Методические рекомендации по оцениванию учебных достижений детей с особыми образовательными потребностями и детей, обучающихся на дому


Үйде оқытылатын балалардың оқу жетістіктерін бағалау ерекшеліктері



бет28/31
Дата06.01.2022
өлшемі0,67 Mb.
#14349
түріМетодические рекомендации
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31
5. Үйде оқытылатын балалардың оқу жетістіктерін бағалау ерекшеліктері
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес үйде тегін жеке оқу құқығы «Бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта бiлiм беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегiн оқытуды ұйымдастыру» мемлекеттiк қызметi арқылы іске асырылады. Берілген мемлекеттік қызметтің Стандарты Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігімен әзірленген. Мемлекеттік қызмет дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы бойынша бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта бiлiм беру ұйымдарына денсаулығына байланысты бара алмайтын, стационарлық көмек көрсету, қалпына келтіре емдеу және медициналық оңалту ұйымдарындағы жеке тұлғаларға ұсынылады.

Бұл мемлекеттік қызмет бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта бiлiм беру бағдарламаларын, психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация ұсынысы бойынша мүмкіндігі шектеулі балаларға логопед, дефектолог (олигофренопедагог, сурдопедагог, тифлопедагог), психолог пен әлеуметтік педагогтың түзете қолдауымен бірге ұсынылған арнайы бағдарламаларды іске асырады.

Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды арнайы оқу бағдарламалары бойынша үйде оқыту бастауыш сыныптар үшін ҚР БҒМ 2017 жылғы 24 қарашадағы №592 бұйрығына және негізгі мектеп үшін 2017 жылғы 18 тамыздағы №422 бұйрығына сәйкес бекітілген Үлгілік оқу жоспарларының негізінде жүзеге асырылады.

Арнайы білім беру ұйымдары (психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар, оңалту орталықтары, арнайы мектептер) жалпы білім беретін мектептер, педагогикалық қызметкерлердің, ата-аналардың (заңды өкілдері) түзету-педагогикалық көмек беруін үйлестіреді [28].

Жалпы алғанда, «үйде оқыту»түсінігінің мәнін анықтауда көптеген зерттеушілер мен практиктер үйде оқыту – бұл білім беру немесе оқыту формасы емес, ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды оқыту процесін ұйымдастыру жағдайлары деген пікірді ұстанады. Яғни, үй жағдайында оқуға ауыстырылған балалар мектептің білім беру процесінің толыққанды қатысушысы болып табылады [29].

Балаларды үйде оқытуды ұйымдастыру мәселелері, оның ішінде нормативті-құқықтық негіздері, білім беру мазмұны, үйде оқыту процесіне қатысушылардың қызметі мен міндеттері, білім салалары бойынша үйде оқыту ерекшеліктері, оқу уақытының нормасы мен оны есепке алу, үйде білім алушылардың оқу нәтижелерін бақылау бойынша ұсынымдар Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА 2017 жылы әзірлеген «Үйде оқытылатын балаларды жалпы білім беру мектебінің оқу бағдарламаларымен оқыту бойынша әдістемелік ұсынымдар» құралында толық қарастырылған (Академия сайты: www.nao.kz).

Үйде оқытуды жүзеге асыру бойынша барлық қажетті ұйымдастыру іс-шаралары мен тәртіптері жалпы білім беретін ұйымдар үшін белгілі және жаппай толық көлемде іске асырылуда. Алайда, оқу жылының барысында ең алдымен, жаңартылған білім беру мазмұнындағы оқу бағдарламаларын енгізуге және осыған байланысты критериалды бағалау тәртібіне, екіншіден, жеке сипаттағы жағдайларға байланысты мәселелер орын алуда.

Зерттеушілердің пікірінше, балалардың ерекше білім беру қажеттіліктерінің маңызды аспектілерінің бірі оқытуды сапалы жекелендіру, әрбір балаға өзіне ғана сәйкес қарқын мен білімді меңгеру әдісін, оқу жетістіктерін бағалауға қажеттілік болып табылады. Өз кезегінде, әрбір білім алушының білім беру нәтижелері оның білім алу процесінде меңгеріп жатқан бағдарламаның құрылымы мен мазмұнына байланысты болады

Ерекше білім беруге қажеттілігі бар білім алушылар үшін, соның ішінде үйде оқытылатын балалар үшін білім беру процесін жеке білім беру бағдарламаларын әзірлеу арқылы жекелендіру іске асырылады. Қазіргі таңда инклюзивті оқытуға көшу кезеңінде нормативті құжаттарда жеке бағдарламаның құрылымы мен мазмұнына қойылатын талаптар жоқ екендігін атап өткен жөн. Жеке білім беру бағдарламаларының құрылымдық-мазмұндық аспектілерге қатысты бұл мәселе Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА-да зерттеу мен жобалау кезеңінде.

Дегенмен, әрекеттегі заңнамаға сүйенетін болсақ, «Білім туралы» ҚР Заңының 3-бабында «білім саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптері» анықталған: 1) баршаның сапалы білім алуға құқықтарының теңдігі; 2) білім беру жүйесін дамытудың басымдығы; 3) әрбір адамның зияткерлік дамуы, психикалық-физиологиялық және жеке ерекшеліктері ескеріле отырып, халықтың барлық деңгейдегі білімге қолжетімділігі. Ал «адамдардың жекелеген санаттары үшін психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялардың ұсынымдары ескеріле отырып айқындалатын, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің даму және әлеуеттік мүмкіндіктерінің ерекшеліктері ескерілетін арнайы оқу бағдарламалары әзірленеді» деп айтылған 14-бабына (аталған құжаттың) сәйкес туындаған мәселелер бойынша шешім табуға болады.

Психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің мамандары мен педагогтердің өзара әрекеттестігінің негізгі формасы ретіндегі мектептің психологиялық-педагогикалық консилиум белгіленген міндеттерді нәтижелі шешуге мүмкіндік береді. Психологиялық-педагогикалық консилиумды ұйымдастыру, оның мақсаттары, міндеттері, жұмыс бағыттары, құжаттарының үлгілері туралы толық ақпарат 2016 жылы Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА әзірлеген «Білім беру ұйымдарындағы психологиялық-педагогикалық консилиум ережесі» әдістемелік құралында берілген (Академия сайты: www.nao.kz).

Мүмкіндігі шектеулі білім алушылар арасындағы психофизикалық бұзылыстардың әр түрлілігіне және күрделі ауытқулары бар балалар санының артуына байланысты жеке білім беру бағдарламасының бірыңғай құрылымдық-мазмұндық үлгісін әзірлеу өте қиын екенін атап өткен жөн.

Әрбір баланың жеке ерекшеліктері мен психофизиологиялық мүмкіндіктерін есепке алу принципін сақтай отырып, нормативті тұрғыда жеке білім беру маршрутын анықтау және бір құжатта бағалау тәртібін сипаттау мүмкін емес. Бұл жұмысты мектептің психологиялық-педагогикалық консилиумы жүзеге асырғаны тиімді және заңды болып табылады.

Жеке бағдарламаларды әзірлеу, бекіту және өзгерістер енгізу тәртібі білім беру ұйымы әзірлеп бекітетін локалды нормативті акт - Жеке бағдарлама туралы ережемен анықталуы мүмкін. Бұл құжат жеке бағдарламаның мазмұнында оның құрылымын, әзірлеу тәртібін, іске асыру мерзімі мен түзетулер енгізу және басқаны нақты түсіндіру арқылы педагогтердің жұмысын тиімді етуге мүмкіндік береді.

Жеке бағдарламаның құрылымы өзара байланысты бірнеше бөлімдерден тұратын және әрқайсысының өзіндік мағынасы бар бірыңғай жүйені білдіреді. Берілген бөлімдер білім алушылармен әр түрлі бағыттағы психологиялық-педагогикалық жұмысты қамтамасыз етуге иүмкіндік береді.

Жеке білім беру бағдарламасын жобалау мен іске асырудың ұйымдастырушылық-педагогикалық жағдайлары келесіні қарастырады:



– психофизикалық кемістіктері бар бала үшін жеке білім беру бағдарламасын әзірлеу қажеттілігін мамандар кешенді бағалауды жүргізетін білім беру ұйымында қолдау қызметінің болуы;

– білім алушының жеке бағдарламамен оқуға ауысуы жөнінде өз қалауы және қабылданған шешімнің жауапкершілігін түсінуі;

– баланың жеке білім беру бағдарламасымен оқуына ата-ананың (заңды өкілдерінің) келісімі.

Үлгерімді ағымдық және қорытынды бақылау (жиынтық бағалау) тәртібі мен рәсімі ерекше білім беруге қажеттілігі бар білім алушыға қандай жеке білім беру маршруты белгіленгеніне байланысты болады.



Тұжырым
Қазіргі таңда Қазақстандағы заңнамалық актілер мен нормативті құжаттар Зәрбір баланың жеке қажеттіліктерін есепке ала отырып оқуға құқығын қамтамасыз етеді.

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды инклюзивті оқыту жүйесі бірқатар арнайы принциптерді ескере отырып құрылуы тиіс: (Л.С.Выготский бойынша) [10]:



  • балалардың жас-психофизикалық мүмкіндіктерін есепке алу;

  • балалар олқылығының құрылымын, оның туындау дәрежесі мен уақытын, онтогенетикалық ерекшеліктерін есепке алу енгізінде жалпы дамыту жұмысының коррекциялық-компенсаторлық және абилитациялық-оңалтушылық педагогикалық қызметпен оңтайлы үйлесуі;

  • балаларды олардың даму барысында тұрақты зерделеу және психикалық жаңа құрылған түрлерін анықтау;

  • оқыту барысында психофизикалық жүктемені тең бөлу;

  • даму диагностикасы мен коррекциясының (негізгі психикалық даму салаларының жай-күйі анықталады) және баланың әлеуметтік-мәдени даму жағдайын (ата-аналар талабының деңгейі мен олардың ұмтылу деңгейі, баланың бойындағы мүмкіндіктердің, ресурстардың деңгейі) талдау бірлігі;

  • дамыта оқыту сипаты;

  • оқуға әрекет арқылы жету.

Осы принциптерді іске асыру және әр балаға жеке әдістер қолдануды жүзеге асыру үшін қазақстандық мектептерде педагогтардың мүмкіндіктері жаңартылған білім беру жүйесін енгізумен кеңейтілуде.

Білім беру процесінде критериалды бағалау жүйесін пайдалану бағалау жүйесін жеке пәннің мақсатты міндеттерімен, сондай-ақ ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылардың әлеуметтік біліктіліктерін қалыптастырумен байланыстыруға мүмкіндік беретін өлшемшарттар мен дескрипторларды пайдалану арқылы білім алушылардың жетістіктерін анықтауға және арттыруға мүмкіндік береді. Әр оқушының дайындық деңгейін, оқытудағы жеке прогресін өлшемшарттық бағалау жүйесінің көмегімен анықтау білім алушының оқуға талпынысын ғана емес, сонымен қатар мектептегі білім беру процесінің сапасын да арттыруға ықпал етеді.

Бағалау жүйесі білім беру жетістіктерін бағалау кезінде ерекше қажеттіліктері бар балаларды оқытудағы жетістіктерді объективті көрсетіп қана қоймай, сонымен бірге білім беру процесінде осындай білім алушыларды психологиялық-педагогикалық қолдаудың одан әрі жасайтын қадамдарын жоспарлау үшін негіз болып табылады.

Бағалау жүйесі инклюзия жағдайларындағы оқыту проблемаларының жетістіктері мен диагностикасын өлшеудің негізгі құралы болып табылады, ол білім беру процесінің сапасын анықтауға, оқыту стратегиялары мен тактикалары бойынша түпкілікті шешімдер қабылдауға, білім беру мазмұнын да, күтілетін нәтижелерді бағалау нысандарын да жетілдіруге мүмкіндік береді. Білім беру жетістіктерін бағалаған кезде алынған нәтижелер мен оқыту кезінде жоспарланған мақсаттардың ара қатынасы маңызды екенін ескеру керек.

Инклюзивті ортада оқу жетістіктерін бағалаған кезде білім алушылардың психикасына мұқият болған жөн, оларға жарақат келтіруі мүмкін жағдайларды болдырмау керек, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды дамытудың психофизиологиялық ерекшеліктерін ескеру қажет.

Бағалау жүйесі мұғалім, білім алушы, ата-аналар, сынып жетекшісі, сондай-ақ мектеп әкімшілігі және білім беру ұйымының педагогикалық ұжымы арасында тұрақты байланыс жасауды қамтамасыз етуге тиіс, бұл білім беру процесін құруға жүйелі тәсілді, яғни оның тұтастығын қамтамасыз етеді. Осылайша, инклюзивті ортадағы өлшемшарттық бағалау ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың денсаулығын сақтау мен табысты әлеуметтендіруді қамтиды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет