Жұмыс дәптері 3-модуль менеджмент және көшбасшылық



бет1/31
Дата20.10.2022
өлшемі140,62 Kb.
#44426
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
Байланысты:
28.09-Жұмыс дәптері.Модуль 3docx (3)




ЖҰМЫС ДӘПТЕРІ


3-МОДУЛЬ
МЕНЕДЖМЕНТ ЖӘНЕ КӨШБАСШЫЛЫҚ
ӨЗІНДІК МЕНЕДЖМЕНТ ЖӘНЕ ЗАМАНАУИ МЕКТЕП БАСШЫСЫНЫҢ ДАМУЫ
1-КҮН
3.1. МЕНЕДЖМЕНТ ЖӘНЕ КӨШБАСШЫЛЫҚ.
МЕКТЕП БАСШЫСЫНЫҢ ӨЗІНДІК МЕНЕДЖМЕНТ АЯСЫНДАҒЫ СЫНИ РЕФЛЕКСИЯСЫ


3.1.1-тапсырма. Өзін-өзі тексеруге арналған жаттығу: Мен көшбасшының қандай типіне жатамын?1
Әр жауап бойынша сәйкес нөмірді шкала бойынша дөңгелектеп белгілеңіз.






Мүлдем келіспеймін










Толық
келісемін

  1. Маған көпшіліктің арасынан ерекшеленіп көзге түскен ұнайды.

1

2

3

4

5

  1. Менің ықпалыммен басқалар менің қалауыма сәйкес болған кезде, мен мақтаныш және қанағаттануды сезінемін.

1

2

3

4

5

  1. Мен нәтижеге жеке қол жеткізгеннен гөрі топта жұмыс істегенді ұнатамын.

1

2

3

4

5

  1. Менің үйірмелерге және/немесе спорт секцияларына жетекшілік ету тәжірибем бар.

1

2

3

4

5

  1. Мектептегі немесе жұмыстағы топтық іс-шаралар кезінде мен көбірек ықпал етуге тырысамын.

1

2

3

4

5

  1. Мен топтарда ең алдымен достық қарым-қатынасты сақтауға тырысамын.

1

2

3

4

5

  1. Мен топтарда ең алдымен жұмыс мақсаттарына қол жеткізуге ұмтыламын.

1

2

3

4

5

  1. Мен топтарда әрдайым басқа адамдардың сезімдері мен қажеттіліктеріне мұқият қараймын.

1

2

3

4

5

  1. Мен топтарда әрқашан жұмысты аяқтауға көмектесетін әрекеттер мен тапсырмаларды құрылымдаймын.

1

2

3

4

5

  1. Мен топтарда басқалардың ұмтылысын қолдауға ғана емес, тапсырмалардың орындалуын ілгерілетуге де тырысамын.

1

2

3

4

5



Ұпайларды санау және нәтижелерді түсіндіру
Көшбасшылыққа дайындықты бағалау: 1-ден 5-ке дейінгі тармақтардағы шкала бойынша белгілеген ұпайларыңызды есептеңіз: ____
Көшбасшылық стилін таңдауды бағалау:
Тапсырмаға бағдарлану дәрежесін бағалау: 7 және 9-тармақтардағы шкала бойынша белгілеген ұпайларыңызды есептеңіз: ____
Қарым-қатынасқа бағдарлану дәрежесін бағалау: 6 және 8-тармақтардағы шкала бойынша алған ұпайларыңызды есептеңіз: ____

Тапсырмаға және қарым-қатынасқа бағдарлануды бағалау арасындағы айырмашылық: ____


Қандай ұпайларыңыз жоғары екендігін тексеріңіз: тапсырмаға бағдарлану ____ немесе
қарым-қатынасқа бағдарлану ____
Бейімділікті бағалау: 10-тармақ бойынша Сіздің ұпайыңыз: ____
Көшбасшылыққа дайындық. Егер Сіздің 1-5-тармақтар бойынша жалпы ұпайыңыз 20 немесе одан көп болса, Сізге көшбасшы болған ұнайтын болуы керек. Егер Сіздің жалпы ұпайыңыз 10 немесе одан аз болса, өміріңізде осы сәтінде Сіз өзіңіздің жеке жетістіктеріңізге көбірек назар аударасыз. Егер Сіздің ұпайларыңыз орташа деңгейде болса, Сіздің көшбасшылық әлеуетіңіз жағдайға байланысты кез келген бағытта дамуы мүмкін.
Көшбасшылық стилі. Сіздің көшбасшылық стиліңізді 6-9-тармақтар бойынша жауабыңызға қарап бағалауға болады. Өзіңіздің проблемаға бағдарланған, қарым-қатынасқа бағдарланған немесе икемді көшбасшылық стилін таңдайтыныңызды айқындау үшін келесі нәтижелерді тексеріңіз.
Көшбасшылықтың қай стилін таңдайтыныңызды анықтау үшін Сізге қандай бағаңыз жоғары екенін анықтау қажет – тапсырмаға бағдарлануды бағалау немесе қарым-қатынасқа бағдарлануды бағалау жоғары ма? Бұл бағалардың арасындағы айырмашылық Сіздің қай стильді ұстанатыныңызды көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет