Лекция Тарихи лексикология және түркі тілдері лексикасы Лекция тақырыбы: Пәннің мақсаты мен міндеті. Түркі тілдерінің жіктелісі. Түркітанушылық жіктеулер Лекция жоспары



бет1/8
Дата15.11.2022
өлшемі26,17 Kb.
#50470
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6   7   8

1 лекция
Тарихи лексикология және түркі тілдері лексикасы
Лекция тақырыбы: Пәннің мақсаты мен міндеті. Түркі тілдерінің жіктелісі. Түркітанушылық жіктеулер
Лекция жоспары:
Тарихи грамматика – тіл тарихының дербес саласы.
Тарихи грамматика курсының мақсаты мен міндеті, оның тілдің сипаттама грамматикасынан айырмашылығы мен байланысы.
Қазақ тілі грамматикалық құрылысының тарихи дамуын зерттеудің көздері.
Түркі тілдерінің жіктелуі туралы зерттеулер
Лекцияның мақсаты: Тарихи грамматика – тіл тарихының дербес саласы екендігі, тарихи грамматика курсының мақсаты мен міндеті, оның тілдің сипаттама грамматикасынан айырмашылығы мен байланысы туралы, қазақ тілі грамматикалық құрылысының тарихи дамуын зерттеудің көздері туралы, түркі тілдерінің жіктелуі туралы зерттеулер туралы жалпы түсінік беру.
Лекция мазмұны.
Қазақ тілінің тарихи грамматикасы» курсы студенттерді түркі тілдерінің тарихи даму кезеңдерімен таныстырады.
Курстың мақсаты - студенттерге түркі тілдері мен халықтарының зерттелу тарихынан, түркі тілдерінің топтастыру мен өзіндік ерекшеліктерінен, сондай-ақ қазақ тілінің өзіндік ерешекліктерінен мағлұмат беру.
Курстың міндеті - түркі тілдерінің тарихы, этникалық құрылымы туралы мәлімет бере отырып, олардың тарихи дамуын тіл тарихымен байланыстыра анықтауды, тілдердің туыстық, тарихи сырын анықтай білуді, салыстыра отыруды үйрету, проблемалық оқыту әдістері негізінде студенттердің шығармашылық ойлау қабілетін қалыптастыру.
Курстың мазмұны - студенттерге ертедегі және қазіргі түркі тілдерінің жазба мәтіндерін зерттеу жұмысымен таныстырып, болашақ мамандыққа дағдыландыру. Курс қазақ тілін зерттеу тарихы және оны зерттеушілер туралы түсінік берумен қатар, түркі тіл біліміндегі тілдік ерекшеліктер туралы мағлұмат береді.
Түркі тілдерінің ішінде қазақ тілінің орнын анықтау үшін түркі тілдерін жіктеген ғалымдардың еңбектеріне тоқталудың мәні зор. Түркітанушылық жіктеулердің негізіне алынған ұстанымдарға байланысты қазақ тілі түркі тілдерінің әртүрлі тобында қарастырылып отырған. Мысалы, В.Радлов, Ф.Корш, А.Самойлович, В.Богородецкий, С.Малов т.б.
Түркі тілдерін фонетикалық, морфологиялық тұрғыдан жіктеу, топтастыру, яғни классификациялау – Орта ғасыр тіл маманы Махмуд Қашқаридан басталатыны белгілі. Классикалық тіл білімі түркі тілдерін классификациялауды ХІХ ғасырдан бастайды. Тілшілер ішінде көп таралған және қолдау тапқан топтастыру – А.Н.Самойловичтікі. Ол түркі тілдерін 6 топқа бөліп қарайды:


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет