Конференциясының материалдары


ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІ: БОЛАШАҚ ПЕДАГОГ МАМАНДАРДЫ



Pdf көрінісі
бет52/60
Дата09.03.2017
өлшемі9,39 Mb.
#8612
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   60

ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІ: БОЛАШАҚ ПЕДАГОГ МАМАНДАРДЫ 

ДАЯРЛАУ МӘСЕЛЕСІ 

Садвакасова Ақгүл Жетпісбайқызы

қазақ әдебиеті пәнінің оқытушысы, 



филология мамандығы бойынша 

гуманитарлық ғылымдар магистрі, 

Көкшетау қаласы,   

Ж. Мусин атындағы педагогикалық колледжі 

Қазіргі  таңда  барлық  әлем  жұртшылығының  назарын  аударып  отырған  мәселе  – 

балалардың жеке сұраныстары мен ерекшеліктеріне ортаның, отбасының қатысуымен білім 

беру үрдісіне толық қосуды қарастыратын инклюзивті білім беру. Осы жаһандық мәселеге 

әлем  ғалымдары  мынадай  анықтама  береді:  «Инклюзивтік  білім  беру  дегеніміз  –  барлық 

балаларды,  соның  ішінде  мүмкіндіктері  шектеулі  балаларды  жалпы  білім  үрдісіне  толық 

енгізу  және  әлеуметтік  бейімдеуге,  жынысына,  шығу  тегіне,  дініне,  жағдайына  қарамай, 

балаларды  айыратын  кедергілерді  жоюға,  ата-аналарын  белсенділікке  шақыруға,  баланың 

түзеу-педагогикалық және әлеуметтік мұқтаждықтарына арнайы қолдау, яғни жалпы білім 

беру сапасы сақталған тиімді оқытуға бағытталған мемлекеттік саясат» [1].  

Білім алуға дамуында мүмкіндігі шектелген балалар құқығының  кепілдігі «Кәмелетке 

толмағандардың  арасындағы  құқық  бұзушылықтар  мен  балалардың  қадағалаусыз  және 

панасыз  қалуының  алдын  алу  туралы»,  «Қазақстан  Республикасындағы   мүгедектерді 

әлеуметтік  қорғау  туралы»,  «Кемтар  балаларды  әлеуметтік  және  медициналық-

педагогикалық  түзеу  арқылы  қолдау  туралы»,  «Білім  беру  туралы»,  «Қазақстан 

Республикасындағы  бала  құқығы  туралы»  Қазақстан  Республикасының   заңы,  Қазақстан 

Республикасының конституциясында бекітілген [2]. 

Инклюзивті  оқыту  –  ерекше  мұқтаждықтары  бар  балалардың  жалпы  білім  беретін 

мектептердегі  оқыту  үрдісін  сипаттауда  қолданылады.  Демек,  инклюзивті  оқыту  негізінде 

балалардың  қандай  да  бір  дискриминациясын  жоққа  шығару,  барлық  адамдарға  деген 

теңдік  қатынасты  қамтамасыз  ету,  сонымен  бірге  оқытудың  ерекше  қажеттілігі  бар 

балаларға  арнайы  жағдай  қалыптастыру  идеологиясы  жатыр.  Осы  бағыт  балаларды  оқуда 


388 

жетістікке  жетуге  ықпал  етіп,  жақсы  өмір  сүру  жағдайын  қалыптастырады 

[3].

 Инклюзивті  білім  беру  мәселесі  шет  елдерде  1970  жылдан  бастау  алады,  ал  90 



жылға  қарай  АҚШ  пен  Еуропа  өздерінің  білім  беру  саясатына  осы  бағдарламаны  толық 

енгізді.  Ал  біздің  елімізде  инклюзивті  білім  беру  жүйесінің  дамуы  туралы  ресми  дерек 

«Қазақстан  Республикасының Білім  беруді  дамытудың  2010-2020  жылдарға  арналған 

мемлекеттік   бағдарламасында»  көрсетілді.  Осы  бағдарлама  төңірегінде  инклюзивті  білім 

беруді жетілдіру мәселелері қарастырылып, 2015 жылға мына міндеттерді шешу көзделген: 

мүмкіндіктері  шектеулі  балаларды  біріктіріп  оқытудың  модульдік  бағдарламалары 

жасалады; мүмкіндіктері шектеулі  балаларды жалпы білім беретін ортада біріктіріп оқыту 

ережесі әзірленеді; түрлі кемістігі бар балалар үшін бірігу нысандары анықталады; мүгедек 

балаларға қашықтықтан білім беруді ұйымдастыру қағидалары әзірленеді [4]. 

Саламан  Декларациясына  сәйкес  инклюзивті  білім  беру  саясатының  міндеттері 

мынадай: 

-

 



әрбір бала білім алуға құқылы және оны алуға тиіс; 

-

 



әрбір  баланың  дара  қабілеттері,  қызығушылықтары,  қажеттіліктері  және  оқуға 

деген мұқтаждықтары болады; 

-

 

білім  беру  жүйесіне  оң  өзгерістер  енгізу,  яғни  осы  мұқтаждықтарды 



қанағаттандыру мақсатына орай өзгерту [5]. 

Инклюзивті  оқыту  арқылы  барлық  балалардың  мұқтаждықтарын  ескеріп,  ерекше 

қажеттіліктері  бар  балалардың  білім  алуын  қамтамасыз  ететін  жалпы  білім  үрдісін 

дамытуға  болады.  Мұндай  оқыту  түрі арнаулы  білім  беру  жүйесінде  дәстүрлі  түрде 

қалыптасқан және даму үстіндегі формаларды ығыстырмайды,  қайта жақындатады. 

Бүгінгі  күнде  техникалық  және  кәсіптік  білім  құрылымына  енетін  педагогикалық 

колледждерді  инклюзивті  білімнің  теориясы  мен  практикасы,  елімізде  инклюзивтік  білім 

беруді  өзектілендірудің  әлеуметтік-педагогикалық  факторлары,  ерекше  білім  алу 

қажеттіліктері бар балалар мен жастарды оқу-тәрбие ортасына кіріктіру мәселесіалаңдатуда. 

Ақмола  облысы  білім  басқармасының  жанындағы  «Көкшетау  қаласы,  (қазақ  тілінде 

оқытылатын)  Ж.  Мусин  атындағы  педагогикалық  колледжі»  Қазақстан  Республикасы 

Үкіметінің  2013  жылғы  17  мамырдағы  №499  қаулысымен  бекітілген  «Техникалық  және 

кәсіптік  білім  беру  ұйымдарының  қызметінің  типтік  ережесі»  негізінде  5  мамандық,  7 

біліктілік  бойынша  мұғалімдер  даярлайды:  «Мектепке  дейінгі  тәрбие  және  оқыту»,  «Дене 

тәрбиесі  және  спорт»,  «Бастауыш  білім  беру»,  «Музыкалық  білім  беру»,  «Қазақ  тілі  және 

әдебиеті мұғалімі», «Негізгі мектептің шетел тілі мұғалімі», «Негізгі мектептің информатика 

мұғалімі» [6]. Аталмыш біліктіліктер бойынша білім алып шыққан кәсіби мамандардың көбі 

бүгінгі  күнде  ерекше  білім  алу  қажеттіліктері  бар  (ақыл-есі  нашар  дамыған,  көру,  есту 

қабілеті  нашар,  сөйлеу  қабілеті  бұзылған)  балалар  мен  жастарды  оқыту  және  тәрбиелеу 

мәселесімен бетпе-бет келуде.  

Мүмкіндігі  шектеулі  балалардың  дамуында  қазіргі  заманға  сай  моделін  құрудың 

басты  бағыты  -  білім  беру  қызметтерінің  сапасын  арттыру.  Осыған  орай  дамуында 

мүмкіндігі шектелген балаларға білім беру құқығын іске асыру саласындағы негізгі міндеті 

ретінде   олардың  психофизикалық  ерекшеліктері  есебімен  көрсетілген  санаттағы  барлық 

балалардың  сапалы білімді алуына жағдай жасаудың бірі – кәсіби маман дайындау. Болашақ 

педагогтың теориялық білімдерін іс жүзінде көрсетудің бірден-бір негізгі түрі педагогикалық 

практика болып табылады. Ерекше білім алу қажеттіліктері бар балалар мен жастарды оқу-

тәрбиелеу  саласында  қажет  іскерлік  пен  дағдыны  оқу  аудиториясында  отырып 

қалыптастыру, игеру мүмкін емес. Әрине, алдымен студент білім беруде мүмкіндігі шектеулі 

балалардың  өзіне  тән  ерекшеліктерін  ескеретін  мамандандырылған  педагогикалық 

технологияларды 

зерттейді, 

зерделейді. 

Балабақшаларда, 

мектеп-интернаттардағы 

коррекциялық  сыныптарда,  т.б.  өтетін  ұзақ  мерзімді  және  үздіксіз  практика  болашақ 

мамандардың  мүмкіндігі  шектеулі  балалармен  жұмыс  жасаудағы  кәсіби  педагогикалық 

іскерлігін қалыптастыруға көмектеседі. 



389 

Осындай  практикалардың  бірі  –  сауықтыру  орталықтарындағы  жазғы  тәжірибе. 

Жазғы  практика  Ақмола  облысының  аудандарындағы  мектеп  жанындағы  лагерьлер  мен 

балаларды  сауықтыру  орталықтарында  өтеді.  Ерекше  білім  алу  қажеттіліктері  бар 

балалармен  жұмыс  істеудің  алдыңғы  қатарлы  тәжірибе  алаңы  –  Бурабай  ауданында 

орналасқан «Балдәурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығы. Аталмыш оқу-сауықтыру 

орталығында практикасын өткізу барысында болашақ маман мүмкіндігі шектеулі балаларды 

оқу-тәрбие ортасына кіріктіру саласында көптеген тәжірибе жинары хақ. 

«Балдәурен» РОСО жасаған 3 жылдық тәжірибемде  мүмкіндігі шектеулі балалардың 

үнемі  күтімді,  қамқорлық  пен  көңіл  бөлуді  қажет  ететін,  қоғамның  ең  қорғалмаған  бөлігі 

екеніне  анық  көзім  жетті.  Етене  араласу  барысындаолардыңтолыққанды  өмір  сүргілері,  өз 

құрдастарындай  болғысы  келетінін,  өздерінің  өмірде  орындарын  табуға  ұмтылатынын 

түсіндім. 

Елбасы  «Қазақстан  жолы  -  2050:  Бір  мақсат,  бір  мүдде,  бір  болашақ»  атты  халыққа  

Жолдауында  елімізде  мүгедектерге,  сал  ауруына  шалдыққан  адамдарға  көмектесуге  және 

олардың  белсенді  өмір  сүруіне  ықпал  жасауға  байланысты  маңызды  тапсырмалар  берген 

болатын.«Балдәурен»  Республикалық  оқу-сауықтыру  орталығында  жыл  сайын  «Жұлдызай» 

мүмкіндігі  шектеулі  балалардың  Республикалық  шығармашылық  фестивалі  өтіп  тұрады. 

Фестиваль  «Қамқор»  қайырымдылық  қорымен  бірлесіп  өткізіледі.  Ауысымның 

қатысушыларымен  бірге  өз  тәрбиеленушілерімен  бірдей  өмір  сүретін,  олардың  жетістігіне 

қуанып,  сәтсіздіктеріне  бірге  мұңаятын,  балаларының  жеңісі  қуаныш  сыйлайтын  олардың 

ұстаздары  бірге  келеді.  10-16  жас  аралығындағымүмкіндіктері  шектеулі  балалардың 

фестивалі келесі номинациялар бойынша өткізіледі: 

– сәндік-қолданбалы өнер;

– бейнелеу өнері;

– театралды және аз жанрлы шығармашылық түрі;

– вокалдық өнер;

– модельдеу өнері;

– жас  тілшілер.  Сондай-ақ  ауысым  қатысушыларына  бейнелеу  өнері  мен

журналистикадан шеберлік сыныптары жүргізіледі. 

Орталықта  ерекше  білім  алу  қажеттіліктері  бар  балалардың  бос  уақытын  ұтымды 

пайдалану 

мақсатында, 

олармен 


түрлі 

шаралар 


өткізуде 

жас, 


психологиялық,  ұлттықерекшелігін,  қабілет-мүмкіндігін,  т.с.с.  ерекшеліктері  қатаң 

ескеріледі.  Осы  жағдайда  мүмкіндігі  шектеулі  балалармен  тек  сауықтыру  шаралары  ғана 

өтпейді. Осыған орай орталықтағы ауысымға қатысушы балалардың бос уақыты зияткерлік, 

шығармашылық  және  спорттық-сауықтыру  бағытындағы  мына  үйірме  жұмыстары  арқылы 

ұйымдастырылады:  «Арлекино»,  «Асыл  мұра»,  «Фантазия»,  «Маяк»  радиостудиясы, 

«Радуга»,  «Жас  оқырман»,  «Жас  психолог»,  «Хореография»,  «Смак»,  «Сиқырлы  орамал», 

спорттық үйірмелер: бассейн, теннис, т.б. 

Қорыта айтқанда, ерекше білім алу қажеттіліктері бар балалар мен жастарды оқыту-

тәрбиелеу  процесінде  болашақ  маманға  қажетті  мол  тәжірибе  жинақтауда  «Балдәурен» 

сынды  ТМД  және  Орталық  Азия  аймақтарындағы  балалар  мен  жасөспірімдердің 

демалысын,сауығуын  ұйымдастыратын  және  олардың  шығармашылықтарының  дамуына 

барлық жағдайлар жасайтын Республикалық оқу-сауықтыру орталықтарымен тығыз қарым-

қатынаста болу керек.  

Болашақ  педагог  инклюзивті  оқытуоқушылардың  тең  құқығын  анықтайтынын  және 

ұжым іс-әрекетіне қатысуға, адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға 

мүмкіндік  беретінін  жете  түсінуі  қажет.  Инклюзивті  бағыт  арқылы  мүмкіндігі 

шектеулі  балаларды  оқуда  жетістікке  жетуге  ықпал  етіп,  жақсы  өмір  сүру  мүмкіншілігін 

қалыптастырады.  Осы  бағытты  білім  беру  жүйесіне  енгізу  арқылы  оқушыларды 

адамгершілікке,  ізгілікке,  қайырымдылыққа  тәрбиелей  аламыз.  Сонымен  қоса,  инклюзивті 

оқыту үрдісі балаларды толеранттылыққа тәрбиелеудің бастауы болмақ. 



390 

СЕКЦИЯ №5 

RWСT - КӘСІБИ ДАМУ МЕКТЕБІ 

RWСT – ШКОЛА ПРОФЕССИОНАЛЬНОГО РАЗВИТИЯ 

КОМПЕТЕНТНОСТНЫЙ ПОДХОД РАЗВИТИЯ КРИТИЧЕСКОГО 

МЫШЛЕНИЯ УЧАЩИХСЯ ПРИ ИЗУЧЕНИИ ГЕОГРАФИИ 

RWСT - КӘСІБИ ДАМУ МЕКТЕБІ 

Қошанов Серік Сүлейменұлы, 

Ақмола облысы 

Зеренді ауданы 

Ортағаш орта мектебі 



1. Әрбір  сабақта  білім  беру,  даму  және  тәрбиелеу  мақсаттарының  бірлігі  сақталуы

керек. Әрбір  сабақ  оқыту  процесінің  басты  заңдылықтарын  жүзеге  асыруға  ықпал  етуі 

қажет.


 

Сабақта  белгілі  бір  білімді  баяндай  отырып,  оқушылардың   пайымдауын  дамыту,   олардың 

ойлау  қабілетінің  дамуына  ықпал  ету  және  оларды  қоршаған  дүниеге  лайықты  қатынасын 

 қалыптастыру,  оларға  осы  қатынастар   негізінде  мінез-құлық  дағдысын  сіңіру  қажет. 

Тұлғалық қасиет қалыптасуы үшін алған білімнің оқушылардың мінез-құлқын айқындауына, 

оларда  қажетті  тұлғалық  қасиеттің  қалыптастыруына  ұмтылу  керек  (жұмыс  орнындағы 

мәдениеттілік, тапсырманы орындау сапасын жауапкершілікпен қарау, оларды орындаудағы 

қиындықтарды жеңу).

 

2. Әрбір  сабақ  дидактиканың  барлық  принциптеріне  және  бәрінен  бұрын  оқыту  мен

өмірдің ғылымилығы мен байланысына жауап беруі керек. Кез-келген оқу пәні бойынша 

кез  келген  сабақ  -  ол  процестін  бір  бөлігі,  сондықтан  да  оқып-үйретуді  ғылыми  танымда 

нақтылықтың критерийі рөлін атқаратын өмірмен, практикамен байланыстыра білуге, ал оқу 

процесінде  -  оқуға  ынталықты,  оған  оң  көзқарасты,  айналадағы  ортаның  құбылыстарын 

түсіндіру үшін теориялық білімдерін практикада қолдан білу дағысын қалыптастыруға тиіс.

 

Үй  тапсырмасының тиімділігі  және оны міндетті тексеру. Мұғалім, үйге тапсырма бере 

отырып,  оқушылардың  барлығы  оны  орындай  алатынына  сенімді  болуы  керек.  Кейде  өте 

қиын тапсырма ұсынылады, бірақ кез-келген жағдайда мұғалім үй тапсырмасына, оның мәні 

неде  екенін,  мақсаты  қандай,  оны  орындаудың  негізгі  ережелерін  қайдан  оқуға  болатынын 

түсіндіре  отырып,  түсініктеме  беруге  міндетті.  Оқушылар  орындаған  кез-келген  үй 

тапсырмасы  міндетті  түрде  тексерілуі,  талдануы  керек,  әйтпесе  оқушылардын  өз  бетінше 

танымдық 

қызметке 

деген 


қызығушылығы 

жойылады.

 

Сабақты құруға қойылатын талаптар:          

1Сабақтын бағдарламаға, өтетін орнына және уақытына сәйкестігі.

2. Сабақтың құрылымы мен кезеңдерінің қажеттілігі, олардың

уақытқа байланысты арақатынасы.

 

3. Идеялылығы мен  ғылымилығы.



4. Эстетикалық тәрбие, сабақтың эмоциоиалдық жақтары.

5. Жаңа материалдар беру.

6. Дамыта оқыту принциптерін сақтау.

7. Өмірмен байланыс.

8. Оқытудың көрнекілігі, оқытудың техникалық, ақпараттық-коммуникациялық құралдарын

пайдалану.

 

9. Кітаппен жұмыс істеу.



:

391 

10. Жаңа ұғымдардың тууы, таным қуанышы.

11. Дайындық  жаттығуларын ұйымдастыру.

12. Оқушылардың жұмысындағы дербестік.

13. Оқушылардың белсенділігі мен шығармашылығы.

14. Оқушыларды жұмыстың әр алуан түрлерімен қамту.

15. Ауызша және сөздік жұмыстармен қамту.

16. Жекелей әдіс (қабілеттілерге назар аудару, артта қалушылармен жұмыс істеу)

17. Оқушылардың білімін тексеруді ұйымдастыру.

18. Оқушылар білімінің тереңдігі мен беріктігі

19. Бағалардың сәйкестігі және  оларға аннотация.

20. Үй тапсырмасын ұйымдастыру.

21. Сабақ өткізу қарқыны.

22. Мұғалімнің педагогикалық әдебі.

23. Мұғалімнің сөйлеу мәдениеті.

24. Дауыстап айтумен жұмыс істеу.

25. Сөздік — фразеологиялық және стилистикалық жұмыс.

26. Байланысты дамыту, практикалық бағыттылық.

27. Грамматиканы, лексиканы оқу.

28. Оқу техникасы.

29. Сөйлеу және жазу мәдениеті.

30. Көркем шығармаларды оқу.

31. Жазбаша жұмыстар жүйесі.

Үй тапсырмасы - сыныптағы сабақтардан кейін мұғалімнің тапсырмасы бойынша оқу 

және  тәжірибелік  жұмысты  оқушының  өздігінен  орындайтын  оку  процесінің  құрамдас 

бөлігі.Үй  жұмысы  оқушының  бүкіл  оқу  жұмысының  бөлінбес  бір  бөлігі  болып  табылады. 

Үйге  берілген  тапсырмаларды  оқушының  үнемі  орындап,  дұрыс  ұйымдастырып  отыруы 

оның жақсы үлгіруіне керекті шарттың бірі болып табылады. Мектеп оқушыларының оқуды 

үлгірмеуіне әкеліп соғатын себептердің көп таралған бір түрі үйге берілген тапсырмаларды 

қанағаттанарлықсыз орындауы, ал мұның өзі көбінесе үйге берілетін тапсырманың шамадан 

тыс көп беруден болады. 

Оқушыларға кейде ақыл-ой күшін көп жұмсауды талап ететін тапсырмалар ғана емес, 

тіпті  дене  күшін  орасан  мол  жұмсауды  керек  қылатын  тапсырмалар  беріледі.  Шамасы 

келмейтін  тапсырманы  алған  оқушылардың  бірсыпырасы  оларды  орындауды  мүлде  қояды, 

ал енді біреулері оны жарым-жартылап қана орындайды, осыдан барып оқушылардың алған 

білімінде  олқылықтар  пайда  болады  да,  сыныпта  нашар  оқитын  оқушылар  саны  артады. 

Мұғалім  кейде  үйге  тапсырма  бергенде  өз  пәнінің  жүйесі  тұрғысынан  ғана  қарап,  сол  күні 

басқа  пәндерден  беріліп  жатқан  тапсырмаларды  ескермейді.  Мектеп  оқушыларының  оқу 

жұмысының  барлық  ауырлықты  үй  жұмысына  қарай  аудару,  мұғалімдерде  жиі  кездесетін 

кемшілік. Сыныпта олар тек жаңа материалды ғана түсіндіреді, оны жеткілікті түрде бекітіп, 

пысықтап  отырмайды,  сондықтан  оқушылар  сыныпта  істеуге  тиісті  жұмыстарды  үйде 

орындауға  мәжбүр  болады.  Үйге  берілген  тапсырмалардың  көлемі  жағынан  ұлғайып,  түр 

жағынапн  өзгеруіне  байланысты  оқушылар  үлкен  қиыншылықтарға  кездеседі.  Сондықтан 

мұғалімдер оқушыларға үй тапсырмасын орындаудың тәртібі мен әдістерін, тиімді жолдарын 

түсіндіріп отыруы керек. 

Сабақта бекітілген білім көлеміне тура тәуелділіктегі үй тапсырмасының педагогикалық 

мақсаттағы көлемі оқу бағдарламасымен көзделген. Үй тапсырмасы түсінікті, жаңалық 

элементі бар және дербестігін көрсетуге мүмкіндік ашатындай болуы керек.  

Тапсырма тақтада қысқаша белгіленіп, оқушының күнделігіне жазылады, мұғалімнің 

түсіндіруімен бірге ілеседі. Мұғалім сонымен бірге үй тапсырмасын ұйымдастыру жөнінде 

әдістемелік нұсқаулар береді орындалуын үнемі тексереді.  

Оқушының үйдегі оқу жұмысын сыныптағы оқу жұмысымен жалғастырып, толықтырып 



392 

отырса, онда онда олардың алған білімдері терең және берік болады. Оның маңызы оқыту 

жұмысын ұйымдастырудың сабақтың басқа түрлеріне қарағанда ерекше. Бұл жұмыстың 

танымдық қызметімен бірге оның тәрбиелік мәні зор. Себебі, үй жұмысын күнделікті 

орындау барысында оқушылардың дербестігі, ойлау қабілеті артып, өздігінен білім алуға 

жүйелі түрде дағдыланады, сабақта алған білімдері мен біліктіліктерін өзіндік еңбекте 

қолдана білуге жаттығады. Өзін-өзі бақылау және кітаппен жұмыс істей білу тәсілдерін 

меңгереді, оқудың әртүрлі амал-тәсілдерін қолдана отырып, өз бетінше баяндама жасауға 

дайындалады. Соның негізінде білім мен біліктілік өте берік меңгеріледі, оқышының ақыл-

ой әрекетінің жеке дара дәстүрі қалыптасады.  

Өзім орта буында жұмыс істегендіктен қоңырау соғылмастан бұрын үй тапсырмасының 

орындалу тәсілі мен оның жүзеге асуына нұсқаулық жасаймын.  

Жалпы оқушыларға үй тапсырмасын беруде сыныптың деңгейіне байланысты үш топқа алып 

қарастырамын.  

1.Логикалық ойын дамыту барысында қазақ тіліндегі қызықты деректер,сөзжұмбақтар,

ребустар, диалог құрастыру сияқтв тапсырмаларды беремін.Бұл тапсырмаларды 

әңгіме,көрнекілік әдістерімен,ойын әдістерімен тексеремін.Нәтиже: 

сөзжұмбақтар,ребустар,суреттер жинағы.  

2.Есте сақтау қабілеттерін дамыту барысында: мәтінді өңдеу,мәтінді өзгерту деген

тапсырмаларын ұсынамын.Бұл тапсырмаларды жекелей және топпен тексеруге болады. 

Нәтиже.Мазмұндама жазуға,өз ойын жеткізе алатындай дәрежеге жетеді.  

3.Шығармашылық ойын дамыту барысында: Ертегі,әңгіме,шығарма,эссе, өлең жазу,жаттауға

беремін.Бұл тапсырмаларды әңгімелесу,ойын ойдан шығару,проблемалық 

сұхбаттасу,жұптық жұмыс арқылы тексеруге болады.  

Нәтиже, ертегілер,әңгімелер,шығармалар ,өлеңдер жинағы ретінде шығады..  

Үйге берілетін тапсырмаларды күнбе – күн тексеру жақсы нәтиже береді. Бұл әдісім арқылы 

меңгерілген білімнің сапасын бақылап, оқушылардың біліміндегі кемшіліктерді анықтап, 

келесі сабақтардың жоспарларына түзету енгіземін. Ең тиімдісі оқушылардың үй жұмыстары 

орындалған дәптерлерін тексеру. Оқу үлгірімі нашар оқушылардың дәптерлерін үнемі 

тексеріп, жақсы оқитын оқушылардың дәптерлерін кейде тексеруге болады.  

Оқушының үйдегі оқу жұмысын дұрыс ұйымдастырудың мынадай шарттары бар:  

• Үй тапсырмаларын бергенде мұғалім оларды орындаудың қандай тиімді әдіс – тәсілдерін

қолдануға болатыны туралы жақсылап нұсқау беруі қажет. 

• Үйге берілетін тапсырмалар оқушыларды қызықтыратындай болуы және өмірімен, олардың

іс- тәжірибелерімен байланысты болғаны жөн. 

• Үй тапсырмасы оқушының бәріне бірдей бірыңғай мазмұнда емес, мүмкін болған жағдайда

бірнеше нұсқада болғаны пайдалы. 

• Үй тапсырмасының мазмұны шығармашылық сипатта болғаны жөн.

• Үйдегі оқу жымысының табысты болуы, көбінесе сабақта мұғалімнің үй тапсырмасын

орындау тәсілін оқушыларға тыңғылықты етіп түсіндіруіге байланысты. 

• Үй тапсырмасының көлемін белгілеуде мұғалім оқушылардың жас ерекшеліктері мен

таным қабілеттерін ескергені жөн. 

• Үй тапсырмасын тексеру және бағалау барысыныда мұғалім, оның орындалу сапасына

айрықша мән беріп, жетістігі мен кемшілігіне оқушылардың назарын аударып отырғаны 

жөн.  

• Мұғалімнің берген бағасы әділетті болса онда ол оқушының ынтасын арттырып, үй



тапсырмасын тыңғылықты орындап отыруға септігін тигізеді. 

• Мұғалімнің бағалауы оқушылардың өзін – өзі бағалауымен ұштасып отырса ғана ол жемісті

болмақ. [2]  

Үй тапсырмалары мұғалімнің қатысынсыз орындалатын болғаннан кейін, олар ата-

аналармен тығыз қарым-қатынаста болып, оларға оқушылардың үйде орындайтын 

жұмыстарына көмектесіп отырулары үшін үнемі әдістемелік тұрғыдан басшылық жасап 

отырғаны жөн.  


393 

Үй тапсырмасын беруде оқушыларға шамадан артып кетудің алдын алу жолдарына 

қойылатын талаптар мынадай болса:  

а) оқытылатын жаңа материалды оқушыларға негізінен сабақ үстінде меңгертуді міндет етіп 

қоя отырып, әрбір сабақтың сапасы арттырылса.  

ә) оқушыларға үйге берілетін тапсырмалар шамадан тыс көп болмасын, ол үшін үйге 

берілетін әрбір тапсырманың мөлшерленуі қатты қадағаланса, үйге берілетін тапсырманың 

мазмұны оны орындаудың тәртібі мен әдістері оқушыларға сабақ үстінде түсіндіріліп, 

өздігінен жұмыс істеуге дағдыландырылып тәрбиеленсе демекпін.  

Өз ойымды Елбасының «Егер біз адамгершілігі жоғары қоғам болғымыз келсе, балалардың 

алдында жауапкершілігімізді күшейтуіміз керек» деген сөзімен аяқтағым келіп отыр.Ендеше 

ойлы ұрпақты бірігіп тәрбиелейік ,ұстаздар! 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 

1.Қазақстан мектебі .4.2006.

2. 12 жылдық білім. №4 -2006

3. Қазақ тілі №4,5-2005

4. «Дарын» ақпарат-әдістемелік жинағы№1-2007

5.Қазақстан мектебі №1,2 -2002

6. 12 жылдық білім беру.№8,7 -2010

7. Мектептегі ғылыми жұмыс №2,1,6 , 2010

8.Қазақстан мектебі №7,2012 г.

МНЕМОНИЧЕСКИЙ ПРИЁМ ИЗУЧЕНИЯ СЛОВАРНЫХ СЛОВ 

Логунова Валентина Григорьевна

учитель начальных классов 

Акмолинская область 

Шортандинский район 

Дамсинская средняя школа 

Русский язык считается одним из труднейших школьных предметов. С одной стороны 

знание родного языка даётся человеку с детства; с другой стороны, это сложная дисциплина, 

требующая большого труда.   Основа грамотности учащихся  – усвоение правил написания, 

т.е.  орфографических  норм.    Умение  пользоваться  орфографическими  правилами 

заключается  в  умении  находить  слабую  позицию  и  проверить  её  сильной  позицией 

соответствующих гласных или согласных. 

Но  существует  такая  категория  слов,  которую  нельзя  проверить  сильной  позицией, 

написание таких слов нужно запомнить. Это словарные слова.       

В  русском  языке  их  достаточно  много,  именно  поэтому  словарные  слова  являются 

одной  из  главных  проблем  начальной  и  средней  школ.  Результаты  за  последние  несколько 

лет  показали,  что  словарные  слова  недостаточно  усваиваются  и  написание  их  вызывает 

значительное  затруднение  у  большинства  выпускников.  В  работе  по  усвоению  слов  с 

непроверяемым  написанием  особую  актуальность  приобретает  разнообразие  методов  и 

приемов, способствующих прочному запоминанию правильного написания. 

Целью    работы    является    обоснование  важности  использования  мнемотехники  при 

запоминании словарных слов.  

 Задачи: 

1. Познакомиться с психологической литературой о памяти и её особенностях.


394 

2. Изучить литературу о мнемотехнике.

3.Подготовить карточки со словами для составления «Весёлого мнемословарика». 

4.Продемонстрировать  учителям  и  учащимся  наиболее  эффективный  способ 

запоминания словарных слов.  

Почему  же  написание  словарных  слов  вызывают  затруднения    учеников?  Написание  всех 

словарных  слов  знать  невозможно.  Вполне  естественно  периодически  пользоваться 

словарем.  Но  минимум,  предусмотренный  школьной  программой,  необходимо  усвоить 

каждому  ребенку.  Классическая  форма  проведения  словарного  диктанта  известна  всем  – 

учитель  диктует  слова,  а  дети  записывают  их.  Перед  диктантом  ведется  подготовительная 

работа.  Слова  с  непроверяемыми  написаниями  изучаются  в  начальной  и  средней  школе  в 

«словарном порядке», т. е. учащимся рекомендуется  просто писать и запоминать словарные 

слова.  Механическое  заучивание  слов  утомляет  ученика  и  не  формирует  у  него  интереса  к 

языку.  


Проведенные  исследования  показывают,  что  классическая  форма  проведения 

словарных диктантов недостаточно эффективна.       

 В  практике  школьного  обучения  есть  недостатки,  препятствующие  успешному 

усвоению  словарных  слов.  Одним  из  таких  упущений  является  однообразная  работа  над 

словарным словом. К другой причине можно отнести то, что при знакомстве со словарными 

словами  ребёнку  отводится  пассивная  роль:  слово  предъявляется  и  анализируется  самим 

учителем.  Учащимся  предлагается  лишь  списать  и  заучить  его.  Однако  механическое 

заучивание  слов  утомляет  ученика  и  не  формирует  у  него  интереса  к  языку.  Столь  же 

неэффективно механическое выписывание слов. 

Недостаточно, чтобы ученик познакомился с грамматическим явлением, как таковым. Важно 

добиться  того,  чтобы  знания  закрепились,  чтобы  ученик  мог  “переносить”  их  на  другие 

явления языка. Необходимо  искать такой материал и формы работы, которые бы привлекли 

внимание  учеников,  развивали  интерес,  вызывали  удивление  и  желание  понять  явление, 

будили  мысль.  Мышление    учащихся    начальных    классов    носит  наглядно-образный 

характер, то есть оно опирается на конкретные представления и образы.  В  связи  с  этим  у  

большинства  из  них  соответственно  преобладает  и образный тип памяти. К.Д.Ушинский 

точно подметил:  “Ребенок мыслит  образами”. Для  того,   чтобы   запомнитьнепроверяемую  

букву    интересно,    с    учетом  психологической    особенности    мышления    младшего  

школьника,  надо   «оживить» букву,  создать  ее   «образ»  в  конкретном  слове.  Трудная  

орфограмма    словарного  слова    связывается    с    ярким    ассоциативным    образом,    который  

вспоминается    при  написании  данного  словарного  слова,  помогая  правильно  написать 

орфограмму.  

Успешному запоминанию способствует соблюдение определенных условий:  

1) установка    на    запоминание:    ученик    должен    хотеть    запомнить    то,    что    ему    надо

запомнить; 

2)заинтересованность: легче запоминается то, что интересно;

3)яркость восприятия: лучше запоминается все яркое, необычное, то, что вызывает

определенные эмоции; 

4)образность  запечатления:  запоминание,  опирающееся  на  образы,  гораздо  лучше

механического запоминания. 

 Существует  немало  способов,  чтобы  «уярчить»  орфограмму  (В.  В.  Лайло  

«Развитие  памяти  и  повышение  грамотности),  привлечь  к  ней  особое  внимание.  

«Усиление» идёт за счёт  образного представления материала, путём выстраивания 

сюжетной  линии  запоминания,  сочинения  своеобразных  рассказов,  сказок,  стихов, 

небылиц, шуток. Эффективными способами «усиления» орфограммы являются:  

1) написание в слове запоминаемой буквы по аналогии самого предмета;

2) составление ребусов;

3) заучивание обобщённым способом путём составление рассказов;

4) использование рифмовок.


395 

Эти  приёмы  особенно  полезны  в  тех  случаях,  когда  не  может  помочь 

этимологическая справка. 

Что такое мнемотехника. 

Мнемоте́хника —  совокупность  специальных  приёмов  и  способов,  облегчающих 

запоминание  нужной  информации  и  увеличивающих  объём  памяти  путём  образования 

ассоциаций (связей).  Слово «мнемотехника» происходят от греческого слова «mnemonikon» 

- искусство запоминания. 

Мнемотехника применяется для  запоминания незапоминаемой информации. Методы 

мнемотехники 

позволяют 

абсолютно 

точно 

воспроизводить 



последовательность 

информации.  Техника  мнемотехники  не  совершенствует  память,  она  только  облегчает 

запоминание,  и  то  в  отдельных  случаях  (там,  где  придуманные  искусственные  ассоциации 

закрепляются  при  запоминании  легко  и  быстро).  Слова  с  неизвестным,  абстрактным 

значением  запомнить  большинству  людей  сложно.  Если  такое  слово  «зазубрить»,  то  оно 

исчезает  из  памяти  через  несколько  дней.  Для  прочного  и  одновременно  лёгкого 

запоминания следует  наполнить слово содержанием (методы  мнемотехники) — чем-то,  что 

связано  с  конкретными  яркими  зрительными,  звуковыми  образами,  с  сильными 

ощущениями. 

Способы запоминания словарных слов

Метод графических ассоциаций. 

Метод графических ассоциаций больше других нравится детям. При запоминании 

написания словарного слова надо сделать рисунок, обозначающий само слово и обыграть в 

нем запоминаемую букву. Она может быть большая или маленькая, печатная или 

письменная. «БУДТО в БУДке кто-ТО есть».  

    Следующий метод - звуковые (фонетические) ассоциации.   

Метод  звуковых  ассоциаций  предпочтителен  в  тех  случаях,  когда  фраза  из  созвучия  и 

словарного слова особенно удачна. Например, слово вьюн. Созвучное ему слово юн (краткое 

прилагательное). Если эти два слова соединить в одной фразе, то получится: «ВЬЮН ЮН».  

Так  же  используется  ассонанс,  своеобразное  «намагничивание»  отдельных  гласных 

звуков,  или  аллитерация  –  звуковые  повторы  согласных  звуков.  Пример  повтора  гласных 

звуков  


-

 

КОГти кот подточит? 



-ДА! 

-А КОГДА, скажи, КОГДА? 

Метод шуточных предложений. 

Придумывание шуточных предложений – эффективный способ запоминания 

написания непроверяемых букв в словах: «В понЕдЕльник на нЕдЕле, шли мы с НЕлли на 

качЕли».   

В качестве проверки можно использовать и такой мнемонический прием, как 

объяснения, веселые и серьезные, например: «Это платок. В ПЛАток ПЛАчут», «Обильно- 

это значит Очень мнОго чегО-тО». 

Для запоминания новых слов можно использовать шутки, загадки, задачки, ребусы, 

например: «БУЛЬ-БУЛЬ, кто же ОН? Ну, конечно же БУЛЬОН!» «3о» - трио, «3буна» - 

трибуна, «100рожка 100рожа 100ит в 100ронке».  

Метод ложных ассоциаций. 

Можно подобрать такую  пару слов, в которых одно слово становится как бы проверочным 

словом для другого. Например: ОГОРОД и ГОРОД.  

Одним из способов проверки является использование омографов, слов одинаковых по 

написанию, но различающихся ударением, например« На сковородке ТРЕСКА, сколько ж 

от нее ТРЕСКА! 



396 

Этимологический способ запоминания. 

Иногда обращение к истории слова помогает найти самого важного "родственника" - 

проверочное слово для орфограммы, которая прежде считалась непроверяемой. Оказывается, 

например, что непроверяемая гласная «о» в слове  брошюра может быть проверена словом    



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет