Мектеп ресурстары эыдұ шолуы Анна Понс, Джереми Аморосо, Ян Херчински



Pdf көрінісі
бет28/28
Дата03.03.2017
өлшемі3,47 Mb.
#6396
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28

Саясат жөніндегі ұсынымдар 
Мектептердің басшы кадрларының басқарушылық дағдыларын күшейту 
Ресурстар менеждменті саласында әлеуетті барлық деңгейде дамыту дербестікті жоғарылату 
үшін  міндетті  алдын  алу  шарты  болып  табылады.  Ресурстар  менеджменті  саласында  әлеуетті 
арттыру  үшін  жергілікті  деңгейде  арнайы  оқыту  бағдарламаларын  әзірлеу  қажет.  Мектептердің 
басшылары  үшін  бұл  ресурстар  менеджментіне  оқытуды  басшы  кадрларды  дайындау 
бағдарламаларына  қосуды  білдіреді  (4-Тарауды  қараңыз).  Ресурстар  менеджменті  бойынша 
курстар жергілікті атқарушы органдары үшін де пайдалы болатын еді.  
Бұдан  басқа,  мектептерді  басқарудың  барлық  деңгейі  үшін  (мектептердің  басшылары, 
аудандық шенеуніктер, облыстық шенеуніктер) және білім берудің әртүрлі деңгейі үшін (мектепке 
дейінгі,  бастапқы,  жалпы  орта,  кәсіптік)  қаржы  қызметі  және  мектептердің  менеджмент  әдістері 
бойынша  нұсқаулықтар  қажет,  олар  әзірленіп,  кеңінен  таралуы  тиіс.  Уақыты  келе,  Министрлік 
барлық  мүдделі  тараптардың  әртүрлі  қажеттіліктерін  айқындайтын  нұқсаулықтар  жиынтығын 
әзірлеуі  тиіс  болады.  Мұндай  нұсқаулықтардың  тақырыбы  қаржылық  басқаруды,  соның  ішінде 

201 
бюджеттік  өтінімдерді  беруді  (мектептердің  директорлары  үшін)  және  бюджеттік  өтінімдерді 
бағалауды (аудандық және облыстық шенеуніктер) қамтуы тиіс.   
Ресурстарды тиімдірек пайдалануды көтермелеу үшін ынталандыру жасау  
Қолданыстағы  нормативтік  талаптар  жүйесінен  тиісті  ынталандыру  жүйесіне  өту  –  қиын 
процесс,  себебі  алдын  айтып  өткендей,  нормативтік  талаптар  кейбір  мектептер  үшін  қорғаушы 
рөльді атқарады және олардың күшін жою, егер, ашықтық шарттары қанағаттандырылмаған болса, 
ресурстар бенефициарларын қауіпті жағдайға қояды. Басқа сөзбен айтқанда, оқыту сапасын және 
реформаларды жүзеге асыру барысында, сондай-ақ болашақ реформаланған білім беру жүйесінің 
шеңберінде  мектептер  ресурстарының  жеткіліктілігін  қамтамасыз  ету  үшін  қорғау  шараларын 
қабылдау қажет болады.  
Есептің басқа бөліктерінде егжей-тегжейлі қарастырылатын, тиімділікті арттыру үшін кейбір 
мүмкіндіктер,  мысалы,  мектептерді,  жергілікті  және  өңірлік  органдарды  тиімділікті  арттыруға 
көтермелейтін және үнемделген қаражаттарды өздеріне қалдыруға мүмкіндік беретін жан басына 
шаққандағы  қаржыландыру  формуласын  енгізуді  қамтиды.  Бұл  бюджеттік  процеске  қатысты 
нормативтік  талаптардың  әлсіреуімен  көмектеседі  және  бюджетте  белгілі  бір  соманы  ұсынуды 
қамтуы тиіс, оны мектептердің өз қарауынша олардың басымдықтарына сәйкес пайдалану мүмкін. 
Алдыңғы  жылдан  үнемделген  қаражаттар  өз  қарауынша  пайдаланылатын  сол  сомаға  енгізілуі 
мүмкін.  
Мониторинг тетіктерін және деректер жинағын жақсарту  
Қазақстанның білім беру жүйесінің сыртқы және тәуелсіз мониторингін жасқарту үшін үлкен 
әлеует  бар.  Қазақстан  оның  мониторинг  жүйесінің  шегінде  алатын  деректерлердің  ауқымды 
көлемі  саясаттың  және  дамудың  көптеген  мақсаттарына  қызмет  етеді.  Жақсы  жұмыс  істейтін 
мониторингтің жүйесін әзірлеу кез келген мемлекет үшін ауыр міндет болуы мүмкін және оларға 
он  жыл  және  одан  көп  уақыт  қажет  болуы  мүмкін  (Дүниежүзілік  Банк,  2010).  Алайда  осындай 
жүйенің  пайда  болуымен  қатар  мониторингтің  тиісті  механизмдерімен  байланысты  жаппай 
пайдалар  да  туындайды:  мектептердің  ресурстарын  пайдалану  индикаторларды  салыстыру  және 
олардың  мониторингі  саясатты  жоспарлауды  және  жүзеге  асыруды  жетілдіру  үшін  негіз  жасай 
отырып,  кез  келген  мемлекетке  өзінің  білім  беру  жүйесін  тез  бағалауға  мүмкіндік  береді 
(Дүниежүзілік Банк, 2013b). 
Қазақстанда мониторинг жүйелерінің тиімділік мәселелері алаңдатушылық туғызады, себебі 
тәуелсіз  және  сыртқы  бағалау  органы  жоқ.  Қолданыстағы  мониторинг  жүйесі  білім  беру  жүйесі 
тиімділігінің  өзін-өзі  бағалау  жүйесі  болып  табылады.  Ұлттық  және  жергілікті  органдары  үшін 
өзін-өзі бағалау жүйесі, сондай-ақ сыртқы бағалау жүйесі де тиімді болады, себебі бұл бір тәсілді 
пайдаланумен  байланысты  қиындықтарды  азайтуға  мүмкіндік  береді.  Алайда  ресурстарды 
пайдаланудың  сыртқы  тәуелсіз  мониторинг  жүйесі  басымды  болуға  тиіс.  Сыртқы  және  тәуелсіз 
органдар қолданыстағы мониторинг жүйелері шеңберінде алынатын көп деректерлердің талдауын 
күшейтетін еді.  
Сондай-ақ  деректерлер  жинағының  жүйесін  және  тәжірибесін  жетілдіру  қажет.  Сыртқы 
тәуелсіз мониторингтің жүйесіне қоса деректерлердің тереңдетілген талдауын мектеп деңгейінде 
жүргізу  үшін  деректерлер  жинағының  жүйесін  және  тәжірибесін  жетілдіру  қажет.  Дәлірек 
айтқанда,  деректерлерді  жинаудың  және  өңдеудің  әрбір  кезеңінде  деректерлердің  сапасын 
қамтамасыз ету рәсімін енгізу қажет. Бұл деректерлердің дұрыстығы мен дәйектілігін айтарлықтай 
арттырады.  Бұдан  басқа,  деректерлердің  тереңдетілген  талдауы  белгіленген  талаптардың 
сақталуын  қамтамасыз  етуге  шоғырландырылған,  бар  болған  тәсілден  ауытқу  болып  табылады. 
Деректерлерді  жинау  жүйелерін  күшейту  мониторинг  жүйесінің  көптеген  аспектілерінде  жақсы 
айқындалатын  болады  және  ол  ел  ішінде  Жан  басына  шаққандағы  қаржыландыруды  енгізу 
бойынша  алдағы  уақыттағы  міндеті  үшін  қажет  болады.  Сондай-ақ  мектептердің  сыныпталуын 
қайта  қарастыру  қажет.  Мониторинг  жүйесі  барлық  мектептерді  қамтуға  бағытталған,  сол  бір 
уақытта шағын жинақталған мектептер көбінесе үлкен мектептер сияқты қарастырылады. Мұндай 
көзқарас  ресурстардың  шексіз  қол  жетімділігі  мен  бар  болуы  жүйесінде  аз  проблема  туғызатын 

202 
еді.  Алайда,  шын  мәнісінде,  шағын  жинақталған  мектептердің  қажеттілігі  мен  ресурстары  өте 
ерекшеленеді.  Мониторинг  жүйесінде  шағын  жинақталған  және  үлкен  мектептерге  тең  қарауы 
шағын  жинақталған  мектептердің  қолайсыз  жағдайға  тап  болуына  әкеп  соқтыратын  сияқты. 
Жүйеде шағын жинақталған мектептердің бейінін арттыру қажет. Осы мектептердің мониторингін 
жақсарту  және  әсіресе  ауылдық  жерлерде  білім  беру  сапасын  арттыру  үшін  шағын  жинақталған 
мектептерді анықтауда нақты жетекшілік принциптерді қабылдау қажет.  
Бюджетті атқарудың айқындылығы мен мониторингін күшейту 
Білім берудің әртүрлі деңгейі мен секторлары арасында  ресурстарды бөлуді бақылау қажет. 
Үкіметті ресурстарды пайдалану туралы нақты ақпаратпен қамтамасыз ету үшін Қазақстан білім 
берудің  шығындары  бойынша,  деңгейі  мен  секторлары  бойынша  бюджеттік  есептілік  жүйесін 
енгізуі  қажет.  Білім  және  ғылым  министрлігі  білім  беру  секторларын  салыстырмалы 
қаржыландыру Үкіметтік басымдықтарға сәйкес келетінін анықтау үшін жан басына шаққандағы 
шығындарды  сыныптардың  оқу  нормаларымен  және  көлемімен  салыстыру  қажет.  Мысалы, 
мектепке  дейінгі  және  кәсіби  білім  мектеп  біліміне  қарағанда,  біршама  көп  немесе  аз 
қаржыландырылуы мүмкін. Бұл жағдайда, секторлар арасындағы азғана қайта бөлу білім берудің 
тиімділігін  арттырар  еді.  Осылайша,  білім  берудің  басқа  секторларымен  салыстырғанда  НЗМ 
мектептерін  қаржыландыру  және  кадрлық  қамтамасыз  ету  деңгейі  туралы  ақпаратты  жариялау 
қажет.  
Сондай-ақ,  инвестициялар  үшін  қаражаттардың  көзі  туралы  (республикалық,  жергілікті, 
сыртқы)  ақпаратпен  білім  беру  секторында  барлық  ағымдағы  және  күрделі  шығындар  бойынша 
ұлттық бюджеттік есептілікті енгізу қажет. Бюджеттің атқарылуы туралы барлық егжей-тегжейлі 
ақпаратты  қамтитын  бюджеттік  есептерді  ұсыну  қажет;  Білім  және  ғылым  министрлігі  осы 
есептерді  жасап,  қолдайтын  еді;  және  оларды  жұртшылыққа  жариялайтын  еді.  Осы  есептердегі 
ақпарат  біріктіріле  ғана  қоймай  (мысалы,  облыс  деңгейінде),  білім  берудің  жеке  ұйымдары 
бойынша  да  ұсынылғаны  өте  маңызды.  Бюджеттік  есептерді  кейінгі  жылдарда  салыстыру  үшін 
білім  берудің  барлық  ұйымдарына  тиісті  кодтар  жасау  қажет.  Бұл  үшін  білім  берудің  ұлттық 
деректерлер базасында мектептердің қолданыстағы кодтар жүйесін пайдалануға болады.  
Өнімділікке негізделген тиімділікті талдауға көп назар аудару  
Талдау    әлеуетті  күшейту  Үкіметке  саясатта  жоспарланған  өзгерістерді  тиімдірек  жүргізуге 
көмектеседі. Сыртқы аудит механизмдерінің жоқтығымен және сот төрелігінің дамып келе жатқан 
жүйесімен  бірге  үйлестікте  бухгалтерлік  есеп,  мониторинг  және  бақылау  саласында  бар  болған 
төмен  талдау    әлеуеті  алаяқтықты  анықтау  үшін  мүмкіндіктерді  төмендетеді  (ЮНЕСКО  /  IIEP, 
2007). Білім деңгейі, шығындар санаттары, елді мекендері немесе тіпті жеке мектептер бойынша 
білімге жұмсалатын шығындар туралы егжей-тегжейлі бюджеттік есептілік бар болған жағдайда, 
Қазақстандағы саясатты әзірлеушілер өз шешімдерін қабылдауда оны қолдану үшін  ресурстарды 
пайдалану  туралы  нақты  ақпаратты  ала  алады.  Бұдан  басқа,  егжей-тегжейлі  қаржылық  және 
қаржылық  емес  деректерлердің  жақсы  талдауы  саясат  бойынша  шешімдердің  сапасын 
айтарлықтай  арттыруы  мүмкін,  өйткені  сақтауды  қамтамасыз  етуге  негізделген  қолданыстағы 
тәсіл оны жасай алмайды.  
Қолданыстағы  мониторинг  жүйесі  Білім  беруді  дамытудың  2011-2020  жылдарға  арналған 
мемлекеттік  бағдарламасымен  көзделген  көп  сандық  индикаторларды  қамтиды,  бірақ  қызметтің 
нәтижелерімен  салыстырғанда,  ресурстарды  пайдалану  тиімділігін  өлшеу  бойынша  үлкен 
жұмысты  көздемейді.  Тиімділік  негізінде  субұлттық  деңгейде  мониторинг  аз  жүргізіледі.  Білім 
беру  жүйесінің  барлық  деңгейінде  тиісті  нәтижелерді  қадағалаумен  сапалы  және  егжей-тегжейлі 
ақпаратқа  негізделген  бюджеттік  процесс  ресурстарды  пайдалану  тиімділігін  айтарлықтай 
арттыруы мүмкін.  
Жергілікті  атқарушы  органдардың  және  мектептердің  деңгейінде  ресурстарды  пайдалануда 
дербестілік  пен есептілікті  арттыру  сектордың  тиімділігін  одан  әрі арттыруы  мүмкін. Білім беру 
секторын  бюджеттік  қаржыландырудың  жай  сандық  көбеюлері  (мысалы,  мұғалімдер  еңбек 
ақысының  жаппай  көбеюі)  білім  беру  жүйесіндегі  есептілік  пен  мониторингтің  тиісті  жүйелі 

203 
реформаларынсыз  білім  беру  секторында  тиімді  өсудің  мақсатына  қол  жеткізуді  қамтамасыз 
етпейді деп белгілеп өтуге болады.  
Мектеп деңгейінде ақпаратты белсенді ашу 
Қазақстан  білім  беру  бойынша  мектептердің  және  жергілікті  атқарушы  органдардың 
бюджеттері туралы ақпаратты қоса алғанда, мектептердің және жергілікті атқарушы органдардың 
деңгейінде  қызмет  туралы  ақпараттың  таралуын  жақсартуы  қажет.  Сол  бір  уақытта,  есептерді 
тарату  есептілік  процесіндегі  тағы  бір  ауыртпалық  міндет  сияқты  түсінілуі  мүмкін,  білім  беру 
саласындағы  бақылау  органдарына  (дәлірек  айтқанда,  Білім  және  ғылым  саласындағы  бақылау 
комитеті)  ата-аналар  мен  сайлаушылар  олардың  қоғамдастығындағы  мектептер  қалай  жұмыс 
істейтіні және мектептердің ресурстары қалай пайдаланатыны туралы білу үшін бірыңғай, ұлттық 
деңгейде қабылданған форматты пайдалануға мүмкіндікті қарастыру керек. Бұл кең жұртшылық 
үшін  түсінікті  тілдегі  аттестаттау  туралы  есептің  жариялымын  қамтуы  мүмкін  (4-Тарауды 
қараңыз). Бұл есепте жасырын ақпараттың жариялық релизі, мысалы мектепті аттестаттау туралы 
есепте көрсетілетін бұзушылықтарға жауапты адамдардың аттары көрсетілмеуге тиіс. Осылайша, 
мектеп  директорлары  мектептің  қызметі  және  қаржы  жоспары  туралы  өзінің  есептерін,  дәл 
сонымен  айқындылықты  арттыра  отырып  оларды  веб-сайтта  немесе  мектептің  ақпараттық 
тақтасында түсінікті тілде таратуға тиіс.    
Мектептің  «үлгерімдік  жиынтық  табелі»  -  айқындылықты  жақсартудың  тағы  бір  тәсілі. 
Бірнеше елдер ата-аналар мен жергілікті жұртшылықты мектептің қалай жұмыс істейтіні туралы 
хабардар  етуі  үшін  мектептің  «үлгерімдік  жиынтық  табельдерін»  жұртшылыққа  жариялайды. 
Мұндай «үлгерімдік жиынтық табельдері» оқушыларды мектеп деңгейінде оқытудың нәтижелері 
(мысалы,  стандартталған  ұлттық  бағалаушы  құралдарда  негізделген  қосымша  оң  шаралары), 
оқушылар  контингентінің  әлеуметтік-экономикалық  сипаттамалары  және  мектепте  бар  болған 
ресурстары  туралы  ақпарат  сияқты  осындай  ақпараттарды  қамтиды.  Пәкістанда  мектептік 
жиынтық  табель  және  оқушылардың  үлгерімдік  табелі  жұртшылыққа  және  ата-аналарға  қол 
жетімді  болатын  эксперимент  жүргізілді,  онда  3  сыныпқ  оқушыларының  өз  көрсеткіштерін 
стандарттық  ауытқудан  10%-ға  жақсартқаны  белгіленді  (Андраби  и  Хваяа,  2009).  Бангладеште 
улгерімдік жиынтық табелі бастапқы мектептегі заңсыз қаржы жинау туралы ақпаратты ұсынады 
(Кәрім, 2004). «Үлгерімдік жиынтық табель» бағдарламасының тиімділігі әлі талқылануда, өйткені 
көптеген  ауқымды  бағдарламалар  мұқият  бағаланбаған.  Бразилия  штаты  Паранда  үлгерімдік 
жиынтық табелі 1999 жылдан бастап 2002 жылға дейін қолданыста болған, бірақ егжей-тегжейлі 
бағаланбаған еді (Брунс және басқалары. 2011). Чилиде бағдарлама ата-аналар мен жұртшылықты 
олардың жергілікті мектептері туралы хабардар етті, аталған бағдарлама оқушылардың үлгеріміне 
ықпал  ету  тиімділігін  бағалауға  ұшырамаған  (Мизала  и  Уркиола,  2007).  Алайда  осы    үлгерімдік 
табелі білім беру саласында саяси шешімдерді қабылдау үшін құрал ретінде жүзеге асырылғанда, 
жоғары сапалы деректерлердің бар болуымен айқындалады және мектептің оқушылар үлгеріміне 
нақты салымы туралы жұртшылықты хабардар етуге ықпал етеді.  
Жұртшылықтың  мектептер  қызметіне  бюджеттік  айқындылыққа  қосымша  ретінде 
қатысуын мектеп деңгейінде күшейту 
Жалпы,  бюджеттің  айқындылығы  оң  мемлекеттік  саясат  болып  табылады,  ол  мектептердің 
ресурстарын  пайдаланудың  тиімділігі  мен  ұтымдылығын  арттырады  деп  есептелінеді.  Ресурстар 
жайылып  кететін  елдерде  бюджеттің  айқындылығы  жайылуларды  төмендетіп,  мектептерге 
ресурстардың ағымын жақсартты (Рейника және Свенссон, 2005). Бірақ айқындылық пен есептілік 
бастамаларының  ықпалы  туралы  жақындағы  жүргізілген  шолу  білім  беру  саласында  мұндай 
бастамаларды  жүзеге  асырған  біршама  елдерді  анықтады,  және  сәйкесінше,  оқыту  нәтижелеріне 
ықпал  ету  дәлелдемелері  аз  (Макги  және  Гавента,  2011).  Салыстырма  үшін,  Сальвадорда, 
Камбоджде, Аргентинада мектептердегі шешімдерді, соның ішінде бюджетті пайдалануға қатысты 
шешімдерді  қабылдау  процесінде  қоғамдастықтардың  қатысуы  оқушылардың  оқу  жетістіктеріне 
қолайлы ықпал етті деп дәлелденген (Дүниежүзілік Банк, 2003). 
Осы мәнмәтінде  олардың отбасы мүшелеріне білім беру және ресурстар мәселесінде олардың 
әлеуетін  арттыруға  оқытуды  ұсына  отырып,  қамқоршылық  кеңестердің  пайдалылығын  одан  әрі 

204 
арттыруы  мүмкін.  Қамқоршылық  кеңестер  мектеп  деңгейінде  белгіленген  тәсілге  байланысты 
күнделікті  жұмыс  істемейтінге  ұқсайды.  Қамқоршылық  кеңестердің  пилоттық  сипаты  және 
оларды  бүкіл  елге  таратуға  қатысты  айқынсыздығы  жұмыстың  формальды  хаттамасының 
жоқтығын  куәландырады.  Қамқоршылық  кеңестер  республикалық  және  жергілікті  органдардан 
көп  басқарушы  қолдау  алуға  тиіс.  Олардың  мүшелерін  іріктеуге,  дәлірек  айтқанда  кеңестерге 
қажетті өкілеттіктердің саласына жіті назар аудару керек. Бұдан басқа, қамқоршылық кеңестердің 
жұмыс  істеуін  жақсарту  үшін  республикалық  және  жергілікті  органдарға,  олар  мектептердің 
қаржылық жоспарларын талқылап, талдау үшін олардың әлеуетін дамыту қажет. Әлеуетті дамыту 
бойынша  іс  шаралар:  (i)  айқындылық  пен  есептіліктің  бар  болған  механизмдерін  түсіну;  (ii) 
мектептердің  ресурстарын  пайдалану  мониторингі;  (iii)  жергілікті  органдардан  тәуелсіз  жұмыс; 
(iv)  білім  беру  ресурстарын  пайдалануда  әділдік  пен  тиімділік  мәселелерін  түсіну  сияқты 
бағыттарда қамқоршылық кеңестердің білімдерін арттыруға бағытталуы тиіс.  
Сыбайлас жемқорлық үшін мүмкіндіктердің жолын кесу және қысқарту 
Ресурстарды дұрыс емес пайдалану және сыбайлас жемқорлық үшін мүмкіндіктерді қысқарту 
ең  басты  басымды  міндет  болуы  керек.  Егер,  сыбайлас  жемқорлық  үшін  мүмкіндіктерді 
қысқартпаса, бұл ресурстарды пайдалану тиімділігіне және айқындылық пен есептілік рәсімдерін 
қолдануда  қауіп  төндіретін  болады  және  әділдікке  зиян  келтіруі  мүмкін.  Шын  мәнісінде,  егер, 
білім  беру  жүйесінде  сыбайлас  жемқорлықты  жоймаса,  онда  ресурстарды  пайдалану  тиімділігін 
жақсарту  әрекеттері  маңыздылығын  жоғалтады.  Алайда  айқындылық  пен  есептілік  жүйесін 
жақсарту  жүйедегі  сыбайлас  жемқорлықты  азайту  үшін  бір  жақты  тәсіл  болып  табылады.  Білім 
беру  жүйесін  жақсарту  үшін  ресурстарды  дұрыс  емес  пайдалануда  қолданылатын  мүмкіндіктер 
мен  олқылықтарды  қысқарту  жөнінде  қосымша  саясат  қажет.  Мұндай  тәсіл  ресурстарды 
пайдалану  мониторингінің  және  айқындылық  пен  есептілік  жүйелерін  жүзеге  асыру  арасындағы 
балансты қажет етеді.    
Сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  күрес  мақсатында  билік  мұндай  жағдайларды  анықтауы, 
шығындар  туралы  хабардар  етуі  және  қызметтік  әшкерелеуді  ынталандыруы  қажет.  Сыбайлас 
жемқорлықтың  себептері  экономикалық  проблемаларда,  заңнамада  және  өлшемдерде  (яғни, 
айқынсыздық,  толықсыз,  өте  қиын,  белгісіздік),  мәдениетті  тәжірибесінде,  әлсіз  мемлекетті 
басқаруда (әлеует, бақылау)  және  заңдардың  сақталуын  қамтамасыз  етуде және  қоғамдастықтың 
төмен  деңгейде  қатысуында  болуы  мүмкін.  Ұлттық  және  жергілікті  органдар  негізгі  мүдделі 
тараптарды хабардар ету және ағарту, қоғамдастықты тарту және жұмылдыру жолымен сыбайлас 
жемқорлықты  анықтауға  деген  көп  жақты  тәсілді  қабылдауы  мүмкін.  Қазақстан  Мемлекеттік 
қызмет  істері  және  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  іс-қимыл  жөніндегі  агенттіктің  (Қаржы 
полициясы)  жұмысына  негізделе  отырып,  білім  беру  саласындағы  бұзушылықтармен  ағымдағы 
жағдайды анықтау үшін сыбайлас жемқорлық бойынша жүргізілген өзінің зерттеулерін қолдануы 
мүмкін.  Алайда саясатты әзірлеушілер оларды тағы бір зерттеуді жүргізу үшін емес, шешімдерді 
қабылдау  кезінде  пайдалану  үшін  зерттеулердің  деректерлерін  дәйекті  талдап,  әрі  қарай  жүруі 
қажет.  Бұдан басқа, сыбайлас жемқорлықтың мүмкіндіктерін азайту қажет, мысалы мұғалімдердің 
этикасын  әзірлеп,  мүдделердің  әлеуетті  дауын  анықтау  және  дұрыс  емес  есептілікті  ұсынуға 
ынталарды  қысқарту  үшін  нормативтік  құжаттарды  қайта  қарастыру  керек.  Бухгалтерлік  есеп, 
шығындарды  қадағалау,  ақпараттық  басқару  бойынша  тиісті  оқытудың  және  құралдардың  және 
бақылау  механизмдерінің  көмегімен  әлеуетті  дамыту  да  теріс  пайдалануларды  анықтауға  ықпал 
ететін  болады.  Кеңінен  талқылағанда,  айқындылықты  арттыру,  қаржылай  операцияларды 
компьютерлеу және автоматтау адамдардың әлеуетті араласуын төмендетеді.  
Сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  күрес  бойынша  іс-қимылдардың  Стамбулдық  жоспарының 
(IAP) шеңберінде дайындалған жақын арадағы ЭЫДҰ есебінде белгіленгендей, Қазақстанға негізгі 
мүдделі  тараптарды  тартумен,  мемлекет  сыбайлас  жемқорлық  саласында  кездесетін  негізгі 
проблемаларды  айқындайтын  мақсатты  шаралары  мен  мақсаттарды  анықтаумен  сыбайлас 
жеқорлыққа  қарсы  күрес  бойынша  жаңа  стратегияны  жақсылап  тұжырымдау  қажет  деп 
белгіленген  (ЭЫДҰ,  2014).  Дәлірек  айтқанда  есепте  мына  ұсыныстар  қамтылған:  i)  сыбайлас 
жеқорлықтағы  айыптауды  халықаралық  стандарттарға  сәйкес  келтіру;  ii)  заңды  тұлғалардың 
сыбайлас  жемқорлық  үшін  нақты  және  тежеуші  жауапкершілігін  қамтамасыз  ету;iii) 
прокурорлардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мамандығын құру; iv) халықаралық стандарттарға 

205 
сәйкес  әрі  қарай  кідіріссіз,  ақпаратқа  қол  жетімділік  туралы  заңды  қабылдау;  v)  сот  жүйесінің 
тәуелсіздігі  мен  әділдігін  қамтамасыз  ету;  vi)  бизнес-ассоциациялармен  бірге  қазақстандық 
компанияларда  әділдік  пен  тиісті  басқаруға  көмектесу;  vii)  мемлекеттік  қызметкерлердің  оларда 
болған  активтер  туралы  декларациялардың  тексерілуін  және  жариялануын  қамтамасыз  ету. 
(ЭЫДҰ, 2014) 
 
 

206 
Әдебиет тізімі 
Андраби, Т.,Ж. Дас и А. Хвайа (мамыр 2009). Мектеп үлгерімінің жиынтық табелі: Мектептің 
және балалардың тест баллдарының білім нарығына ықпалы 
Азиаттық даму банкі (2004), Өтпелі экономикасымен елдерде білім беру реформалары: саясат 
және процестер, Әзірбайжанда, Қазақстанда, Қырғызстанда, Монғолияда, Тәжікстанда, 
Өзбекстанда Азиаттық даму банкі жүргізген елдер бойынша алты нақты зерттеулер, 
Азиаттық даму банкі, Манила, 
www.pitt.edu/~weidman/2004-educ-reforms-countries.pdf
.  
Брунс, Б., Д. Филмер и Х. Патрионс (2011). Мектептердің жұмысын ұйымдастыру: есептілік 
реформалары туралы жаңа дәлелдемелер.  
Қазақстан Республикасының Үкіметі (2010), Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 2 
ақпандағы № 54 қаулысы.   
Ақпараттық-талдау  орталығы (АТО ) (2014), Мектептерде ресурстарды пайдалану тиімділігін 
арттыру саясаты: Қазақстан бойынша елдік негізгі баяндама» ОЫДҰ-ға шолу, Қазақстан 
Республикасының Білім және ғылым министрлігінің Ақпараттық-талдау  орталығы,  Астана: 
www.ЭЫДҰ.org/edu/school/schoolresourcesreview.htm 
А. Р. Ибраева, және Т. Г. Нежина (2013), [Қазақстандағы мемлекеттік сектордың реформалары] : 
Кешегі коммунистік елдерде мемлекеттік басқару: бұрыңғы Совет Кеңесі, Орталық және 
Батыс Еуропа, Монғолия, CRCPress, Лондон, 
http://www.crcpress.com/product/isbn/9781439861370
.  
Халықаралық бюджеттік әріптестік (2012), Бюджеттің ашықтығын зерттеу 2012, Қазақстан, 
Халықаралық бюджеттік әріптестік, Вашингтон, Колумбия округі. 
С. Карим, Білім берудегі ашықтық: Бангладеште мектеп үлгерімінің жиынтық табелі. Париж: Білім 
беруді жоспарлау жөніндегі халықаралық институты 
Р.  Макги  и  Дж.  Гавента  (2011),  Биліктің  ауысуы  ма?  Айқындылық  пен  есептіліктің 
бастамаларына 
ықпал 
ету 
бағасы. 
Даму 
саласындағы 
зерттеу 
институты, Брайтон, 
www.ids.ac.uk/publication/shifting-power-assessing-the-impact-of-
transparency-and-accountability-initiatives
 
Мизала, А. және М. Уркиола (2007). Мектеп нарықтары: мектептер тиімділігінің дұрыстығы 
туралы ақпараттың ықпалы, NBERWorkingPaper 13676, Кембридж, Экономикалық 
зерттеулердің ұлттық бюросы  
ҚР БҒМ (2010), Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға 
арналған  мемлекеттік бағдарламасы, Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 
7 желтоқсандағы № 1118 Жарлығы. 
ЭЫДҰ (2014), Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі реформалар: 
мониторинг есебінің үшінші кезеңі, есеп 2014 жылы 10 қазанда Парижде ЭЫДҰ-ның штаб-
пәтерінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша іс-қимылдардың Стамбулдық 
жоспарына арналған жалпы отырысында қабылданды, Батыс Еуропа және Орталық Азия 
ердерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес желісі, 
www.transparency.org/gcb2013/country/?country=kazakhstan
.    
ЭЫДҰ (2013), Батыс Еуропа және Орталық Азия ердерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы 
күресжөніндегі реформалар: прогресс және шақыртулар, 2009-2013, Батыс Еуропа және 
Орталық Азия елдерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, ЭЫДҰPublishing, Париж, 
http://dx.doi.org/10.1787/9789264201903-en


207 
ЭЫДҰ (2012), Білім беруде әділдік және теңдік: нашар оқитын оқушыларға және мектептерге 
қолдау көрсету, ЭЫДҰPublishing, Париж. 
http://dx.doi.org/10.1787/9789264130852-en

Пуасон (2010), [Сыбайласжемқорлықжәнебілімберу], ЮНЕСКО IIEP, 
білімберусаясатыбойыншақұжаттардыңсериясы, № 11, Париж. 
Р. Помфрет (2014), «Казахстан-2030» стратегиясы: мақсаттар, құралдаржәнеорындау, 2014 
жылы 4 
қаңтардаФиладельфиядаАмерикандықэкономикалықассоциациясыныңжылсайынғыконфере
нциясындаҚазақстанныңэкономикалықстратегиясынаарналғанСалыстырмалыэкономикалық
зерттеулербойыншаассоциациятобыныңотырысындаұсынылғанқұжат, 
www.aeaweb.org/aea/2014conference/program/retrieve.php?pdfid=274

Р. РениккажәнеДж. Свенссон (2005), 
[Мектепбілімінжақсартуүшінсыбайласжемқорлыққақарсыкүрес: 
Угандадаақпараттықкомпанияныжүзегеасырутәжірибесі], 
JournaloftheEuropeanEconomicAssociation, 3 Том, №  2-3, 259–267беттер. 
ҚазақстанРеспубликасы (2010), ҚазақстанРеспубликасыҮкіметінің 2010 жылғы 2 ақпандағы № 54 
қаулысы, Астана.  
«Сандж» зерттеуорталығы/ СоросҚазақстанқоры (2013), Мектепдиректорыүшінқаржысұрақтар
«Санж» зерттеуорталығы, Астана. 
Transparency International (2013), Сыбайласжемқорлықтықабылдауиндексі, Берлин. 
Tengri  News  (2014a),  Қазақстанныңбілімберужүйесіндесыбайласжемқорлық,  Tengri  News, 
Алматы. 
Tengri News (2014b), Қазақстандақаржыполициясытаратылған, Tengri News, Алматы. 
Дүниежүзілікбанк (2014), Қазақстанныңбілімберужүйесінкүшейту: 2009 және 2012 
жылдарғаарналған PISA нәтижелерінталдау, ДүниежүзілікБанк, Вашингтон, 
Колумбияокругі. 
ДүниежүзілікБанк (2013a), [Қазақстан: мектептердіңдербестілігіжәнеесептілігі], SABER 
елдікесебі,ДүниежүзілікБанк, Вашингтон, Колумбияокругі. 
ДүниежүзілікБанк (2013b), [Мектептердіңқаржысыүшіннемаңызды: шектіқұжат], SABER жұмыс 
құжаттарының сериясы, № 2 (2013 жылғысәуір), ДүниежүзілікБанк, Вашингтон, 
Колумбияокругі. 
ДүниежүзілікБанк (2012), Қазақстан: дамытуғатрансферттер, № 70923-KZ есебі (2012 жылғы 9 
қазан), ДүниежүзілікБанк, Вашингтон, Колумбияокругі. 
ДүниежүзілікБанк (2010), 
Нәтижегебағдарланғанбюджеттеунәтижелеріжәнемемлекеткедегенсенім,ДүниежүзілікБ
анк, Вашингтон, Колумбияокругі. 
 
 

208 
А-ҚОСЫМШАСЫ. МЕКТЕПТЕРДЕ РЕСУРСТАРДЫ ПАЙДАЛАНУ ТИІМДІЛІГІН 
АРТТЫРУ БОЙЫНША ЭЫДҰ-ҒА ШОЛУ ЖҮРГІЗУ 
Мектептерде  ресурстарды  пайдалану  тиімділігін  арттыру  саясаты  бойынша  ЭЫДҰ-ға 
шолу  жүргізу  (сондай-ақ  «Мектептерде  ресурстарды  пайдалану  тиімділігі  бойынша  шолу 
жүргізу»  деп  аталатын)  ұлттық  және  халықаралық  деңгейде,  мектептерде  ресурстарды  тиімді 
пайдалану  мәселелеріне арналған  үлкен  қызығушылыққа жауап  ретінде дайындалған.  Онда олар 
тиімділігі мен нәтижелілігі бойынша білім беру жүйесінің мақсаттарына қол жеткізуге ықпал ету 
үшін ресурстарды бөлуге, пайдалануға және менеджментке қатысты саясат бойынша талдау мен 
ұсыныстар қамтылған.  «Мектептердің ресурстары» деген ұғым мұнда кең мағынада қолданылады 
және  қаржылық  ресурстарды  (мысалы,  білім  алуға  жұмсалатын  шығындар,  мектептердің 
бюджеттері),  физикалық  ресурстарды  (мысалы,  мектептердің  ғимараттары,  компьютерлік 
жабдық), адами ресурстарды (мысалы, мұғалімдер, мектеп басшылары) және басқа да ресурстарды 
(мысалы, оқу жылы) қамтиды.  
Шолуларды  дайындауға  он  төрт  білім  беру  жүйелері  белсенді  қатысады.  Олар  әртүрлі 
экономикалық  және  әлеуметтік  контексті  бар  жүйелерді  қамтиды,  сонымен,  мектеп  білімінің 
жүйелерінде  ресурстарды  пайдалануға  қойылатын  әртүрлі  жолдарды  көрсетеді.  Бұл  саясаттың 
негізгі  мәселелері  бойынша  салыстырмалы  көріністі  көруге  мүмкіндік  береді.  Қатысушы  елдер 
стандартты  нұсқаулықтар  жинағына  сәйкес  егжей-тегжейлі  негізгі  есепті  жасайды.  Сондай-ақ, 
кейбір  қатысушы  елдер  құрамына  ЭЫДҰ  Хатшылығының  мүшелері  және  сыртқы  сарапшылар 
кіретін  сарапшылар  командасы  жасайтын  егжей-тегжейлі  Шолуды  дайындауға  келісті.  Қазіргі 
кезде  қатысушы  елдердің  қатарына  (жеке  Шолуды  дайындауға  келіскен  елдер  жуан  шрифтпен 
белгіленген):  Бельгия  (Фламанд  қауымы),  Бельгия  (Француз  қауымы),  Чили,  Чехия,  Дания
Эстония,  Исландия,  Қазақстан,  Литва,  Люксембург,  Словакия,  Испания,  Швеция  и  Уругвай 
кіреді.  Барлық  елдердің  тәжірибесін  біріктіретін  ЭЫДҰ  Шолу  бойынша  қорытынды 
салыстырмалы есебі 2012 жылы дайындалады.  
Шолудың  әдістемесі,  мерзімдері  және  қағидаттары  бойынша  нұсқаулықты  қамтамасыз  ету 
үшін  білім  беру  саясаты  бойынша  ЭЫДҰ  комитетінің  қосымша  органы  ретінде  құрылған 
Мектептердің  ресурстары  жөніндегі  ұлттық  сарапшылар  тобы  жобаға  басшылықты  жүзеге 
асырады. 
Толығырақ 
ақпарат 
Шолуға 
арналған 
веб-сайта 
қамтылған: 
www.ЭЫДҰ.org/edu/school/schoolresourcesreview

 

209 
B-ҚОСЫМШАСЫ. САРАПШЫЛАР КОМАНДАСЫНЫҢ ҚҰРАМЫ 
Джереми Аморосо – 2013 жылдан бастап Дүниежүзілік Банктің Білім беру департаментінің 
аналитигі.  Оның  Еуропа  және  Орталық  Азия  өңірінде  бірнеше  жобалар  бойынша  ғылыми  және 
талдау  қолдау көрсету үшін жеке секторда өзінің тәжірибесі бар. Қазіргі кезде оны жалпы орта 
және жоғары білім беру саласында Румыниядағы, Тәжікстандағы және Қазақстандағы жобаларына 
енгізеді. Уильям және Мэри  колледжінің Томас  Джеферсон  бағдарламасы бойынша  мемлекеттік 
саясат саласында Магистр дәрежесі бар, АҚШ. Тринидад және Тобаго азаматы болып табылады. 
Ян  Херчинскидің  білім  беруді  қаржыландыру,  білім  беру  саясаты,  білім  беру  стратегиясын 
тұжырымдау  және  талдау  саласында  15  жыл  тәжірибесі  бар.  Польшаның  Ұлттық  білім 
министрлігіне  білім  беруді  қаржыландыру  және  орталықсыздандыру  мәселелері  бойынша  (1999-
2001 годы) және Македонияның Білім және ғылым министрлігіне (2002-2007 годы), соның ішінде 
Жан  басына  шаққандағы  қаржыландыру  формуласын  әзірлеу  және  енгізу  мәселелері  бойынша 
кеңес  берген.  Ол  2010  және  2012  жылдары  аралығында  білім  беру  саласындағы  Польшаның 
жергілікті атқарушы органдарының стратегиялық әлеуетін күшейту жөніндегі жобаны үйлестірді 
және  Жергілікті  атқарушы  органдарының  білім  беру  кітапханасын  редакциялады.  Өтпелі 
экономикасы  бар  елдерде,  соның  ішінде  Албанияда,  Беларуссияда,  Болгарияда,  Грузияда, 
Косовода,  Қырғызстанда,  Литвада,  Македонияда,  Молдовада,  Польшада,  Румынияда,  Сербияда, 
Тәжікстанда,  Украинада  білім  беруді,  стратегияны  және  басқаруды  қаржыландыру  саласындағы 
көптеген қысқа мерзімді жобалар бойынша есеп құрастырып, кеңес берген. Математика бойынша 
Ph.D. дәрежесі бар. Польшаның азаматы болып табылады.  
Игорь  Хейфец  –  2008  жылдан  бастап  Дүниежүзілік  Банктің  білім  беру  департаментінің 
экономисті.  Оның  жұмысы  салық-бюджеттік  саясатқа  және  білім  беру  жүйелерінде  ресурстарды 
пайдалану  тиімділігіне  шоғырланған.  Ол  Батыс  Еуропа  мен  Орталық  Азия  өңіріндегі  бірнеше 
елдер  бойынша  білім  берудегі  мемлекеттік  шығындар  жөніндегі  Бүниежүзілік  Банктің  бірнеше 
Шолуларының,  сондай-ақ  жоғарғы  білім,  дағдыларды  дамыту,  мемлекеттік  ресурстарды 
пайдалану бойынша басқа да есептердің авторы болып табылады. Джорджтаун университетіндегі 
мемлекеттік саясат саласында Магистр дәрежесі бар, АҚШ. АҚШ-тың азаматы болып табылады.  
Марлейн  Локхид  білім  беру  сапасы,  мектептердің  гендерлік  теңдігі  және  тиімділігі 
саласындағы  реформалары  бойынша  үкіметтерге,  донорлық  агенттіктерге  және  жеке  ұйымдарға 
кеңес  беру  саласында  40  жылдан  астам  жұмыс  тәжірибесі  бар.  Ол  Дүниежүзілік  Банкте  19  жыл 
қызмет  етті,  бастапқыда  білім  берудің  тиімділігі  мен  сапасының  мәселелері  бойынша  зерттеуші 
ретінде,  кейінректе  Таяу  Шығыс  және  Солтүстік  Африка  елдерінде  білім  беру  саясаты  және 
несиелеу  саласында,  сондай-ақ  оқытудың  ішкі  бағдарламаларын  бағалау  саласында  басшы 
лауазымдарын  атқарды.  Ол  ақырғы  уақытта  Білім  беру  бойынша  директордың  міндеттерін 
атқарушы  болып  тағайындалды.  Бұдан  алдын  мектептердегі  гендерлік  теңдік  және  ETS  тестілеу 
мәселелері бойынша зерттеулерді басқарды. Түрлі кәсіби ассоциациялар және ғылыми журналдар 
басқармасының    мүшесі  болды.  Локхид  журналдардың  80  тараулары  мен  мақаласының, 
журналдардың  арнайы  шығарылымдарының  және  7  кітаптың  авторы  және  редакторы  болып 
табылады.  Ғалами  дамыту  орталығына  шақырылған  ғылыми  қызметкер  болды  және  Гарвард, 
Стэнфорд  университеттерінде,  Принстонс  университеттерінде  и  Техас  Университетінде  сабақ 
берді. Стэнфорд университетін халықаралық дамытудың білім беру саласында Ph.D. дәрежесі бар. 
АҚШ-тың азаматшасы болып табылады.  
Анна  Понс  –  2010  жылдан  бастап  білім  және  дағдылары  бойынша  ЭЫДҰ  Дирекциясы 
саясатының  аналитигі.  Ол  қазіргі  таңда  Колумбияның  және  Латвияның  кіруі  бойынша  ЭЫДҰ 
Шолуларын дайындауға қатысады. Анна білім беру жүйелерінің кең шоғырының тиімділігі және 
теңдігі  бойынша  шолуларды  дайындауда  үйлестіруші  болды  немесе  оған  қатысты.    Ол  әділдік 
бойынша тақырыптық есептің серіктес авторы болып табылады (Білім беруде әділдік және сапа, 

210 
2012).  Бұрында  Анна  бәсекеге  қабілетті,  есептілік  пен  айқындылық  саясаты  бойынша  жұмысқа 
қатысқан. ЭЫДҰ-дан алдын Каталония Үкіметінің жоғарғы білім беру комиссиясында және жеке 
секторда  жұмыс  істеген.  Экономика  саласында  Бакалавр  дәрежесі  және  Помпеу  Фабра 
Университетінде  политология  саласында  Бакалавр  дәрежесі  бар,  Испания,  және  Sciences  Po, 
ENSAE and École Polytechnique экономика және мемлекеттік саясат саласында Магистр дәрежесі 
бар,  Франция.  Қазақстан  бойынша  Шолуды  дайындауды  және  есептілікті  жасауды  үйлестіреді. 
Испанияның азаматшасы болып табылады.   
Пауло Сантьяго – 2000 жылдан бастап білім және дағдылары бойынша ЭЫДҰ Дирекциясы 
саясатының  жоғарғы  аналитигі.  Қазіргі  уақытта  мектептердің  ресурстарын  пайдалану  тиімділігі 
бойынша  ЭЫДҰ-ға  Шолудың  үйлестірушісі  болып  табылады.  Осыдан  алдын  ол  үш  үлкен 
мемлекет  аралық  шолулардың  дайындалуына  жауап  берген,  олардың  әр  қайсысына  20 
мемлекеттен  астам  қатысты:  мұғалімдерге  қатысты  саясатқа  шолу  (2002-2005  жылдары),  оның 
негізінде «Мұғалімдер маңызды» деген ЭЫДҰ-ның жариялымы жасалған; жоғарғы білім берудің 
тақырыптық талдауы (2005-2008 жылдары), оның негізінде «Білімдер қоғамында жоғарғы білім» 
деген ЭЫДҰ-ның жариялымы жасалған; мектептер деңгейінде бағалау саясатына шолу (2009-2013 
жылдары),  оның  негізінде  «Оқытуды  жақсарту  үшін  синергия»  деген  ЭЫДҰ-ның  жариялымы 
жасалған. Ол сондай-ақ мұғалімдерге қатысты саясаты бойынша, жоғарғы білім саясаты және 25 
мемлекеттерден  астам  білім  беруді  бағалау  саясаты  бойынша  шолуларды  басқарған.  Солтүстік-
Батыс  университетінде  экономика  бойынша  Ph.D.  дәрежесі  бар,  АҚШ,  ол  да  сабақ  берді. 
Португалияның азаматы болып табылады.  
 

211 
С-ҚОСЫМШАСЫ. САПАР БАҒДАРЛАМАСЫ 
Дүйсенбі

31 наурыз 2014 жыл

Астана
 
09:20-09:50 
Білім
 
берудің
 
мемлекеттік
 
саясатын
 
жоспарлау
 
және
 
әзірлеу
 
«Ақпараттық
-
талдау
  
орталық» АҚ
-
ның
 
президенті
 
және
 
вице
-
президенттері
 
 
10:00-13:00 
Білімберудіңстратегияларыменсаясатынәзірлеу

талдау
/
бағалаужәнемониторингі
 
Білім
 
және
 
ғылым
 
министрлігі
 

 
Мектепке дейінгі және орта білім беру департаментінің директоры
 

 
Стратегиялық 
жоспарлау 
және 
ақпараттық 
технологиялар 
департаментінің директоры 
 

 
Білім және ғылым саласында бақылау жөніндегі комитет төрағасы
 

 
Балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі комитет төрағасы 
 
15:00-15:30 
Білім және ғылым министрлігі
 
16:15-18:00 
№ 
31 
Орта мектебіне бару

Астана
 

 
Мектептің басшысымен кездесу 
 

 
Бір топ мұғалімдермен кездесу 
 

 
Бір топ оқушылармен кездесу 
 
18:30-19:45  
Мектепбілімінталдау
/
бағалаужәнемониторингі
 
Ұлттық білім беру статистикасы және бағалау орталығының директоры 
 
Бейсенбі, 

сәуір 
2014 
жыл

Астана
 
09:25-10:25  
Бюджетті жоспарлау 

мектеп білімін қаржыландыру 
 

 
Қаржы  және  инвестициялық  жобалар  департаменті  директорының 
орынбасары 
 

 
«Қаржы орталығы» акционерлік қоғамының президенті
 
11:00-11:50 
Бюджетті
 
жоспарлау
/
мектеп
 
білімін
 
қаржыландыру
 
Стратегиялы 
қжоспарлау 
және 
тал
 
даудепартаментідиректорыныңорынбасары, 
Экономикажәнебюджеттікжоспарлауминистрлігі
 
 
12:00-13:00  
Бюджетті жоспарлау 

мектеп білімін қаржыландыру
 

 
Әлеуметтік
 
саладағы
 
бюджеттік
 
бағдарламаларды
 
жоспарлау

олардың
 
тиімділігін
 
талдау
 
және
 
іске
 
асырылуын
 
бағалау
 
департаментінің
 
директоры

Экономика
 
және
 
бюджеттік
 
жоспарлау
 
министрлігі
 
 
14:30-15:15  
Бюджетті жоспарлау 

мектеп білімін қаржыландыру
 

 
Стратегиялық  әзірлемелер  және  талдау  орталығы,  Президент 
Әкімшілігі 
 

212 
16:00-17:00 
Бюджетті
 
жоспарлау
 / 
мектеп
 
білімін
 
қаржыландыру
 
Қазынашылық
 
комитеті

Қаржы
 
министрлігі
:  

 
Мемлекеттік
 
бюджеттік
 
бағдарламаларды
 
қаржыландыру
 
жоспарларын
 
шоғырландырылған
 
қаржылай
 
жоспарлау
 
және
 
жүзеге
 
асыру
 
бөлімі
 

 
Мемлекеттік
 
талаптардың
 
және
 
қарыздар
 
бойынша
 
міндеттемелердің
 
есеп
 
бөлімі
 
Қаржы бақылау комитеті, Қаржы министрлігі
 
Сәрсенбі, 2 сәуір 2014 жыл, Талғар ауданы, Алматы облысы 
 
09:00-11:30  

 49 
мектепкебару

Талғарауданы
  (
Жанбасына
 
шаққандағы
 
қаржыландыру
 
бойынша
 
пилоттық
 
жобаға
 
қатысады


 
Мектептің басшысымен кездесу 
 

 
Бір топ мұғалімдермен кездесу 
 

 
Бір топ оқушылармен кездесу 
 
11:50-12:35 
Талған ауданының Білім департаменті
  

 
Білім бөлімінің бастығы   
 
12:50-14:00 
Талғар ауданының Экономика және қаржы департаменті 
 

 
Экономика және қаржы бөлімінің бастығы 
 
17:30-20:00  
Шағын
 
жинақты
 
мектепке
 
бару

Енбекші
 
қазақауданы
 

 
Мектептің басшысымен кездесу 
 

 
Бір топ мұғалімдермен кездесу 
 

 
Бір топ оқушылармен кездесу
 
Бейсенбі, 
 3 
сәуір 
2014 
жыл

Алматы 
 
08:00-09:00 
Жергілікті
 
ғалымдармен
 
кездесу
  (
Кұрманғали
 
Бекішев
 
мырза

Меруерт
 
Махмұтоваханым

09:20-10:10  
Алматы қаласының Білім департаменті   
 
10:50-11:40   
Мұғалімдерді
 
аттестаттау
 
және
 
мектептерді
 
бағалау
 
Алматы
 
қаласының
 
білім
 
және
 
ғылым
 
саласындағы
 
бақылау
 
департаменті
 
12:10-13:00  
Педагогикадрларды
 
дайындау
 
және
 
кәсіби
 
дамыту
 
Қазақ
 
ұлттық
 
педагогикалық
 
университет
 
«Өрлеу» біліктілікті
 
арттыру
 
ұлттық
 
орталығы
 
14:30-15:20  
Сорос Қазақстан қоры
 
«Сандж» зерттеу орталығы
 
16.00-18.00 
№ 
32 
Орта мектебіне бару

Алматы 
 

 
Мектептің басшысымен кездесу 
 

 
Бір топ мұғалімдермен кездесу 
 

 
Бір топ оқушылармен кездесу
 
Жұма, 4 сәуір
 2014 
жыл

Астана
 
09:00-9:40 
Астана қаласының Білім департаменті 
 

213 
09:40-10:20 
Астана қаласының Қаржы департаменті 
 
10:50-16:00 
«Білім
 
сапасын
 
арттыру»  дөңгелек
 
үстел

Дүниежүзілік
 
банк

Білім
 
және
 
ғылым
 
министрлігі
 
Сенбі
, 5 
сәуір 
2014 
жыл

Астана
 
09:00-23:00 
Сарапшылар тобының кеңесі
 
Дүйсенбі
, 7 
сәуір
 2014 
жыл

Аршалыауданы

Ақмолаоблысы
 
10:00-12:30 
Мектепке бару, Константиновка селосы, Аршалы ауданы
 

Мектептің басшысымен кездесу

Бір топ мұғалімдермен кездесу

Бір топ оқушылармен кездесу
15:10-15:50 
Аршалы ауданының Білім бөлімі
 

Білім бөлімінің бастығы
15:50-16:30 
АршалыауданыныңЭкономикажәнеқаржыбөлімі
 

Экономикажәнеқаржыбөлімініңбастығы
17:30-19:30 
Орта  мектебіне  бару  (ресурстық  орталық),  Жібек  Жолы  селосы,  Аршалы 
ауданы
 

Мектептің басшысымен кездесу

Бір топ мұғалімдермен кездесу

Бір топ оқушылармен кездесу
Сейсенбі
, 8 
сәуір 
2014 
жыл

Астана 
08:00-09:00 
«Ақпараттық
-
талдау
  
орталық» АҚ

жобаның
 
командасымен
 
кездесу
 
09:00-10:00 
«Назарбаев зияткерлік мектептері» ДБҰ
 

Білім беру саясаты мен білім департаментінің басқарушы директоры

Білім  беру  саясаты  мен  білім  департаменті  директорының
орынбасары
10:00-11:00 
Шағын
 
жинақталған
 
мектептерді
 
дамыту
 
орталығы

Ұлттық
 
беру
 
академиясы
 
11:10-12:10 
ЮНИСЕФ
 
12:10-13:20 
Жергілікті
 
ғалымдар
 
мен
 
кездесу
  (
Дүйшонқұл
 
Шаматовмырза

Қайрат
 
Құрақбаев

Калиябану
 
Кертаева
 
ханым

13:20-15:40 

Командасы
 
Сарапшылардыңалдыналақорытындыларыменауызшабаяндамасы
 
«Ақпараттық
-
талдау
  
орталығы» АҚ
 
15:00-15:50 

Командасы
 
Сенатормен кездесу
 
16:00-17:00 
Білім
 
және
 
ғылым
 
саласындағы
 
қызметкерлердің
 
республикалық
 
кәсіподағы
 

Мектеп ресурстары ЭЫДҰ шолуы 
ҚАЗАҚСТАН

Document Outline

  • Kazakhstan-kazakh
  • казахский тест Страновой обзор 160715


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет