К. Күзембаев, Г. К. Күзембаева, А.Қ. Смағұлова


  6.16. Ұннан даярланатын өнімдер цехі жұмысын ұйымдастыру



Pdf көрінісі
бет75/117
Дата29.09.2022
өлшемі4,69 Mb.
#40716
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   117
 


150 
6.16. Ұннан даярланатын өнімдер цехі жұмысын ұйымдастыру 
Қоғамдық кәсіпорындарның маманданған цехтарының бірі бәліш, құймақ, 
вареник, тұшпара және т.б өндіруге арналған ұннан даярланатын өнімдер цехі 
болып табылады. Бұндай цехті толық циклді өндірісті қоғамдық тамақтандару 
кәсіпорындарында, 
сол 
сияқты 
алдын-ала 
даярлау 
кәсіпорындарда 
ұйымдастыруға болады. 
Ұннан даярланатын өнімдер цехінда ВЭ-350 ұн илегішін, ТММ-Ш, ТММ-
100М немесе аз өнімділікті қамыр илеу машинасы; электр табалар, куыру 
шкафы, механикалық жабдықтардан-ауыспалы механизмдермен әмбебап жетек, 
ет тартқыш орнатылады. 
Үлкен қуатты цехтарда құймақ даярлау машинасы, варениктер тұшпара 
даярлау аппараты қолданылады. 
Бәліш даярлау үшін ұнды илейді. Қамыр илеу машинада ашытқылы қамыр 
илейді. Ет турамасын табада қуырып алады. Содан соң бәліштерді фритюрде 
немесе тұмша пеште пісіреді. 
Чебурек үй кеспесін даярлау үшін қамыр үшін ағаш жабылған өндірістік 
үстел қолданылады. Үрдісті механизациялау үшін қамыр жаяу машинасы 
қолданылады. Үй кеспесін кесу үшін аспаздық пышақ, щебурек қалыптау үшін 
тісті кескіш қолданылады. 
Варениктер, тұшпараларды үш учаскеден тұратын ағынды желіде 
дайындайды; салма дайындау, қамыр илеу және порцияға бөлу. Варениктер 
үшін әртүрлі турамалар дайындайды; пияз қосылған картоп, қырық қабат, сүзбе 
және т.б. 
Дайын варениктер, тұшпаларды тез мұздатқыш апаратта мұздатып -2... -
5°С температурада сақтайды. 
 
6.17. Қосымша өндірістік бөлмелер жұмысын ұйымдастыру 
Қосымша өндірістік бөлмелерге экспедиция, жуу бөлмесі, нан кесу бөлімі 
жатады. Қосымша өндірістік бөлмелер қоғамдық тамақтандыру кәсіпорында 
технологиялық үрдісті дұрыс ұйымдастыруға ықпал етеді, еңбек жағдайын 
жақсартады, бекітілген санитарлық нормалар мен ережелерді қадағалауға 
мүмкіндік береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   117




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет