Лекция №1 Лекция тақырыбы: Тіл дамыту әдістемесі Жоспары



бет1/21
Дата15.11.2023
өлшемі460,5 Kb.
#123346
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Байланысты:
Тіл дамыту


Лекция №1
Лекция тақырыбы: Тіл дамыту әдістемесі
Жоспары:

  1. Тіл дамыту әдістемесі және мәнерлеп оқу практикумы пәні және курстың міндеттері.

  2. Тіл дамыту әдістемесі және мәнерлеп оқу практикумы және оның зерттелуі.



Лекцияның мақсаты:
Тіл дамыту әдістемесі және мәнерлеп оқу практикумы пәнінің мақсаты мен міндеттерін, оның зерттелу тарихынан жан-жақты мағлұмат беру.

Мектепке дейінгі тәрбие мамандарын даярлаудағы маңызды саланың бірі тіл дамыту теориясы мен әдістемесі курсы болып табылады. Оның жоғарғы оқу орындарында басты мақсат студенттерге ана тілінің лингводидактикалық және психофизиологиялық негіздерді терең ұғындыру және балалармен ұйымдастырылатын жұмысты тиімді әдіс-тәсілдерді қолдана білуге даярлау. Курсты оқу процесінде әдістемелік ойларды, шынайы педогогикалық ситуацияны дұрыс бағалай білу қабілеті, теориялық білімдерін түрлі жағдайларда қолдануы қалыптасады.


Мектепте тілді оқыту ісінде ана тілі пәнінің үлесі орасан зор. Ана тілі пәні бойынша оқушыларды өмірге баулу жөніндегі міндеттер тілдің негізгі қоғамдық қызметіне, комунакативтік (байланыс, қатынас құралы ретінде) және экспрессивтік (әсер, ықпал етуге дәнекер болу) қызметіне қарай жүзеге асырылады. Олай болса, ана тілі пәні балалардыауызша да, жазбаша да толық сауатты, тілді еркін пайдалана білетіндей етіп шығаруды түпкілікті нысана етіп ұстанады.
Тілге берілетін анықтамалардың негізгісі - тілдің коммуникативтік қызметі мен экспрессивтік қызметі бойынша берілген нұсқасы. Коммуникативтік қызметі жағынан алғанда «Тіл – адам қатынасының аса маңызды құралы.» Ал экспрессивтік қызметі жағынан алғанда, «Тіл-ойдың тікелей шындығы ... практикалық шын сана», ойды қалыптастырып жарыққа шығарушы құрал. Тілдің бұл екі функциясы айрылмастық бірлікте, бірінсіз бірі жоқ.
Тілдің қатынас құралы болу қызметі коммунакативтік деп аталса, оның ойды қалыптастыру, жарыққа шығару, адамның психикалық күйін, жан сезімін, ішкі толғанысын білдіру қызметі экспрессивтік деп аталады.
Оқушылардың тілін байыту, олардың өз ойын дұрыс, жүйелі айта білу мен жазбаша сауатты және мәдениетті болуы туралы пікірлер ертеден-ақ қолға алына бастады.
Қазақ мектептерінде оқушылардың тілін ауызша да, жазбаша да дамыту туралы тұңғыш пікір айтып, іске асыра бастаған Ы.Алтынсарин болды. Ол 1850 жылы Орынбор шекара комиссиясы жанынан қазақ балалары үшін арнайы жеті жылдық мектеп ашып (ол төрт кластық мектеп деп аталған), оның оқу жоспарын қазақ-татар тілін оқыту арнаулы ендірілген. Осы оқу жоспары мен «Ережеде» төртінші класта «Екі тілде жеңіл шығармалар жазуға жаттығу күрделі іс қағаздарын жүргізу... олардың көшірмелер жасауға үйрету» деп міндеттеді.
Сондай-ақ оқыту бағдарламасында: « Қазақ және татар тілдері: а) Бірінші класта оқи жаза білуге үйрету, біраздан кейін жаттықтыру (машықтандыру) жұмысын жүргізу, қазақ сөздерін мүмкіндігінше мол жатқа білгізу, сөйлем құрамын үйрету. б)Екінші класта қазақ тілі грамматикасын оқыту,сөйлемдерді морфологиялық және синтаксистік жағынан талдау жасау үйрету. в)Үшінші класта анық түсінікті, белгілі мазмұндама сөйлем құрауға үйрету (ауызша және жазбаша) ...»-деп берілген.
Осы бағдарламаға сәйкес, балалардың тілін дамыту үшін Ы.Алтынсарин оқулық жазып, хрестоматиялар құрастырды. Ол мектепке тартылған балалардың жас ерекшілігі мен біліміне сәйкес сауатын ашып, ойын, тілін дамыту мақсатын қойды.
Қазақ тілін оқыту мәселелерін жүйелеп шешуге еңбек еткен А.Байтұрсынов болды. Ол өзінің саналы өмірін қазақ қоғамында білім-ғылымның жоғары бағаланып, ағартушылық бағыт әбден қалыптасқан кезде бастады. А.Байтұрсынов ауыл мектептерінде , семинарларда халыққа білім беру, оны жетілдіру саласында көп ізденді, көптеген мақалалар, еңбектер жазды. «Әліп-би», «Тіл туралы», «Әдебиет танытқыш», атты кітаптар, қазақ тілінің табиғаты, өзгешеліктері, араб алфавитінің жайы, терминдер, қазақ тілін оқытудың әдістемесі туралы көптеген мақалалар жазды. Ол тіл, сөз өнері туралы білімді бір жүйеге келтірді.
Тек тіл дамыту, тіл ұстарту мәселелері 1940-50 жылдары қайта көтеріле бастады.
М.Жұмабаев мектепте оқыту тек ғылым негіздерін үйрету мен тәрбие беру ғана емес, ол баланың ойын, тілін дамыту мақсатын көздейтіндігін ашып айтып: «баланың тілін шын дұрыс жолға салатын, дұрыстайтын, байытатын мектеп»-деп жазды.
С.Жиенбаев оқытудың әдіс-тәсіліне назар аударып: «Тегі, әдіс қолданудың өзі фактіні шатастырмай, дұрыс оқыту үшін керек. Мәселен, айқын түсінікті болып жатса, әдіс ізденудің де пәлендей қажеті болмайды. Тексеріп отырған құбылыстарды бала айқын ұға алмай, шатастырып жатса, сонда ғана әдіс іздейміз» - деп, оқушының тілін дамытуда әдіс-тәсілдерді сұрыптап қолдау көрсетті.
Т.Бегалиев өзінің еңбегінде «Тіл дамытуға» арнаулы бөлім арнап, онда бастауыш сынып оқушыларының тілін дамытудағы жаттығу, диктант, мазмұндамаларды жүргізудің жолдарына тоқталады. Сондықтан ол тіл дамытуды грамматикалық материалдармен байланыстыра жүргізуді құптап: «Грамматикалық тақырыптар өтілгенде, оқушылар әрбір грамматикалық формаға өз беттерімен сөйлемдер құрастырады, көркем әдебиеттерден мысалдар іздеп табады. Егер осы сөйлемдер жазылып, ондағы сөздердің қалай жазылуы талдатылып, түсіндіріле бара, егер тиісті грамматикалық формалар емле жөнінен арнаулы жатқызылса, тіл дамыту мен емле жұмысын байланыстыру болып шығады» - деген еді.
Сондай-ақ бұл жылдары қазақ тілі грамматикасын оқыту арқылы тіл ұстарту мәселелері зерттеле бастады. Оқушының тілін дамытуды Қазақстанда педагогика ғылымының шын мәніндегі өркендеуі отызыншы жылдарда басталды. Осы кезде педагогиканың теориясынан қазақ тілінде жазылған алғашқы төл шығармалар жарық көрді. Осы кезде С.Қожахметов жалпы педагогика мен педагогика тарихы жөніндегі күрделі мәселелерге көңіл бөлді.
Тіл дамыту жұмыстары деп баланың тілді қарым-қатынас құралы ретінде өз тәжірибесінде пайдалана білуге үйретуге бағытталған жалпы іс-әрекет деп ұғынамыз да, ал тіл ұстарту деп белгілі бір тілдік заңдылықтар мен ережелердің немесе лингвистикалық, стилистикалық сөз өнері теорисының өз тәжірибесінде қолдана білуге үйрету жұмыстары деп түсінеміз. Сондықтан тіл дамыту кешені мынадай жүйе мен салалардан тұрады:

  • сөздік қорын молайту, сөздік жұмысы ;

  • тілдің грамматикалық құрылысын игеріп, оны өз практикасында қолдана білуге баулу;

  • стиль, стилистикалық ұғым мен дағды беру, стилистикалық тілдік құралдарды үйрету;

  • тіл синонимдерімен жұмыс;

  • тілдің көркемдегіш және бейнелегіш құралдарын үйрету;

  • сөйлеу, айту дағдыларын жетілдіру;

  • жазбаша тілін дамыту;

  • әдеби тіл нормасынан мәлімет беру;

  • тіл мәдениетін қалыптастыру;

  • тіл ұстарту.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет