Күрделігүлділер немесе астралар тұқымдасы кластарымен танысу



бет5/17
Дата03.12.2023
өлшемі30,86 Mb.
#133874
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Жусан
Түрлері

Биіктігі

Гүлдейді

Құрамы

Емдік қасиеті

1

Талшық жусан

30-45 см

Тамызда, қыркүйек

Улағыш зат лактон, таурицин

Улы, емдік қасиеті жоқ

2

Дәрмене жусан

50-70 см гүлінің ұзындығы 2-3 мм

Тамыз, қыркүйек

Сантонин, парфмерияда пайдаланатын эфир майы алынады

Ішек құрттарына қарсы емге қолданылады

3

Ермен жусан

1-2 м

Сәуір, мамыр

Глюкозид, 0,5% эфир майы

Тәбет ашуға

4

Тамыр жусан

30 см

Тамыз-қазан

Белоктар, көмірсулар, майлар

Мал азығы, мал шаруашылығына пайдалы

5

Іле жусан

50-80 см

Тамыз

Парфмерияда пайдаланылатын эфир майы алынады

Мал шаруашылығына пайдалы

6

Қара жусан мен Бөрте жусан

30 – 45 см

Шілде – тамыз

7 – 8% нәруіз,
4 - 5% май,
 26 - 28% клечатка

Мал шаруашылығында асқазан – ішек жұмыстарын жақсарту, ішектегі құрттарды жоюға көмектеседі.

7

Ақбас жусан

70 см

Шілде күз айлары

ахиллеин алкалоиді, эфир майлары, камфора, туйон және құмырсқа, сірке, валериан, аконит, аскорбин қышқылдары, С,К дәрумендері, фитоцидтер, спориттер

өсімдікті жатырдан, өкпеден, ішектен, мұрыннан, геморрой түйіндерінен қан кеткенде және асқазанға жара түскенде пайдаланады.

Жусанның түрлері


Талшық жусан
Көпшілік жусандарда түрлі глюкозиттер, ал кейбіреулерінің алколоидтар болады. Сондықтанда жусанның кейбір түрлері улы болып есептеледі. Соның бірі – талшық жусан. Мұның тамыры жуан. Тамырдын бірнеше сабақ шығады. Биіктігі – 30-45 см. Тамыз, қыркүйекте гүлдейді.
Тықыр жусан
Әлемде 500-ден аса түрі болса, оның 81-і біздің елімізде өседі екен. Ол әсіресе еліміздің орталық өңірінде Қарқаралының Кент тауларынды көптеп кездеседі. Оның күз айларында гүлі төгілген соң теріп алады. Дәрі-дәрмек ретінде медицинада қолданылады.

Дәрмене жусан (полынь цитварная — Acina)


Дәрмене жусан - дәрілік өсімдік, құрамында сантонин болады, ол ішек құртты айдағыш дәрі ретінде жиі қолданылады. Ащы жусан (Aabsinthium) (237-сурет) жапырақтары үш рет қауырсынды тілімделген болып келетін өсімдік, сыртын қалың күміс түсті түктері жауып тұрады және өзіне тән эфир майының иісі болады. Медицинада және ликер арақ жасау өндірісінде пайдаланылады. Арам шөп ретіңде кең тараған. Көптеген түрлері шөлейт аймақта әсіресе теңіз жағалауларында, және жартылайшөлді аймақта ландшафт түзетін өсімдіктер болып табылады: таврий жусаны, теңіз жусаны тамыр жусан және тағы басқа түрлері.

Ермене жусан


Биіктігі 1 метрге жететін, көп жылдық жапырақтары қауырсын өсімдік. Сабағы қырлы, жоғарғы жағы бұтақша, түкті. Сабақтарының төменгі жағындағы тәрізді, қос тармақты. Ермене жусан – далалы жерлерде және үй маңында арам шөп ретінде өседі. Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарының тау етегі аймағында көптеп кездеседі. Ерменнің жапырағын гүлдер алдында, яғни май айының алдында гүл бүрлерін жинауға болады. Оны ашық жерде, не үй шатырында кептіреді. Ерменнен глюкозид және 0,5 % эфир майы болады. Шөптің ерекше иісі бар. Ерменді қолмен ысқыласа иісі күшейеді. Дәмі ащы. Суға салғанмен шөптің ащы дәмі кетпейді. Тамақтанардан 0,5 сағат бұрын ерменнен жасалған дәрі ішсе, тәбеті ашылады. Оны бір айдан артық ішуге пайдаланған дәріні ұзақ уақыт пайдаланса, дене уланып, нерв жүйесі қозып, ерекше құбылыс пайда болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет