Кіріспе тақырыптың өзектілігі


Шеберлердің ордасы ұстахана – ел бірлігінің бастауы



бет8/10
Дата06.01.2022
өлшемі0,67 Mb.
#13643
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
1.2. Шеберлердің ордасы ұстахана – ел бірлігінің бастауы

Қазақ халқының қолданбалы өнері - сақ пен көне түркілерден қалған, болашақпен жалғасып, бізге жеткен халық мұрасы. Соңғы жылдары еліміздің археологтары Ұлы дала жеріндегі ғасырлар қойнауынан біздің дәуірімізге дейін жалғасқан сұлулық әлемінен сыр шертетін мұраларды зерттеп келеді.

Мол рухани мәдениеттің маңызды бір саласы – «Қолөнер». Қазақ халқының шеберлік өнері еңбек барысында туды және тұрмыс тіршілікте қолданылатын өнермен тығыз байланысты болды. Барлық заттар көшпелі халық тұрмысына бейімделіп жасалды. Қолөнер ғасырлар бойы қалыптасып келе жатқан халық шығармашылығы. Қолөнер талай ғасырлық кезеңнен өтіп, түрленіп жаңарып келіп, атадан балаға қалған мұра ретінде бізге жеткен дәстүрлі өнер. Ұлттық мұрамыз арқылы біз үлкен рухани, эстетикалық тәлім алып, өнер әлеміне қанат қағамыз. Өнер туындылары белгілі бір дәуірде, сол дәуірде өмір сүрген халықтың тұрмыс – тіршілігін бейнелейді.

Халықтың асқақ арманын, табиғат сұлулығын, ішкі жан сезімін білдірген. Өнер туындылары арқылы белгілі бір халықтың тарихын білуімізге болады. Көпшілік ұсталар ұсталықтың бірнеше түрін меңгерген. Халық арасындағы мәліметтерге қарағанда ұсталықпен бастапқыда бақсылар айналысқан. “Тәңірдің өзі жіберген іс істеуші адамдар” деп оларға халық аса құрметпен қараған. Темірші ұсталар өз ісіне кірісер алдында мал сойып, қан жағу, сүт шашу сияқты жоралғыларды жасап отырған және рухани тазалыққа мән берген. Ұсталар темірді төске басар кезде “Менің қолым емес, Тәңірдің қолы” деп табынған. Мұнда “мен жасағам” деген менмендіктен арылу, сақтану бар. Жаугершілік заманда темірші ұста мен берен ұста өнері батырлықпен бірдей бағаланған. Себебі олар әрбір жауынгерге ең кемі бес қаруын, сауыт-дулығасын, т.б. қажетті заттарын тез арада дайындап беріп отырған. Ерші ұстаның қолынан шыққан ер-тұрмандар бірнеше малға бағаланған. Ұлттық саз - аспаптарын жасайтын белгілі сазгер ұсталардың да туындыларын қазақ сал-серілері арнайы алдыртқан, тапсырыс берген. Дәстүрлі қазақ қоғамында ұсталық киелі кәсіп ретінде бағаланған. Ұста дүкенін, көрігін, құрал-саймандарын да киелі санаған. Ұсталық кәсіп ұрпақтан – ұрпаққа таралып отырған.[Қосымша 2 ]

Халқымыздың дәстүрлі қолөнері – қайнар бұлақ, сарқылмас қазына, бай мұра. Шеберлік ұлттық санадағы сұлулыққа деген іңкәрлігінен пайда болған эстетикалық талғамы. Халық зергерлері әсем бұйымдарды дүниеге әкеліп, сұлулықтың санадағы бейнесін жасаған. Сөйтіп, ұрпақты тәрбиелеп, көркем дүниені меңгеріп, одан әрі жетілдіре білген. Сауатты да, салиқалы тума таланттарды дүниеге әкелген - Торғай даласы дархан көңілді ұлтымыздың маңдайына біткен жұлдыздарымызды әрқашан халықпен бірге болып, соғыс кезінде бас көтерген ұсталарымызды тудырған ерекше топырақ. Әр халықтың ғасырлар қойнауынан жинақталып, белгілі бір жүйеге түскен рухани өмірінің ұлттық мәдениеті бар.

Ұлттың намысын, дәстүрін, ерік-жігерін ойлаған аласапыран қиын-қыстау, яғни 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс кезінде талай батыр ер мінез көрсеткен. Сондықтан да еңбегі ерен батыл саңлақтарымызды ұмытпағанымыз жөн. Дегенменде аты шулы шеберлердің еңбектері еленбей жатқаны мынау нарықтық заманда саңлақтарымызды зерттеп жүрген қамшының сабындай бейне бір азаматтар бар.

1916 жылы 13 болыстың азаматтары Торғайдың «Құм Кешу» деген жерге жиналды. Амангелдіні қолбасшы етіп алды. Топ-топқа бөлініп, патша әскерімен болатын алдағы айқасқа әзірлене бастады. Алдымен ұсталар іріктеліп алынды.

Ұсталардың басшысы Аманкелдінің ағасы Бектепберген ұста болды. Елден ерек шеберлер көрік басып, болат темірді балқытып, күні-түні айбалта, қылыш пен мылтық соғып шығарды. Бел жазбай еңбек етететін шеберлердің ордасы - ұстаханалар әр жерлерде ашылды. Көтерілісшілердің ұстаханасы Торғай даласындағы 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісшілердің орталығы болған Үрпек ауылы Амангелді ауданынан 13 шақырым қашықтықта орналасқан. Осы ауылдың батысында Торғай өзені ағып жатыр. Өзеннің ауылға қарсы батыс жағалауында көптеген ескі үйлердің қираған орындары сақталған. Көнегелі асыл топырақта 1916 жылғы көтерілісшілердің қару-жарақ жасайтын ұстаханасы болған. Үй алдында көтерілісшілер деп тасқа қашалған жазу күні-бүгінге дейін тұр. Ұстаханаларда А.Имановтың ағасы Бектепберген ұста басшылық жасаған Көгентайдың Сәдуақасы, Момынның Тайшығы жұмыс жасаған. Ұсталардың шоғырын тудырған–киелі Торғай жері, бұл өңірде Бектепберген мен Аяғанның, Сұлтанның, Сейтеннің, Сәдуақас пен Мырзахметтің есімдері дүркіреп шықты. Өлкенің сырлы жұмбағы болған Үрпек шайқасы Патша әскерінің жазалаушы отрядымен көтерілісшілердің шайқасы болған. Тарихта «Үрпек-Доғал»шайқасы «Мұз қырғыны» деп аталады. Аудан орталығындағы мұражайда Аманкелді батырдың қылышы сақталған. Сол қылыш осы ұстаханада соғылуы да мүмкін.

Аманкелді он екі ұстаны қару-жарақ жөндеп, әзірлеуге ұйымдастырған. Ұстахана Батпаққарадан 8 км-дей Қоғалы деген жерге орналастырды. Күндіз-түні қару жасап, ескі қаруды шыңдады. Ұста дүкенінде төрт айдай: 1916 жылдың қарашасынан 1917 жылғы ақпанына дейін жұмыс істеді. Бір күнде 10-15 қылыш, 5-10 айбалта және 20-25 найза жасап шығарды және шиті мылтықтарды жасап шығарды. Ұста дүкеніне Аманкелді жиі-жиі келіп бақылап тұрды. Қазандағы суға салынған болат қылыштарды қолына алып, жүзін көрді, өткірлігін тексерді.[2, 46-47бб. Қостанай ]



Арқалық,Дала өлкесі тарихы мұражайындағы ұстахана




Амангелді Иманов ұстаханасының құрал-саймандары



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет