Жануар физол


Крахмал мен қантты қорыту



Pdf көрінісі
бет164/504
Дата31.12.2021
өлшемі9,54 Mb.
#23072
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   504
Крахмал мен қантты қорыту. Крахмал екі құрауыштан (компоненттен) 

тұрады.  Олар  глюкозаның  200-300  бөлігінен  құралған  полимер  -  амилоза 

жəне  құрамы  жағынан  жануарлар  ұлпаларындағы  гликогенге  ұқсас 

амилопектин.  Крахмал  амилаза  ферментінің  əсерімен  ыдырайды.  Амилаза 

екі  түрлі  болады:  глюкозил  қосылыстарына  əсер  ететін 

α

-амилаза  жəне 

ықшамдалған  қанттарды  ыдырататын 

β

-амилаза.  Бактериялар 

α

  –  амилаза 



бөледі. 

    Крахмал  да  клетчатка  тəрізді  микроорганизмдер  ферменттерінің  əсерімен 

ыдырайды.  Клетчатка  бейтарап  ортада  (рН  –7)  жақсырақ  ыдыраса,  крахмал 

қышқылдыққа жақын ортада (рН - 6) жеңілірек қорытылады. 

Мес қарында крахмал 

α

-амилазаның əрекетімен декстриндерге, соңынан 



мальтозаға  айналады.  Олар  ашығанда,  əсер  ететін  микроорганизмдер 

табиғатына  байланысты,  сүт,  янтарь,  құмырсқа,  сірке,  пропион  жəне  майлы 

қышқылдар түзіледі. 

    Крахмалдың  қорытылу  жылдамдығына  оның  табиғаты  үлкен  əсер  етеді. 

Мысал,  жүгері  крахмалы  картоп  крахмалына  қарағанда  жеңілірек 

қорытылады.  Егер  азықты  термиялық  өңдеуден  өткізсе,  оның  құрамындағы 

крахмалдың қорытылуы едəуір шапшаңдайды. 

Крахмалдың  ашуы  үстінде  пропион  қышқылы  көбірек,  сірке  қышқылы 

аздау, ал майлы қышқыл мардымсыз  түзіледі. Рационға крахмалға бай азық 

қосқанда  жемшөптің  қорытылуы  айтарлықтай  артады.  Крахмалға  бай 

жемшөпті  жас  төлді  өсіру,  малды  бордақылау,  буаз  жəне  сауын  малы 

рационының энергиялық құндылығын көтеру мақсатында пайдаланған жөн. 

Күйіс малы азықпен көп мөлшерде жеңіл қорытылатын қанттар қабылдайды. 

Қанттар  қызылша,  сəбіз,  балауса  шөп  сияқты  азықтар  құрамында  мол,  ал 

сүрлем,  сабан,  күнжара  құрамында  аз  мөлшерде  болады.  Қанттарды  мес 

қарын микроорганизмдері тез ашытып, өздерінің өніп-өсуі үшін энергия көзі 

ретінде  пайдаланады.  Микроорганизмдер  оларды  өз  денесіне  сіңіріп, 

гликоген тектес полисахаридке айналдырады. Қанттар микроорганизмдердің 

əрекетінен  пирожүзім  жəне  сүт  қышқылдарына  айналады.  Одан  əрі  бұл 

аралық ыдырау өнімдері май қышқылдары мен газдарға ыдырайды. 



 

207


Азық 

құрамында 

қанттардың 

мөлшері 


азайса, 

қарын 


микроорганизмдерінің  өсуі  тоқтап,  олардың  əрекеті  нашарлайды. 

Микроорганизмдер үшін рацион құрамында қанттың шамадан тыс молайып 

кетуі  де  қолайсыз.  Мұндай  жағдайда  қарын  жынында  көп  мөлшерде  сүт 

қышқылы  жиналып,  жынның  қышқылдығы  жоғарылайды  да,  белоктар  мен 

клетчатканың  қорытылуы  бұзылып,  мал  тəбеті  нашарлайды,  оның  қоңы, 

өнімділігі  төмендейді,  мал  ауырып,  өліп  те  кетеді.  Сонымен,  қарында 

көмірсулардың ашуы барысында негізінен жүзім қанты емес, ҰМҚ түзіледі. 

Жоғарыда  баяндалған  жайларды  қорыта  келе,  күйіс  малының  ас  қорыту 

процесі дұрыс жүріп, өнімділігі тиімді бағытта арта түсуі үшін мал рационын 

сауатты  құрап,  оның  құрамындағы  қанттың  мөлшерін  қадағалап  отыру 

қажет. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   504




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет