Жансүгіров атындағы жму хабаршысы №2-3 / 2015


Ағылшын тіліндегі тәржіманың қазақ тіліндегі жолма-жол аудармасы



Pdf көрінісі
бет29/31
Дата06.03.2017
өлшемі3,91 Mb.
#8051
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31

Ағылшын тіліндегі тәржіманың қазақ тіліндегі жолма-жол аудармасы: 
Қазымыр шал көп зиян келтіреді, 
Оның демалысы боранды жандандырып, қар мен суық әкеледі. 
Дода(сабалақ, жалбыраған) басында қалпағы бар бұлтпенен, 
Бүкіл әлем қолында, ол алдыға жылжиды. 

     
 
 
245 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 2-3  / 2015     
 
Ағылшын тіліндегі бұл тәржіма түпнұсқадан емес, орыс тіліндегі нұсқасы 
арқылы жасалған, бірақ дәл қай нұсқасы екені белгісіз. Мысалы, Ю.Кузнецов бұл 
өлең жолдарын: Пар дыхания свежен, морозен и лют. 
Так пришел старый сват – и потряс наш покой [5,172]- дептәржімаласа, 
1888 жылы орыс ақыны Вс. Рождественский : 
Старый сват, белый дед натворил много бед. 
От дыханья его - стужа, снег и буран,- депорыстіліндесуреттейді. 
Ағылшын  тіліндегі  тәржімамен  салыстырғанда,  орыс  тіліндегі  екі  аудармада 
да түпнұсқадағы «құда» ұғымы сақталады, себебі орыс халқында да «сваты» түсінігі 
бар. Бұл жағдайға  ағылшындарда  «құда» деген түсінік пен атаудың  болмауы әсер 
еткен болар, аудармашы  «құданы-шалға» айналдырған, бірақ  «шал» сөзінің алдына 
түпнұсқада  берілген  «кәрі»  айқындауышымен  бірге  өзі  қосқан  тағы  да  бір 
айқындауыш  «grumpy-сварливый-қазымыр»  артық  болған  секілді.  Себебі  қазақ 
халқының  дүниетанымы,  салт-санасы  бойынша  құдаға  әрқашан  құрметпен  қараған. 
«Күйеу  жүз  жылдық,  құда  мың  жылдық»  деген  өнегелі  сөз  оның  дәлелі.  Құдасын 
қазақ  әрқашан  ерекше  ілтипатпен  қарсы  алып,  сый  көрсеткен.  Одан  да  тереңірек 
үңілетін болсақ, осы өлең жолдарынан авторлық концептті де байқауға болады. Ол 
үшін ақын неге қысты құдаға теңеді деп, содан неге кәрі құдаға теңеді деген сұраққа 
жауап беру керек сияқты. Иа, қыс – өте суық, қатал жыл мезгілі. Қысты абыроймен 
қарсы  алу  үшін  адамдар  жаз  бойы  қамданып,  қалай  келсе  де  күтіп  алуға  мәжбүр. 
Бірақ  сол  үшін  ешкім  қысқа  сен  суықсың,  қаталсың  деп  айта  алмас,  себебі  оның 
табиғи болмысы сол. Қазақы ұғымдағы құданың да болмысы сондай. Құдаң қандай 
болса да, қалай келсе де ерекше сый-құрметпен қарайсың. Сондықтан да «шал» мен 
«құда»  сөздерінің  мәні  бір-бірінен  тым  алшақ.  Осындай  байырғы,  белгілі  бір 
халыққа  ғана  тән  сөздерді  қалай  аудару  керек  деген  мәселе  -  аударматану 
ғылымында әлі дұрыс шешімін таппай келе жатқан мәселелердің бірі. 
Енді  өлеңдегі  метафораның  аудармасына  келетін  болсақ,  Абай  қыстың 
«демалысын жай ғана үскірік, аяз бен қар» деп атап өтсе, аудармашы оларды әрекет 
еткізіп,  қимыл  бітіреді:  «оның  демі  үскірікті  асқындырып,  қар  мен  суық  әкеледі». 
Демек, метафора өзінің пішінін жоғалтып, жай ғана суреттеуге айналған.  
Өлеңнің  осы  жолдарын  ағылшын  тілінде  аудармашы  Ричард  МакКейн 
төмендегідей сөйлетті:   
Each breath is shrouded in a frosty cloud. 
He came like a long lost relative and caused a commotion [6, 73]. 
Аталған тәржіманың  жолма-жол аудармасы төмендегідей болмақ:  
Әрбір демі аязды бұлтқа оранып 
Ол бұрын жоғалған туысқандай келіп әлек салды.  
 
Көріп отырғанымыздай аудармада түпнұсқадағы қазақы  ұғым мүлде жоғалып 
кеткен. Яғни, аудармашы «кәріқұда» деп метафора арқылы көрініс тапқан а вторлық 
Концептіні жойып жіберіп, қысты   «бұрын жоғалған туысқанның» келуіне теңейді. 
Ал  «демалысы  –үскірік,  аязбенқар»  деп  метафора  арқылы  суреттелген  тармақжай 
сөйлемге айналған: «үскірік, аязбенқар» – «аяздыбұлт» деп жалпы тәржімаланады. 
Осы өлең жолдарының неміс тіліндегі нұсқасы төмендегідей: 
Sein Atem verströmt Schneegestöber und Frost. 
Der Winter – als Freier?- hat uns übermannt! [5,11] 
Жолма-жолаудармажасайтынболсақ: 
Оныңдемалысықар мен аяздыаямайберді, 
Қыс - күйеужігіттәрізді?- бізгезиянкелтірді. 
Көріп  отырғанымыздай,  неміс  тіліндегі  нұсқасында  да  аудармашы  «қыстың 
демалысына жан бітіріп, қар мен аязды аямай берді» деп әрекет еткізеді. Екінші өлең 
жолындағы  метафора  «als-сияқты»  қосымшасы  арқылы  теңеуге  айналып  кеткен. 

     
 
 
246 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 2-3  / 2015     
 
Теңеуде бір нәрсені екінші бір нәрсеге теңегенде, екеуінің арасында еш айырма жоқ, 
тепе-тең деп ұқпаймыз. Екеуі екі нәрсе, екеуінің жігі әрдайым ап-ашық. Тек белгілі 
нәрсе арқылы белгісіз нәрсені көзге елестетеміз. «Ол  – кәрі құдадай» дегенде, құда 
сықылды, тәрізді, бірақ құда емес. 
Метафорада  ондай  сілтеу  жоқ.  «Кәрі  құдаң-қыс»  деп  кесіп  айтады.  «Құда-
күйеу бала» деп тәржімаланып, өзінің мәнін мүлде жоғалтқан. 
Төмендегі өлең жолдарынан тағы да ұлттық бояудағы шынайы қазақ өміріне 
тән суреттеуді көреміз:  
“Бурадай барқ-сұрқ етіп долданғанда, 
Алты қанат ақ орда үй шайқалды”.  
Осы екі тармақта ақын қыстың долдануын – бураға теңеп, алты қанат ақ орда 
үй  деген  эпитетті  тіркесті  қолданған.  Төрт-түлік  малдың  сырын  біле  бермейтін  кез 
келген  адамда  туындайтын  бірінші  сұрақ:  неге  ақын  қысты  бураға  теңеді?  Бура  – 
айыр  түйенің  таза  тұқымды  аталығы.  Адам:  «Жақсы  мінезді  қайдан  үйренем?»  - 
демесе  керек.  Түйе  деген  малдан  ғибрат  алуға  керек.  Түйе  сондай  зор  биіктігін 
ойына  алмай,  бір  тышқанның  құйрығына  байлап  қоя  берсе,  еріп  жүре  береді.  Өзі 
қырық  күн  шөлге  шыдайды,  көзіне  көрінгенді  қорек  қылып,  еш  нәрсені  талғамай 
жеп,  қанағат  қылып  жүре  береді.  Күштілікте  қара  жердің  кемесі  десе  болады. 
Көнгіштікте сондай көнгіш: бала шөгерсе, шөгіп жатады. Түн болса, байлап салған 
жерден қозғалмайды [7]. Осындай көнгіш түйенің қаһарлы қысқа қатысы не? 
Бұл сұраққа жауап беруге келесі анықтама көмектеспек: «бура - айыр түйенің 
келеге түсетін еркегі. Келе дегеніміз - інгендер табыны. Інген - қос өркешті ұрғашы 
түйе.  Әр  келеде  10  –  15  інген  болады.  Келеге  түсетін  бураны  ерекше  күтеді  [8]. 
Себебі  бураның күйі келен кезінде, бір  айға дейін от оттап, су ішпей қағып,  жарап 
алады.  Ол  әбден  бабына  келген  соң  аузынан  ақ  көбігін  шашып,  шайырланған 
желкесін  иығына  соғып,  артқы  екі  санының  арасын  құйрығымен  ерсілі-қарсылы 
сабалап,  тыныш  таппайды.  Мұндай  бура  кісіге  қарай  айбат  шегеді.  Ол  кездері  өте 
қауіпті болады. Осындай кісі алатын бура жарамастан он күн бұрын аузына темірден 
құрсау  салып,  байлап  қойылады.  Әрі  келен  уақыты  дәл  қаңтар  айынан  басталады 
екен.  Міне,  сондықтан  да  ақын  бураның  дәл  осындай  қауіпті,  аузынан  ақ  көбік 
шашып, адамға айбат шегетін уақытын қыс қаһарына теңеген болар. 
Осы  өлең  жолдарын  ағылшын,  неміс  тілдеріне  тәржімалаған  аудармашылар 
осы сұрақты өздеріне қоймаған тәрізді. Қыстың бұл суретін Дориан Роттенберг:  
Like a crazy old camel he acts in his rage, 
Rocking and shaking our yurta’s thin wall [9, 58],-деп тәржімалайды. 
Жолма-жолаудармасы: 
Олесінен адасқан кәрі түйедей ашумен әрекет  етеді, 
Біздің киіз үйдің жұқа қабырғасын тербетіп және  сілкіндіріп.   
Яғни,  бураны  –  есінен  адасқан,  кәрі  түйеге  балайды.  Түпнұсқада  бураның 
мұндай  күйін  сипаттайтын  сөз  де,  ой  да  жоқ.  Болуы  мүмкін  де  емес.  Себебі  сан 
ғасыр көшпенді дәуірде тұрмыс – тіршілігі тікелей мал шаруашылығына байланысты 
өткен  қазақ  халқы  төрт  түліктің  сыр-сипатын,  қадір-қасиетін  жете  біліп,  ерекше 
қастерлеген,  малды  былапыт  сөздер  айтып  балағаттамаған,  теппеген,  басына 
ұрмаған, сылап-сипап баққан.Түйені тіптен бет алды соя бермеген. Түйе тек Меккеге 
қажылыққа  жүрерде,  көп  болып  тасаттық  жасағанда  немесе  ханды  таққа 
отырғызғанда сойылған. Халық аузында «ақ түйенің қарны жарылғанда» деген мәтел 
осындай мерекені көрсетеді. 
Қазақтар  түйені  ешуақытта  ұрмаған,  теппеген,  керек  десе  сөзбен  қатты 
ұрыспаған.  Жүнін  қалай  болса  солай  шашпаған.  Жүнін  қасиетті  санап,  жын-
бәлекетті  қуады  деген.  Түйе  жүні  тұмарды  да  алмастырған.  Аталған  қазақы 
құндылық  түйені  алжыған,  кәрі  деп  суреттеуге  жол  бермейді.  Демек,  ағылшын 

     
 
 
247 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 2-3  / 2015     
 
тілінде тек пішінін сақтап қалған теңеу «like a crazy old camel» - «кәрі, есінен адасқан 
түйе  сияқты»  (ағылшын  тілінде  «simile»  (салыстыру)  деп  аталатын  «as,  like» 
қосымшаларының  көмегімен  жасалатын  көркемдік  құрал)  мағыналық  құндылығын 
жоғалтқан.  
Қазақтың  байырғы  тұрмыстық  лексикасы  «алты  қанат  ақ  орда  үйді»  -  юрта, 
яғни киіз үй деп тәржімалайды. Иа, қазақтардың үйі солай аталған. Бірақ бұл жалпы 
атау.  Оның  өзі  бірнеше  түрлерге  бөлініп  кетеді.  Мұнда  аудармадағы  жалпы  мен 
жалқының қатысы мәселесі туындайды. Әрі ақынның өзі де жай киіз үй дей салмай 
оны  «алты  қанат  ақ  орда  үй»  деп  бөлектеп  айтып  тұр.  Сонымен  ол  қандай  үй? 
Көшпелі  тұрмыс  кешкен  қазақ  халқы  негізінен  киіз  үйді  пайдаланған.  Бірақ  хан-
сұлтан,  атақты  байлардың  үйі  8 қанаттан  бастап,  30  қанатқа  дейін  жеткен.  Мұндай 
үйлер  ақ  ала  орда,  ақ  орда,  ақ  шаңқан,  алтын  орда,  алтын  үзік  аталған.  Ал  орташа 
шаруа  мен  кедей  шаруаларға  тән  киіз  үйлерді  алты  қанат  ақ  үй,  боз  үй,  қоңыр  үй, 
қара  үй,  қалмақ  үй,  лашық,  аран,  жаба  салма,  көтерме  туырлықты,  кепе,  ұранқай, 
күрке,  қамсау  (шошала),  итарқа,  т.б.  деп  атаған.  Жолаушылар  мен  жорықшыларға 
тән үйлер (абылайша, ақ қос, қос, қаңқа, жоламай, т.б.) де бар. 
Ал,  қанат  сөзінің  түп-төркіні  қалай?  Қазақтың  қарапайым  ұғымындағы  үй 
өлшемі  -  қанат.  Қанат  кереге  санын  білдіреді.  "Алты  қанат  ақ  орда"  деген  тіркес 
содан  қалған.  Шеберлер  көші-қонға,  тігуге  ыңғайлы  болу  үшін  кереге  басын 
көбейтіп  алты  қанат  жасайды.  Халық  арасында  ең  көп  қалыптасқан  үлгі  6-7  қанат. 
Ал  8  не  одан  көп  үйлер  көбіне  той-томалақта,  немесе  дүбірліас,  тойларда  тігіледі. 
Абылай хан ордасы 12 қанат болды,  уығын ат үстінде тұрып шаншады екен деседі 
[10].  Демек,  үйдің  көлемі  қанаттың  санына  сәйкес  болады.  Кереге  бір-біріне 
қиылыстыра  орналасып,  қайыспен  өз  ара  бекітілген  сағанақтардан  тұрады.  Сол 
себепті,  ол  құстың  қанатындай  оп-оңай  керіліп,  қайта  жиналып  отырады.  Осыдан 
Абай ақынның не себепті дәл «алты қанат ақ орда үйді» атағаны белгілі болды: алты 
қанат  үй  көшуге,  тігуге  ыңғайлысы  болғандықтан  ең  көп  пайдаланылған.  Бұл 
ерекшелікті аударма жасағанда елемеске болмайды. Әрі аудармашы  «киіз үйіміздің 
жұқа  қабырғасын»  дірілдетті  деп,  «жұқа  қабырғасын»  өз  ойынан  қосқан.  Ондай 
суреттеу  түпнұсқада  жоқтың  қасы.  Себебі  киіз  үйдің  қабырғасының  жұқа  болуы 
мүмкін емес. Қазақтың үйі қыста – жылы, жазда – салқын болған. 
Ұлтымыз қатты ыстық, қатты суық болғанда да өзiндiк әдiстер арқылы үйдiң 
жылулығы мен салқындығын сақтай бiлген. Қатты ыстық болғанда үй iргесiн ерсiлi-
қарсылы түру арқылы үй ауасын алмастырып салқын орта жасаса, түңiлiктi еңкейтiп 
жауып ашу күннiң үйге тiк түсуiнен болатын қайнаған ыстықтан сақтанған. Ал қыс 
күндерi  үйге  үлкен  пеш  орнатумен  бiрге  үйдiң  сыртынан  кереге  басына  дейiн  көң 
көмiп, шаңыраққа дейiн екi де үш қабат киiз жауып қысқы аязда тоңып үсіп қалудан 
сақтанған. Сондықтан да «киіз үйдің жұқа қабырғасы» деп айтуға келмес. 
Келесі ағылшын аудармашысы Ричард МакКейн болса, бұл екі жолды  мүлде 
басқаша тәржімалаған: 
He broke out in anger like the frosty snowstorm 
And the six-walled tents trembled [6, 73]. 
 
Жолма-жол аудармасы: 
Ол аязды боран тәрізді ашуға булығып 
Алты қабырғалы шатырларды дірілдетті.  
Бұл тәржімада бура да жоқ, кәрі түйе де жоқ, есесіне аязды боран және алты 
қабырғалы шатырлар бар. Әрі «six-walled tents» эпитет қызметін атқарып тұр. Алты 
қанатты  -  алты  қабырғалы  деп  атауы  түсінікті.  Себебі,  ағылшындарда  «қанат» 
ұғымының  мағыналық  өрісіне  мұндай  атау  енбейді.  Бірақ,  әрине  «қабырға»  сөзі 
қазақтың  киіз  үйінің  керегелерінің  қанат  тәрізді  лезде  жайылып,  жинала  қоятын 
қасиетін суреттей алмайды. Тек «ақ орда үйді» - «шатыр» (палатка) деп тәржімалауы 

     
 
 
248 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 2-3  / 2015     
 
ойға  қонымсыз.  Бәлкім  аудармашы  қазақтың  киіз  үйін  әншейін  бір  шүберекпен 
жабыла салған уақытша шатыр деп елестеткен болар. Бұл – үлкен қателік. Киіз үйдің 
көшпелі  өмірге  ыңғайлы  әрі  төзімді  құрылымы  мен  құрылысы  жайлы  жоғарыда 
толық сипатталды. 
Неміс тіліне Абайдың «Қыс» өлеңінің осы екі тармағын аудармашы Леонардо 
Кошут қалай тәржімалапты?  
Als schüttle ein Weib furienhaft die Welt – 
Der Orkan resistdie Jurte fast aus dem Stand [5, 21].  
Жолма-жолаудармасы: 
Әйел адам ашу үстінде әлемді шайқағандай –  
Дауыл киіз үйді орнынан қозғайды. 
Аудармашы  «бураның  ашуын  –  әйел  адамның  ашуына»  теңепті.  Әрі  «ашу 
үстінде  әлемді  шайқаған  әйел»  деп  әсірелеген  тәрізді.  Бураның  әйел  адамға  еш 
қатысы  жоқ.  Бура  –  түйенің  аталығы.  Абай  ақынның  неге  қысты  бураның 
долдануына  теңегені  егжей-тегжейлі  жоғарыда  түсіндірілді.  Осы  жағдайда 
филология  ғылымдарының  докторы,  профессор  Ж.Дәдебаевтың  мынадай 
тұжырымын  айтпасқа  болмас:  «Көркем  аударманың  теориясы  мен  тәжірибесінде 
түпнұсқаның  белгілі  бірліктерінің  трансформациялануының  жолдары,  амалдары 
алуан түрлі. Қысқарту, өзгерту, алмастыру, толықтыру, ойдан қосу - аудармашының 
шығармашылық  ізденістерінде  бұлардың  атқаратын  қызметі  айрықша  маңызды. 
Сонымен қатар мына  жайды ескеру керек:  түпнұсқа жүйесіндегі  бірліктердің бәрін 
бірдей қысқартып, өзгертіп, толықтырып, ойдан қосып аударуға болмайды. Әсіресе 
автордың  өзі  суреттеп  отырған  шындық  құбылыстар  туралы  айтқан  түйінді  ойын, 
концептуалды  тұжырымы  мен  бағасын  білдіретін  ұғымдарды  саралауға,  даралауға, 
нақтылауға, дамытуға, байытуға шек қойылмағанмен, оларды қысқартуға, өзгертуге, 
алмастыруға  болмайды»  [11,38].  Демек,  аудармашының  ақын  суреттеп  отырған 
қазақы  өмірдің  шынайы,  табиғи  құбылысын  мүлде  басқа,  ешқандай  ұқсастық  пен 
қисынға келмейтін құбылыспен алмастыруы ойға қонымсыз. 
Демек,  теңеу  аудармада  өзінің  пішінін  де,  мағынасын  да  жоғалтқан.  «Алты 
қанат ақ орда үй» - киіз үй деп жалпы тәржімаланған.   
Әрине, ескермеске болмайтын жағдай, бұл өлеңнің ағылшын тіліне де, неміс 
тіліне  де  түпнұсқадан  емес  орыс  тіліндегі  аудармаларынан  тәржімаланғанын  атап 
өту. Себебі, ағылшын,  неміс тілдеріндегі  аударма орыс тіліндегі  нұсқасына тәуелді 
болады.  Мысалы,  жоғарыда  аталған  өлең  тармақтарын  Вс.Рождественский  орыс 
тіліне:  
«Злится он, словно бешеный старый верблюд, 
 И тогда шестискладная юрта дрожит» - деп, ал  Ю.Кузнецов:   
«Его гнев превращается в снежный буран, 
Белой юрты-орды потрясая усты» [5,172]- дептәржімалайды.  
Міне, жоғарыда аталған ағылшын аудармашысы Дориан Роттенбергтің «Like 
a  crazy  old  camel  he  acts  in  his  rage»  -  «есінен  адасқан,  кәрі  түйесінің»  қайдан 
шыққаны  белгілі  болды.  «Бурадай  долдану»  деген  теңеуді  Вс.Рождественский 
теңеуді  «словно  бешеный  старый  верблюд»  деп  аударған.  Ал,  Ричард  МакКейннің 
бұл 
теңеуді 
мүлде 
өзгертіп 
аударған 
нұсқасын 
«Hebrokeoutinangerlikethefrostysnowstorm» (Олаязды боран тәрізді ашуға   булығып) 
Ю.  Кузнецовтың тәржімасынан көруге болады:  «Его гнев превращается в снежный 
буран». 
Абайдың  көркемдік  бейнелеу  құралдырының  жүйесіне  тән  ерекшеліктердің 
аудармада  лайықты  көрініс  табуы  аса  күрделі  мәселе  екенінде  дау  жоқ.  Бірақ  бұл 
бағытта қол жеткен нәтижелердің түпнұсқаға эквиваленттілігі, оның деңгейі талабы 

     
 
 
249 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 2-3  / 2015     
 
мен талғамы бар оқырманды да, Абайды екі тілде бірдей оқып, түсінетін қарапайым 
оқырманды да сүйсінте алмайды, сүйіндірмейді» [10, 39].  
Ақын  ойынан  туындаған  суреттерді  екінші  тілге  дәл  солай  жеткізу  мүмкін 
емес  деген  тұжырымның  дәлелі  осындай  болмақ.  Бірақ  дегенмен  аудармашы 
аудармаға  кіріспестен  бұрын  түпнұсқа  тілін,  түпнұсқаның  авторын,  оның 
шығармашылығы  мен  тұлғалық  ерекшелігін  зерттеп,  өлеңде  көрініс  тапқан 
дәстүрлік,  салттық  ерекшеліктерді  зерделеп,  өлеңнің  стилистикалық,  құрылымдық 
ерекшелігіне аса зор мән беруі керек. Сонда ғана түпнұсқа мен аударма арасындағы  
алшақтық азаятын болар.  
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
1.
 
Ысмағұлов Ж. Абай: Абай тағылымы. -Алматы: Ғылым, 1994.-280б.  
2.
 
Құнанбаев Абай. Шығармаларының екі томдық 
толық жинағы [Текст]: Өлеңдермен поэмалар.- Алматы "Көркемәдебиет", 1957.- 368 
б.www.abai-inst.kz 
3.
 
Абай.  Энциклопедия.  –  Алматы:  «Қазақ  энциклопедиясының»  бас 
редакциясы, «Атамұра» баспасы. 
4.
 
KunanbaevAbai – Selected Poems. Progress Publishers Moscow. 1970, 1
st
 Edition.  
5.
 
Abai. Zwanzig Gedichte. –Köln: Önel Verlag, 2008. 
6.
 
Abai. Book of words. Абай халықаралық клубы. Семей 2005.-77б. 
7.
 
Оразбаева  Б.Қ.  Мәшһүр-Жүсіп  Көпеев  шығармаларындағы  төрт  түлік  малға 
қатысты  заттық  мәдениет.  Әдістемелік  құрал.  Павлодар.  С.Торайғыров  атындағы 
ПМУ ғылыми кеңесінің шешімімен ұсынылған.  
8.
 
Ұлттық  апталық.  Фарида  Ботабаева,  Бәйдібек  аудандық  сәулет-көркем 
мұражай мұрағатшысы. 22 тамыз,  2013 11:49 
9.
 
З.Сәбитова.  Тілдердің  лингвистика-мәдениеттану  феномені.  Алматы: 
«Жазушы», 2001.-215б. 
10.
 
Дәдебаев  Ж.  Әдеби  компаративистика  және  көркем  аударма.  Алматы:  Қазақ 
университеті, 2011.- 183 б 
 
 
ӘӨК 412.02.11 
 
ҚАЗАҚ  ӘДЕБИЕТІНДЕ  ҰЛТТЫҚ  МЕНТАЛИТЕТТІҢ  АЛАТЫН ОРНЫ 
 
Тұрысбекова Әсем Ерікқызы
 
ф.ғ.к., аға оқытушы 
І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Талдықорған 
қаласы,  as.turysbekova @ qmail.com 
 
Ата-бабаларымыз  ұрпақтарына    ұлан-ғайыр  даламен  бірге  бай  мұрасын  да 
қалдырған. Ұрпақтарының, яғни, біздің алдымыздағы жауапты міндеттердің бірі –
ата-баба аманатын шын жүрекпен қабылдау. Олар: бабаларымыздың парасатты 
тәлім-тәрбиесі,  мәдени  мұралары,  әдеттер  мен  салттары.  Бір  сөзбен  айтсақ, 
ұлттық  менталитеті.  Ал,  менталитет  сөзінің  мағынасы  өте  кең.  Біз  оны 
адамдардың  іс-әрекеттері,  өмір  сүру  дағдысы,  ойлау  жүйесі,  бір-біріне  деген 
қарым-қатынасы,  салт-дәстүрлері,  әуендері  мен  әндері,  ұлттық  ойындары  және  
айналамен бірлескен қарым-қатынастың призмасы ретінде қабылдаймыз. 
Наши  предки  навечно  оставили  нам  огромную  территорию,  богатое 
наследие и перед нами стоит задача осознать все это, принять его всем сердцем. 
Это  мудрое  учение  наших  предков,  культурная  ценность,  проверенные  историей 
обычаи  и  традиции,  т.е.  национальный  менталитет.  Понятие  слова  менталитет 

     
 
 
250 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 2-3  / 2015     
 
очень широкое. Мы воспринимаем его через призму человеческих поступков, образа 
жизни,  мышления,  восприятия  мира,  отношения  друг  к  другу,  традиции,  песен  и 
мелодии, национальных игр и даже через взаимоотношение с окружающей средой. 
Today  both  friends  and  enemies  admit  that  fact  that  the  destiny  has  developed  a 
reliable  example  of  unity,  solidarity,  unity  and  relationship  in  our  blood.  Our  ancestors 
have forever left to us huge territory, a rich heritage and before us it is necessary to realize 
a problem of it, to accept it with all of our heart. This wise doctrine of our ancestors, the 
cultural  value,  the  customs  checked  up  by  history  and  traditions,  i.e.  national  mentality. 
Concept of a word mentality is very wide. We perceive it through a prism of human acts, a 
way of life, thinking, perception of the world, the relation to each other, traditions, songs 
and a melody, national games and even through mutual relation with environment. 
Кілт сөздер:  архетип, постфактум, беллетризм, вертикаль, призма.  
 
Ұлт  менталитетінің  мән-мағынасын  тереңнен  барлап,  зерттеп,  атқаратын 
қызметін,  оның  қамтитын  көлемін  білмейінше,  ол  жайлы  сөз  қозғау  орынсыз. 
Менталитет  бізге  батыс  елдерінен  жеткені  мәлім.  Білім,  ғылымнан  қаншама 
ғасырлық қазынасы бар қаншама кереметтерді жасап, әлемге иелік еткен француздар  
менталитетті  «inentalite»,  ағылшындар  «mentality»,  немістер            «mentalitat»  деп 
айтып, жазады. Үш тілде жазылуы да, дыбысталуы да ұқсас терминнің латын тілінен 
алынғанын мойындамасқа болмайды. Отандық ғылымда менталитет терминіне баса 
назар  аударып,  халқымыздың  тұрмысы,  қоғамдық  құрылысы,  рухани  мұраларын 
байыптап,  зерттеп  толымды  пікір  айтып,  оны  әлемдік  деңгейдегі  «менталитет» 
сөзінің  мәні  мен  мағынасын,  тарихи  тамырын  тереңдеп  қазып,  философиялық 
тұрғыдан  тұжырым  жасап  жүрген  философ  ғалымдарымыз.  Олардың  түсінігі 
ақиқаттан  алшақ  кетпейді.  Менталитет  ойдан  шығарыла  салған  сөз  емес,  ол 
уақыттың,  заманның  тудырған,  философиялық  ұғымның  дамып,  өзінің  қамтитын 
объектісі  зерттемеске  болмайтын  деңгейге  жеткен  соң,  ғалымдарды  толғандыра 
бастағаны  ақиқат.  Демек,  менталитет  белгілі  бір  ортаға    сай  қалыптасады.  Оны 
қалыптастыруға  әлеуметтік  мәдени,  саяси-экономикалық  ортаның  талабы  себепші 
болғанын  аңғарамыз.  Философия  ғылымдарының  докторы    Төлеуғали  Бурбаев: 
«Менталитет  мәселесі  -  табиғаты  жағынан  күрделі  құбылыс.  Менталитет  дегеніміз 
синкреттік  рухани  тұтастыққа  негізделген  адамның  мінез-құлқы,  ойлау  ерекшелігі, 
дүниені  сезінуі  мен  қабылдауы,  саналылық  пен  бейсаналылықтың  тұтастығы.  Ұлт 
менталитетін  де  осы  айқындайды.  Олар  ұрпақтан-ұрпаққа  бейсаналылық  түрде 
жеткізіліп, ұлт өкілдерінің мінез-құлқы  мен дүниеге көзқарасында, өмір салты мен 
әдетінде,  дәстүр  мен  салтында,  философиясы  мен  ғылымында,  мәдениетінде,  өнері 
мен  музыкасында,  жалпы  рухани  болмысында  көрініс  табады.  Советтік  дәуірде 
ұлттар  менталитеті  коммунистік  идеология  тұрғысынан  қаралып,  «совет  адамын» 
қалыптастыру  теориясы  ұлт  ерекшеліктерін  жоюға  бағытталды»  -  деп  менталитет 
термині атқаратын, құшаққа сыймайтын қызметін санап, «қолыңызға» ұстатады. Тек 
«саналылық»,  «бейсаналылық»  тұтастығы  бұлыңғырлау  талданғаны  болмаса, 
ғалымның  логикасына  қосылуға  болады.  Адам  күнделікті  құшағында    жүріп  бар 
ризығын сарқа пайдаланатын табиғат пен хайуанаттар әлемін ешқашан «бейсаналы» 
санамағаны  қайта  өзіне  беймәлім,  ақылы  жетпейтін  құбылысты  шешуге  табиғат 
тылсымына  жүгінген.  Мәселен,  жұлдыздардың    тууы,  қозғалуы,  хайуанаттардың 
түрліше  әрекеттерінен  халқымыз  ертеңгі,  болашақты  ауа  райынан  нақты  жауап 
алған,  бағытын  меңзеген.  Ақтұмсық  құмырсқалардың  илеуіне  қарап  адасып 
жүргенде  оң  мен  солын  байыптаған.  Міне,  сізге  «бейсаналы»  табиғат,  хайуанаттар 
әлемі. 
Иә,  бүгінгі  қазақ  менталитетінде  ғасырлар  бойы  ұрпақтан-ұрпаққа  беріліп 
келе жатқан, саф алтындай сақталып келген құндылықтар мен архетиптер жеткілікті. 

     
 
 
251 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 2-3  / 2015     
 
«Ол  не?»  дегенге  философ  Т.Бурбаев:  «Шығыс  менталитетіндегі  үйлесім  мен 
өлшемді  игеру,  эгоизмнен  бас  тарту;  әрқашан  да  кішіпейіл,  ізетті  болу,  адамдарға 
құрмет  пен  сыйластық  тұрғысынан  қарау,  әдептілік,  кеңпейілдік,  жалпы 
адамгершілік принциптерді атауға болады»,- деп орынды жауап береді. Архетип – не 
нәрсенің де бастауы. Ал, қазақ үшін басталған жақсы ырым болашақтан күдер үзбей, 
үмітін  жалғаған.  Т.Бурбаевта  қостауымыз  керек,  бесікке  бөлеу,  ат  қою,  тұсау  кесу, 
тоқым  қағар  т.б.  философиялық  астары  күллі  тарихында  жаумен  жағаласып,  «тірі 
қалам  ба,  жоқ  па?»  деп  уайыммен  солмай,  келер  күннің  арайлылығына  имандай 
сеніп,  сол  күнге  арыстандай  арпалысқан  қазақтың  арманы  жатыр.  «Жауға  жерін 
бермеген, қиянға қылыш сермеген» батыр бабаларымыздың алғы күндерге асыққан 
саф алтын ниеті – сол менталитеті. 
Қазақ 
менталитетінің 
әлеуметтік 
табиғатын 
тануда 
құқықтық 
құндылықтардың  алатын  орны  ерекше.  Қазақ  ешқашан  құжынатып  түрме,  зындан 
жасамаған халық. Жеті атасын білу, руға, тайпаға, жүзге бөлінудің, осындай қылмыс 
әлемінің  алдын  алып,  береке-бірлікке,  ытымаққа  шақыруға  негізделген.  «Есім 
ханның  ескі  жолы»,  Әз  Тәукенің  Күлтөбенің  басында  күнде  кеңес  құрып  жүріп 
жазған  «Жеті  жарғысында»  қазақтың  өзіне  ғана  тән  менталитеті  тайға  таңба 
басқандай.  
Ұлттың рухани құндылығы – тілі мен дінінде, салты мен дәстүрінде, әдеті мен 
ғұрпында.  Ұлтты  жаңа  сапаға  енгізіп  жаңартып,  құнарландыратын,  елдің  елдігін, 
ұлттың  ұлылығын  танытатын  осы  құндылықтар.  Жалпы  жұртқа  мәшһүр  жай  – 
имандылықтың екі босағасы бар, олар – ар мен ұят. Ар мен ұяттың түп тамыры тағы 
да сол салты мен дәстүрінде, әдеті мен ғұрпында жатыр. Ар мен ұятқа, дархандыққа 
кемел  қазақ  менталитетінің  мәмлелік  сипатын  қоғамның  саяси  және  идеологиялық 
өмірінен танып жүрген жайымыз бар. 
Қазақ  менталитетін  көркем  шығармалар  негізінде  талдағанда  табиғат  пен 
қоғам, адам мен қоғам қарым-қатынасы  контексінде қарастырсақ қанша диагнозды 
шатастырмай  қоясыз,  демек  менталитет  объективтік  жағдайға  байланысты 
орнығады.  Сондықтан  да,  халықтың,  жеке  индивидтің  бойындағы  орныққан  мінез-
құлық, философия, адамгершілік нормалары, әдет-ғұрып, салт-сананы, менталитетті 
бір-ақ  күнде,  тіпті  империялық  пиғылмен  біраз  жылда  ұлттың  бойынан  сығып, 
өшіру,  жою  мүмкін  емес.  Әйтсе  де,  менталитет  мәңгі  өзгеріске  түспейтін  қатып 
қалған  конон  деуге  де  болмайды,  ол  да  ішкі  сыртқы  күштердің,  ішкі  даму,  баю 
кемелденудің  әсерінен  өзгереді,  прогреске  сай  келмейтін  ескі  әдет-ғұрыптар  көшке 
ере алмай жоғалып, жаңа әдет-ғұрыптармен толысады. Кері жерге ұшырауы да кәдік. 
Болмыстың  бір  арнасы  материалдық  болса,  екінші  арнасы  –  рух.  «Рух  –  халықтың 
материалдық,  күнделікті  өмір  –  тәшпұшынан  тыс,  әрі  жоғары  тұрған  жан-дүниесі, 
оның бет бейнесінен көрінетін биік еңсесі, мәртебесі мен жігері. Оның негізі - өткен 
тарихы,  салт-санасы,  жыр-дастандары,  жазба  әдебиеті,  ата-бабаларының  өнегелі 
ерлік істері мен айтқан даналық нақыл сөздері, қиындықтарда желеп-жебеп жүретін 
аруақтар,  сарқылмас  күші,  мұғалмас  қаруы.  Оны  қорғайтын,  қайрап-суаратын 
халықтың  ізгі  армандарына  суарылған  жалынды  ұрандық  сөздер  мен  биік  мақсат-
мұраттар. Қазақ халқының мерейі үстем, биік, пейілі кең, дастарханы мол, маңдайы 
жарқын,  мақсат-бағдары  жоғары  әрі  айтқыш,  ата-бабаларының  өсиетіне  берік. 
Осыдан  келіп  оның  рухани  бейнесі  сомдалады»[3,167-б],-деп  қазақтың  рухани 
бейнесіне  қатысты  менталитетті  санамалап  көрсеткен.  Озық  менталитет  қазақта 
жетерлік,  мәселен,  қазақ  қызын  сөкпеген,  балағаттамаған,  ер  адамдар  қыздар 
жататын  бөлмеге  рұқсатсыз  бас  сұқпаған,  қыздарын  биязылыққа,  ізеттілікке, 
инабатты,  ибалылыққа,  әдептілікке,  тұрмысқа  бейімділікке,  үй  шаруасын  ұқыпты 
ұстауға  үйреткен.  Ырым  мен  тиымды  қатал  орындаған.  Сыйлы  қонаққа  бас, 
басқаларға  туыстығы,  қоғамдағы  орнына  қарай  сыбағаларын  тартқан,  қонақтың 

     
 
 
252 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 2-3  / 2015     
 
бәріне  кәдесін  айнытпай  жасаған.  Әйтсе  де,  ғалымдар  әр  халықтың  өзіне  ғана  тән, 
басқаларға  ұқсамайтын  менталитеті  болатынын  дәлелдеуге  тырысқан.  Академик 
Д.Кішібеков:  «Дегенмен  әрбір  халықтың  өзінің  менталитеті  бар.  Ол  сол  халықтың 
тарихына, географиялық ортасына, тұрмыс жағдайына т.б. факторларға байланысты. 
Соған  сәйкес  әр  халықтың  өзіне  тән  мінез-құлқы,  әдет-ғұрпы,  салт-санасы 
қалыптасады»,-  деп  әр  ұлттың  менталитеті  әрқалай  болатынының  себебі  мен 
салдарын  түстеп  танытады.  Сонымен,  менталитетті  кейіпкер  бойынан  қалай  танып 
білудің  өрісі  ашылды.  Біз  көрнекті  жазушылар  Ә.Кекілбаев,  Б.Нұржекеевтердің 
кейбір әңгіме, повестері мен романдарындағы ұлттық дәстүр мен әдет-ғұрып, мінез-
құлықты,  менталитетінің  көркем  бейнелерін  саралауда  қаламгердің  осы  мәселелер 
төңірегіндегі  ұстанымдарын,  көріп  білгенін  байыптап  беру  және  суреткерлік 
шеберліктеріне бойлау.  
Қандай  халықтың  болсын  сан  ғасыр  сарабынан  өткен  өзіне  тән  ұлттық  үлгі 
өнегесі,  миллиондаған  ұрпағын  тәрбиелеген  салт-дәстүрі,  әдет-ғұрпы,  таным-
нанымы, менталитеті бар. Ұлтымыздың бойына жат, сіңбей, көзге бадырайып, анайы 
көрініп  тұрған  келеңсіздіктердің  ең  үлкен  себебі  –  ұлттық  дүниеден 
аулақтағанымыздан болып отырғандығын үнемі аңғартып отыру.                                                                                                                                             
Тәрбиенің  түп-тамыры,  қайнар  көзі  ұлттық  салт-дәстүрлеріміз  бен  әдет-
ғұрыптарымызда  десек,  Кекілбаев  шығармалары  –  сол  асылымыздың  бір  сынығы. 
Тал  бесіктен  жер  бесікке  дейінгі  тәтті  тіршіліктің  нәрі  –  адам  баласының  таным-
түсінігі,  мәдениеті  мәйекті  қасиеттерінің  өрісін  қазақтың  салт-дәстүрімен,  әдет-
ғұрпымен әрлендірген, шығармасының шамшырағына айналдырған аңыз, азаматтың 
адамгершілік  қағидасы  –  туындының  терең  тенденциясы.  Ұлттың  ұлылығын 
танытуда  қоғамдық  қызметімен  ғана  емес,  қаламымен  де  қамшылаған  қаламгердің 
қазынасы  қазақ  әдебиетіне  қосылған  қомақты  дүние,  сөз  асылын  саралаған  сүбелі 
үлес.                                                                                                                     Өсиет 
Өнегені  ой  жүгіртіп,  толғанып,  тұшынып  барып  қабылдаған  қаламгер  шығармаға 
қазақтың    салт-дәстүр,  әдет-ғұрпын  дәйекті  материал  ретінде  алған.  Себебі  «оның 
тамыры  Қазақстан  даласында  көшіп  жүрген  тайпалардың  творчествосымен 
астарласады, қазақтың халық болып қалыптасу дәуірінен әлдеқайда алыста жатыр».  
Салт-сана,  әдет-ғұрып  бір  халықтың  өзіндік  өзгешелігін  айқындайтын 
ғасырлар  бойына  жалғасқан  жазылмаған  баба  заңы  іспетті.  «Белгілі  бір  халықтың 
қандай халық екенін білгің келсе – салтын  қара» деген  көне нақыл да бар емес пе? 
Расында, жер бетінде ғұмыр кешіп жатқан кез-келген халық пен  ұлт-ұлыстың салт-
дәстүріне қарап, оның қандай халық, қандай ұлт екенін білуге болады. Демек, белгілі 
бір  халықтың  ұлттық,  ұлыстық  салт-санасы,  ата-  мұрасы,  дағды-дәстүрі  болмауы 
мүмкін емес. Дамыған халықтың да, мешеу, әлсіз халықтың да тарихы осылай. Бұл 
сол  халықтың  тұтас  тарихының  өн  бойында  жасалады  да,  сол  халықтың  барлық 
өкіліне ортақ болады. Бұрынғы заманда бір халықтың салт-санасы, ұстанған дағды-
дәстүрі  енді  бір  ұлттың  немесе  халықтың  адамы  үшін  мән-мағынасыз  көрінуі  тіпті 
ескінің қалдығы, ғұрапаттық болып көрінуі мүмкін. Бірақ сол ұлт, сол халықтың өз 
адамы үшін ол сонша құнды, сонша киелі саналып қасиеттелетіні даусыз. Ғасырлар 
бойғы баба заңы қасиетті салт-санамыздың жібі үзілмей бүгінге жетуінің бірден бір 
себебі  осы.  Бірақ  бүгінгі  ұрпақ  осы  жалғастықты  қаншалықты  сақтай  алды,  бұл  - 
ойланатын мәселе. 
Өзге халықтар секілді қазақ халқының да өзіне тән ерекшелігі, тұрмыс-салты, 
ғұрып-әдеті  халықтың  өркениетімен  бірге  дамып,  кемелденіп,  әр  заман  талабына 
сәйкесіп отырады. Дәуірдің өзгерісі мен халықтың әл-ауқатының көтеріліп, дамуына 
байланысты  тұрмыс-тіршілігі,  салт-санасы,  дүниеге  көзқарасы  жаңа  мазмұн  алып, 
бұрынғы  қалпын  біртіндеп  өзгертеді.  Бір  замандарда  мал  шаруашылығы  мен 
егіншілікті,  дала  мәдениеті  мен  қала  мәдениетін  тең  меңгерген  халқымыз  жат 

     
 
 
253 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 2-3  / 2015     
 
жұрттықтардың шапқыншылығы мен езгісі  салдарынан данышпан даналары жазып 
қалдырған  баға  жетпес  қыруар  жазба  материалдары  мен  кітаптарынан  айырылып, 
еріксіз  көшпелі  өмірге  бейімделді.  Бірақ  анталаған  жаугершілік  халқымызды 
қанкешті  күйге  түсіргенімен,  оның  зерделі  де  зерек,  шежіре  де  шешен  ұрпақтары 
ата-бабалары  көкірегіне  құйып,  қанына  сіңіріп  кеткен  салт-дәстүрімен  рухани 
мәдениетін әсте жоя алған жоқ.  
Жазушы  Әбіш  Кекілбаев  шығармашылығының  қазақ  оқырманына  рухани 
серік болғанына, міне, жарты ғасырдың жүзі болып қалды. Оның ойшыл да орамды 
өлеңдерінен  бастап,  өнерінің  парқы  мен  нарқына  таңғы  шықтай  мөлдіреп  шыққан 
алғашқы  әңгімелері,  кең  құлашты  эпикалық  қарымен  көрінген  романдарына  дейін 
оқырман қауымды бір сәт бейтарап қалдырған емес. 
     Суреткер  Әбіш  Кекілбаев  -  көркемдіктің  құрыған  көздеген  нысанасына 
қапысыз салуға машықтанған эпик жазушы. Оның дарын табиғатына біткен аста-төк 
қабілет-шалымы  да,  әлемдік  көркемөнер  айдынының  тұнығынан  жүзіп  жүріп 
сусындаған  тәжірибесі  де  қыруар.  Ол  айта  алған  ой,  ол  кестелеп  үлгерген  өнер 
барша  сыр-салмағымен,  барша  көркі  бояуымен  бүгінгі  таңда  тек  қана  Әбіштік  ой, 
тек  қана  Әбіштік  өнер  болып  отырған  жоқ.  Сонымен  бірге  қазіргі  қазақ  өнерінің 
және рухани ұмтылыстардың бедерлі бір айғағына айналып отыр. 
     Әдебиет  қашан  да,  қай  кезде  де  өткен  жай  туралы  жазады.  Болашақты 
болжау  ғылымның  ісі.  Демек,  әдебиет  оқиға  жиынтығы  емес,  оқиғадан  кейінгі 
толғам.  Яғни,  әдебиет  факты  емес,  постфактум.  Мұның  өзі  сананың  танымға 
айналуы деген сөз.  
    Әбіш  Кекілбаев  -  өнер  мен  өмірдің  осынау  заңдылығын  суреткер  ретінде 
жан-жақты  ашып  көрсету  үшін  қаламын  сайлаған,  соған  орай  көркемдік  тың 
тәсілдерге  табан  тіреген  суреткер.  Ол  жалаң  беллетризмнен  мүлдем  қара  үзіп, 
ойшыл-интелектуалды  прозаның  тізгінін  қарына  ілген.  Сондықтан,  жазушының 
шығармалары  «Не  болды?»  деген  мәселелерді  күйттемейді,  «Неге  олай  болды?» 
деген  сұрақтарды  талдайды.  Яғни,  уақыттың  осынау  жаңа  сапалы  көркемдік 
сұранысын  терең  түсінген  Кекілбаев  суреткер  ретінде  өз  шығармаларында  қалай 
өмір сүруді айтпайды, не үшін өмір сүруді көлденең тартады.  
     Қазақ  прозасында  Әбіш  Кекілбаев  туындылары  арқылы  айырықша  бой 
көрсеткен  көркемдік  тәсіл  ретінде  авторлық  баяндауды,  әңгімелік  баяндауды, 
кейіпкерлік  баяндауды  айтуға  болады.  Осы  баяндауларды  табиғи  субъективтендіру 
арқылы  адам  мен  адам,  адам  мен  қоғам,  адам  мен  адамзат  арасындағы  аса  күрделі 
қатпарлы  байланыстар  сырының  ашылуы  көркемдік  танымымызды  тереңдетіп, 
рухани  игілігімізге  айналып  отыр.  Сондай-ақ,  автор  мен  кейіпкердің  ішкі 
монологтарында  эмоциялық  қуат  дарыту  да  жазушының  әбден  шыңдалған,  жиі 
қолданатын көркемдік тәсілі. Мұның өзі адам сезімінің не бір қатпарлы ағымдарын 
жарқырата  көрсетуге  дес  берген  қызық  та  қиын  көркемдік  құрал  екенін  айрықша 
атап өткен жөн.  
      Міне, көркем прозаның озық тәсілдерінің бір парасы ретінде мойындалған 
осы  қасиеттер  жазушы  шығармалары  арқылы  қазақ  прозасында  бар  тұлғасымен 
көрінеді.  Жай  көрініп  қойған  жоқ,  өзге  қаламгерлердің  де  қолдауын  тауып,  бүгінгі 
көркемдік  ізденістеріміздің  сапалық  айғағы  ретінде  орнықты.  Бұл  жағдайды  біз 
бүгінгі  таңда  қазақ  прозасының  жетістігі,  қазақ  өнерінің  мақтанышы  ретінде  айта 
аламыз. Жазушы адам өмірбаянын, кейіпкер өмірбаянын жазатын суреткер емес. Ол 
адам  санасының,  кейіпкер  санасының  эволюциясына  ден  қоюшы  суреткер.  Егер 
әсерлеп  айтатын  болсақ,  жазушы  дүние  дидарына  жер  басып  жүрген  пенде  сияқты 
горизонталь  бағытына  қарамай,  суреткер  ретінде  көктен,  вертикаль  бағытта 
қарайтын  сияқты.  Мысалға,  «Аңыздың  ақыры»  мұнара  адам  құдіреттің  қанатты 
шабытындай  болып  вертикаль  бағытта  көкке  шаншылған.  Ал,  шыңырау  құдығы 

     
 
 
254 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 2-3  / 2015     
 
тағы  да  сол  адам  құдіреттің  жасампаз  болмысындай  болып  вертикаль  бағытта  жеті 
қат жер қойнына сүңгиді.  
Осы  жағдайларды  кездейсоқ  фактілер  жиынтығы  деуге  бола  ма  екен? 
Сондықтан  да,  Әбіш  Кекілбаев  адамзат  әулетінің  ғұмыр-шежіресіне  бүгінгі  және 
болашаққа  қызмет  ететін  өмір  тәжірибесі  деп  қарап,  мәңгүрттіктен  сақтандырады. 
Ия, тұңғыш рет қазақ әдебиетінде Кекілбаев көтерген «мәңгүрттік» мәселесі әлемнің 
озық  ойлы  ойшылдары  мен  суреткелерінің  қызу  қолдауын  тапты.  Шынында  да, 
қазіргі  адамзат  баласы  үшін  өз  әкесі  мен  шешесін  ғана  ұмыту  емес,  тарихтың 
сабағын ұмыту. Яғни, Абайды, Мұхтар Әуезовті, Махамбет пен Исатайды, Ілияс пен 
Сәкендерді ұмыту... 
Әр  жылдың  бетін  айқындап,  жүгін  көтеретін  тұлғалар  болады.  Кейде  соған 
қарап  «Абай  жылы»,  «Әуезов  жылы»  деп  жатамыз.  Ұрпақты  өлгендердің  сөзімен 
ғана  емес,  тірілердің  өзімен  көрістіріп  тәрбиелеу  мұрат  қой.  Шын  талантты  адам 
шығарма  сыртын  жылтыратып  әрлеу,  мәнерлеу,  сырлау  дегеннің  бәрін  жоққа 
шығарады.  Шынайы  көркемдік  дегеніміз  өмірдің  өзіндей  қарапайым  қалпын 
сақтайды.  Ол  шындықтың  сырын  да,  жарқын  суретін  де,  әдемілігін  де  көз  алдыңа 
жайып салады. 
Әдебиет  тақырып  таңдамайды.  Өйткені,  өмір  бар  жерде  әдебиет  бар.  Әр 
халықтың  әдебиеті  –  оның  сана-сезімінің  көрінісі.  Көркем  туындыда  әдебиет  сол 
өмірдің өзімен тұтасып, бірігіп кетеді. Ұлттық ойды, халықтық сырды ашады. Өмір 
құбылыстарының  бір-біріне  ұқсамайтыны  тәрізді,  көркем  шығарма  да  кейбір 
сюжеттік  ұқсастықтары  байқалып  тұрса  да,  ой-сана  көрінісін  ашып  талдауда  бір-
бірінен алшақ жатыр. Суреткер талантының биіктігі де осы ұқсамауында, даралықта. 
Жазушыда  үлкен  прозаға  тән  эпикалық  кеңдік,  асықпай  баяндау,  психологиялық 
тереңдік,  философиялық  толғаныс,  кең  тынысты  бейнелі  тіл  өрнектері  анық 
байқалады.  Оның  әңгіме-хикаяттары  бізге  солай  көрінеді.  Ол  өзіне  таныс  өмірді, 
халық  тарихы  мен  салт-санасын  бейнелейтін  аңыз-әңгімелерді,  Маңғыстау  елі  мен 
жерінің  ерекшеліктерін  ашатын  шежірелер  мен  көркем  бояуларды  молынан 
пайдаланып,  оларды  үлкен  жазушыға  тән  байсалды  проза  үлгісіне  сала  суреттейді. 
Осы  тұста  туған  жазушы  шығармаларында  екі  үлкен  тақырыптық  жүйе  бар.  Бірі 
аңызда  сақталған  дала  халықтарының  рулық  және  таптық  талас-тартыстары  да, 
екіншісі - қарапайым,  халық ортасының тіршілігі, оның адамдарын суреттеу талабы. 
Кекілбаев  суреттеген  халық  аңыздары  жазушының  өзі  өскен  ортада  көп  айтылып, 
санаға жатталып қалған шындыққа негізделеді. Сөйтіп, жазушы тарихтың, көшпелі 
тіршіліктің сүреңсіз әдет-ғұрыптары мен салттарын бүгінгі оқырманның көз алдында 
тірілтті.  Тарих  сабағы  жақсылықтан  ғана  тұрмайтынын,  ұрпақты  одан  бездіретін, 
өзін  аулақ  ұстауға  үйрететін  ауыр  оқиғалар  сабағы  болатынын  көрсетті.  Солардың 
қатарында ел арасы жауласушылығының қатігездігі, дәлелсіз, себепсіз қақтығысқан 
араздық  сезімдері,  ар-намыс  дегенді  жамылып,  соны  сылтау  етіп  рушылдықты, 
бөлінушілікті күйттеген сол заманның ұғым-түсініктері айқын ашылады. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР: 
1. Назарбаев Н.Ә. Тәуелсіз Қазақстан ғасырлар тоғысында // Қазақ  әдебиеті,  
№27, 1998. 
2.  Назарбаев Н.Ә. Тарих толқынында. – Алматы: Атамұра, 2003. 143-б. 
3.    Кішібеков  Д.  Қазақ  менталитеті:  кеше,  бүгін,  ертең.  –  Алматы:  Ғалым,  
1999.-200б. 
4. Бурбаев Т. Ұлт менталитеті. – Астана Елорда, 2001.-244б. 
5.  Уразбаев  Қ.  Б.Момышұлының  «Ұшқан  ұя»  шығармасындағы  ұлттық 
дәстүрлер  көрінісі  //    Кандидаттық  диссертация:  филология  ғылымы  –  10.01.02. 
Түркістан: 2007. – 118 б. 

     
 
 
255 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 2-3  / 2015     
 
УДК 81 366.573 
 
НЕКОТОРЫЕ ВОПРОСЫ ОБ ИСПОЛЬЗОВАНИИ ВРЕМЕННОЙ 
ФОРМЫ «ПЕРФЕКТ» В УСТНОЙ РЕЧИ 
 
                       Чинибаева Кулян Муратовна, старший преподаватель 
ЖГУ им И. Жансугурова  г.Талдыкорган, chinibaeva.kulyan@mail.ru 
 
Мақалада неміс тілінде сөйлеудің негізі болып табылатын «Перфект» атты 
грамматикалық  форманың  қолданылуын  үйрену  жайында  айтылады.  Етістіктің 
күрделі  шақ  формасы  перфектің  жасалу  жолдары  кейбір  морфологиялық  және 
синтаксистік  қиындықтармен  байланысты.  Морфологиялық  қиындықтары:  әлді 
және  әлсіз  етістіктердің  бөлінетін,  бөлінбейтін  приставкалармен  партицип 
формасының  жасалуы,  көмекші  етістіктердің  дұрыс  таңдалуы.  Синтаксистік 
қиындықтары:  жай,  жайылма  және  бағыңынқы  сөйлемдерде  сөздердің  орын  
тәртібін  сақтау.  Сонымен  қатар  мақалада  перфектің  негізгі  мағынасы  және 
сөйлеу жағдайяттарының  үш түріне талдау жасалған. 
В  данной  статье  речь  идет  об  овладении  грамматической  формой  
немецкого перфекта, являющегося основой для устной разговорной речи. Овладение 
способами  образования  сложной  временной  формой,  как  перфект,  связано  с 
определением 
ряда 
морфологических 
и 
синтаксических 
трудностей. 
Морфологические  трудности:  образование  причастия  прошедшего  времени  от 
глагола  слабого  и  сильного  спряжения  с  отделяемыми  и  неотделяемыми 
приставками,  правильный  выбор  вспомогательного  глагола.  Синтаксические 
трудности: соблюдение рамки в простом нераспространенном, распространенном 
и  в  придаточном  предложениях.  В  статье  рассматриваются  также  основные 
значения перфекта и три обобщенных типа речевых ситуаций. 
This paper is about the acquisition of perfect forms in German language, which is 
considered to be the most importation in conversational German. The acquisition of such a 
difficult  tense  form  like  perfect  might  be  accompanied  by  some  morphological  and 
syntactic difficulties. Morphological difficulties: the formation of Past Participle from the 
Verb  of  weak  and  strong  conjugation  with  detachable  and  non-detachable  prefixes  the 
right  choice  of  auxiliary  Verb.  Syntactic  difficulties  keeping  the  rules  in  subordinate 
clauses, extended and non-extended sentences. This paper also considers the basic values 
of Perfect Tense and three generalized types of speech situations.  
Ключевые  слова:  перфект,  прошедшее  время,  причастие,  разговорная  речь, 
вспомогательный  глагол,  речевые  ситуации,  неотделяемые  приставки,  отделяемые 
приставки,    глаголы  слабого  и  сильного  спряжения,  грамматические  речевые 
навыки.  
 
Основной  целью  обучения  грамматическим  явлениям  немецкого  языка 
является  формирование  у  обучающихся  грамматических  речевых  навыков    как 
одного из важнейших компонентов речевых умений говорения, аудирования, чтения 
и письма. 
Чтобы вести беседу на немецком языке, надо уметь выражать свои мысли не 
только в настоящем или будущем времени, но и уметь вести разговор о прошедших 
событиях.  Для  выражения    прошедшего    времени  в  немецком  языке  имеются  3 
формы, однако лишь одна из них, перфект, употребляется в разговорной речи. Сфера 
употребления  каждой  из  этих  сложных  временных  форм  представляется 
обучающимся  немецкому языку  не всегда ясной и простой. 

     
 
 
256 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 2-3  / 2015     
 
Перфект  является  одним  из  важных  средств,  служащих  целями  
коммуникации  в  немецкой  разговорной  речи.  Вместе  с  тем  сложная  аналитическая 
форма перфекта вызывает  серьезные затруднения у обучающихся при овладении его 
формами  в  речи.  Одной  из  основных  причин,  мешающих  овладению  перфектом, 
кроме трудностей формообразования, является незнание обучающимися конкретных 
речевых условий, в которых употребляются формы перфекта. 
С
С
л
л
о
о
ж
ж
н
н
о
о
е
е
 
 
п
п
р
р
о
о
ш
ш
е
е
д
д
ш
ш
е
е
е
е
 
 
в
в
р
р
е
е
м
м
я
я
 
 


 
 
P
P
e
e
r
r
f
f
e
e
k
k
t
t
 
  служит  для  обозначения  действия  в 
прошлом.  Оно  употребляется  в  разговоре,  в  вопросах  и  ответах,  в  коротких 
сообщениях.  z.B.  Hast  du  die  Ferien  gut  verbracht?  -  Ja,  ich  habe  viel  gelesen,  bin 
spazierengegangen. 
Perfekt 
–  сложная  временная  форма.  Образуется  при  помощи 
вспомогательных  глаголов  haben  или  sein  в  форме  Präsens  и  

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет