Жануарлар этологиясы оқу құралы Қостанай, 2016 Әож 591. 500(075) кбж 28. 6я7


Бас ми қабығының аналитико – синтетикалық қызметі



бет32/122
Дата06.01.2022
өлшемі365,26 Kb.
#15031
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   122
Бас ми қабығының аналитико – синтетикалық қызметі. Жануарлар өмір сүру барысында шартсыз рефлекстердің негізінде көптеген шартты рефлекстерді тудырады және басқа да шартты тітіркендіргіштермен байланысады. Осыған қарамастан шартты тітіркендіргіштер (сигналдар) қоршаған ортаның жеке элементі ретінде болады, немесе тиісті элементтерден әр түрлі күрделі комплекстерді ұсына алады. Бұл белгілер әр түрлі сезімдік ағзаларға қоршаған ортаның температурасының өзгеруін, жарықты, формасын, зарттардың қозғалысы мен қашықтығын, әр түрлі дыбыстарды және т.б. жеткізіп отырады. Анализаторлардың перифериялық бөлімдері – рецепторлармен шақырылған барлық айтылған тітіркендіргіштер ортаға тартқыш нейрондар арқылы үлкен ми сыңарларының қабықтарына жеткізіледі, олар келіп түскен белгілерден жеке элементтерді ажырата алу қасиетіне, оларды бір – бірінен ажыратуға, тиісінше талдау жасау қабілетіне ие болып табылады. Барлық қабылданған белгілердің ішінен жануарлар тек қана, ағзаның белгілі бір функциясына қатысы барларын ғана таңдап алады: азықты іздеуде, ағзаның бүтіндігін сақтауда, көбеюге және т.б. Осы тітіркендіргіштерге жауап ретінде тиісті эффекторлы ағзаларға ( қозғалғыш немесе секреторлы) импульстар беріледі.

Бас ми қабығы бөлек тітіркендіргіштерді бір бүтін етіп біріктіре алады, яғни синтездеу қасиетіне ие.Демек, шартты рефлекторлы қызметтің пайда болу үрдісінде тітіркендіргіштердің талдауымен қоса, ішкі және сыртқы ортадан түскен синтездеуі де жүзеге асады.

Рецепторлық аппараттағы талдау және синтездеу үрдістерін тудырған тітіркендіргіштердің қабылдауы ағзаның тиісті реакцияларын, ең бастысы шартсыз рефлекторлық реакцияларын қамтамасыз етеді. Анализаторлардың перифериялық ұштарымен жүзеге асатын талдау мен синтез, қарапайым талдау және синтез деп аталады. Бірақ рецепторлардағы қоздырушы талдау мен синтездің күрделі түрлері өтетін анализаторлардың орталық қабыршақты ұштарына түседі. Шартты рефлекстің пайда болу полроцесіндегі қоздырушы басқа қабыршақтың көптеген қоздырушы ошақтарымен байланысады және олар көптеген тітіркендіргіштерді бір бүтінге қосуға мүмкіндік береді, қарпайым тітіркендіргіштерді ажыратуда да маңызы зор. Анализаторлардың қабыршақты ұштарымен жүзеге асатын талдау мен синтез жоғарғы талдау мен синтез деп аталады.

Қабыршақтың аналитикалық міндетінің негізінде тежелу үрдісі жатыр, олар қоздырушының иррадиациясын шектейді. Қабылданатын тітіркендіргіштерінің талдауының нәтижесінде олардың дифференциациясы, яғни жіктелуі болуы мүмкін. Жануарлар тек әр түрлі анализаторларға бағытталған тітіркендіргіштерді ғана жіктемейді, сонымен қоса егер тітіркендіргіштер сапасы мен саны жағынан бір – бірінен ажыратылса да дифференциациялайды.

Қоршаған ортада оның жеке элементтерінің (тітіркендіргіштер) биологиялық мәні және тиісті элементтердің басқаларымен байланысы ұдайы өзгеріп отырады. Осыған байланысты бас ми қыртысында ылғи талдау мен синтез арасындағы ара қатынасы өзгеріп отырады. Екі үрдіс те ұдайы өзара әрекеттеседі, сондықтан оларды бүтін аналитико – синтетикалық үрдісі деп, бас ми қыртысының аналитико – синтетикалық қызметі ретінде қарастырады.

Қабыршақтың синтетикалық қызметі тітіркендіргіштердің комплексіне шартты рефлекстердің және екінші және одан да жоғары дәрежедегі шартты рефлекстердің пайда болуын қамтамасыз етеді. Соңғы нәтижесінде иттердің үлкен ми сыңарларында ұдайы әр түрлі дәрежеде оларға әсер ететін тітіркендіргіштердің талдауын мен синтездеуін қарапайым, нақты ойлау деп атауға болады. Бұл ойлау, осылайша, қоршаған орта мен ағзаның тепе – теңдігін қамтамасыз ететін бейімделуді тудырады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   122




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет