Катон-Верстка-01. indd


]. М.2: Содан бері  50 жыл бойы қазіргі Алтынбел



Pdf көрінісі
бет39/305
Дата08.11.2022
өлшемі2,93 Mb.
#48337
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   305
.]. М.2: Содан бері 
50 жыл бойы қазіргі Алтынбел ауылында тұрып жатырмын[89,11б.]. 
М.3: Бұрынғы Березовый бекет – Новоберезовка – Бекет ауылының 
жаңа (төртінші) аты [15, 111б.]. М.4: Наша Катон-Карагайская 
экспедиция перегоняла скот по государственной скотопрогонной трассе 
из Монголии, а Бахтинская и Зайсанская – из Китая, - вспоминает 
ветеран «Скотоимпорта» Совет Канапьянович Касенов из села 
Алтынбель Катон-Карагайского района. – К базе Кок-Эрик в МНР 
подгоняли гурты с госхозов и «Монголэкспорта», где ветеринары 
проводили вакцинацию[12,104с.]. 
АЛТЫНБҰЛАҚ – жайлау, Белқарағай а.о. Су ішінде алтын 
металының бар болуына қатысты қойылған атау[103].
АЛТЫНЗАВОД – ж.а., Аққайнар а.о. Ертерек уақытта алтын 
өндірілген орын. М.: Талдыбұлақтан төмен орналасқан. Бұрынғы 
кездері ол жерден алтын алған, жуған. Қазір де әлі күзетіледі[124].
АЛТЫНЗАУЫТ – ж.а., Ақсу а.о. М.: Ертеректе ол жерде алтын 
өндірген [93].
АЛТЫНЗАУЫТ – жайлау. Бұл жерде ертеректе алтын қазған. М.: 
Алтын қазған, ит тұмсығы өтпес қалың орман[99].
АЛТЫНҚАЗҒАН – жайлау, Ақсу а.о. М.: Жанында алтыны бар 
өзен болған. Кезінде байлар өзеннен алтын сүзіп отырған[159].
АЛТЫНҚАЗҒАН – жайлау, Катонқарағай а.о. Алтын металына 
қатысты қойылған атау[159].
АЛТЫНҚАЗҒАН – өзен, Катонқарағай а.о. М.: Алтыны бар өзен. 
Кезінде байлар өзеннен алтын сүзіп отырған[159].
АЛТЫНСАЙ - сай. Ертеректе бұл жерден алтын қазған. М.: 
шабындық, дөңнің арғы жағы Көкшолақ [99].
АЛТЫНТАУ – патша қорғаны, Берел а.о. М.: Алтынтау аталатын 
«Құлоба» және тағы да басқа патша қорғандарындағы байлық 
қайталанбастығымен ерекшеленеді[60].
АЛТЫНШОҚЫ – шоқы, Алтынбел а.о. Алыстан қарағанда күн 
сәулесімен жалқын тартып, алтын түстес рең алатындақтын қойылған 
атау. М.: Тұғырық тауының шоқысы. Әр таудың өзіндік Сұлушоқысы 
болады. Балғындағы Сұлушоқымен шатастырмау қажет[137].
АЛТЫОРЫС – ж.а., Жамбыл а.о. Атау болған оқиға негізінде 
қойылған. М.: Ақшоқыда алты орыс деген жер бар. Қызылдар келіп, 
коллективизация болғанда, бір қашқынды іздейді. Сол жерде қашқын 
алты қызыл әскер орысты өлтіріп кетеді [105].


66


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет