М. Р. Балтымова



Pdf көрінісі
бет64/78
Дата16.05.2023
өлшемі1,57 Mb.
#93444
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   78
ҒҦМЫРНАМА, мемуар (грек. bios – ӛмір, grapho –
жазамын) – жеке тұлғаның ӛмірі мен атқарған
жұмыстарының жылнамасы. Әдебиеттану ғылымында
жазушының ӛмір жолын зерттеу. Бұл зерттеушілік жұмыс
үшін ӛте қажетті, ӛйткені суреткердің ӛмірлік тәжірибесінің
әлеуметтік-тұрмыстық 
жай-күйі, 
толғаныстары 
кӛркем
шығармашылықта кӛрініс береді. Кӛркем образдардың
прототиптерін білуге, шығармашылық процесте жеке ӛмірлік
материалдардың қорытылу жайын түсінуге, суреткердің 
шығармашылық құпиясын ашуға кӛмектеседі. Сондай-ақ, 
күнделіктер, хаттар, замандастарының естеліктері және
суреткердің ӛзі жазып қалдырған әр түрлі деректер
ғұмырнама жазуға негіз болады. Биографияның бір түрі – 
автобиография, яғни, автордың ӛзі жазып қалдырған
ғұмырнамасы. Ғұмырнама кӛркем ғұмырнама, ғылыми
ғұмырнама, академиялық ғұмырнама, т.б. түрлерге бӛлінеді. 
ДАСТАН (парсы. айту, баяндау, жырлау) – әдеби-эпикалық 
жанр. Шығыс халықтары әдебиетінде әсіресе парсы және түркі 
әдебиеттерінде кең тараған дастан белгілі бір сюжетке 
құрылады. Құрылымында кейде ӛлең мен қарасӛз араласып келе 
береді. Мазмұны бірыңғай бола бермейді, қазақ халқының
ӛміріндегі әртүрлі мәселелерді кӛтеріп, қоғамдық санаға игі 
ықпал етіп, тақырыбына, композициялық құрылысына қарай 
сюжетті поэма түрінде немесе сюжетті толғау түрінде келеді. 
Бұрын кім шығарғаны белгілі болғанымен, кейіннен 
фольклорлық сипат алып, кӛптеген дастандардың авторы 
ұмытылған. 
ДИДАКТИКАЛЫҚ ӘДЕБИЕТ (грек. didaktikos – 
үйретуші, оқытушы) – ғылыми-философиялық, моральдық, діни 
идеяларды, уағыз, ғибрат ойларды білдіретін шығармалар. 
Дидактикалық әдебиетте кӛркем бейнелеуден гӛрі байламға, 
пікір мен тұжырымға, ой мен идеяны әсерлі жеткізуге ерекше 
мән беріледі. Дидактикалық әдебиеттің тарихы бай, үлгілері 


272 
кӛп. Фольклор материалдарын аңыз-әңгімелер негізінде жазған 
дидактикалық әдебиет ӛте мол. Әсіресе дидактикалық кӛркем 
сӛзде мақал-мәтелдердің, ақыл-нақыл сӛздердің, ертегілер мен 
эпостардың әсері күшті. Дидактикалық әдебиет кӛне шығыс 
әдебиетінде ерекше орын алады. 
ЕРТЕГІ – фольклордың негізгі жанрларының бірі. Ертегі – 
халық прозасының дамыған, кӛркемделген түрі, яғни 
фольклорлық кӛркем шығарма. Ол әрі тәрбиелік, әрі кӛркемдік-
эстетикалық рӛл атқарады. Ертегілік прозаның басты міндеті –
сюжетті барынша тартымды етіп, әрлеп баяндау. Ертегі 
жанрының пайда болып, қалыптасу тарихы ӛте ұзақ. Ертегінің 
негізін қалған жанрларда, яғни миф, хикая, әпсана, т.б. алғашқы 
қауымдық қоғамның түсініктері мен салты, әдет-ғұрпы, яғни сол 
заман шындығы ӛзінше бейнеленген.
ЖАНР (франц. genre, лат. generis – түр, тек) – ӛнердің
барлық түрлерінде тарихи қалыптасқан іштей жіктелім
жүйесі. Әдебиеттегі жанр – әлем әдебиетіндегі немесе нақтылы
бір ұлттық әдебиеттегі белгілі бір дәуірде қалыптасқан, ортақ
типологиялық, т.б. белгілері бар кӛркем шығармалар түрлерінің
жүйесі. «Жанр» сӛзі француз тілінде «тек» ұғымын береді, 
сондықтан да эпос, лирика және драманы ертеректе жанр деп
атады, кейде жанр термині әдеби түр терминімен
теңестіріледі. Жанрларды тегі мен түріне қарап лирикалық, 
эпостық және драмалық деп бӛлеміз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет