Жүрек талма ауруларына арналған жаттығулардың ерекшеліктері Жүректі де жаттығумен емдеуге болады



бет1/3
Дата05.12.2022
өлшемі20,21 Kb.
#55008
  1   2   3

Жүрек талма ауруларына арналған жаттығулардың ерекшеліктері

Жүректі де жаттығумен емдеуге болады


Жүрек – адам ағзасындағы ең маңызды мүше. Өкінішке орай, соңғы уақытта жүрек ауруларының жасарып жатқанын жиі естиміз. Сондықтан да әлем дәрігерлері жүрек-қан тамыр жүйесінің жұмысын нығайтуға кеңес береді. Жүрек-қан тамыр жүйесін нығайту үшін ең алдымен дұрыс тамақтануды қолға алу керек. Бірақ дұрыс тамақтану арқылы жүрек жұмысын жақсартамын деу қате пікір. Ол үшін қосымша жаттығулармен де айналысқан жөн.

Жаттығумен шұғылданбас бұрын...

Жүрек-қан тамыр жүйесінің жұмысын жақсартуда адамға сабырлылық пен табандылық қажет. Өйткені мұндай жаттығуларды күнделікті әрі уақытылы орындауға тура келеді. Ал, жаңадан бастағандар үшін жүрекке қатты салмақ түсіру өте қауіпті. Сол себепті де жаттығуды жеңіл түрінен, яғни, таза ауада серуендеуден бастаған дұрыс. Суда жүзуді ұнататын жандарға бұл спорт түрімен де шұғылдануға болады. Өйткені суда жаттығу – тек жүректі нығайтып қана қоймай, бүкіл ағзаға жағымды әсер етеді. Ал, шынығу уақытының максималды көрсеткіші - 1 сағатты құрайды. Сондай-ақ, жаттығуды тамақтанудан 1-1,5 сағат бұрын немесе кейін жасайды. Жоғарыда келтірілген жаттығулар кейбір жандарға ауырлық түсіруі мүмкін. Олар 1 сағат бойы жаттығу жасай алмауы мүмкін. Сондықтан да ондай кісілерге 30 минут шыныққан жеткілікті. Егер сіз жүрек-қан тамыр жүйесінің жұмысын нығайтуға шындап кіріскен болсаңыз, өз күш-жігеріңіздің жететініне сенсеңіз, жаттығуларды күнделікті жасауды қолға алуыңыз керек. «Жаман айтпай жақсы жоқ» дегендей, кенеттен жаттығу барысында жүрек жұмысы нашарлап, қысылатындай болсаңыз, шынығуды уақытша тоқтата тұрған дұрыс.

Ең бастысы қай шынығу түрін таңдасаңыз да, тамыр соғысына мән беріңіз. Тамыр соғуын жаттығу алдында да, аяқтаған соң да тексерген абзал. Есіңізде болсын, тамыр соғысы минутына 130-дан аспауы тиіс. Жаттығуларды жиі жасау да жүрекке зиянды болуы мүмкін. Сондықтан да аптасына 3-4 рет дене шынықтырумен айналысқан жеткілікті. Егер жаттығулар дұрыс әрі уақытылы жасалатын болса, артериалды қан қысымының және холестерин деңгейінің қалыпқа келуіне көмектеседі. Сондай-ақ, артық салмақтан арылып, қандағы қант пен инсулиннің төмендеуіне әсері мол.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет