Журналистика кафедрасы



бет20/42
Дата03.06.2022
өлшемі430,5 Kb.
#36262
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   42
Жарнама тартушы экрандар:
Голографикалық экран-мөлдір проекциялау экранына ақпарат шығарылады. Оған қандай бұрыштан қарасаңда, жақсы көрініп тұрады. Ашық, жылдам, қызықты, күштеусіз жеткізіледі – жарнаманың перспективалық түрі.
Сенсорлық экран-экранның интерактивтік конструкциясы арқылы, адам тауар туралы не білгісі келеді, соны өзі қалайды деген әсер қалыптастырылады. Жарнаманың бұл түрін дәл осындай елес табысты қылады.
Айтылғанды қорытындай келе, жарнама саласы жаңа технологияларды игеріп, қарқынды дамып келе жатқанын аңғаруға болады.
Әдебиеттер:
Негізгі: [1.10.15]; [ 1.5.14]; [1.11.18;]; [1.3.17]
Қосымша: [1.6.12]; [1.2.15]; [2.7.6]


Лекция 11. Жарнаманың психологиялық негіздері

Жарнама тауарға көптеп назар аудару үшін жасалынады, оның жалғыз ғана мақсаты – тауарды тез, сенімді әрі неғұрлым қымбат етіп сату. Жарнаманың өзі тауарды сатпайды, ол тек оның образын сатады. Бұл образ жайында дүниежүзінде қаншалықты көп адам білетін болса, бұл жарнаманы жасаған фирмаға соншалықты қолайлы. Сәйкесінше, жарнаманың образы болып табылатын өнім жайында дүниежүзі ақпараттанған болуы керек. Бұл образ қаншалықты жақсы болса, ол соншалықты адамдар арасында танымал болады, тауардың өзіне де, оның кейінгі жарнамасына да сұраныс соншалықты жоғары болады. Сәйкесінше, жарнаманың образы бақыттың образы болуы керек. Бұның түпкілікті мазмұны, жарнамаланып жатқан тауар оны сатып алған әр үйге бақыт әкелу үшін жасалынғанын бейнелеу керек. Оның мақсаты – бірінші қажеттіліктерге жататын тауар болуы. Онсыз ешбір адам өмір сүре алмай, бұл тауарсыз бақыттың болмайтынындай жарнама жасау керек. Бұндай жұмысты жасау әрине жеңіл емес. Демек, қолдан келетіндей іс. Бұл жарнама берушіге де, тауар өндіруші фирмаға да қолайлы болмақ.


Егер тұтынушының миы – ойын алаңы болса, онда оның психологиялық бейімділіктері болып ойыншықтар табылады. Ал, жарнама болса, бұл ойыншықтармен, өзіне тиімді етіп ойнайды. Сол себепті, жарнама жасаған кезде, бар ынтаны тек адамдардың қажеттілтеріне ғана емес, олардың ақпаратты қабылдай алу мүмкіндігіне қойған абзал. Тұтынушылар жарнамаланып жатқан тауарды қажет етпеген жағдайда да, өте жақсы жасалынған жарнама, адамдарға осы тауар олардың бақыттары үшін өте қажетті екендігіне сендіре алады. Сол себепті бір жарнаманы жасау барысына арнайы мамандар тобы қатыстырылады. Олардың алдындағы міндет – қарапайым тауарды «ерекше» қажетті тауар етіп жарнамалау. Нәтижесінде, бұл тауар үлкен сұранысқа ие болуы керек. Мұнда бастысы – тауардың образы бірден көзге түсуі керек, яғни дүкен сөрелерінде жаңағы тауарды тұтынушылар бірден танулары қажет. Себебі, бақыт символы ретінде жарнамаланған тауарды, тұтынушылар көзбен дүкен сөрелерінен іздей бастайды. Бүгінгі күні белгілі бір тауарларды, отбасылық бақыт символы ретінде жарнамалау дәстүрге айналып кеткені белгілі. Баршамызға белгілі, түрлі азық-түліктерден бастау алып, тұрмыстық техникаға дейінгі жарнамалардың мазмұны, отбасылық береке, бақытты бейнелеп жасалынған. Бұндай жарнамада, бақытты отбасы бейнеленеді: ата-ана, күлімдеген балалар белгілі бір тауарды қолданып мәз-мейрам. Сәйкесінше, бақыт образын сомдаған мұндай жарнама – оң нәтиже береді. Тағы бірқатар жағдайларда, белгілі бір қызықсыз тауарды жарнамалау барысында, мамандар сол тауарға ешбір қатысы жоқ образдарды жарнамаға қосады. Дегенмен, бұндай жағдайда, жарнаманың обьектісі мен образының арасында қандай дегенмен байланыс болуы керек. Нақтырақ айтсақ, жарнама бірден бейнеленуі немесе мазмұнымен өзіне қызығушылық тудыруы керек.
Сондықтан да баршаға бұрыннан таныс тауардың өзі ерекше жарнамалануы тиіс. Жарнама біріншіден, белгілі бір тауарсыз өмір қызықсыз, мағынасыз екендігін айтуы керек. Сонда ғана адамдар, еріксіз ақ әдемі түсірілген бейнеге еліктейді. Өндірушілер, монополиялар мен концерндерге керегі де осы. Тек жарнаманың көмегімен ғана, нарық арқылы үздіксіз тауарларды тұтыну процессі іске асырылады. Өндірістің дамуынының шешуші факторы болып, тұтынушылардың көбеюі негіз бола бастады. Ол белгілі бір қысым арқылы емес, жарнама көмегімен жанама жүргізіледі. Жарнама – тұтынушылық ойлау қабілетті бейімдейді. Жарнаманы жоспарлаушылар, біріншіден, алу, қолайлық, тұтынуға деген мұршаның негізінде жұмыс істейді. Егер де тауарды тұтынудың қажеті болмаса немесе бұл тауар бірінші қажеттіліктегі тауар болса, жарнаманы жоспарлаушылар сол тауарды сыйлыққа беріп немесе пошта арқылы халыққа тегін таратып жарнамалайды. Бұл процесстен соң ғана осы тауарды нарыққа енгізу жұмысы басталады.
Әдебиеттер:
Негізгі: [1.11.14]; [ 1.15.14]; [1.11.12;]; [1.3.18]
Қосымша: [1.7.4]; [1.3.5]; [2.7.6]




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет