Лекция Такырыбы: Пәнге кіріспе Жоспары


 лекция  Тақырыбы; Қозғыш тканьдердің физиологиясы Жоспар



Pdf көрінісі
бет6/77
Дата15.02.2023
өлшемі1,47 Mb.
#68061
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   77
лекция 
Тақырыбы; Қозғыш тканьдердің физиологиясы Жоспар: 
1. Тірі ұлпалардың негізгі физиологиялық қасиеттері. Тітіркенгіштер, классификациясы. Тітіркендіру 
заңдары.  
2. Тыныштық және әрекет потенциалының пайда болу механизмі. 
3. Синапс морфологиясы және физиологиясы 
4. Қаңқа еттерінің құрылысы. 
 
Қозғыштықгың олшемдері 
Қозғыштық дәрежесін анықтау үшін бірнеше өлшем (параметр) қолданылады: қозу табалдырығы, 
әсердің пайдалы уақыты, хронаксия, лабилдік, аккомодация жылдамдығы. Көбінесе қолданылатын өлшем - 
қозу табалдырығы. 
Қозу табалдырыгы (реобаза) деп қозу үрдісін тудыратын тітіркендіргіш күшінің ең аз өлшемін 
айтады. Тін неғұрлым қозғыш болса, оның қозу табалдырығы соғұрлым төмен болады. Тітіркендіргіш 
ретінде электр тогы қолданылса, табалдырығын реобаза дейді. 
Әсердің пайдалы уақыты. Тітіркендіргіштің әсері, оның күшіне ғана байланысты емес, әсердің 
ұзақтығына да байланысты болады. 
Тітіркеңдіргіш күші мен әсердің ұзақтығы арасындағы байланысты Дж. Гооверг (1892) пен М. 
Вейсс (1901) қисық сызық арқылы көрсетті. Ол “күш пен уақыт” сызығы деп аталады. Көлденең сызықпен 
(абцисса) уақытты мс есебімен, ал тік сызықпен (ординат) электр тітіркендіргіштің күші - реобаза 
көрсетіледі. Бір реобазаға тең күш ОА - жұмсап, тінді қоздыру үшін оның әсері ОС мс-ке созылуы қажет. 
Бұл күштің әсерін одан әрі қарай соза түссе, ол жауапты күшейтпейді, яғни пайдасыз жұмсалады. Қисық 
сызық абцисса білігіне жарыса (параллель) орналасады, Сондықтан да ОС мс әсердің пайдалы уақыты 
болып есептеледі. Ал тітіркендіргіш күші екі есе (2 реобазаға дейін) жоғарылатылса, пайдалы уақыты тым 
қысқарып кетеді (ОҒ мс). Тітіркендіргіш күші одан әрі жоғарылатылса, әсердің пайдалы уақытын көрсететін 
сызық ординат осімен жарыса (параллель) орналасады. Сонымен, әсердің пайдалы уақыты деп белгілі бір 
тінді қоздыратын бір реобазаға тең күш әсерінің ең қысқа уақытын (ОС) айтады. 
Ол мин, мсек есебімен белгіленеді. Тін неғұрлым қозғыш болса, әсердің пайдалы уақыты соғұрлым 
қысқа болады. Әсердің пайдалы уақыты кейбір тіндерде өте ұзақ болуы мүмкін. Сондықтан “күш пен 
уақыт” зандылығын пайдалана отырып, француз ғалымы Л. Лапик (1908) хронаксия (грек. - сһгопоз - уақыт, 
ахіа - сан) атты көрсеткішті ұсынды. 
Хронаксия. Хронаксия деп тінді қоздыратын екі реобазаға тең күш әсерінің ең қысқа уақыттын (ОҒ) 
айтады. Қозғыш тіннің хронаксиясы қысқа болады. Оның мөлшері хронаксиметр аспабымен өлшенеді, мс. 
есебімен (сигмамен) белгіленеді. Хронаксиметр аспабымен адам тіндерінің өрбір морфологиялық 
элементтерінің қозу дәрежесін өлшеуге болады, Бұл медицинада жиі қолданылады. Мысалы, көздің тор 
қабатындағы фотоқабылдағыштардың, ішкі құлақта орналасқан есту қабылдағышы - Корти мүшесінің 
хронаксиясын өлшеп білуге болады. Ұзақ жылдар бойы қорғасын өнеркәсібінде істейтін адамдарға 
уақытында сақтық шаралар қолдану үшін олардың жүйке хронаксиясы тексеріліп отырады. Қорғасынға 
улана бастаған адам жүйкесінің хронаксиясы жоғарылай бастайды. 
Аккомодация жылдамдығы. Аккомодация лат. - ассотосіайо - бейімделу. Белгілі бір тінді, ағзаны 
қоздыратын токтың әсері оның күшіне, әсер еткен уақытына ғана байланысты емес, токтың үдеу 
жылдамдығына да байланысты. Егер әсер ететін тоқтың күшін біртіндеп жәй күшейтсе, ол көп 
жоғарылатылса да тін қозбауы мүмкін. Тоқ күшінің үдеуіне тін бейімделіп үлгереді. Қозғыш тін ток күшінің 
үдеуіне бейімделгіш келеді. Демек, аккомодация жылдамдығы тіннің қозғыш дәрежесін сипаттай алады. 
Тітіркендіргіштің күшін біртіндеп күшейтіп табалдырық мөлшеріне, мысалы 50 мВ 25 мс арасында 
жеткізсе тін әсерге жауап береді. Ал тітіркендіргіштің үдеу жылдамдығын одан әрі баяулатса (30 мс-ке 
жеткізсе) тіннің жауабы тоқтайды, яғни осы уақытта ол әсердің күшіне бейімделіп үлгереді. Бұл жағдайда 
аккомодация жылдамдығы 50 мВ 25 мс есебімен белгіленеді. 
Сонымен аккомодация жылдамдығы тінді қоздыратын тітіркендіргіштің үдеу қарқынының ең аз 
(минимум) уақытымен өлшенеді. Аккомодация кезінде тіннің қозу қасиеті төмендейді. 
Лабилдік. Лабилдік (лат. - labilis - құнақылық, тұрақсыздық) - белгілі тіннің қозғыштық дәрежесін 
көрсететін өлшемдердің бірі. Лабилдік деп тітіркендіру жиілігіне сәйкес 1 секунд ішінде пайда болатын 
қозудың ең жоғарғы (максималды) әрекеттік ширақтығын айтады. Ол герц өлшемімен белгіленеді. Мәселен, 
жүйкенің лабилдігі 1000 гц демек, онда жүйке секундына 1200 рет тітіркендірілсе де бұдан пайда болатын 
қозу саны 1000-нан аспанды. Тін неғұрлым қозғыш болса, оның лабилдігі соғұрлым жоғары болады. 
Лабилдік - қозу үрдісінің - ең қарапайым физиологиялық әсер- леністің қаншалықты ұзақ екенін 
көрсетеді. Қозу үрдісі қысқарса, белгілі уақыт ішінде (сек, мин) пайда болатын қозу саны көбейеді де тін 
лабилдігі арта түседі. Әдетте, 1 секундта пайда болатын қозу саны тітіркендіру санына немесе күшіне сәйкес 
болады. 


Лабилдік тіннің абсолюттік рефрактерлік кезеңіне байланысты. Аб- солюттік кезең ұзақ болса, тін 
лабилдігі төмен болады, өйткені абсолюттік рефрактерлік кезенде тін қандай күшпен тітіркендірілсе де 
жауап бермей қояды. Сондықтан тітіркендіру аралығы абсолюттік рефрактерлік кезеңінен ұзағырақ болуы 
керек, сонда ғана тін келесі импульске сәйкес қоза алады. Жеке тіннің өзіне ғана тән қозу қабілеті 
(қозғыштығы), рефрактерлік мерзімі болады. Демек, тіндер лабилдігі де бірдей емес. 
Жүйке талшығьшың абсолюттік рефрактерлік кезеңі 1-2 мс, ал ла- билдігі 500-1000 гц, қаңқа еті 
талшығының қабілеті жүйкенікінен төмен, бірақ абсолюттік рефрактерлік мерзімі ұзақ 3-4 мс, лабилдігі 250-
330 гц. Жүйке-ет (мионевральдық) байланыстық түйіспенің рефрактерлік мерзімі 8-10 мс. Оған сәйкес 
лабилдігі 100-125 гц, түйіспенің қозғыштығы ет талшығынікінен көп төмен. 
Лабилдік, оған сәйкес келетін қозғыштық қасиет айналадағы түрткілердің әсерінен өзгеріп отыруы 
мүмкін. Қолайсыз әсер салдарынан лабилдік дәрежесі төмендейді. Жүйкеге мұз басып тікелей салқындатса, 
оның рефрактерлік кезеңі ұзарып, лабилдігі төмендейді. Бұл есірткі заттардың (наркотик) әсерінен, оттегі 
жетіспеуінен де (гипоксиядан) төмендейді. 
Белгілі бір тінге ұзақ уақыт әсер етуші серпіністің саны лабилдік дәрежесінен тым жоғары болса, ол 
ондай ырғақтарды игеріп алады (А.А. Ухтомский). Мұның нәтижесінде лабилдіктің дәрежесі жоғарылайды, 
оны А.А. Ухтомский “ырғақтарды игеру” деп атады. Мысалы, спортпен шұғылданушылар жаттығу жасаған 
кезде, жарысқа түсерде бой жазған сәтте, олардың тін лабилдігі жоғарылайды, соның арқасында олар 
көптеген жетістіктерге жетеді. Қысқасы, лабилдік дәрежесі біресе жоғарылап, біресе төмендеп отыруы 
мүмкін. Демек, тіннің қозғыштық қасиеті де тұрақты емес, өзгеріп тұрады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   77




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет