Жануар физол


Липидтердің алмасуын  реттеу



Pdf көрінісі
бет210/504
Дата31.12.2021
өлшемі9,54 Mb.
#23072
1   ...   206   207   208   209   210   211   212   213   ...   504
Липидтердің алмасуын  реттеу.  Липидтер  алмасуын реттейтін орталық 

гипоталамусте  орналасқан.  Оған  дəлел,  гипоталамустың  вентромедиальдық 

ядроларын зақымдағанда – мал шектен тыс семіріп, ал латеральдық ядролар 

зақымдалса – арықтайды. Бұл орталық қан мен ұлпалық сұйықтағы глюкоза 

деңгейіне  қарай  бір  біріне  қарама-қарсы  екі  процесті  –  майдың  қорға 

жиналуын  жəне  оның  организм  мұқтаждығы  үшін  пайдалануын,  реттеп 

отырады.  Қандағы  глюкоза  деңгейі  көтерілсе  липолиз  (май  бұзу)  тоқтайды 

да, май түзу (липогенез) күшейеді, ал қант деңгейі төмендесе кері құбылыс 

байқалады. 

Аталған  процестер  орталықтың  симпатоадреналдық  жəне  гипоталамус-

гипофиздік  жүйелерге  əсері  арқылы  жүреді.  Орталық  жүйке  жүйесі  май 

қоймаларының  адипоциттеріне  тікелей  вегетативтік  жүйкелер  арқылы  да 

əсер етуі мүмкін. Симпатикалық жүйкелер липолизді, ал парасимпатикалық 

жүйкелер  -  липогенезді  күшейтеді.  Липолиздік  əсер  адреналин, 

норадреналин,  СТГ  (соматотропты  гормон),  ТТГ  (тиреотропты  гормон), 

тироксин,  глюкагон  гормондарына  тəн,  ал  инсулин  –  майдың  қорға 

жиналуын  күшейтеді.  Инсулин  май  торшаларының  мембранасындағы 

рецепторлармен  байланысып,  адреналин  мен  норадреналиннің  əсерін 

тежейді 

де, 


липаза 

ферменттерінің 

белсенділігін 

төмендетеді. 

Глюкокортикоидтар  да  глюконеогенез  процесін  күшейтіп,  қандағы  глюкоза 

деңгейін  көтеру  арқылы  майлардың  пайдалануын  баяулатады.  Липокаин  – 

май қышқылдарының тотығуын күшейтіп, бауырды шырланудан сақтайды. 

Липидтердің  алмасуына  майлардың  ыдырау  өнімдері  де  əсер  етеді. 

Мысалы,  глицерин  майлардың  ыдырауын  шапшаңдатса,  май  қышқылдары 

оны бөгейді. 




 

281




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   206   207   208   209   210   211   212   213   ...   504




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет