Кіріспе зерттеу жұмысының өзектілігі



бет1/17
Дата20.05.2023
өлшемі151,36 Kb.
#95598
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17


КІРІСПЕ


Зерттеу жұмысының өзектілігі: Еліміздің егемендік алып, басқа елдермен саяси, экономикалық және мәдени байланыстарға түсуі шет тілін оқытудың маңыздылығын көрсетіп, оның мақсатын анықтап берді. Шет тілін оқыту барысында оқушыларды өздеріне жат әлемді түсіне білуге үйрету керек. Олар өз әлемін, тілін, мәдениетін білмей, мәдениетаралық қарым-қатынас біліктілігіне қол жеткізу мүмкін емес. Басқа тілді қоғамда, мәдениетте өз орнын таба білу үшін сол елдің тілін ғана меңгеру аз, сол тілде сөйлейтін халықтың мәдениетін де меңгеру керек. Оқушылар жаңа шығармашылық іс-әрекетке, жаңа ақпараттық технологияларды үйренуге, жеке тұлғалық және мәдениетаралық қарым-қатынаста туындайтын қарама-қайшылықты болдырмауға және оларды шешуге икемді болуы қажет. Осыларды шешуде көркем мәтіндерді, жаңа технологияларды қолданудың маңызы зор. Көркем мәтіндер тілін оқып жатқан ел туралы деректер алуға мүмкіндік береді. Олар оқушыларды білім, білік, дағдыға үйретуге ықпал етеді. Мұндай көркем мәтіндер оқушылардың шет тіліне деген қызығушылығын оятады, оларды алдарына мақсат қоюға үйретеді және оқу процесінің нәтижелі болуына септігін тигізеді. Мәдени ерекшеліктер енген және бейнеленген мәтіндер шет тілін оқуға деген қызығушылықты арттырады.
Әрбір тілді үйренушілер тек сол тілдің жүйесінде кездесетін ерекшеліктерге ғана емес, сондай-ақ сол тілді қолданушы елдің мәдениетіне тән үлкен ерекшеліктерге де жолығады. Жат мәдениетті түсініп, өз мәдениетін меңгеру, басқа мәдениет өкілдерінің әрекеті мен сөзін түсіне білу үшін өз мәдениеті мен басқа мәдениетті салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын ажырата білуге үйренеді. Ал, кейде екі мәдениет өкілі арасында белгілі бір дәрежеде қиындықтар болуы мүмкін. Ол , әрине, тілдегі ерекшеліктер ғана емес, мәдениетке тән өзгешеліктерге де байланысты болып келеді. Өйткені, әрбір тіл мен оны қолданушы тіл иелерінің өздеріне тән ерекшеліктері болады. «Тіпті адамдар бір тілде сөйлесіп жүріп, әрқашан бірін-бірі түсіне бермейді» деп көрсетеді Е.М.Верещагин[1, 48 б.]
Оқу процесін тиімді әрі белсенді етуге бағытталған ғылыми зерттеу жұмыстарының көптігіне, әртүрлі инновациялық тәсілдердің пайда болуына және олардың оқу процесіне енгізілуіне қарамастан, оқушылардың мәдениетаралық қарым-қатынас біліктілігін қалыптастыруда көркем мәтіндерді шетел тілі сабақтарында қолдану өз алдына толық қаралған жоқ. Осы мәселенің шешімін табуға үлес қосу біздің жұмысымыздың өзектілігін көрсетті де, зерттеу тақырыбын «Көркем мәтіндер негізінде шет тілін оқытуда тілдік оқушылардың мәдениетаралық қарым-қатынас біліктілігін (құзыреттілігін) қалыптастыру» деп алуға себеп болды.
Соңғы он жылдықта болып жатқан мемлекеттер арасындағы саяси және экономикалық байланыстың дамуы және мәдениеттер диалогы белсенділігінің артуы да шетел тілін меңгерудің прагматикалық құндылығын арттырып, шетел тіліндегі қарым-қатынас үшін игеруді негізге алуды көрсетті. Оқушылардың үйреніп жүрген шетел тілінің, яғни сол тілде сөйлейтін елдің мәдениетін білмей, мәдениетаралық қарым-қатынас біліктілігін қалыптастыру мүмкін емес. Ал мәдениетаралық қарым-қатынас біліктілігін қалыптастыруда көркем мәтіндерді дұрыс қолдану өзекті мәселе болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет