Жоспар: І. Кіріспе ІІ. Негізігі бөлім



бет1/5
Дата02.12.2023
өлшемі69,81 Kb.
#131371
  1   2   3   4   5
Байланысты:
"Апатты жағдайдың алдын алу"




Жоспар:
І. Кіріспе
ІІ. Негізігі бөлім:

  1. Апатты жағдайлар және олардың негізгі сипаттары.

  2. Апатты жағдайлар қаупін төмендету бойынша білім беру процесіне апатты жағдайлардан алдын алу және олардан қорғану шаралары.

ІІІ. Қорытынды.
ІҮ Пайдаланылған әдебиеттер

Сұрапыл апаттар дегеніміз-адамдармен жануарлардың өліміне,халықтың өмірінің күрт бұзылуына,материалдық құндылықтардың жойылуына әкелетін құбылыстар.Сұрапыл апаттар көбінесе адамның қолынан келмейтін табиғат күштерінің әсерінен болады.Мысалы;су басу,жер сілкінісі,ормандағы өрттер,көшкін т.б жатады.

Төтенше жағдай дегеніміз - табиғат немесе өндіріс апаттарының зардаптарын күнделікті қызметпен, қаражатпен жоюға мүмкіндік бермейтін, ол үшін әдейі материалдық, техникалық, ақша қаражатын және адам күшін талап ететін жағдай. 

Қазақстан мемлекетінің орналасқан жері – орасан зор, кең байтақ. Ол жерлерде табиғат апатының неше түрі: жер сілкіну, қар тасқыны, қатты жел, су тасқыны сияқты құбылыстар жиі болып жатады. 


Апаттық жағдайларда балалар қауіпсіздігін сақтау негізінде төтенше оқиғалардың орын алуы үнемі тұрғындар үшін күтпеген жерден басталып, адамның өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді. Апат алғаш басталғанда қашанда адамдар абдырап, не болып қалғанын түсінбей, не істеу керек екенін біле алмай сасқалақтап қалады. Осындай жағдайлар болмау үшін әрине кішкентай бүлдіршіндерімізден бастап алдын-ала дайындалуымыз керек. Алдын-ала жұмыс балалардың тәжірибе алуымен қатар оны шынай өмірде қолдануға мүмкіндігі бар. Балабақшаның төтенше жағдай негізіндегі мақсаты - баланың өзін қоршаған ортаны, қауіп көзін түсінуіне жәрдемдесу және балаларға төтенше жағдайды ойын түрінде үлгілеу, талдау және бағалау, қауіпті көре білу, оның қорытындысын болжамдауға үйрету. «101» немесе «112» құтқару қызметіне шолу керектігін үйрету. Алға қойған мақсатты көздей отырып, жүргізілген талдаулар бойынша жүзеге асыру.
Өрт... Бұл соңғы уақытта жиі естілетін қорқынышты сөз. Ал жанудың туындауы - бұл өрт қауіпсіздігі ережелерін, электр жабдықтары мен электр құрылғылырын пайдалану негіздерін сақтамау және отты абайсыз пайдаланудың салдары.
Бала пәтерде немесе үйде жалғыз қалғанда, үлкендерге еліктеп сіріңке алып, қағаз жағып, электр қыздыру құралдарын тоққа қосып немесе алау ұйымдастыруыда мүмкін.
Әрбір ересек адамның міндеті - балалардың отпен ойнауына жол бермеу, оның қауіптілігін түсіндіру. Кейде ересек адамдардың өзі жану белгілерін көргенде, түтін иісінің шыққанына аса мән бермей, өртке қарсы қызметіне ұзақ уақыт хабарламайды. Әдетте, осындай жағдайларда өрттің өршіп, қайғылы жағдайларға әкеп соқтыратыны анық. Осындай әрекеттер болмаудың алдын-алу үшін балаларды балабақшадан бойына сіңіре білуіміз қажет.
балабақшадағы өрт қауіпсіздігі тақырыбында ересек топтарына дәріс оқып, өрт болған жағдайдағы іс-қимылдарды көрсетті. Балаларға өрт қауіпсіздігі бойынша интербелсенді тақтадан слайд және ойындар мен мультфильмдер көрсетіп балалардың қызығушылығын тудыра білді. Балалар көптеген мәліметтер біліп, өздерінің қызығатын, ойында жүрген өзекті сұрақтарына жауаптарын алып жатты.
Тәрбиешілер балаларға табиғаттың қауіпті құбылысы - өрттің қиратқыш күші екенін, оттың пайдасы мен зияны туралы білімдерін бекітіп қана қоймай, өрт сөндіруші мамандығына қажетті: батылдық, ерлік және сабырлылылқ керек екенін айтты.
Балалардың қауіпсіздігін сақтау негіздерінде балалардың бойына сіңіру, ойында сақтау және оны үнемі қайталап отыру әр ересек адамның міндеті. Сонда ғана жарқын болашағымыз өз қауіпсіздігін сақтай біледі


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет