Мұғалім туралы мәлімет Аты-жөні: Мамадярова Мухаббат Турсумбаевна



бет1/45
Дата27.09.2022
өлшемі213,4 Kb.
#40491
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45

Мұғалім туралы мәлімет


Аты-жөні: Мамадярова Мухаббат Турсумбаевна


Туған жылы: 28.07.1982ж


Мекен жайы: Түркістан облысы, Мақтаарал ауданы Иіржар а\о Азамат ауылы


Жұмыс орны: Х.Әлімжан атындағы №12 НОМ


Бітірген оқу орны : Оңтүстік Қазақстан Педагогика Университеті


Білімі: Жоғары


Мамандығы : Тарих және география


Жалпы өтілі: 17 жыл


Педогогикалық еңбек өтілі: 15 жыл


Санаты: ІІ




Авторлық бағдарлама: Ауызша тарих

Барлығы 34 сағат (1 жыл) 5-6 сыныптар аралығына жоспарланған




Түсінік хат

Қазіргі заман талабына сай маман даярлау мен болашақ маман иелерін оқыту бүгінгі таңдағы басты мақсаттар мен міндеттердің бірі екендігі белгілі. Білім берудің тиімді түрлеріне қол жеткізу үшін оқыту үрдесін жүйелі түрде жоспарлау , қолдану, бағалау қажет. Бұл оқушылар мен мұғалімнің жүйелі де жоспарлы іс-әрекетінің нәтижелерінің бір көрінісі. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін «Ауызша тарих» курсына арналған бағдарламада көптеген шарттары қарастырылған. Қазақстан Републикасының «Білім туралы» Заңының 8-бабында білім беру жүйесінің басым міндеттері –«азаматтылық пенелжандылыққа, өз Отаны – Қазақстан Республикасына деген сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, Конституцияға және қоғамға қарсы кез-келген көріністерге төзбеуге тәрбиелеу» - деп айтылған.


Бүгінгі XXI –ғасырда егеменді Қазақстанда өмір сүріп жатқан жас ұрпақтың бойындағы ерлік пен елдік қасиеттің рухани негізі салт-дәстүрінен, ұлттық мәдени мұраларынан, ел мен жер байлығын қорғап қалған Күлтегін, Тоны көк, Қабыланды, Ер Көкше, Ер Қосай, Едіге, Қарасай, Қабанбай, Наурызбай, Бөгенбай, Сұраншы, Саурық батырлардың ерлік істеріне бастау алады. Сонымен қатар , ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан мәдени-рухани мұралар, тастағы жазбалардағы өсиет, өнеге, нақыл сөздер жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік , ерлік сезімді ұялатып, олардың туған жерге, өскен елге, ұлт мәдениетіне деген сүйіспеншілік қалыптастыруға игі ықпал етеді.
Ұлттық тарихымыздың белгісіне айналған шешендік сөздер, шежіресінен сыр тартып, салт-дәстүрден , халықтың өмір-тұрмысынан дерек беретін қайнар көзі. Атауларға негіз болған белгілердің барлығын да ұлтымыздың , ата-бабаларымыздың да танымы жатыр деп айта аламыз. «Жер- судың атауы-тарихтың хаты» деген халық атауында терең мазмұны, сындарлы салмақ жатыр.
Сонымен қатар тарих- анағұрлым маңызды оқиғалардың, кездесулердің , шежірелердің, пайымдаулар мен естеліктердің, қилы тағдырлары мен өмір кезеңдері , жылнамасы жасауға қажетті көп жасап, көпті көрген дана қарттардың ауызба-ауыз әңгімелерін жинап , тіренуге арналған жоба.
Қолданбалы курста өту барысында пән аралық байланыстарұдайы болып отыр. Қазақ әдебиеті, Жаратылыстану,Қазақстан география, Қазақстан тарихы пәндеріндегі білімдеріне сүйенеді.
Барлығы 34 сағат (1 жыл) 5-6 сыныптар аралығына жоспарланған. Оқушының шығармашылық қабілетін, іздемпаздылығын, тұжырымдылық қабілетін дамытуды алға мақсат етіп қойдым.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет