Жауапты редакторлар



Pdf көрінісі
бет139/168
Дата21.01.2017
өлшемі8,4 Mb.
#2355
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   168

ТОРАЛУ...  Ыстық  күндері  желге 

қаратып,  күн  батарда  шығысқа  қарай 

жаюдың  малдың  жақсы  тойынып,  жедел 

т о р а л у ы н а септігі молын ол қаперіне 

берік тұтқан (Соц. Қаз., 11.07.1974, 1). 



ТОРАМЖЫЛА е т. ж е р г. Біріктіру, 

қосу,  байланыстыру.  Əр  саусақ  пен 

алақанның  бармақ  бас арына  жұқа 

былғарыдан сақина жасаған да, соның бəрін 

жіңішке таспалармен т о р а м ж ы л а п

өріп,  қолғап  секілдендіріпті  (Қ.Салғарин, 

Соқпақ., 58).



ТОРАМЖЫЛАУ  Торамжыла  етіс-

тігінің қимыл атауы. 

ТОРАҢҒЫ... 2. Тораңғы  ағашының 

сүрегі.  Əке  тез  өзіне  он  бес  жыл  серік 

болған  т  о  р  а  ң  ғ  ы  таяғын  іздеді  (Оңт. 

Қазақст. 09.08.1972, 3).

ТОРАҢҒЫЛЫ... Субүркіті қалың т о р 

а ң ғ ы л ы тоғайға келіп, үлкен бір ағашқа 

қонды (Сарқырама, 164).



ТОРАСҰН з а т. к ө н е. Моңғол арағы; 

боза.  Қонақтарға  арналған  ту  бие  сойыл-

ды, шелектеп т о р а с ұ н, сабалап қымыз 

əкелінді (І.Есенберлин, Алтын орда, 1, 67). 

Бұрын Қырымға хан болып жүрген кезінде 

жүзім шарабы, моңғол т о р а с ұ н ы м е н 

əуреленетін болса, соңғы жылдары олардан 

гөрі күштірек орыстың сымакунын (само-

гонын)  ішіп  жүрген  (І.Есенберлин,  Шығ. 

жин., 9, 490).

ТОРҒАЙ:  Торғай  адым.  Кішкентай 

ғана (4-5 см-дей)  қашықтық.  Қарекең 

кертөбелдің  беліне  қаршығадай  болып 

қонып, жанындағы екі аттыдан т о р ғ а й 

а д ы м болса да ілгері келеді (Р.Отарбаев, 

Біздің ауыл., 388).



ТОРҒАЙКӨЗ... Сыртынан т о р ғ а й

к ө з ақ бадана киген (Қ.Жұмаділов, Дара-

боз, 1, 28).



ТОРҒАЙОТТЫ  с  ы  н.  Торғайоты 

өскен, торғайоты мол. Шөбі бірде қалың, 

бірде сұйылып, изенді, жусанды, ебелекті, 



т о р ғ а й о т т ы болып отырады (Жетісу, 

01.12.1964, 3). Ал  Асақай  төңірегі  қалың 

күйреуікті, жантақты, алаботалы, т о р ғ а 

й о т т ы, балықкөзді, теріскенді, шытырлы 

болып келеді (Қызылқұм, 19.09.1970, 3).



ТОРҒАП з а т. Шыбын-шіркейден, ма-

садан қорғану үшін басқа киетін, тордан 

жасалған  қап.  Тіпті  қансорғыш  насеком-

дардан қорғану үшін, қолға қолғап, бетке 



т о р ғ а п киіп жүруге тура келді (Алматы 

ақшамы, 30.01.1989, 3). 



ТОРҒАУЫТ¹... Əділ т о р ғ а у ы т т ы

үстіне киді (С.Сматаев, Елім-ай, 2, 380).



ТОРҒАУЫТ²...  Сарай  төңірегінен 

əлдеқашан т о р ғ а у ы т т а р – күндізгі 

күзетшілер  кетіп,  олардың  орнын 

қаптеғұлдар – түнгі  күзетшілері  алған 

(І.Есенберлин, Алтын орда, 1, 69).

ТОРКӨЗ з а т. Қазақ үйдің көздері тар 

болып  келген  керегесі.  Керегенің  кішкене 

көздісі – т о р к ө з деп аталады да, үлкен 

көздісі – желкөз деп аталады (ҚазССР та-

рихы, 317). Керегенің көздері желкөз жəне 



т о р к ө з болып екіге бөлінеді. Желкөзі 

кең де, т о р к ө з і тар болады (С.Мұқанов, 

Таңд. шығ., 15, 107).

ТОРКӨЗДЕ  е  т.  Торкөз  ету,  торкөз 

жасау. Арнаулы аспаптармен тезге салып, 

қалаған мөлшерде иіп алғаннан кейін дай-

ын кереге талдарын айқыш-ұйқыш салып, 

т о р к ө з д е п, қайыспен көктейді (ҚазССР 

ҒА Хабарлары, 1972, №1, 44).



ТОРКӨЗДЕН е т. Торкөз болу, торкөз 

ету.  Екі  қапталдағы  баған  мен  бағанның 

арасы  жіп-жіңішке  мəрмəр  тастардан 

кілемнің ою-өрнегіндей қиысып т о р к ө з д 

е н і п жалғасыпты (С.Сматаев, Елім-ай, 16).

ТОРКӨЗДЕНУ Торкөзден етістігінің 

қимыл атауы. 

ТОРКӨЗДЕУ  Торкөзде  етістігінің 

қимыл атауы.


581

Байынқол Қалиев

ТОРҚА:  Торқа  құрт.  Жұмсақ  құрт; 

майлы құрт. Саулық сауған əйелдер сөреге 

құрт  жая  бастады.  Бұның  өзі  т  о  р  қ  а



қ ұ р т, қатпа құрт, сықпа құрт, ежегей құрт 

боп кете барады (Қаз. əдеб., 28.11.1986, 9).



ТОРҚАЛТА... Тырсита толтырылған т 

о р қ а л т а н ы күйеуінің қолына ұстатты 

(Қ.Мұханбетқалиев, Қайдасың., 196).



ТОРЛЫ: Торлы жылан. з о о л. Тропик-

тік жəне субтроптиктік аймақтарда тір-

шілік ететін ірі (салмағы 100 кг-дай) əрі 

ұзын (2-10 м-дей) жылан; питан. Т о р л ы

ж ы л а н негізінен сүтқоректілермен, ба-

уырымен  жорғалаушылармен,  құстармен 

қоректенеді (ҚҰЭ, 8, 455). 

ТОРМАН  з  а  т.  и  х  т  и  о  л.  Сазан 

балықтың  ұсағы.  Мысалы,  сазанның 

кішкенесін – қарабүрге, ұсағын – т о р м 



а н, табан балықтың ұсағын – жалтай деп 

атаған (Қаз. этнография., 1, 403).



ТОРПАҚ...  Күн  жолындағы  12 

шоқжұлдызға  ежелгі  грек  ғалымдары 

хайуандардың  аттарын  қойған.  Тоқты, 

Т о р п а қ, Арыстан т.с.с. (Қаз. байырғы 

календары, 31).



ТОРПАҚША  з  а  т.  Сиырдың  торпақ 

жасына  əлі  толық  жете  қоймаған  төлі 

(Қ.Ысқақов, Бұқтырма, 51).



ТОРПЕДАЛА е т. Торпедамен атқылау, 

торпедамен соққы беру. 1915 жылы неміс 

сүңгуір қайығының капитаны ағылшынның 

«Иберион» кемесін т о р п е д а л а ғ а н 

н а н кейін экипаж өте үлкен хайуанатты 

кезіктіргенін  баяндайды  (Ж.Ауыпбаев, 

Жанарымда., 53).

ТОРПЕДАЛАУ Торпедала етістігінің 

қимыл атауы.

ТОРША¹ з а т. Кішірек тор. Ғазизаның 

қолындағы т о р ш а с ы жерге түсіп кетті 

(Б.Тоғысбаев, От пен күл, 135).

ТОРША²  з  а  т.  б  и  о  л.  Тірі  ағзаны 

құрайтын органикалық зат. Біздіңше, ор-

ган – мүше, ткань – ұлпа, клетка – т о р ш а,

нерв – жүйке,  белок – ақзат  баламалары

əбден  дұрыс.  Қазір  жатырқағанмен,  ке-

йін тез үйреніп кетеміз (Қаз. əдеб., 16.03. 

1990, 6).



ТОРЫҒЫС...  Күні  бойғы  сейіл, 

сүйсініс, күйініш, т о р ы ғ ы с, үміт, наз, 

нала домбыра тілінің түйсікшіл шежіресіне 

айналды (Т.Əлімқұлов, Сырлы наз, 30).



ТОРЫҚПАЛЫ с ы н. с ө й л. Торыққан; 

мұңды, шерлі. Музыканың жаңағы т о р ы 

қ п а л ы, қоңырқай да шерлі сарыны бірте-

бірте жойқын күшке ұласты (К.Сегізбаев, 

Ашылмаған., 8).

ТОСАТТАН ү с т. ж е р г. Кенеттен, 

күтпеген  жерден.  Елдің  бəрі  үріккен 

қойдай  дүрлігіп,  қару-құралдарын  алып,



т о с а т т а н келген жауды тосуға əзір 

болды (Халифа Алтай, Алтайдан., 49).



ТОСПА з а т. 1. Аңшылардың бірі аңды 

тосып отыратын ұрымтал жер. Т о с п а 

д а отырған аңшылардың аттары Тұрғамбек 

қыстағы  деп  аталатын  ескі  қораның 

сыртындағы тоғайдың арасында байлаулы 

тұр  (А.Жұмаділдин,  Сең  бұзыл., 172). 2. 



Озып  келе  жатқан  бəйге  атына  демеу 

көрсету  үшін  алдынан  тосып  тұратын 

50-100 м-дей жердегі меже. Т о с п а д а 

тұрған жігіттер бəйге атын демей тартып, 

оны  алдыңғы  тоспада  тұрған  жігіттерге 

жеткізіп  салады  (А.Нүсіпоқасұлы,  Ағаш 

бесік., 4, 91).

Тоспа доп Қашпа дос сияқты ойнала-

тын ойын. Т о с п а  д о п т ы бір топ бала 

не  ашық  далада,  не  мектептің  қоршаулы 

алаңында ойнайды (Ойын-сауық, 162).

ТОСТАҒАНША  з  а  т.  б  о  т.  Гүл 

күлтесінің  астыңғы  жағында  тұратын 

гүлсерік  жапырақ.  Гүлсерік  екі  түрлі 

жапырақшалардан: күлте мен т о с т а ғ а 



н ш а д а н құралады (Ботаника, 7). Гүлдеп 

біткеннен кейін т о с т а ғ а н ш а, күлте 

мен аталықтар қурап, түсіп қалады (Бұл да).

ТОСТАҚАН: Тостақан бақа... Мари-

ям шөбін қолға түсіру үшін т о с т а қ а н



б  а  қ  а  інінің  аузын  аңду  керек  (Желден 

жүйрік., 197).



ТОСТЫЛЫ  с  ы  н.  Тост  сөйленген, 

тост  айтылған. – Тамадалы,  т  о  с  т  ы 

л  ы  тойлардың  тəлім-тəрбиелік  маңызы 

қандай? (И.Қарақұлов, 40 сұрақ, 100).



ТОСЫҚ з а т. с ө й л. Бөгет, кедергі. 

Екіншісі – жаудың  əскері  жүретін  жолға 

тікенекті сым т о с ы қ, кедергі орнату (Ана 

тілі, 19.06.1997, 7).



ТОСЫЛҒАНДЫҚ  з  а  т.  Тосылып 

қалғандық,  бөгелгендік;  мүдіргендік. 

Өңінде  қатты  т  о  с  ы  л  ғ  а  н  д  ы  қ

торыққандық  рай  байқалды  (Қаз.  əдеб., 

04.10.1974, 3).



ТОСЫҢҚЫРА  е  т.  Аздап  тосу,  тоса 

түсу (Б.Мұстафин, Жайнаған жер, 75).

ТОСЫҢҚЫРАУ  Тосыңқыра  етіс-

тігінің қимыл атауы. 

582

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі

ТОТАЙЛАН...  –  Егер  қазір  бір  вальс 

ойналса, мен сізбен билеймін! – деп Зарина 

маған ескерту жасағансып, т о т а й л а н а

көзін төңкеріп өтті (Ə.Асқаров, Таңд., 135). 

Гүлзина енді т о т а й л а н а қарады (Бұл 

да, 322).



ТОТАЙЛАНУ  Тотайлан  етістігінің 

қимыл атауы.

ТОТЕМДІК с ы н. Тотемге қатысты, 

тотемге  тəн.  Кейде  ол  өлеңдерден 

дүниедегі  барлық  жақсылық  белгілі 

бір  күштердің  «жебеуімен»  болады  деп 

есептейтін  т  ө  т  е  м  д  і  к  ұғымдар  да 

байқалады  (Қаз.  əдеб., 22.03.1985, 4). Ал 

«Бөрілі – менің  байрағым»  дейтін  өлең 

жалпы түркі халықтарының «иесі» - қасқыр 

деген  байырғы  т  о  т  е  м  д  і  к  ұғымның 

қазақ арасында да сақталғанын аңғартатын 

мысал (Лен. жас, 04.12.1985, 3).



ТОТИЯ  з  а  т.  ж  е  р  г.  Құрып  біту, 

тозу;  өлім  д.м.  Денем  тақап  қалғанда

т о т и я ғ а, Бақыт қонды басыма қапияда, 

Тоқсанымда  тоңқаңдап  боқ  жеймін  бе, 

Қызыңды ұрайын, не ақым бар партияда! 

– деді Жəкең (Жас алаш, 23.04.2013, 5).



ТОТЫҒЫҢҚЫРАУ  Тотығыңқыра 

етістігінің қимыл атауы.

ТОТЫҚҰСША ү с т. Тотықұс тəрізді, 

тотықұс секілді. Оның қойнында тасбақа, 

иығында кірпі өріп жүреді, қараторғайды 



т о т ы қ ұ с ш а сайратады (Р.Тоқтаров, 

Ғасыр наны, 449).



ТОШАЛА...  2.  Тошала  өсімдігінің 

жемісі. ...Байқасам,  т  о  ш  а  л  а  термек 

болып ептеп бұта арасына кіріп алған екен, 

аяғы шөпке шалынып қып-қызыл тікенекке 

отыра жығылыпты (Жалын, 1971, №3, 89).



ТОЯНА  з  а  т.  Туған-туыстар  мен 

жолдас-жобалардың тойға қосқан көмегі: 

мал, ақша т.б. Əйтсе де қос құданың той-

ына кім не қосты, т о я н а той шығынын 

өтеді ме, жоқ па? Бұл жағы, əрине, беймəлім 

(Соц.  Қаз., 13.06.1976, 4). Ал  тойға 

шақырған қонағынан бұрын т о я н а с ы н 

есептейтіндер аз ба? (Бұл да). Той т о я н 



а с ы м е н қызық (Қаз. мақал-мəтелі, 197).

ТОЯСЫЗ  с  ы  н.  с  ө  й  л.  Тойымсыз. 

Қазақ  байыса  əйелдің  сұлуына,  аттың 

жүйрігіне т о я с ы з келетіні қашанғы əдеті 

(Жалын, 1975, №2, 61).



ТӨБЕ: Төбе бүршік. б и о л. Өркеннің, 

түйнектің  жоғарғы  жағындағы  бүршік. 

Түйнектің  үстіңгі  жағы – түйнек  төбесі. 

Ондағы бүршікті – т ө б е  б ү р ш і к деп 

атайды  (Ботаника, 72). Тамырсабақта  да 

өркендегі сияқты т ө б е  б ү р ш і к пен 

жанама бүршіктер болады (Бұл да, 95).



Төбеңдегі  тақияңдай  көр.  Осылай 

болатындығына анық сен д.м. – Ештен кеш 

жақсы деген. Бұл қызметтің болатындығын 



т ө б е ң д е г і  т а қ и я ң д а й  к ө р 

(Т.Нұрмағамбетова, Дарияның арғы., 135).



Төбесіне  шай  қайнатты.  Жанын 

шығарды,  тыныштығын  алды,  мазасын 

кетірді. Барған соң, əкім қатынның т ө б 

е с і н е  ш а й  қ а й н а т п а с а м ба, тұра 

тұр (Парасат, 2009, №7, 20).



ТӨБЕЛІ с ы н. Төбесі бар, төбесі көп. 

Олар  Іле  өзенінің  бойында  кездесті.  Бұл 

ара т ө б е л і, адырлы болғанымен, дені 

жазық  еді  (І.Есенберлин,  Алтын  орда, 1, 

167). Анда-санда мал жайылған осы т ө б 

е л і алқапты əнге бөлеп қояды (Лен. жас, 

28.11.1972, 1).



ТӨБЕТОП з а т. Елді билеп-төстеуші 

топ.  Импералистік  реакция,  ең  алдымен 

АҚШ-тың билеп-төстеуші т ө б е т о б ы 

өзінің агрессияшыл саясатымен адамзатты 

ядролық  апат  шегіне  итермелеуде  (Лен. 

жас, 16.06.1983, 2). Мұндай  кездейсоқ 

«жортуыл» Англиядағы басқарушы т ө б е 



т о п т ы ң ашу-ызасын туғызды (Алматы 

ақшамы, 05.09.1989, 3).



ТӨБЕШІКТЕУ... Түбектің қылта тұсы 

ашық, т ө б е ш і к т е у болып келетін (Лен. 

жас, 31.07.1974, 1).

ТӨГІЛМЕ:  Төгілме  көйлек.  Етегі 

төгіліп  тұрған,  ұзын  əрі  кең  көйлек. - 

Əсеттің  əні  «Қысмет» - деп  жариалады

басына тақия, үстіне зерлі қазекей, бүрмелі 

етек, т ө г і л м е  к ө й л е к киген Сұңғақ 

бойлы қыз (Қаз. əдеб., 18.12.1981, 15). 

Т Ө З І М Д І Л І К :   Т ө з і м д і л і к   п е н 

адамгершіліктің тəңірісі. п е р и ф р. Ана. 

Тоқсан ауыз сөзіміздің тобықтай түйіні: ана 

дегеніміз – т ө з і м д і л і к  п е н  а д а м г 

е р ш і лі к т і ң  т ə ң і р і с і (И.Қарақұлов, 

40 сұрақ, 78). 



ТӨЗІМШІЛ...  Ол  жауыздық  жəбіріне 

күйінсе  де,  т  ө  з  і  м  ш  і  л,  қайыспас 

қайсар  райда  тік  тұрып  тағы  тіл  қатты 

(Ж.Тұрлыбаев, Семсер, 39).



ТӨК...  Өрмек  тоқу  үшін  жүнді 

шүйкелеп,  ұршықпен  иіріп,  иірілген 

жіпті т ө г е д і (С.Мұқанов, Таңд. шығ., 

15, 20).


583

Байынқол Қалиев

ТӨКІР¹  з  а  т.  Екі  аяғының  басы  үсіп 

немесе  күйіп,  доғалданып  қалған  адам. 

Ол  емшектегі  кезінде  құлап,  отқа  жидіп, 

екі аяғынан бірдей ақсап қалған. Сондық-

тан «т ө к і р» атанған (С.Тəнекеев, Қиян 

асу, 83). 

ТӨКІР² з а т. ж а ң а. Металды, ағашты 

техникалық  құралдармен  жону  арқылы 

керекті нəрсені жасайтын адам, маман; 

токарь (Бекітіл. термин., 81). 

ТӨЛ:  Төл  алды.  Малды  төлдетті. 

Мал күзетудің, т ө л а л ы п, түрлі дерт-

дербездердің  алдын  алудың,  күзем  алып, 

қысырақ  матаудың,  күйек  алудың  қыры 

мен сырын таныстырады (А.Нүсіпоқасұлы, 

Ағаш бесік., 2, 13).



Төл  қора.  Төлдерге  арналған  қора.  ≈ 

Қозы қора кейде т ө л қ о р а деп те ата-

лынады.

ТӨЛЕ...  Жедел  топ  мүшелері  де  мас 

жасөспірімдер  ізімен  үйдің  астыңғы



т ө л е с і н е түсті (Жетісу, 21.08.1967, 4). 

Қаңғыбас  иттер  мен  мысықтар  үйлердің 

астындағы т ө л е л е р д е тұрады (Алматы 

ақшамы, 11.09.1989, 3). 



ТӨЛЕБИТАНУ  з  а  т.  «Билердің  биі» 

атанған Төле би Əлібекұлының өмірі мен 

қоғамдық  қызметін  зерттейтін  ғылым 

саласы.  Сондай-ақ  белгілі  заңгерлердің 

зерттеулері т ө л е б и т а н у аясын кеңейте 

түсті (Н.Мыңбатырова, Төле би., 8). 

ТӨЛЕЖІ е т. ж е р г. Құлпыру, сəндену, 

түрлену.  Ел  шетіне  сал  келсе,  ауылдың 

еріккен қыз-бозбаласы т ө л е ж і п барып, 

салдар тобын аттан көтеріп алу – қазақтың 

ескі салты (М.Разданұлы, Алтай., 101). Екі 

күннің  ішінде  сағат  сайын  т  ө  л  е  ж  і  п 

тұратын сал Мардан сатқақ ұрған танадай 

болды (Бұл да, 114).

ТӨЛЕУІТ з а т. Моңғол тайпаларының 

бірі.  Əсіресе  батыс  моңғол  тайпалары – 

шорос, ойрат, торғауыт, т ө л е у і т т е р

қытай боғдыхандарының тегеурініне шы-

дай  алмай  ата  мекен  қоныстарын  тастап 

кетті (І.Есенберлин, Жанталас, 8).

ТӨЛИЕ з а т. ж а ң а. Жазған шығарманың, 

мақаланың,  ашқан  жаңалықтың  иесі; 

автор  (Ш.Құрманбайұлы,  Қаз.  тілі  жаңа 

атау., 87). 



ТӨЛМЕ: Төлме төбе сырға. э т н. Ұзын 

салпыншақты  сырғаның  бір  түрі.  Шар 

үлгісінде  немесе  ұзын  салпыншақ  болып 

келетін күмбез сырға, қозалы сырға, қоза 

сырға, т ө л м е  т ө б е  с ы р ғ а да кезінде 

кең тараған (Қаз. əйелдері, 1983, №9, 26). 

ТӨЛНҰСҚА з а т. с ө й л. Түпнұсқа. 

Мұндайда шығарманың т ө л н ұ с қ а с ы 



м е н басқа барлық нұсқаларды салыстыру 

керек (Қаз. əдеб., 26.01.1990, 10).



ТӨЛСИПАТ  з  а  т.  Белгілі  бір  затты 

(нəрсені) анықтайтын, соған тəн басты, 

қажетті жəне тұрақты белгі; атрибут 

(Бекітіл. термин., 82).



ТӨЛШЕҢ...  Сол  кісі  өз  отарына  қой 

іріктегенде  басында  жүні  жоқ  тықыр  бас 

саулықтарды таңдап алады екен. Ал ондай 

саулық т ө л ш е ң келетін көрінеді (Қаз. 

əдеб., 14.11.1986, 2).

ТӨМЕН:  Төмен  етекті.  Əйел  д.м. – 

Құдай ол баста т ө м е н  е т е к т і жаратқан 

қатынды теңестіреміз деп, көрінген жерде

шулап-шулап, енді, əне, төбелеріңе шыға-

рып алдыңдар (Ə.Нұрпейісов, Соңғы., 79).

ТӨМПЕШІК: Төмпешікке айналды. 

Өлді,  қайтыс  болды.  Адам  тірі  жүргенде 

қанша тарпаң болса да, т ө м п е ш і к к е



а  й  н  а  л  ғ  а  н  д  а,  батыл  ма,  батыр  ма, 

ашушаң  ба,  ынжық  па – бəрі  бірдей 

(Т.Қосуақ, Мəрмəр., 167).

ТӨНІС  Төн  етістігінен  жасалған 

ортақ  етіс. – Омар,  сөз  тыңдашы,  ақыр 

ұнамаса  біреуді  біреу  зорламайды  ғой, - 

деп ортаға алып, шулап, ал кеп т ө н і с т і

(С.Торайғыров, Таңд., 105).



ТӨНІСУ  Төніс  етістігінің  қимыл 

атауы.

ТӨҢКЕРІСТІК...  1943  жылдың 

қысынан  өңірдің  əр  жерінде  партизан 

əтірəттері  құрылып,  т  ө  ң  к  е  р  і  с  т  і 

к  күресті  күшейте  түсті  (Т.Мəмесейіт, 

Таңжарық, 2, 375).



ТӨПЕЙ з а т. ж е р г. Төбе. Тұрсынбай 

өз аулының тұсына, т ө п е й астына талай 

келді (Ж.Молдағалиев, Алғ. қоңырау, 157).

ТӨПЕС  е  т.  с  ө  й  л.  Бірін  бірі  төпеу, 

тоқпақтасу.  Төбелесіп,  т  ө  п  е  с  і  п 

Ісіргендер  шекесін,  Амнезия  алған  соң, 

Танымайтын  көкесін  (М.Ахмет-төре,  Ақ-

қара, 160).



ТӨПЕСУ  Төпес  етістігінің  қимыл 

атауы.

ТӨПІЛДЕТ  е  т.  Қайта-қайта  айту, 

үсті-үстіне қайталау. ≈ Тоқтамастан т ө 

п і л д е т і п айта берді.

ТӨПІЛДЕТУ  Төпілдет  етістігінің 

қимыл атауы. «Алла» дегенге ешбір мəн 

584

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі

бермей, үсті-үстіне т ө п і л д е т у л е р і н е

қарағанда,  бұл  қулар  құдайдың  өзіне  де 

сене бермейтін сияқты (Ғ.Мүсірепов, Қаз. 

солдаты, 90).

ТӨР з а т. к ө н е. Халықты басқарушы 

топ,  өкімет. – Түркі,  оғыз  бектері, 

тыңдаңыздар!  Жоғарыда  тəңірі  баспаса, 

төменде  жер  айырылмаса,  түркі  халқы, 

еліңді, т ө р і ң д і (өкіметіңді) кім құртады 

(Т.Зəкенұлы, Мəңгітас, 27).

Төр  жайлау.  Таудың  бөктерінен 

жоғарырақ  жеріндегі  жайлау.  Мал 

сүрлеуінен басқа доңғалақтың егіз ізі түсіп 

көрмеген т ө р  ж а й л а у да заман үніне 

үйрене бастаған (К.Сегізбаев, Жап-жасыл., 

405). Қаратөске қайқайған елдің алды т ө р

ж а й л а у ғ а еркіндеді (К.Мұқажанұлы, 

Ортеке, 118). Етекте орналасқан жайлау – 

ой жайлау, одан биіктегісі – бөктер жайлау, 

бөктерден жоғарысы – т ө р  ж а й л а у, ең 

биіктегісі – кер жайлау деп аталады (Қаз. 

этнограф., 1, 283).



Төр  көрпе.  Төрге  төселетін  көрпе. 

Т  ө  р    к  ө  р  п  е  н  і  ң  үстіне  жамбастай 

жантайған ол сырлы тостағандағы сусын-

нан əлсін-əлсін ұрттап қояды (Д.Рамазан, 

Жылап аққан., 121).



ТӨРАЙЫМ... Кеше Мемлекет басшысы 

Нұрсұлтан Назарбаев Қаржы рыногы мен 

қаржы ұйымдарын реттеу жəне қадағалау 

жəніндегі агенттіктің т ө р а й ы м ы Елена 

Бахмутованы  қабылдады  (Егем.  Қазақст., 

27.08.2008). 



ТӨРБАСЫ з а т. с ө й л. Төраға. Олай 

болса, «председатель»  деген  тұлғаны 

«төрағасы»  да  емес, «төрапасы»  да  емес, 

«т  ө  р  б  а  с  ы»  деп  қабылдасақ  деген 

ой  тастағым  келіп  тұр  (Қаз.  əдеб., 

12.04.1991, 3).



ТӨРЕ е т. к ө н е. Туу, тарау. Ой Орағым, 

Орағым! Жалғыз қалдың, қарағым! Мамай-

жан еді ырысың Бір құрсақтан т ө р е г е н 

(Боздағым, 19).



ТӨРЕ: Төре табақ. Үйме, толы табақ. 

Əкем екеуі сораптап шай ішісті, асықпай 



т  ө  р  е    т  а  б  а  қ  ет  жесті  (Ə.Асқаров, 

Таңд., 156). 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   168




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет