Кэкен Аханов грамматика теориясының негіздері ж о га р ы оку оры ндары ны ц филология ф акульт ет т еріне арналган оқу цүралы


§  123.  Маңызды  мәселелердің  бірі -  сөз  тіркестерін топтасты-



Pdf көрінісі
бет215/237
Дата31.12.2021
өлшемі5,78 Mb.
#21265
1   ...   211   212   213   214   215   216   217   218   ...   237

§  123.  Маңызды  мәселелердің  бірі -  сөз  тіркестерін топтасты- 
ру  мэселесі.  «Қазіргі  орыс  әдеби  тілінің  грамматикасында»  сөз 
тіркестері жаңаша топтастырылған.  Құрамына қарай сөз тіркесте- 
рі  жалаң  сөз  тіркесі,  күрделі  сөз  тіркесі  жэне  аралас  сөз  тіркесі 
(комбинированное  словосочетание)  болып  үшке  бөлінеді1.  Сөз 
тіркестерін  бұлайша  топтастыруда  сөз  тіркесінің  құрамындағы 
сөздердің  саны  емес,  оның  кандай  байланыстың  негізінде 
жасалғандығы ескеріледі.
Жалаң  сөз  тіркесі  деп  сөздердің  бір  еселі,  екі  еселі  немесе 
үш  еселі  байланысына  негізделген  тіркесін  айтамыз.  Жалаң  сөз 
тіркестері  екі  мүшелі  (мысалы:  сөзді  тыңдау),  үш  мүшелі  (мыса­
лы:  кітапты  оқуиіыга  беру,  іиөпті  қорага  тасу),  төрт  мүшелі 
(мысалы:  шыгарманы  орысиіадан  цазацшага  аудару)  болып  бө- 
лінеді.  М ысалга  келтірілген  екі  мүшелі,  үш  мүшелі,  төрт  мүшелі 
жалаң  сөз  тіркестерінің  қүрамындагы  сөздердің  бэрі  де  меңгеру 
арқылы байланысқан.
Жалаң  сөз  тіркестерінің  негізінде  күрделі  сөз  тіркестері  мен 
аралас  сөз тіркестері жасалады.
Күрделі  сөз  тіркесі  екі  немесе  одан  да  көп  жалаң  сөз  тіркесі- 
нің  қосындысынан  жасалады  да,  бір  ғана  ұйытқы  сөзге  келіп 
тірелетін  әр  басқа  байланыстардың  жиынтығына  негізделеді. 
Мысалы:  шыгарманы  цызыгып  оңу  деген  күрделі  сөз  тіркесі  екі 
жалаң  сөз  тіркесінен  (шыгарманы  оцу  және  цызыгып  оцу)  кұра- 
лып,  бір  ғана ұйыткы  сөзге  (оцу)  келіп  тірелетін  екі  түрлі  байла- 
ныс  -   меңгеру  (шыгарманы  оцу)  мен  қабысудың  (цызыгып  оцу) 
түйісуіне негізделген.
Күрделі  сөз тіркесі  бір ғана  ұйытқы  сөзге тірелетін екі не одан 
коп  эр  басқа  байланыс  түрлерінің  негізінде  жасалса,  аралас  сөз 
тіркесі  эр  басқа  ұйытқы  сөздерге  тірелетін  эртүрлі  байланыстар- 
дың  негізінде  жасалады2.  Мысалы:  мазмүнды  шыгарманы  цызы-
1 Грамматика  современного  русского литературного  языка,  Изд.  «Наука»,  М .,  1970,  стр.537.
2 Грамматика  современного  русского литературного языка,  стр.537.
2 1 4


гып  оқу деген  аралас  сөз  тіркесі  эр  басқа  ұйы тқы   сөздерге  тіре- 
летін  эртүрлі  байланы стың  негізінде  ж асалы п,  бірнеш е  сөз 
тіркестерінің  түйісуінен  құралған.  Бұл  аралас  сөз  гіркесінің 
күрамында  мынадай  сөз  тіркестері  бар:  мазмүнды  иіыгарма 
(кабы са  байланысқан  сөз  тіркесі,  ұйытқы  сөзі  -   іиыгарма), 
иіыгарманы  оцу  (меңгеріле  байланысқан  сөз  тіркесі;  ұйытқы  сөзі
-   оқу)  жэне  цызыгып  оцу  (қабыса  байланысқан  сөз  тіркесі;  ұйыт- 
қы  сөзі -  оцу).  Орыс тілінде увлеченно  читать  интересную  книгу 
деген  сөз тіркесі  аралас  сөз  тіркесінің қатарына жатқызылады  да, 
онын  күрамы  былайша  талданады:  увлеченно  читать,  читать 
книгу,  интересная книга1.
Сөз  тіркесіндегі  үйыгқы  сөздің  қай  сөз  табынан  болуына  ка­
рай,  орыс тілінде жалаң сөз тіркестері  мен  күрделі  сөз тіркестері 
етістікті  сөз  тіркестері  (ұйытқы  сөзі  -   етістік),  субстантивті  сөз 
тіркестері  (үйытқы  сөзі  -   зат  есім,  есімдікті-зат  есім  немесе 
есегітік  сан  есім),  адъективті  сөз  тіркестері  (ұйытқы  сөзі  -   сын 
есім,  есімдікті-сын  есім  немесе  реттік сан  есім) жэне  үстеулі  сөз 
тіркестері  (үйытқы  сөзі -  үстеу)  болып бөлінеді2.  Сөз тіркестерін 
олардағы  ұйытқы  сөздердің  кай  сөз  табынан  болуына  қарай 
осылайша топтастыру түркі тілдері, соның ішінде қазақ тілі, үшін 
де тиімді жэне дұрыс  болмақ.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   211   212   213   214   215   216   217   218   ...   237




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет