Мазмұны кіріспе І бөлім. Шешендік өнер туралы түсінік шешендік өнердің тарихы, қазақ халқының шешендік өнері Шешендік дағдылар мен біліктіліктер ІІ бөлім


Тыңдалым.  «Сөз атасы – құлақ» Тақтада мәтін беріледі, мәтінді мұғалім дауыстап оқиды. Оқушылар мәтін бойынша тапсырмалар орындайды. Сөз атасы – құлақ



бет3/6
Дата13.12.2022
өлшемі57,52 Kb.
#57000
1   2   3   4   5   6
5.Тыңдалым.  «Сөз атасы – құлақ» Тақтада мәтін беріледі, мәтінді мұғалім дауыстап оқиды. Оқушылар мәтін бойынша тапсырмалар орындайды.
Сөз атасы – құлақ
Мазмұнды сөзге құлақ қойып, ықыласпен тыңдай білуге де дағды керек. Орамды тілдің эстетикалық әсеріне, айтылған ойдың мазмұнына қанық болу үшін кісінің «көкірегі сезімді» болуға тиіс. Абай ақыл сөзді кімнің қалай ұғатыны туралы былай дейді: «Қарны тоқ аса маңғаз ұқпас сөзді, сөзді ұғар көкірегі болса көзді...» Солай болғандықтан сөзді әркім әртүрлі тыңдауы мүмкін. Айтылған ғибратты асыл сөз бір құлақтан кіріп, бір құлақтан шығып жатса, онда не пайда?
Ертегілер айтқандай, адамның аузы біреу, құлағы екеу болғандықтан, мылжыңдап көп сөйлемей, көп тыңдай білу де керек. Сөйлей білу адамға қаншалықты керек болса, тыңдай білу де соншалықты керек.
Тапсырма
1.  Қарамен терілген сөз тіркестері мен сөйлемдерге түсініктеме беріңдер.
2.  Мәтіндегі айтылған ойдың «тыңдау әдебі» деген ұғыммен қандай байланысы барына салыстырмалы түрде өз пікірлеріңді айтыңдар.
3.  «Сөз атасы – құлақ» сөзін қалай түсіндіңдер?
6. Жазылым. 
1. Көп нүктенің орнына керекті сөздер мен сөз тіркестерін тауып қойыңдар.
2.  Берілген мақал-мәтелдердің, қанатты сөздердің «Сөйлеу әдебі» тақырыбымен қандай байланысы бар? Өз түсініктеріңді ауызша баяндаңдар.
3.  Мақал-мәтелдер мен қанатты сөздерді оқып, бір қанатты сөзді тақырып етіп шығарма жазыңдар.
1. Тіл – адам ойының ... . 2.Аңдамай сөйлеген ... ... . 3. Ойнап сөйлесең де, ... ... . 4.Тисе терекке, тимесе ... . 5.Айтылған сөз - ... оқпен тең. 6.Бал тамған тілден ... тамар. 7.Көп сөз - ... ... . 8. Көп сөз – күміс, аз сөз - ... . 9.Жасыңда қылжың болсаң, өскенде ... ... . 10.Таза сөйлеу – биік ... . 11.Көңілсіз ... – ойға олақ.
Керекті сөздер: құлақ, мылжың боласың, мәдениеттілік, у, атылған, бос сөз, айнасы, ауырмай өледі, ойлап сөйле, алтын, бұтаққа.
7. Сұхбат. 7мин. «Риза көңіл», «Су сепкендей басылған көңіл»
Компьютерде жазылған сұхбаттар тыңдалады. Ауызекі сөйлеу тілі қалай берілгендігі, өзіндік ерекшеліктері талданады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет