Жаратылыстану мен дүниетану пәндерін оқыту әдістемесі


Кейбір тақырыптарға байланысты экологиялық іс-шараларға оқушыларды тікелей араластыру



бет25/81
Дата25.06.2022
өлшемі460,97 Kb.
#37289
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   81
Кейбір тақырыптарға байланысты экологиялық іс-шараларға оқушыларды тікелей араластыру 1 класс, дүниетану, ''Құстар қалай қыстайды?'' тақырыбында оқушылармен құстарға мектеп ауласындағы ағаш бұтақтарына жемтақта жасап ілу, жем шашу, ''Құстардың туған жерге оралуы. Ұрпақ қамы '' тақырыбын өткенде көктемде келетін құстарға ұя жасап ілу, ерте көктемде келетін құстарды қосымша қоректендіру, құс асханасын ұйымдастыру жұмыстарын жүргізу.

Тақырыптарды экологияландыру мұғалімнің көптеген шығармашылық ізденістерін қажет етеді. Аталған ұсыныстарды үздіксіз жүргізіп отырса, ол нәтижелі болмақ.
Бастауыш білім берудің мақсаты мен міндеттері. Білім беру мазмұнының құрамы.
Бастауыш сатыдағы білім берудің приоритетті мақсаты- оқу әрекетін қалыптастыру, айналадағы дүниемен белсенді әрекеттестік, этикалық, эстетикалық қарым- қатынасқа дайындау.
Осымен байланысты білім берудің басты міндеттері:
-оқушының өзін қоршаған, өзі өмір сүрген жаңа табиғи және әлеуметтік ортаға ( мектеп-осындай орта) үйренуін, онда жаңа әлеуметтік мәртебе- оқушы мәртебесінің қалыптасуын;

  • Білім алу, ойын, еңбек, қарым-қатынас т.б. сияқты әрекет түрлерін қажетті деңгейде меңгеруін;

  • айналадағы дүниемен дара- тұлғалық қатынасының қалыптасып, эстетикалық, этикалық адамгершілік нормаларды меңгеруін;

  • білімін әрі қарай жалғастыруға дайындығын сипаттайтын белгілі бір деңгейдегі эрудициясының болуын қамтамасыз етуі тиіс.

Оқытудың мақсаты мен міндеттеріне сәйкес білім мазмұнының құрамы мынадай бөліктерден тұрады:

  • дүние туралы ( көркем, мифтік, т.б. түсініктермен байытылған дүниенің ғылыми бейнесі);

  • оқушыда қалыптасуы тиіс әрекет түрлері (ойын, оқу, еңбек, қарым-қатынас );

  • дүниені танып білудің әдіс- тәсілдері (логикалық, ғылыми ) туралы білім, біліктер.

Дүниетану- оқу жоспарындағы жаңа пән, ''Адам'', ''Қоғам'', ''Табиғат'' білім блоктарын біріктіреді. Бұл пән бұрынғы бастауыш сыныптарда оқытылып келген. ''Айналамен таныстыру '' / 1-2 сыныптар /, ''Табиғаттану '' /3-4 сыныптар / пәндерін алмастырады. Интегративті пән болғандықтан, оны оқып- үйренудің негізгі мақсаты- адам, қоғам, табиғат, яғни реалды дүниенің ірі үш құрамдас бөлігі туралы оқушыларда біртұтас көзқарас қалыптастыру және осы біртұтас дүниедегі адамның орны мен рөлін түсінуге көмектесу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет