдістемелік, кеңестік көмек беру; 

«Мектепке 
дейінгі 
мекемеде 
инклюзивті 
тәрбиені 
дамыту» 
тақырыбында 
тәжірибелік 
–эксперименттік 
жұмыс 
бағдарламасынан 
жинақталған тәжірибені тарату; 

ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істеу үшін 
педагогтарға араналған әдістемелік құралдарды дайындауды жүзеге асыру. 
Ресурстық орталықтың жұмысын 
инклюзивті білім беру бойынша 
әдіскер-үйлестіруші,
 
педагог
-
психолог, дефектолог, логопед, монтессори -
педагог мамандары жүзеге асырады. 
Ресурстық орталықтың педагог-мамандары:

белгілі бір қиындықтары бар тәрбиеленушілермен жеке оқу қызметтерін 
өткізеді; 

серіктес мектепке дейінгі ұйым педагог-мамандары, тәрбиешілері үшін 
жеке және топтық кеңестер өткізеді; 

тәрбиеленушілерді оқыту және тәрбиелеу мәселелері бойынша ата-
аналар үшін жеке және топтық кеңестер өткізеді; 

инклюзивті білім беру бағытында жұмыс істейтін педагог-мамандарға 
әдістемелік көмек көрсетеді; 

семинарлар, конференциялар өткізуге қатысады; 

шеберлік-сыныптар, воркшоптар өткізеді. 
Ресурстық орталық оқу-тәрбие үрдістеріне қуатты қолдау көрсетеді. 
Сонымен қатар шығармашылық және интеллектуалды дарынды балаларға 
мақсатты қолдау көрсетеді және шығармашылық қабілеттері бар білікті 
мектепке дейінгі ұйымның педагог қызметкерлерін дамытады. 
Әдебиет: 
1.Құрастырған Б.С.Омар. Мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті тәрбие 
мен оқытудың үдерісін ұйымдастыру бойынша ақпараттық-әдістемелік 
ұсынымдар жинағы. Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2019. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   188




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет