Лекция 13. Жоғарғы оқу орындары оқыту процесін ұйымдастыру жүйелері


Оқу процесін ұйымдастырудың модульді-рейтингілік жүйесі



бет7/8
Дата31.12.2021
өлшемі27,59 Kb.
#23869
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8
2.2 Оқу процесін ұйымдастырудың модульді-рейтингілік жүйесі

Қазіргі жоғары оқу орындарында білім беру мазмұны, оқыту формасы мен әдістері және студенттердің білімін, біліктілігін бақылау уақыт талабына сай мамандыққа қойылатын талаптарға сай ұйымдастырылуы керек.

Мамандандырылған кәсіп иелерін жоғары оқу орнында дайындау бірнеше факторларға байланысты, оның ішінде жалпы оқыту процесі және студенттердің жеке пәндер бойынша алатын білімдері мен біліктері маңызды рөл алады.

Осыған байланысты көптеген жоғары оқу орындарында модульді-рейтингілік (МРЖ) оқыту жүйесі және сткденттер білімін бағалау және оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру, студенттердің білімін және біліктілігін үнемі қадағалап отыру, семестр бойы оқыған пәні бойынша кәсіптік сапасын анықтайтын сандық көрсеткіш-рейтингілеу, көп деңгейлі білім беру кешенінің бір бөлігін сипаттайды.

МРЖ – оқыту жүйесінде студенттердің өз бетінше орындайтын жұмыстарға қызығушылығын арттырады.

Оның орындалу сапасының жоғарылауы:

-студенттерге өз білімдерінің объективті бағасын алуын;

-рейтинг мәніне байланысты студенттердің білімдері деңгейін ранглеуге және осының негізінде оларды моралдық және материалдық мадақтауды;

- көп деңгейлі дайындау жүйесінде студенттер білімі мен біліктіліктері рейтингі әрбір студенттің келесі деңгейдегі бақылауға көшуіне объективті баға беруді қамтамасыз етеді.

Жоғарыдағы талаптарға сәйкес оқыту прцесінде студенттің білімі мен біліктерін бақылау графигі түзіледі.

Білімді бақылау графигі (Б.Б.Г.) семестр бойы өткізілетін барлық бақылауларды баллмен бағалау графигі болып табылады. Аралық бақылау балл жүйесімен бағаланады. Мұнда семестр апталықтарында жүргізілетін: алғашқы (кіріс) бақылауы – бірінші, екінші апталығы аралығында, аралық бақылау модульдің (тарау көлемді материалдар мен бітуіне байланысты) аяқталуына қарай және қорытынды бақылау емтихан сессиясында жүргізіледі.

График академиялық топқа алдын-ала, барлық пәндер бойынша беріліп қойылады.

Кіріс бақылауы – лектор тарапынан оқылатын пәндерге қатысты, өтілген материалдар, оқытылатын пәннің мазмұнын ашатын сұрақтар бойынша студенттің дайындығын тексеруге арналады.

Ағымдағы бақылау – лекция, лабораториялық және практикалық сабақтар барысында жүргізіледі. Бұл студенттердің өткізіліп отырған пән, сабақ барысында жеке сұрақтар бойынша меңгерген білім және біліктіліктерін бақылап отыру мақсатында жүргізіледі. Бақылау формасы баяндама, тест сұрақтарына жауап, семинар, есеп беру, есептермен жаттығуларды орындау, студенттердің өз бетінше орындайтын жұмыстары, ғылыми-зерттеу жұмыстары т.с.с., болуы мүмкін.

Аралық бақылау – студенттердің әрбір модуль бойынша білімдерін бағалау. Мұнда студенттердің модуль бойынша білімі мен біліктіліктерін, өткен модуль материалдары мен өзара логикалық байланысын ашу тексеріледі.

Бақылау формасы колоквиум, күнделікті бағдарламалық бақылау жұмыстары, шығарма, реферат, студенттердің өз бетінше жұмыстары, т.б.

Модульдер және сабақтың түрлеріне бөлінетін балл лектордың еркі бойынша жасалынады. Сондықтан пән бойынша студенттер білімін рейтингілеу 100 баллдық жүйеге негізделеді; 60 балл кіріс, ағымдағы және аралық бақылауларға (барлық модуль бойынша) және 40 балл қорытынды бақылауға (емтиханға) қойылады.

Шекаралық бақылауға сәйкес 36 балл жинаған студент сынақ – емтихан сессиясына жіберіледі. Егерде оның жоспарында пән бойынша дефференциалды сынақ орын алса шекаралық бақылау нәтижесінде 45-50 балл аралығында «қанағаттанарлық», 51-55 балл «жақсы», 56-60 балл аралығында «өте жақсы» баға қойылады.

Қорытынды бақылау – аралық бақылаулар нәтижелері бойынша жинаған балға емтиханға бөлінген баллмен жиынтығы арқылы бағаланады. Мұнда 85-100 балл «өте жақсы», 70-84 балл «жақсы», 56-69 балл «қанағаттанарлық» деп бағаланады.

Қорытынды бақылауға 20 баллдан төмен балл жинақтаған студент ағымдағы бақылау нәтижелеріне байланыссыз «қанағаттанарлықсыз» деп бағаланады.

Ағымдағы бақылау нәтижелері бойынша 55-60 балл жинақтаған студенттер білімді бағалау бойынша, «өте жақсы» бағаға бағаланып қорытынды бақылаусыз-ақ қойылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет