АЛҒЫ СӨЗ
Оқушылардың назарына ұсынылып
отырған Ьұл кітапта
грамматиканың жалпы теориясына қатысты басты-басты мәсе-
лелерді қарастыру мақсат етілді. Осыған орай,
кітапта негізгі
грамматикалық бірліктер (единица)1 ретінде саналатын морфема
мен сөз, сөз тіркесі мен сөйлемнің лингвистикалық табиғатын
айқындауға жэне олардың бір-бірінен
жігін ажыратуға қатысты
теориялық мэселелер
сөз
болады.
Грамматиканың жалпы
теориялық мэні бар мэселелерін жалпы
тіл білімінің қағидалары
мен жетістіктерінің негізінде айқындап алмайынша, жеке, нақтылы
тілдің (немесе тілдердің) грамматикасына қатысты мэселелерді
ғылыми тұрғыдан түсіндіру де, олар жайында теориялық дұрыс
топшылаулар мен қорытындылар жасау да мүмкін емес. Мәселенің
осы жағы
ескеріліп, негізгі грамматикалық бірліктер мен ұғымдар
жалпы тіл білімі (соның ішінде грамматиканың жалпы теориясы)
тұрғысынан
баяндалады.
Осыған
сәйкес,
мысалдар
түркі
тілдерімен бірге басқа тілдерден де (роман, герман, славян тілдері)
берілді. Түркі тілдерінің ішінен қазақ тілінің деректері негізгі
арқау етілді.
Тіл білімінде негізгі грамматикалық бірліктердің табиғатын
айқындау жэне олардың бір-бірінен жігін ажыратуға қатысты
эртүрлі пікірлер мен түрліше пайымдаулар бар.
Ондай пікірлер
мен пайымдаулардың болуы, біріншіден, - сөз (күрделі сөз) бен
сөз тіркесінің және сөз тіркесі
мен сөйлемнің өзара астарласып,
олардың бір-бірінен ара жігінің эрқашан оңай ажыратыла
бермеуімен байланысты болса, екін ш іден ,-түрлі тілдерде олардың
жігін дэлме-дәл ажыратуға жарамды ғылыми принциптердің элі
де болса толық айқындалмауымен байланысты. Болашақ филолог-
мамандарды пікір таласын тудырып жүрген
кейбір мәселелердің
тарихынан хабардар етудің маңызы ескеріліп, эртүрлі пікірлер мен
пайымдаулар жайында да мәлімет беру көзделді.