Мазмұны Кіріспе -3 1 ҚР-да сапа менеджментінің даму перспективасы -6


ҚР – да сапа менеджментінің даму перспективасы



бет2/9
Дата06.10.2023
өлшемі188 Kb.
#112947
1   2   3   4   5   6   7   8   9
1.1. ҚР – да сапа менеджментінің даму перспективасы
Республикамызда өндірілетін және шет елдерден әкелінетін азық-түлік шикізаттар мен тағамдық өнімдер адам өмірі үшін қауіпсіз, сапасы да сұраныс деңгейінде болуы тиіс. Өндірілетін тауарлардың және көрсетілетін қызмет сапасын тұтынушының сұраныс талабына сай болуы үшін өндірілетін сапа көрсеткіштерін және өнім мен қызмет сапасын сертификаттап, жоғары сапалы тауар шығаруға, ол өнімдердің сапасы ішкі және халықаралық бәсекелестікке лайық қамтамасыз етілу қажет.
Отандық кәсіпкерлердің өнім сапасын және бәсекеқабілеттілігін арттыру мақсатында ҚР Үкіметінің қаулысымен «Сапа төңірегіндегі конкурстар» №384 26 – мамыр 2001 жылдан және «Сапа төңірегіндегі жеткен жетістіктері үшін», «Қазақстанның ең озық, сапалы тауарлары» деген конкурстары өткізіліп отырады. Сонымен қатар сапаны мемлекеттік реттеуде жыл сайын «XXI ғасырда сапаны жалпы басқару» және Республикалық акциялар «Тек қана біздікін сатып ал» атты конкурстары өткізіліп отырады. Бұл конкурста жеңген отандық кәсіпкерлер мемлекеттік инвестиция салу көзіне айналады және «Халық маркасы» атты атақ беріледі.{4}
Бұл конкурстардың негізгі мақсаты отандық кәсіпорындар арасындағы бәсекеқабілеттілікті арттыру және бәсекеқабілеттілікті арттыру арқылы өндірілетін және көрсетілетін қызметтің сапасын арттыру болып табылады.
Жапония, АҚШ елдері өндірушілер арасындағы бәсекені ынталандыру арқылы, бұл кәсіпорындағы жұмыс орындарына жоғары білікті, тәжірибелі мамандардың жұмыс істеуіне қол жеткізді. Бұл мамандар кәсіпорындағы сапамен байланысты мәселелерді шешуде өздерінің жоғары білімдерімен қатар тәжірибелерді алып келді.


ҚР Үкіметінің «Сапа төңірегіндегі жетістіктері» премиясының
моделі. № 14 сурет

Бұл конкурсқа 650 балдан асқан кәсіпорындар қатыса алады. Конкурсқа қатысушылардың материалдарын арнайы сарапшы топ тексереді. Бұл сарапшы топтың негізгі мақсаты конкурста ұсынылған материалдардың айқындылығын бағалау және тексеру болып табылады.
2006 жылы «Қазақстан нарығындағы үздік кәсіпорын» атағына Food Master компаниясы ие болды. Бұл компания 140 түрлі сүт тағамдары өнімдерін шығарады. Бұл компанияның Қазақстан нарығында 5 зауыты жұмыс істейді. Олар күніне 178 тонна сүт өнімдерін шығарады.{5}
Отандық кәсіпкерлердің бәсекеқабілеттілігін арттыру мақсатында Елбасы Н.Ә.Назарбаев 1-наурыз 2006 жылы Қазақстан халқына жолдауында Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясын ұсынды. Бұл стратегияда келесідей басымдылықтар ұсынылған:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет