М инистерство образования и науки республики казахстан


Қазақстан Республикасының ас өнімінің заттық атаулары мен белгілері



Pdf көрінісі
бет23/29
Дата06.03.2017
өлшемі9,51 Mb.
#8135
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   29

Қазақстан Республикасының ас өнімінің заттық атаулары мен белгілері
Мақалада  Қазақстан  Республикасының  ас  өнімінің  заттық  атаулары  мен  белгілері 
қарастырылып, 
ол  белгілердің  мағынасына  тоқталып,  терең  зерттелген.  38  СТ3  ұн 
топшасының  66  СТ3  нан  өнімінің  атаулық  белгілеріне талдау  жүргізілген.  Мақала талдауы  - 
тілдік  онамастика көзі.
Кілт создер:  ономастика,  заттық белгілер, тілдік зерттеу,  заттық атаулардың мағынасы.
Donskova  G.A., A lm urzina S.S.
V erbal trad e m arks  of the food produced in the Republic of K azakhstan
The  article  considers verbal trade marks  of the  food produced in the Republic  of Kazakhstan, 
as well  as the  specificity o f the meanings  of these trade marks  from the point of view of their origin. 
38  trademarks  of Flour  and  66  trademarks  of Bread  have  been  analyzed.  The  main  trends  in  the 
choice of the source language are defined.
Keywords:  onomastics,  verbal trademark, linguistic research, trade marks.

ӘОЖ:  821  512  122.0
Т а л асп аева Ж .С . -  филология ғылымдарының кандидаты, доцент, 
М.Қозыбаев атындагы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті 
Қ ад ы р о в Ж .Т .  -  филология ғылымдарының кандидаты, доцент, 
М.Қозыбаев атындагы  Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті 
К әр іп ж ан о ва Г.Т. -  профессор,  С.Торайгыров атындагы 
Павлодар  мемлекеттік университеті 
С и нб аева Г.К . -  гуманитарлық гылымдарының магистрі,  ага оқытушысы, 
М.Қозыбаев атындагы  Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті
E-m ail: zhkadyrov_777@mail.ru
К Ө Р К Е М  М Ә Т ІН Д Е Г І Э В Ф Е М И ЗМ Д Е Р М Е Н  Д И С Ф Е М И ЗМ Д Е Р Д ІҢ  
Қ Ы З М Е Т І
А ннотация.  Бұл  мақалада  эвфемизмдердің  табу,  дисфемизм,  перифразбен  байланысы 
сипатталады.  Көркем  мэтінде эвфемистік қолданыстардың прагматика мәселесі жэне синоним 
тудыратын  ой-пікірлер  айтылады.  Эвфемистік  мағынаның  көркем  мэтінде 
қолданылу 
ерекшеліктері  мен  қызметін  айқындау  -   эвфемия  құбылысының  тағы  бір  қырын  ашуға 
көмектеседі.
К ілт  сөздер:  эвфемизм,  табу,  дисфемизм,  перифраз,  прагматика,  көркем  мәтін, 
синоним.
Қогам  өмірінің  барлық  қырларын  жан-жақты  көрсететін  көркем  әдебиет 
тілінде  тілдің  барлық  қүралдары  (диалект,  жаргон,  кәсіби  лексика,  қарапайым 
сөйлеу тілі т.б.) авторлық баяндаудан гөрі кейіпкер тілінде оның көркем бейнесін 
ашуда  қолданылады.  Міне,  осындай  көркем,  көп  қүрамдылыгы  арқылы  көркем 
әдебиет тілі басқа стильдерден ерекшеленеді.
Көркем  проза  көркем  эдебиет  стилінің  жан-жақты  ашылатын,  барлық 
қырынан көрінетін ерекше жанрлық түрі  болгандықтан,  көркем әдебиет тіліндегі 
барлық формаларды көркем прозадан кезіктіруге болады.
Ғалым  М.Сергалиев  «Көркем  эдебиет  үшін  эрбір  сөздің,  әрбір  сөз 
тіркесінің,  эрбір  сөйлемнің  былайгы  оқырмандар  байқай  бермейтін  магынасын 
аша  білу,  белгілі  бір  мақсатқа сай сөзді  тосын қырынан сөйлете  білу,  сөйтіп,  сөз 
магынасының «күнгейі  мен көлеңкесін  айыра  білу  ерекше  роль  атқарады»  -   деп 
көрсетеді  [4,  143  б.].  Автор  пікірінің  эсіресе  ауыс  магыналар  негізінде  көркем 
шыгармаларда эвфемизм мен дисфемизмдерге тікелей қатысы бар.  Көркем эдеби 
тілде  бүл  екі  тілдік қүбылыстар  адамның түрлі  ойларын,  реніш  пен  өкініш,  ішкі 
күйзеліс  т.б.  секілді  сан  қырынан  эрі  астарлы  да  мэнерлі  немесе  керісінше 
контрастық  мэнде  суреттеуде  таптыртпас  қүрал  қызметін  атқарады.  Нақты 
адамга,  нэрсеге  арнаудан  өзге  эвфемизмдер  мен  дисфемизмдер  автор  айтқандай 
өмірдің  күнгейі  мен  көлеңкесін  контекстік  магыналарда  табигат,  жер,  ана, 
махаббат пен зүлымдықтарды эдемі,  астарлы да мэнерлі жеткізе алады.  Мэселен, 
партизан жазушысы Қ.Қайсенов шыгармаларында:  «.Махаббат -  жүп жүректің 
пейіші,  тәңірісі  де»,  «аж ал_-  тәңірдің  түзагы»,  «ңорңак^ы ң  -   жүректің 
соры»,  «согыс -  ажал ошагы»,  «тәуекел -  жүрек шешімі»,  «согыс -  зор апат» 
(Партизан  соқпақтары,  61,  75,  83,  132  бб.)  деп  көркем  бейнелі  эвфемизмдер 
берілсе,  адамзат  тағдырына  эсер  еткен  фашизмдердің  зүлмат  алапаттарын:  «... 
немістер  тірідей  көмген  әке-шеше,  ага-іні,  қарындастарының  зиратын  көрді. 
Тоналган  елді,  үй  орнына  күл  болып  ңара  топырагы  гана  цалган  жерді  көрді. 
Панасыз жүрген ананы,  анасыз жүрген  баланы көрді.  Міне,  фашизмнің осындай

лаңынан  жер  қан  сасып  жатты  (Партизан  соқпақтары,  352  б.)  деген  сүрқия 
көріністі  дисфемизмдік  тіркестерімен  эрі  «көрді»  баяндаушының  сөйлем 
соңында  эпифоралық  қайталау  арқылы  ойын  шегелей  түйіндеп  оқырман 
қауымның  көз  алдына  сол  бір  Отан  үшін,  ел  үшін  өте  ауыр  жылдарды  шынайы 
түрде  көз  алдына  елестеді.  Осы  мэтіндердің  көркем  шығармада  эсерлі  шығуы  -  
әрине эвфемизмдер  мен дисфемизмдер  қызметі.  Әдетте жер  ел  анасы,  асыраушы 
болып  есептелетін  қасиетті  де  киелі  нәрсені  автор  жау  зүлымдығын  суреттеуде 
дисфемистік  қолданыста:  күл  болған  қара  топырақ,  тоналған  ел,  қалған  жер, 
панасыз  ана,  анасыз  бала,  жер  қан  сасып  деген  жағымсыз  эмоция  туғызу  үшін 
шебер  қолдана  білген.  Сондықтан  классик  жазушы  Ғ.Мүсіреповтің  эрбір  сөз, 
тіркес,  сөйлемдер  былайғы  оқырманның  байқай  бермейтіндіктерін  аңғарту 
жазушыға қойылатын талаптың ең күштісі екендігін мойындаймыз.
Ғалым  С.  Исаев  қазақ  эдеби  тілінің  қалыптасуына  байланысты:  «Әдеби 
тілімізде  әлі  де  болса  қалыптасып үлгермеген,  оның нормалық талап-тілектеріне 
жауап бере  алмайтын,  бірақ ауызекі тілдің эсеріне  байланысты қолданылу аясын 
өрістетіп,  көркем  әдебиет  тілінде  кездесе  беретін  сөздер  аз  емес.  Мысалы,  осы 
сөз болып отырган тілде эдеби тілге сыйыса бермейтін диалектілік ерекшеліктер, 
түрпайы  сөздер,  жаргондар,  ауызекі  тілдің  элементтері  қолданылуы  мүмкін»,  -  
деп  ескертсе,  «Әрине,  олар  көркем  шыгармада  өзінше  өңделіп,  түрленіп,  орнын 
тауып,  белгілі  мақсатпен  жүмсалады»  [3,  29  б.]  -   деп  көрсетеді.  Бүл  орайда, 
галым  Рабига  Сыздық көркем  шыгармаларда эдеби тілге  жат сөздердің стильдік 
мақсатын  көздеп  жүмсалатындыгын  былай  түсіндіреді:  «Көркем  эдебиет  сөздік 
қүрамга  эдеби  нормадан  шет  түратын  қарапайым  сөз,  жергілікті  сөз  сияқты 
элементтерді  тек  қана  белгілі  бір  стильдік  мақсатпен  енгізетіндігін  жэне  мүны 
қазіргі  белгілі  жазушылар  саналы  түрде,  шеберлікпен  жүргізіп  отыратындыгын 
баса  айтуга  болады»  [5,  160  б.]  -   деген эдеби тілді  галым  Р.  Сыздықова  ауызекі 
эдеби  тіл,  ауызша  эдеби  тіл  деп  екіге  бөледі.  Ауызекі  эдеби  тілге  қазіргі 
функционалдық  стильдердің  ресми,  гылыми,  публицистикалық  стильдердің 
ауызша  формасын  жатқызуға  болатындыгын  айтып,  ауызекі 
эдеби  тілге 
былайша  анықтама  береді:  «¥лттық  эдеби  тілдің  жазу  өнері  шыққанга  дейінгі 
үлгісі,  сөз  өнері  хатқа  түспей  түрган  ерте  дэуірдегі  елінің  қоғамдық-элеуметтік 
мүдделерін  өту  үшін  түтынылған,  бейнелі,  асқақ  стильге  қүрылған  сөз  саптау 
үлгісі.  Олай  болса,  үлттық  эдеби  тілдің  жазбаша  түрі  шыққанға  дейін  дамыган 
түрі  бүгінгі  ауызекі  сөйлеу  стилінің  негізі  болып  табылады.  Ауызекі  сөйлеу 
стилінде  дөрекі  сөздер,  қарапайым,  жергілікті  сөздер  мен  диалекті  сөздер  жиі 
үшырасады.  Бөгде  тілдік  элементтер,  орыс  тілінен  енген  сөздер,  табу  мен 
эвфемизмдер  жиі  қолданылады»  [5,  107  б.].  Ягни,  эвфемистік,  дисфемистік 
қолданыстар ауызекі сөйлеу стилінде жиі кездесетініне назар аударылады.
Көркем эдебиет стилі немесе көркем сөз  -  ойды жэне сезімді образ арқылы 
бейнелейтін  айрықша  өнер.  Тіл  көркем  шыгармада  ерекше  эстетикалық  қызмет 
атқарады.  Ягни  «көркем  эдебиет  оқушының  эстетикалық  талгамын  жетілдіріп 
қана  қоймай,  сөзді  стильдік  өрісіне  сай,  талгап  жүмсауга  үйретеді»  [6,  80  б.]  -  
деп  көрсетеді  Н.Уэлиев.  Адамзат  болмысында  жек  көру,үнату,  күйіну-сүйіну 
дегендер  табигатынан  қалыптасқан  заңдылық  болса,  көркем  эдебиет  жан 
дүниенің  айнасы  іспетті  көрінісі.  Көрініс  болганда  образды,  бейнелі  көрініс. 
Сондықтан  галым  Н.Уэлиев  осы  бағытты  адам  талғамындағы  эстетикалық  сөз 
өресін  бірінші  орынға  қоюына  келісім  беруге  эрі  орынды  пікір  ретінде 
қабылдауға мына секілді мысалдар дэлел:  «Осындай мысыц тілеулес жандармен 
осы күнге дейін неге күреспей келдім» (Үміт үзгім келмейді, 53  б.) деген жолдағы, 
мысың  тілеулес  жан  негізінен  өзін  де,  елді  де  болмас  іске  эуре  қылып,  өз

пайдасы  үшін  кісінің  мазасын  алатын  үяты  жоқ,  дүниеқор  жандар  деген 
мағынадағы 
сөзді 
дауыстап 
айтуға 
ыцгайсызданып,іштей 
ойласа 
да 
жаманшылыққа  қимай  эстетикалы^талгаммен  мысың  тілеулес  деген  бейнелі 
сөзбен  қанағаттанады.  Бүл  фразеологизм  тілімізде  ертеден  қалыптасып  кеткен 
түрайы  мэнді  дисфемизм  қатарына  жататын  болгандықтан,  автор  кейіпкердің 
мәдениеттілігін,  сөз  талгам  өрісін  корсету  үшін  эдейі  монолог  ішінде  келтіріп 
отыр.  Сонда  орнын  тауып  қажетіне  жараған  дисфемизмдер  де  көркем 
туындыларда бейнелі сөз  көркемдегіш қүрал бола алатынына көзіміз жетіп отыр. 
Ал,  мына  мысалдарда  эвфемизмдер  мен  дисфемизмдер  мүлдем  басқа 
мақсаттарда  қолданған:  «Бүрынгыдай  Еркем-ау,  бәленшенің  аузътың  суы  цүрып 
жүр,  бір  түнге  көңіл  бөлсең  нетеді»  не  болмаса,»Жас  кезде  цызыц  көргенге  не 
жетеді,  агаңның көзіне шөп салмай,  етегіне намаз оцып жүр дейсің бе бізді.  Сен 
де  цүр  цалма»,  -   деген  секілді  Зейнептің  жанына  майдай  жагатын  сөзді... 
(Көшпенділер,  155  б.)  жолдарындағы  «аузының  суы  цүру»  қүмарлық,  «бір түнге 
көңіл  бөлу»  көңілдес  болу,  «көзіне  шөп  салу»  жезөкшелік,  «етегіне  намаз  оцу» 
босқа  қарап  жүрмеу  бүл  -Зейнептің  талғамындағы  эвфемизмдер,  бүл  сөздердің 
бэрінің  де  дөрекі  мэнді  дисфемизмдері  бар.  Бірақ  автор  Зейнептің  сөз  талғам 
өрісіндегі 
мүндай 
сыпайылықты 
жеткізген 
түстарынан 
кейіпкердің 
мэдениеттілігін  корсету  мақсатында  қолданысқа  енгізіп  отырса,  ал  мына 
мысалдарда  «Кемінде  мың  әйелдің  етегін  ашпасам,  ит  болайын  деп  серт 
үстаныпты»  десетін 
(Бір  ғана  гүмыр,  321  б.)  дегендегі  «әйел  етегін  ашу» 
кейіпкерге  деген  соншалық  жиіркенішті,  теріс  эмоция  тугызу  мақсатында 
қолданган  автор  дисфемизмі  болса,  «Бүл  жігіт  әлі  бетпердесі  жыртылмаган 
баладай  үяң»  (Үміт  үзгім  келмейді,  43  б.).  Немесе  «Күнімжанның  осы  түнде 
Кенесары батырмен көңіл цосып шыщанның ең алдымен жеңгелері,  одан шешесі 
естіп.»..(Көшпенділер,  90  б.)  дегендегі  эвфемизмдерді  керісінше  жагымды 
эмоция тугызу мақсатында эрі  кейіпкерлердің ой-сезімдерін образды сөз  арқылы 
бейнелеп сыпайы түрде жеткізіп отырган көркемдегіш қүрал болып табылады.
Шындыгында  да,  көркем  әдебиет  тіліне  тэн  негізгі  өзгешелік-оның 
эстетикалық 
функция 
атқаратындыгында. 
Ал 
көркем 
шыгарма  тілініц 
эстетикалық  функциясы  жазушыныц  идеялық,  көркемдік  жоспарымен  тыгыз 
байланысты екені белгілі.
Көркем шыгармага қойылатын шарттар мен талаптардыц ең бастысына тіл 
шеберлігі  жататындықтан,  кез  келген  жазушыныц  тіл  шеберлігі  оныц 
шыгармасыныц  тақырыбы,  ондагы  кейіпкерлер  мен  образдары  арқылы  көрінеді. 
Автор  қолдансында  келген:  «Біреулер  оны  есі  ауысцан,  жынды  десе,  енді 
біреулер  ауысцан  ештеңесі  жоц,  дені  сап-сау»  (Бір  гана  гүмыр,  321  б.)  деген 
сөйлемдерде  «есі  ауысцан»,  «жынды»  дисфемизмдері  ауыл  өмір  шындыгын 
корсету  мақсатында  басым  көпшілігінде  эйелдердіц,  келін-кепшіктердіц  тіл 
мэдиенеттеріне  орай жиі қолданалатыны шыгарманыц тақырыбына орай эрі оны 
ешкім  де  теріске  шыгаралмайтын  табиги  зацдылық  екенін  қаламгер  дөп  басып 
отыр.  Егер  дисфемизмдер  орынына  «сіз»,  «біз»  деген  сыпайы  мэнді  түлгалар 
қолданылса эрине  сөз жоқ көркем туынды  сенімсіз,  өмір  шындыгын  бүрмалаган 
күйінде өз мақсатын орындай алмаган болар еді.
Көркем  эдебиет  тілін  эдеби  тілдіц  бір  саласы  деп  қараганда,  онда 
қолданылатын  барлық  сөздерді,  фонетикалық,  грамматикалық  қүбылыстарды 
түгелдей  эдеби  тілге  гана  тән  деп  қарастыруга  болмайды.  Себебі  көркем 
эдебиеттіц стильдік ерекшеліктері  жалпыхалықтық тілде  кездесетін  фактілердіц 
барлыгын  да  керегінше  қолдана  беруден  бас  тартпайды.  Сондықтан  көркем 
эдебиет  шыгармаларында  эдеби  нормамен  қатар  ауызекі  тіл  элементтері  де,

диалектизмдер  мен  архаизмдер  де,  жаңа  қолданыстар  мен  варваризмдер  де 
кездесуі  заңды.  Айталық,  ежелден  қолданылып  келе  жатқан  мына  секілді 
түрпайы,  дөрекі  мәнді  «ойнастан  тапқан»,  «күлге  аунап  тапқан»  т.б. 
дисфемизмдерді  бертін  келе  заманға  байланысты  қазақ  халқының  өміріне  де 
арақ-шараптың пайда болуына орай «арақтан жаралған»,  «арақтан пайда болған» 
деген  дөрекі  мэнді  күрделі  дисфемизмдер  алдыңғы  түрпайы  тіркестердің 
синонимі секілді қолданылатынын естіп қаламыз.  Әрине, эсіресе, тілші ғалымдар 
бүл  сияқты  дисфемистік  қолданыстар  эдеби  нормаға  жатпайтыны,  мүмкіндігі 
болғанынша  тіл  мэдениеті  дэрежесін  сақтап,  эстетикалық  талғам  өрісін 
күшейтуді  көздегенмен,  халық тілінде,  көркем  шығарма туындыларында мүндай 
сөздер  молынан  үшырасады.  Мүның  бәріне  эрине  уақыт  пен  тарих  төреші 
болмақ.
¥лтгы қ эдеби тіл мен көркем эдебиет тілі арасына теңдік қоюға болмайды. 
Бүл  жөнінде  Р.А.  Будагов:  «Әдеби  тілдің  қүндылығы  сол  -  оның  нормаларын 
меңгерген  адам  оны  жазба  тілде  ғана  емес,  ауызекі  тілде  де  қолдана  береді. 
Жазушылар  тілі  осы  нормаға  бағытталса  да,  оның  өзіндік  көп  жаңалықтары 
болады.  Бүған  қоса  көркем  эдебиет  тілі  тек  қана  коммуникативті  ғана  емес, 
эстетикалық та мақсатты  көздейді» - деген пікір айтады  [2, 9 б.].
Көркем  шығармада  жазушылар 
ауызекі  тілде  жиі  қолданылатын 
эмоционалды-экспрессивті  сөздерді  кеңінен  қолданады. 
Сөзсіз, 
бүларды 
қаламгерлер  кейіпкерлер  тілінде,  кейіпкерлердің  бір-бірімен  күнделікті  қарым- 
қатынасында  пайдаланады.  «Көркем  эдебиет тілінің  бір  ерекшелігі  сол  -   мүнда 
ауызекі  сөйлеу  тілі  мен  эдеби тіл  үйлесім  тауып,  бірін  -  бірі  толықтыра түседі. 
Жалпы халықтық тіл түрлерінің  аралас  -  қүралас  бола  беретіні  белгілі,  бірақ дэл 
бүлай  табиғи  үйлесіп  келуі  функциональдық  стильдердің  басқа  түрлерінде 
кездесе  бермейді»  [4,  152  б.].  Мысалға  жүгінейік:  -   Сонан  бері  тісімді  басып 
жүрмін  (Бір  ғана  ғүмыр,  93  б.).  Баяғы  бір  жүт  жылы  эке  шешелері  бірдей  опат 
болғанда,  Сабыр  тоғыз  жаста,  ал  Жарқын  емшектегі  бала  еді  (Бір  ғана  гүмыр, 
87  б.)  баласы  сойылға  жыгылган  көкайыл  Үлбике  дереу  Мақпалға  келіп,  үрыс 
шығарды  (Бір  ғана  гүмыр,  41  б.)  немесе:  -   Келсін,  жол  үстіндегі  жолаушыдан 
бірдеңе  сүрап  тілемсектеніп  түрудың  инабатты  халыққа  жараспайтын  қасиет 
екенін  айтып,  ендігэрі  жолдарын  бөгемеуді  талап  етіп,  ит  терілерін  бастарына 
қаптап  жіберсін  (Елең-алаң,  77  б.).  Қара  жерге  кіргенше  соны  үқпай,  өмірден 
тэлім  алуга  да  жарамай,  түғырдан  тайып  кетіп  жатқандар  аз  ба?!  (Үміт  үзгім 
келмейді,  48  б.)  т.б.  деген  мысалдарда  жалпы  халықтық  тіл  элементтері 
функционалды  стиль  түрлерінің  бірі  көркем  шығармаларда  автор  пікірлері 
бойынша  үйлесімдік  таба  алатынын  негіздеп  отыр.  Талдап  қарағанда  тіл 
элементтерінің  тек  көркем  мэтіндерде  жаңа  үйлесімдік,  толықтыру  деген 
мэселеде,  эсіресе,  эвфемизмдер  мен  дисфемизмдер  арлас  келген  не  жеке 
қолданысында  болсын  синонимдік  тіл  байлық  ретінде  кейіпкерді  қай  жағынын 
болмасын  жеріне  жеткізе  бейнелуге  таптырмас  қүрал  бола  алады.  Айталық, 
жоғарыдағы  мысалдардарды  былайша  жіктеуге  болады:  а)  дисфемизмдер:  жүт 
жылы (қуаншылық уақыт немесе көктемнің тым кеш шығуы, мал қырылуы), опат 
болу  (қайтыс  болу),  тілемсек  (көп  сүрағыш),  көкайыл  (ашушаң),  ит  терісін 
басына  каптау  (жазасын  беру),  түғырдан  таю  (шамасын  байқамау,  шамасы 
келмеу);  э)  эвфемизмдер:  тісін  басу  (күш  корсету),  тэлім  алуға  жарамау 
(тэрбиесіз)  дегендердегі  үйлесімдік  көркем  шығарма  туындыларында  болмаса 
гылыми  немесе  публицистикалық  стильдерде  қолдануга  ыңгайсыз,  қолдана 
қалган күнде де  эрқайсысына түсініктеме  беруді  қажет етеді.  Ал көркем стильде, 
керісінше,  осы  дисфемизм  не  эвфемизм  көмегімен  аз  сөзге  көп  магына

сыйғызып,  кейіпкер  бейнесін  аша  түседі.  Айталық,  «тісімді  басып  жүрмін» 
дегеннен-ақ  ол  тек  күш  көрсету  емес,  кек  қайтару,  өш  алу,  қастасу,  ыңғайы 
келгенде үрымтал жерден көңілі толғанша оңдырмай жер  қылу деген мағыналар 
осы  фразеологиялық  тіркестің  төңірегіне  шоқтасқан.  Ал  «опат  болу»  бүл  тек 
қайтыс  болу,  дүние  салу  ғана  емес,  кісі  өлімін  қалау,  олардың  о  дүниелік 
болғандарына  айызы  қанып,  кекесін  эрі  мазақ  еткен  көңіл  күйі  сезініп  түр. 
Мүның  үстіне  сол  бір  халық  жанына  батқан  ауыр 
отқа  май  тамызғандай 
жағымсыз  эмоционалды  «жүт  жылы»  деп  сүрағанға  тілеген  дегендей  түспа-түс 
келтіре  сөйлеп  отыр.  Бүл  адамның  нағыз  пасықтық  жағымсыз  бейнесін  көз 
алдыңызға  елестетеді.  Ал  оқырманға  ¥лбикенің  кім  екенін түсіндіріп жатпай-ақ 
«көкайыл  ¥лбике»  деген  автор  қолданысындағы  дисфемизмінен-ақ  қандай 
¥лбике  екені  түсінікті.  Міне  шығарма  тақырыбы  мен  ондағы  қолданылып 
отырган  жалпы  халықтық  тіл  элементтерінің  мазмүнын  ашуға  толықтыру, 
үйлесімдік 
деген 
осы. 
Немесе: 
адамның 
жалқаулығымен 
қоймай, 
дүниеқорлыгын,  оңай олжа көздейтінін т.б.  жағымсыз  бейнесін «тілемсек»  деген 
сөзден басқа қалай бересіз.  Бүл  «тілемсек»  қай халықта болмасын үнамсыз екені 
белгілі, соны жаратпау мақсатында, жай жаратпау емес «ит терісін басына қаптап 
түрып»  өшін  алғанша  жэне  ол  бүгін-ертең  ата  жауы  секілді  жазалауды  айтып 
отыр.  Сонда  ғалымдардың  жоғарыда  келтірілген  «жөнді»,  «жөнсіз  ауытқу»  деп 
отырғандары  түрпайы  мэнді  дисфемизмдер  деп  орынды  қолданылган  жагдайда 
«жөнді  ауытқуга»  жатқызуға  болады  деген  пікірлеріне  толық  келісуге  болады. 
Әрине, 
дисфемизмге 
қарағанда 
сыпайлық 
мэні 
басым 
эвфемистік 
қолданыстардың қашан да  болмасын өрісі  кең.  Есте  болатын жагдай -  қайсы  бір 
эфемистік  қолданыстарды  элі  де  зерттей  түсетін  түстары  бар  сияқты.  Себебі 
сыпайы  сөйлеп  отырып  та  жағымсыз  эмоция  туғызуға  болады.  Жоғарыдағы 
«тэлім  алу»,  «тэлім  алуға  жарамай»  дегендерде  ешқандай  түрпайылық  магына- 
мән  болмаганымен,  контексте,  тіркестерде  келіп  «өмірден  тэлім  алуға  да 
жарамай»  деп  қолдануда  кісі  менсінбеу,  өзінен  томен  санау,  эрбірден  соң  жек 
кору  деген  мағына  онсыз  да  түсінікті  болып  отыр.  Сонда  сырт  түрі  сыпайы 
болғанымен,  ішкі  тілдік  элементтерді  нақты  түрде  дисфемизм  немесе  эвфемизм 
деп атау эрине дау туғызатын мэселе.
Эвфемизмге  қарама-қарсы  қүбылыс  -   қарапайым  сөздер  де  халықтың 
сөйлеу тілінің  байлығы  боп есептелінеді,  әдеби тілді  байытып отыратын бір  көзі 
болып  саналады.  Қарапайым  сөздерді  көркем  туындыларда  жазушылар  тек 
стилистикалық  мақсатпен  гана  қолданып  қоймайды,  сонымен  қатар  эдеби  тілді 
байыту, дамыту мақсатын да көздейді.
Әдеби  тілдің  нормасына  жатпайтын,  ауызекі  тілдің  үлгісіне  жататын 
қарапайым  сөздердің  бір  түрі  -   дисфемизмдер  (какофемизмдер).  Сыпайы 
сөздерге  (эвфемизмдер)  қарама-қарсы  қүбылыс  -   дисфемизмдер  көркем  эдебиет 
туындыларында  кеңінен,  эрі  жиі  қолданылатын,  тілдегі  ауыспалы  магынадагы 
сөздерді  толықтыратын  көркемдеуіш,  бейнелеуіш  қүралдарга  жатады.  Дегенмен 
F.  Қалиев,  Ә.  Болғанбаевтардың  пікірінше:  «Сөйлеу  тілінің  лексикасы  тек 
түрмыстық-қарапайым,  дөрекі,  түрпайы  сөздерден,  болмаса  соларға  жақын 
варваризмдерден  түрмайды. 
...сөйлеу  лексикасында  түрмыстық-қарапайым, 
дөрекі,  түрпайы  сөздерден  басқа,  эдеби  (кітаби)  сөздер  де  аз  қолданылмайды. 
.. .Мэдениеті жоғары, білімді, парасатты адамдар ауызекі сөйлегенде эдеби тілдің 
нормалық белгілерін сақтап, түрпайы, дөрекі,  былапыт сөздерді араластырмай, өз 
ойын  мэдениетті  түрде  жеткізіп  отыруға  дагдыланады».  Ғалымдар  мэдениетті 
адамдардың  ауызша  сөйлеу  тіл  мэдениеті,  салауаты  томен,  дөрекі  адамдардың 
сөйлеуінен элдеқайда жогары деп есептейді  [1,  164  б.].

Сондықтан  көркем  шығармадағы  кейіпкерлерін  жазушылар  олардың 
қоғамда алатын орнына,  қандай әлеуметтік ортадан шыққанына қарай  сөйлетеді. 
Дегенмен,  кейде  күтпеген  жагдайда  т.б  болсын  кері  қүбылыстарды  да  жоққа 
шыгаруга  болмайды.  Мүның  өзі  сөз  не  сөз  магыналарының  жасалуы  мен 
қолданымдары  мэселесіне  келгенде  тілдің  элі  де  толып  жатқан  зерттеу  нысаны 
бола  алмай  жүрген  қырлары  тілдің  күрделі  қүбылыс  екенін  дэлелдей 
түседі.Соның  бірі  түрпайы  мэнді  қарапайым  дисфемизмге  қатысы  бар.Әсіресе, 
ауыл  өмірінде  ақсақалдар  аузынан естіп қалатын дыбысталуында түрпайы  мәнді 
болганымен,  магына  жагынан  жагымды  эмоция  тугыза  алатынына  сан  рет  куә 
болганбыз.  Мэселен,  немересі  балаң  жігіт  болып,  алгаш  рет  атқа  отыруына 
байланысты ақсақал қариялар «  Ой,  мына біздің  боқмүрын атца отыруга жарап 
цалыпты  Ой,  айналайын  тентек  сен  цайдан  жүрсің,  келші  бетіңнен  сүйейін» 
деген  әжелердің  үні  секілді  «Пәлі,  рөлде  отырган  біздің  боцкөтен  гой,  жігіт 
болды  деген  осы»  деп  сүйсініп түрган  қарияларды  кездестіру  қиын  емес.  Әрине 
боқмүрын,  тентек,  боқкөтен  т.б.  осы  секілді  сөздер  сөз  жоқ  тура  магынасында 
дисфемизм  екеніне  ешкімнің  де  дауы  жоқ  шыгар.  Бүл  қолданыстарда, 
контекстерде кері  магыналы сөз ретінде жагымды эмоциялы түлгада беріліп түр. 
Бүл  секілді  кері  магыналы  дисфемизмдерді  көркем  шыгарма  мэтіндерінен 
молынан  кездестіруге  болады.  Мысалы  «Жаман  ініңізден  енді  ацыл  кеңесіңізді 
аямассыз».  (Бір  гана  гүмыр,  135  б.)  деген  сөйлемдегі  жаман  ауыс  магынада 
эвмемизмдік қүбылыста қолданылса,  «Ол  күшікті де  көрмегелі көп  болды,  дедеі 
Рахима  немересін  еске  алът»  (Бір  гана  гүмыр,  136  б.)  Мысалда  берілген  күшік 
сөзі де метафоралық қолданыстагы эвфемизмге жатады.  Ал күнделікті өмірде бір 
нэрсе  бүлінгенде  үрсу  жекіру  орнына  ж ақсы   болыпты  деген  ауыс  магыналы 
эвфемизді  естіп  қалу  үйреншікті  болып  барады. 
Қорытындылай  келе, 
эвфемизмдер  мен  дисфемизмдердің  жалпыхалықтық  қолданысқа,  айналымга 
түсуі  қаламгердің  сөз  шеберлігіне,  өресіне  байланысты.  Эвфемизмдер  мен 
дисфемизмдер  көркем  шыгармаларда  сөз  не  тіркестердің  екінші  бір  қырынан 
(бейнелі түрде) танылады (сыпайы не түрпайы).  Эвфемизмдер мен дисфемизмдер 
қолданысынан 
сол 
заманның 
халық 
мэдениетін 
корсету 
мақсатында 
қолданылады.  Сондай-ақ, оқырманга айтарлықтай әсерлі болуы да ескеріледі.  Біз 
жүмысымызда 
эвфемизмдер  мен  дисфемизмдерді  қолданудың  мақсаты  мен 
олардың жасалу жолдарына қатысты кейбір түстарын гана  қарастырдық.
Әдебиеттер:
1.  Болганбайүлы  Ә.,  Қалиүлы  F.  Қазіргі  қазақ тілінің лексикологиясы  мен 
фразеологиясы.  -  Алматы:  Санат,  1997. -  256 б.
2.  Будагов Р.А.  Французкая стилистика. -  М.,  1961. -  113  с.
3.  Исаев С.  Қазақ эдебитілініңтарихы. -  Алматы, “Мектеп”  1989.  -  29 б.
4.  Сергалиев М.  Стилистика негіздері.  -  Астана, 2006. -  273  б.
5.  Сыздық  Р.  Бүгінгі  коркем  проза  жэне  эдеби  норма //  Тіл  жэне  үлттық 
мэдениет.  -  2005. -  205  б.
6.  Уэлиев  Н.  Фразеология  жэне  тілдік  норма.  -   Алматы:  Республикалық 
баспа кабинеті,  1998. -  80 б.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет