«жансугуровские чтения»


ІЛИЯС ЖАНСҮГІРОВТІҢ «ҚОЛБАЛА» ПОЭМАСЫ



Pdf көрінісі
бет99/208
Дата06.01.2022
өлшемі2,06 Mb.
#11587
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   208
ІЛИЯС ЖАНСҮГІРОВТІҢ «ҚОЛБАЛА» ПОЭМАСЫ: 
ДЕРЕК ПЕН ДӘЙЕК 
 
Көшекова А.А.
1
  ф.ғ.к., қауымдастырылған профессор м.а. 
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті
1
, Алматы қ., 
 
Мақалада  І.Жансүгіровтің  «Қолбала»  поэмасындағы  дерек  пен  дәйек  туралы  сөз 
қозғалады. 
Кілт сөздер: поэма, дерек, дәйек, шығарма, журнал, ғалым, ақын, қолжазба, кейіпкер 
 
В статье рассматриваются факты объяснения в поэме И.Жансугурова «Колбала» 
Ключевые  слова:  поэма,  факт,  объяснение,  произведение,  журнал,  ученый,  поэт,         
рукопись, герой 
 
The article discusses the facts and explanations in the poem of I. Zhansugurova “Kolbala” 
Key words: рoem, fact, explanation, work, journal, scientist, poet, manuscript,hero 
 
І.  Жансүгіровтің  «Қолбала»  поэмасы  1964  жылы  Алматы  облысы,  Ақсу  аудандық 
«Өмір  нұры»  газетінде  «Қызыл  таң»  совхозының  тұрғыны  Ж.Ерболанов  деген  кісінің 
аузынан  жазылып  алынып,  жарияланады  М.Ғалым  «Жұлдыз»  журналындағы  мақаласында 
[1,3]. 1965 жылы «Социалистік Қазақстан»  газетінде Ә.Нұршайықовтың «Ақынның белгісіз 
поэмасы»  атты    қуаттау  мақаласы  жарияланады  [2,4].  1965  жылы    «Оңтүстік  Қазақстан» 
газетінде  «Жаңа  табылған  поэма»  деген  редакциялық  мақала  шығады.  Ол  кезде  аудандық 
газеттің  редакторы  –  Т.Есімжанов  болған.  1966  жылы  ел  аралай  шыққанда  осы  жаңалық 
ақын Ә.Дүйсенбиевтің құлағына шалынады. 1974 жылы ақынның сексен жылдығына орай 20 
баспа  табақ  көлемінде  «Құлагер»  атты  жинақ  шығаруды  орталық  баспа    Ә.Дүйсенбиевке 
тапсырады.  Ол  кезінде  аудандық  газетте  жарияланған  поэманы  жіберуін  өтініп, 
Ж.Бұхарбаевқа  хат  жазады.  Ж.Бұхарбайдың  бұл  хат  жайлы1994  жылы    «Қазақ  әдебиеті» 
газетінде  «Керексіз  бе  едің,  Қолбала?»  [3,3]  деген  жанайқай  мақаласы  шығады.    «Кешкі 
абыр-сабырда  қолыма  тиген  бір  хат  ала  таңға  дейін  ұйқы  бермеді.  Хат  иесі  Т.Есімжанов: 
«Ақын ағаң Ә.Дүйсенбиев Ілекеңнің «Құлагер» атты жинағын құрастырып жатыр. Қолқасы – 
өзің білетін, бұған дейін еш басылымда жарық көрмей келіп, аудандық газетте  жарияланған 
Жансүгіровтің  «Қолбала»  поэмасы.  Сол  поэманы  тауып,  бірер  айдың  ішінде 
құрастырушының қолына табыс етуге тырысарсың...», – депті. Шынымды айтсам, шығарма 
жарық  көргенде  елден  шалғайда  болғандықтан,  «Қолбаладан»  хабарсыз  едім.Ұйқымды 
ашқан  да  осы  жай.  Поэма  қандай  екен  деймін.  Табыла  ма,  таба  алмай,  ұятты  боламын  ба 
деймін.  Қойшы,  таңды  атырып,  әйтеуір,  алақұйын  ұштым-ау.  Ауданда  бар  кітапхана 
атаулыны  ақтарып  бітіп,  абырой  болғанда  (әлбетте,  айдан  асырып  барып)  «Қолбаланың» 
өмірде  бар  туыстарының  бірін  қолыма  қондырдым  да  астана  жаққа  аттандырып  салдым. 


 
79 
«ЖАНСУГУРОВСКИЕ ЧТЕНИЯ»  
материалы республиканской  научно-практической  конференции  
7 декабря 2018
 
г. 
 
 
Амал  нешік,  ол  кітапқа  еніп  үлгермеді.  Марқұм  Әнуарбек  ағадан  жауапты  да  кешіктіріп 
алдым. Ол жауап сол жылдың көктемінде шыққан «Жұлдыз» журналының кезекті  саны еді. 
Журналда  Әнекеңнің  сәл  ғана  «әттегенайымен»  екі  ауыз  кіріспе  жазылып,  «Қолбала» 
поэмасы  басылыпты.  Содан  бері  арада  табаны  күректей  жиырма  жыл  өтіпті.  Содан  бері 
аруақты  ақынның  қолда  бар  шығармаларының  толық  жинағының  бес  томдығына  екінші 
қайтара айналып соғыппыз.  «Қолбаланы»  «Құлагерге» кірмесе де осыған енетін шығар деп 
дәмелі  едік,  ол  дәме  далада  қалды.  Жансүгіровтің  жастық  шағында  жазған  жырлары 
таптырмай отыр деп сан соға қынжылатын Ғылым Академиясындағы ғалым ағаларымыздың 
айдай  әлемге  жария  болған  «Қолбала»  поэмасын  ескермей,  айналып  өтетін  оқырман,  оған 
қоса  әдебиет  жанкүйері  ретінде  енді  өзімізді  қынжылтады.  Ақын  шығармаларын  жоққа 
шығару емес, десек те «Кәмпеске», «Мәйек» поэмаларынан да шоқтығы биік, қарымы қуатты 
«Қолбала» назардан тыс қалып жүргені баршамызға ортақ мін, ойланатын-ақ мәселе, қажет 
десе өкініш дер едік біз». 
Поэма уақытысында жеткізілмегендіктен, жинаққа енбей қалады.  Поэма 1974 жылы 
Ә.Дүйсенбиевтің  алғысөзімен    «Жаңа  табылған  шығарма»  деген  рубрикамен    «Жұлдыз» 
журналында  жарияланады  [4,63].  Кезінде  Ілиястың  жанында  жүрген  ақын  інісі  Ғали 
Орманов:  «Қолбала»  дастаны  Ілиястың  тырнақалды  шығармаларының  бірі.  Бұрын  біздің 
орталық  баспаларда  жарияланбаған  еңбек.  Ақынның  алғашқы  шығармаларының  бірі  болса 
да, ақынның өзіндік өрісін айқын танытады. Журналда жариялау өте орынды деп білемін»,- 
деп ақ батасын берген екен.   
1974  жылғы  «Жұлдыз»  журналына  жарияланған  «Қолбала»  поэмасының  мәтінін 
Ш.Кыяхметова  жалпы  оқырман  халық  оқысын  деген  ниетпен    облыстық  «Жетісу»  газетіне 
жариялатты [5,6]. Мұрағатта қолжазбасы болмағандықтан поэмаға қатысты деректер шығып 
қалар деген оймен іздестіру жұмысын жүргіздік. Нәтижесі төмендегідей болды: 
Бірінші дерек: «Жұлдыз» журналының 1994 жылғы 9  санында Ілиясты түптеп зерттеп 
жүрген  С.Жанәбіловтың  «Ол  ертең  атылады»  деген  деректі  хикаясы  шықан  [6,83].  Негізгі 
кейіпкері - Ілияс. Сол деректі әңгімеден үзінді берейік: «Әке мен бала өзенді жағалай жүріп 
Қарағаш жаққа ат басын бұрды. Алдарында қарауыта көрініп, тау етегінде бейтаныс бір ауыл 
жатты. Әке әлден соң ыңылдап ән салды. Даусы тарғылданып өзгеше естілді. 
   Ілияс айналайын ұлым менің
   Жарылғап диқаншы еді шыққан тегім. 
   Қобызшы Молықбайдай ағаң болған
   Анадан ерте айырылған қозым менің,  
-деп  өлеңдетіп  қоя  берді.  Даусы  дірілдеп  өңешін  өрт  шмұңлы  әке  өз-өзін  тоқтата 
алмады. Әке көзінен жас парлады. Бала үндемей тыңдай берді. 
   Ілияс соңымдағы ізге ергенім
   Болса да жақсы, жаман өз белбеуім. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   208




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет