Сабақта экологиялық басылымдарды пайдалану 3 класс, дүниетану,’’Жануарлар әлемін қорғау’’ тақырыбы бойынша сабаққа газет шығарту, немесе Қазақстанның Қызыл кітабына енген өсімдіктер, жануарлар, Қазақстан қорықтары жайлы альбомдар, буклеттер әзірлетуге болады, басылымдардан экологиялық мәліметтерді оқып, таныстырып отыру.
Экологиялық карта сызу. 3 класс, дүниетану,’’Біздің қала немесе ауыл. Ауыл еңбегі’’ тақырыбын экологиялық бағыттауда экологиялық карта сызғызуға болады. Оқушы өз үйінен мектепке дейінгі жолды, не көшенің экологиялық жағдайын қағаз бетіне шартты белгілер арқылы түсіреді. Экологиялық қауіптілікті тудырып отырған жерлерге шартты белгілер қою, жергілікті тұрғындармен кездесу, тәртіпке шақыру, тазалау шараларын ұйымдастырады.
Табиғатта өзін-өзі ұстау ережелерін үйрету. Тақырыпты экологиялық бағыттауда табиғатта өзін-өзі ұстау ережелерін үйрету, оларды оқушылардың орындауларын бақылау. Кейбір ережелерді атап өтейік: ‘’Табиғатты сүйіңдер және зерттеңдер!’’, ‘’Өсімдіктерді қорғаңдар және сақтаңдар!’’, ‘’Жануарларға ұқыптылықпен қараңдар!’’, ‘’Табиғатты ластамаңдар!’’, ’’Табиғат байлығын сақтаңдар және көбейтіңдер!’’
Халықтық педагогика элементтерін енгізу арқылы тақырыпқа экологиялық бағыт беру. 2 класс, дүниетану ‘’Құстардың туған жерге оралуы ‘’ тақырыбында келесі тыйым сөздерді қолдануға болады: ‘’Құс ұясын бұзба!’’ ‘’Құс жұмыртқасын шақпа!’’ Егер құс ұясын бұзсаң, үйің өртенеді, құс жұмыртқасын шақсаң бетіңе секпіл түседі, қолың жараланады, құс қатты қайғырады. Немесе:
Торғай деген атым бар,
Бір жапырақ етім бар.
Ұрынып маған тиіссең-
Әкең өліп жетім қал.
3 класс, дүниетану, ‘’Өзен және көл. Суды қорғау’’ тақырыбында келесі қанатты сөздерді : Судың құрығаны- балықтың құрығаны, балықтың құрығаны- құстың құрығаны’’, осы класта ‘’Топырақ’’ тақырыбында :
‘’Сүйегің,етің жаралған- топырақты тоздырма,
Өзгені де өзіңді аздырма, достым, аздырма!‘’
Жапалаққа тиіссе адам жынды болады, ұйқысы қашады. Ата бабамыз жайлауда киіз үйдің шаңырағына қарлығаш ұя салса, жұмыртқасын басып, одан балапандарын ұшырғанша үйін жықпаған, басқа қонысқа көшпеген.
|