Мұхтар Әуезов шығармаларының елу томдық толық жинағЫ 3-том мақалалар, ӘҢгімелер, аудармалар, пьесалар 1921-1929 "ДӘуір" "жібек жолы" алматы 2014



Pdf көрінісі
бет24/27
Дата19.01.2017
өлшемі4,32 Mb.
#2190
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27

БҮРКІТ АҢШЫЛЫҒЫНЫҢ СУРЕТТЕРІ

Бұл әңгіме «Таң» журналының 1925 жылғы 3-санында жарияланды. 

Әңгіменің соңына «Мұхтар» деп қол қойған. «Бүркіт аңшылығының 

суреттері»  деген  әңгіме  тақырыбының  астына  «Басылмаған  роман-

нан» деген ескерту берілген.

Бұл  әңгіме  содан  кейін  қайтып  жазушының  көзі  тірісінде 

басылмаған  екен.  Аңшылықтың  көріністері,  оның  психологиялық 

астарлары,  саятшылықтың  сырлары  «Абай  жолы»  эпопеясында  ба-

рынша  толық  қамтылып,  әсерлі  баяндалғандықтан  да,  бұл  әңгімені 

қайыра жариялауды қажет деп таппаған.

«Бүркіт  аңшылығының  суреттерінде»  саятшылықтың  бір  ғана 

сәттері баяндалған. Әңгіме тақырыбында көрсетілгеніндей, бұл үзік – 

бізге белгісіз романның тарауларына кіруге тиісті дербес сурет сияқты. 

М. Әуезов «басылмаған романнан» деп сілтеме жасаса да оның қандай 

шығарма екенін анықтаудың сәті түспеді. Тек жазушының 1929 жылы 

Смағұл Сәдуақасовқа берген жауабында: «24-ші жылы қыс елде тұрып 

бір  роман  жазып  едім, ол  әлі  баспадан шыққан жоқ»  деген  мәлімет 

кездеседі. Зады, Мұхтар Әуезов  «Бүркіт аңшылығының суреттерін» 

осы романның ішінен алып журналға ұсынған болуы керек деген жо-

рамал жасауға толық негіз бар.

Әңгіме жазушының он екі томдық шығармалар жинағының 1-то-

мында  «Жазушы»,  (1967  жыл,  210–213-беттер)  кирилл  һарпінде 

қайтадан  басылып  шықты.  Жиырма  томдық  шығармалар  жинағына 

да (1-том. 258–262-беттер, 1979 жыл) сол нұсқа бойынша енгізіліпті. 

Әңгімені  И.  Глуховтың  аудармасымен  жазушының  орыс  тілінде 

шыққан  «Крутизна»  (Москва,  1965)  атты  жинақта,  бес  томдық 

шығармалар  жинағының  1-томында  (Москва,  1973)  жарияланды. 

Әңгіме  М.Әуезов  шығармалары  жинағының  елу  томдық  толық  ба-

сылымына  «Таң»  журналындағы  алғашқы  нұсқасымен  салыстыры-

лып барып ұсынылып отыр. Салыстырғандар – Сұңқар Жұртбаев пен 

Мұқаш Қожахметұлы.

«Бүркіт  аңшылығының  суреттері»  «Таң»  журналындағы  нұсқа 

бойын ша  жарияланғандықтан  да,  кейінгі  басылымдарда  ешқандай 


359

өзгеріске ұшырамаған. Тек кезінде толық танылмаған не байқаусызда 

кеткен қателер байқалды. Кейбір сөздер түсіп қалған. Олар мыналар:

1. 152-бет. Он екі, жиырма томдықта «алыпты» деп қате кеткен.

2.  152-бет.  Бұл  арада:  «...жүректі  жүз  толқынтып»  –  дегендегі 

«жүректі» деген сөз ұмытылып қалған. Қалпына келтірілді.

3. 152-бет. «Жарық тас» деген сөз «жартас» болып қате жазылып 

келген. Мағынасына сай қалпына келтірілді.

4. 152-бет. «Көрікті» деген сөз «көрік» боп жаңсақ басылый келген.

5.  153-бет.  Журналдағы:  «Етекке  жақындаған  қазандай  жұмыр 

тастар» деген қате терілген сөзді кейіннен: «Етекте жатқан қазандай 

жұмыр тастар» деп дұрыс қалпына келтірілген.

6. 153-бет. Көп томдықтарда әуелгі нұсқада «түйіліп» деп дұрыс 

қолданылған  сөзді  «шүйіліп»  деп  өзгертіпті.  Қайтадан  бастапқы 

қалпына  келтірілді.  Өйткені,  бұл  арада  қыранның  шүйілгенін  емес, 

тас түйін боп түйіліп, таста шамырқанып отырғаны суреттеледі.

7. 153-бет. Бұл арада әңгімені «Таң» журналынан көшіріп басты-

рушы адам: «қарсы бетінен» деген сөзді өзінше «қарсы беттен» деп 

өзгертіпті. Мағыналық жағына нұқсан келетін болғандықтан да әуелгі 

нұсқасы қалпына келтірілді.

8. 153-бет. «Жемін» деген сөз «жерін» боп жаңсақ басылып кетіпті.

9. 153-бет. Бұл арада «малтығып» деген сөз «алқынып» деп қате 

оқылған,  сол  «алқынып»  деген  күйінше  көп  томдыққа  енгізілген. 

Дұрысы – малтығып. Сол сөз қалпына келтірілді.

10. 154-бет. Бұл арада араб әрпінен кирилл һарпіне көшірушіден 

қате кетіп: «... көре салып, атын бұрын байлап келіп, жанталасып» – 

деген сөз тіркесін: «... көре салып, атын бұрып, жанталасып байлап 

келіп», – деп жаңсақ жазған. Мағыналық қалпына келтірілді.



Т. Жұртбай

360

ЕСКІЛІК КӨЛЕҢКЕСІНДЕ

Бұл әңгіме алғаш рет «Таң» журналының 1925 жылғы 4-санының 

102–120-беттерінде  жарияланды.  Әңгіменің  соңына:  «Аяғы  бар. 

Мұхтар» деп қол қойылған. Алайда, әңгіменің аяғы жазылмады ма, 

әлде «Таң» журналының жабылып қалуына байланысты шығарманың 

соңы баспа бетінде жарық көрмей, сол күйінше із-түзсіз жоғалып кетті 

ме,  ол  жағы  белгісіз  әйтеуір  бұл  туынды  сол  «Таң»  журналындағы 

нұсқасы бойынша 1935 жылы жарық көрген «Ескілік көлеңкесі» атты 

жинаққа пәлендей өзгеріссіз енгізілген.

Жазушының  көзі  тірісінде  жарық  көрген  «Қараш-Қараш»  (1960) 

атты  жинаққа  да  алғашқы  нұсқа  негіз  етіп  алынған.  Алайда,  сол 

кездегі  заман  талабы  мен  кеңесшіл  әсіре  сыншылардың  байбала-

мына  байланысты  біршама  қыскартулар  жасаған,  кей  тұстарына 

стильдік түзетулер енгізген. Ауыл суреттерін тамылжыта бейнелеген 

жерлерін  сызып  тастаған.  Сондай-ақ,  Жәмештің  ағасының  бұрынғы 

аты  Хакім  болатын,  соны  Қасым  деп  өзгерткен.  Өзгертілген  сөздер 

мен  сөйлемдер,  қысқартылған  тұстар  түсініктемедегі  ескертулерде 

көрсетілді.

«Ескілік  көлеңкесінде»  атты  бұл  әңгіме  жазушының  он  екі 

томдық  шығармалар  жинағының  1-томына  (1967),  жиырма  томдық 

шығармалар  жинағының  1-томына  (1979)  енді.  Әртүрлі  жинақтарда 

да басылды. Соның бәріне 1960 жылы шыққан «Қараш-Қараштағы» 

басылым  негіз  етіп  алынды.  Әңгіме  орыс  тіліне  аударылған.  Ол  М. 

Әуезовтің  Москвадан  шыққан  бес  томдық  шығармалар  жинағының 

1-томының 75–81-беттерінде жарияланды. Аударғандар – В. Дудинцев 

пен  Н.  Гордеева.  Шығармалар  жинағының  елу  томдық  толық  басы-

лымына  «Таң»  журналындағы  алғашқы  нұсқасымен  салыстырылып 

барып енгізіліп отыр. Текстологиялық салыстыруларды жасағандар – 

Сұңқар Жұртбаев пен Мұқаш Қожақметұлы.

1.  155-бет.  Бұл  арадағы  сөйлемдер  кейіннен  авторлық  түзетуден 

өткен.  Алғашқы  нұсқасында  мынадай:  «Теңгедей  бұлты  жоқ  таза 

аспанда  таласып  жымыңдаған  қызғылт,  жасыл,  сарғыш  түсті 

жұлдыздар тұңғиық қара қошқыл аспанның қадалып, елбіреп қараған 


361

от көздеріндей. Түн аспаны сансыз жұлдыздай көздері мен маңқиған 

айдай сұлу еркесімен сезімді көңілге ым қаққандай болады. Қалғыған 

тұңғиық  түн  сырының  есігін  ашады.  Жұлдызды  аспанға  анда-санда 

айтылатын жер жырын, тіршілік ерлігін тыңдағысы келеді».

2. 155-бет. Кейінгі нұсқада табиғат көрінісіне қатысты үлкен бір 

үзік қысқартылып қалған. Зады, оқиғаны дамыту барысында мұндай 

ауқымды  суреттеу  шығарманың  ішкі  динамикалық  қозғалысына 

кедергі келтіреді деп ойласа керек. Сондай-ақ, өткеннің көріністерін 

сүйсіне жазады деген орынсыз айтылған әсіре сындар да мұны сызып 

тастауға мәжбүр еткен сияқты. Тек қана жалпы табиғаттың түнгі сы-

патынан хабар беретін: «Өзен түн тыныштығының ортасында қоңыр 

салқын лебіне оранып, түс көргендей болады» деген бір сөйлемді ғана 

қалдырған. Жалпы сызылып қалған үзіктің ұзына мәтіні мынадай:

«Қаражалға  келгелі  он  шақты  күн  болған.  Ауылдар  ұзын  өзен 

бойындағы  қоныстарына  шашырап  қонған.  Өзеннің  екі  жағын  биік 

жүндес қара адырлар тау бесігі болып бөлегендей қоршай біткен. Кей-

де тұтасып, ұзын жал болып, кейде шошақ қара биік болып кететін. 

Таудың өзенге қараған беттері ақ тас, қызыл тас деген қызыл жарта-

стар.


Өзен тоғайлы, көбінесе таулы жерге біткен қисық қайың мен мой-

ыл, қара тал арасында анда-санда ұзын біткен жас терек, кей жерлерде 

топ-топ болып барлық тоғайлы өзеннің реңкін кіргізгендей болатын.

Өзен түн тыныштығының ортасында қоңыр салқын лебіне орай-

ып,  түс  көргендей  қалғиды.  Биік  қара  жоталар  жалғыздық  жырын 

айтқандай болып, салқын леппен күрсініп, қабағын түйіп, құлазиды. 

Тоғайдың  жапырақтары  салқынмен  аз-аз  сілкісіп,  бір-біріне  ым 

қағады.  Сезім  білген  жайды  бір  ауыз,  жарым  ауыз  сөзбен  сыбыр 

қылып айтқандай болады. Тоғайлы өзекте түн тыныштығының мәңгі 

сыбыршыл тілшісі сияқтанып  жағадағы таспен  көпіршіп,  ойнап  тау 

өзенінің салқын суы ағады.

Жымдай  қатқан  тау  тыныштығының  ішінде  жасырыны  көп,  сы-

быршыл өзен сұлу айдың ақ жүзді сәулесін қуып аққандай. Көмексіз 

мақсұтқа бел гі сіз үмітпен ұмтылғандай. Қаралы салы жамылған та-

улар  мен  мелшиіп  қарауытқан  тоғайдың  бауырында  секіріп,  ойнап, 

ыршып  аққан  ерке  өзен  кейде  кәрі  қиялмен  ойнаған  жас  сұлудай 

көрінеді.  Кейде  өмір  дертімен  мылқауланған  кәрі  ата-ананың  өлер 

алдындағы ақырғы рет көзіне көрініп, ойынға кетіп бара жат қан жас 

бала сияқтанады. Ағын су бір көрген жағасын қайта көрмесе де, мәң гі 

алға ұмтылған екпінімен тасты, тоғайды, шалғынды, өзекті де, қызыл 

жартас,  қара  адырды  да  артына  қалдырып,  жылжып  кетіп  жатады. 

Өтіп жатқан өмір дің жалғыз-жалғыз секундындый бөлек-бөлек су да 

24–1247


362

белгісіз  жылжумен  алдыңғы  күнге  өзенді  айдап  әкетіп  бара  жатыр. 

Өткеннің  бір  секундын  қайта  қайырып  әкелуге  мүмкін  емес  болса, 

ылдилап аққан судың да бір тамшысын қайта ағызып, бір жағадан екі 

өткізетін табиғаттың дағдысы жоқ. Аққан өзен тамырдан жіңішкелеп 

соққан қан сияқты. Сызылып өтіп жатқан артқы өмір дің бір минутын-

дай  тіршілік  белгісін  білдіретін  сияқты.  Түн  ортасындағы  қара қош-

қылданып,  жансызданған  табиғаттың  лүпілдеп  соққан  жүрегіндей 

көрінеді.

Өзен шалғыны түн лебінің күйіне қосылып, ағып бара жатқан суға 

бас изеп қоштасады. Тоғай көлеңкесі қараңғылықпен сыр кұшағындай 

болып, өзен шалғынымен суға жабысып, құшақтайды. Түннің сансыз 

көп  тұнық  көздеріндей  болып  түпсіздікпен  тұнжырайды.  Өзектің 

жалғыз аяқ жолы кейде шалғын шетімен жүріп, кейде саялы, көлеңкелі 

тоғайдың  түбімен  өзенше  бұралып,  иіріліп  өтетін.  Өлке  бойында 

түн жүргіншісі де, жайылған мал да жоқ еді. Түн болғалы ауылдың 

арасындағы өзектер өз тыныштығымен тыныс алып тұр еді» («Таң», 

1925, № 4, 102–103-беттер).

3.  155-бет.  Бұл  сөйлемдерді  стильдік  тұрғыдан  түзеткен.  Кей 

сөздерді  алып  тастаған,  кей  сөздерді  жаңадан  қосқан.  Негізгі  нұсқа 

мынадай:  «Ақжалдағы  жігіттің  ақ  көйлектің  сыртынан  киген  қара 

желеткесінің жағасы мен омырауы көрінеді. Сыртында қара барқыттан 

жаға салған жұқа сұр шапаны бар. Екеуі де жұқа шапанын желбегей 

салып, өзек бойындағы жақын ауылды бетіне алып келе жатқандай. 

Бұлар оқыста...».

4. 156-бет. Бұл арада: «Екеуі де жақын ауылдан шыққаны білініп 

тұр» деген сөйлем сызылып қалған.

5. 156-бет. «Таң» журналындағы нұсқада: «Бастарын шұлғып та-

стап» деп жазылған.

6. 156-бет. Журналдағы нұсқада: «Шабдар мінген бозбала...».

7.  156-бет.  Бұл  арада  біраз  түзетулер  жүргізілген.  Алғашқы 

нұсқада:  «Пісте  мұрын,  толық  бетті,  ақ  жігіт  ай  сәулесінің  астында 

әрі оқыған, әрі сұлу жүзімен шынымен-ақ ыстық сезім күйін іздеген 

таулы даланың махаббатты геройы сияқты еді.

Жол бойында бұл жігіт не күрсініп, не бір ауыз сөз сөйлегенде, өңі 

сұрланып, етіне тоңазыған діріл кіргендей болатын» деп жазылған.

8. 156-бет. Бұл жерге де түзетулер жасалған. Қысқарған. Журналдағы 

сөз  мәтіні  мынадай:  «Бұл  ел  –  маңайдағы  өзге  болыстардың  ішінде 

көзі  қарақты  азаматтары  –  оқығандары  көп,  басты  елдің  бірі  еді. 

Оқығандардың ішінде Қабыш көзге толымды, көрнекті жігіті деп са-

налатын. Жүрген жерлерінде пікірлі, негізділігімен де аты шыққан ескі 

азаматтың бірі. Биылғы жыл елге шығуда Қабыштың ішіне жиған бір 



363

жасырын сыры болатын. Ол сырдың себепшісі: Қабышты көп жылдай 

арманды қылып жүрген, өзіндей жас, өзінен де сұлу, ерке Жәміш еді. 

Ай астында қалғыған өзектің ішімен аяңшыл аттың екпініне бой беріп 

келе жатқанда, Қабыштың сезімге толған денесі сергігендей болса да, 

көңілде қара тастай басып жатқан сенімсіздік, күптілік бар еді».

9. 156-бет. Жазушы әңгіменің алғашқы нұсқасына қолын қаттырақ 

батырып,  қырнап-жонған.  Кей  тұстарда  жаңадан  сөздер,  сөйлемдер 

қосқан. Жастықтың ыстық сезімін білдіретін кей тұстардағы жалынды 

сөздерді «салқындатып», сабырлы қалыпқа түсірген. Бұл – Қабыштың 

Жәмешке деген отты сезімін суы тып, іс-әрекетті ақыл-ойға жеңгізді 

деген  тұжырым  жасауға  ықпал  ету  үшін  жасалған  жазушының 

шығармашылық ниеттен туған шешімі. Журналдағы нұсқа бойынша 

бұл арадағы Қабыштың көңіл күйі былай берілген: «Жас жігіт алыстағы 

қалада қиыр жайлап, шет қонғандай болып жүргенде, Жәмештің ұзын 

бойлы, жіңішке денесі мен сұлу қара көзді, қызыл жүзді, ақ маңдайы 

бір күн есінен кеткен емес. Кішкене күннен, балалық ұясынан алып 

шыққандай ертегілік қиялы осы пішінге біржолата жабысып өткендей 

еді. Сол нәзік сұлу пішін көп жылдық арманы, жасырын мұңы еді.

Әсіресе,  қалада,  алыста  жүргенінде,  Қабыштың  қиялы,  ия  сұлу 

қыздың  жүзі  –  бейістегі  қордай  болып  көрініп,  сағымданып  тарту-

шы еді. Сол алыс қалада ұзақ уақыт жүріп, сүйген сұлуын ойлағанда, 

Қабыш шын шерлі сияқтанатын. Сол уақыттағы сезімі қар үстіне қан 

тамғандай бусанған ыстық сезім еді. Күн сәулесіндей қызулы сәулесі 

бар  мағыналы  есті  сезім  болатын.  Бұл  сезімнің  ерекше  күшті  бола-

тын себебі: Қабыш көп жылдай хат жазып, жауап ала алмай арманмен 

жүрген».

10.  157-бет.  «...талып  жығылған  көңілге»  –  «талып  қажыған 

көңілге».

11. 157-бет. Алғашқы нұсқада былай суреттелген: «Жәмеш өзінің 

берік ті гіне қилап, жұмыс істеп қалатындай болып, қағазбен айтпаған. 

Бұ да Қабышқа істеген қаттылықтың бір белгісі еді. Бірақ бұдан ауыр, 

бұдан да үмітсіз күндерде де бір Жәмештің атына өзінің барлық жас 

қиялын байлаған Қабыш сүйген сұлуынан алғашқы өз атына арналған 

жауапты  естігенде,  барлық  жас  тіршілігінің  мағынасын  сол  күні 

тапқандай болып еді».

12. 157-бет. «... үміт қылатын» – «үміт қылып еді».

13. 157-бет. Бірінші нұсқада: «Күйеуі кім? Күйеуі – Мойылдының 

ең басты адамы...».

14. 157-бет. «... өзі айтқан» – «өзі ашып айтқан».

15. 157-бет. «Жуан ауылдың» – «жуан, мырзабай ауылдық».


364

16.  158-бет.  «...  ойлап  алмай  жүрген»  –  «ойлап,  байлай  алмай 

жүрген».

17. 158-бет. «... ағасы Қасым» – бірінші нұсқада «ағасы Хакім».

18. 158-бет. «... шалға бармайды» – «шал басына бармайды».

19. 158-бет. «... саналып еді» – «саналып қалған».

20. 159-бет. Бұл арада біраз сөз бен сөйлемдер өзгеріске ұшыраған. 

Журналдағы мәтіні мынадай: «... Әрі жек көру үнемі бола беретін іс 

емес: бірақ Қабыштың бүгінгі күйінде ол мүмкін еді. Солай болуына 

керек те еді. Қабыш дәл бүгінгі күнге шейін Жәмештің мінезін түсіне 

алған жоқ. Жәмеш бұрын қол жетпестей алыста, сағымданып тұрған 

сүйгені  болса,  қазір  де  шешуі  қиын,  туысы  жат,  дағдысы  бөлек  бір 

ауыр жұмбақ болды.

Сүю – бұрынғы қалыбында күшті. Сүюден енді бойын тартайын 

десе  де  жас  жігіттің  шамасы  жетпейді.  Өйткені,  Жәмеш  төменден, 

былғанып, бұзылып кеткен жоқ. Ол өмір бойы ұсынса қолы жетпестей 

тәкәппар, биік болып тұрып, сол таза, сол тәкәппар, салқын күйінде 

Қабыштай талай жас жігітті арманда қылып кетіп барады. Сүйген жан 

алыстаған сайын қалтырап, жабысып сүймеске шара жоқ. Сондықтан 

Қабышта  бір  көрініп  ұзап  бара  жатқан  сұлуға  қадалып,  жабысып 

қалған ықтиярсыздық бар.

Сол хал көңілін қара тас басқандай. Бұған қарсы шығарлық түзу 

ойға жеңгізбейді.

Ешбірі  шешен  сөз,  толғаулы  ақыл  көңілінің  дәл  осы  күйін  жаза 

алмайтын сияқты».

21.  159-бет.  «...  құрбы  жігіттер  болса»  –  «құрбы,  жақсы 

оқығандар...».

22. 159-бет. «... шешілмейтін жұмбақ болып еді» дегеннен кейінгі 

сөйлем кейіннен жаңадан қосылған. Алғашқы нұсқада жоқ.

23.  159-бет.  Бұл  сөйлем  кейінгі  басылымдарда:  «Өзектің  бойын-

да  Жақып  ауылы  отырған  соң,  жағамен  құлдилап  келе  жатып»  деп 

қате басылған. Елу томдықта: «Өзектің бойын Жақып ауылы отырған 

оң  жағамен  құлдилап  келе  жатып»  деп  алғашқы  нұсқасы  бойынша 

берілді.


24.  160-бет.  Бұл  арада  айтарлықтай  қысқартулар  мен  өзгертулер 

жасалған. Алғашқы нұсқа мынадай: «Қуанышы: бұл күнге шейін бір 

ауыз жылы сөз бен бетпе-бет келіп сөйлеспеген тәкәппар сүйгенін – 

(көру), осындай қызықты үміт еді. Күдігі: әлі де бойын бермей, түсін 

суыққа  салып,  бұдан  қашып  жүрген  сұлу  қыз  бүгінгі  кеште  бұны 

біржолата  жатсынып;  «Ендігіәрі  ол  үмітті  қой.  Мен  саған  жоқпын. 

Мен сен мазақ ететін жан емеспін, менен басқа кісіңді тап», – деп айта 

ма деген ескі сенімсіздік еді».



365

25. 160-бет. Журналдағы нұсқада былай: «Қалай да болса Жәмешке 

оңашада жолықпақ болып алғашқы рет аттанып шығуы – жас жігіттің 

өз  өмірінде  көп  жылдан  бері  қалмай  келе  жатқан  арманы  еді.  Бірақ 

сонда да көңіліне күдік келе береді».

26.  160-бет.  Жазушы  Қабыштың  сөзін  стильдік  тұрғыдан 

жөндеген. Журналдағы нұсқада мынадай: «Мен біржолата Жәмешті 

аспанның  әйелі  қылып  қойғандаймын.  Сондықтан  бүгінгі  мінезі  де 

баяғыдай қаттылықтың бірі сияқты. Осы да баяғыша бір жұбата са-

лып, бір ойнай салған сөз сияқты. Жәмештің бізді түн ішінде көргісі 

келгені шын ба, өтірік пе? Соны айтшы. Мына тұрған ауыл әлі күнге 

бұрынғысындай  суық,  бұрынғыдай  дарытпайтын  жат  сияқты.  Мені 

күдіксіз қылып сендірші, – деді».

27. 160-бет. «... қимылдашы» – «қимыл қылшы».

28. 161-бет. «... әуелі десең» – «әуелі сол қыз».

29.  161-бет.  «тосатынымызды»  –  бұл  сөз  кейінгі  басылымдарда 

«түсетінімізді» болып қате басылған.

30. 161-бет. «... әлі де құрметпен» – «тіл жетпейтін құрметпен».

31.  161-бет.  «Қабыш  өз  көңілінің  балдыр  күйін  әдейі  тереңдете 

сезінеді»  деген  сөйлем  бірінші  нұсқада  жоқ.  Бұдан  кейінгі  сөздер 

де өзгеріске ұшыраған. Түпнұсқада былай: «Ендігі халді жарық Ай, 

жұлдызды аспанмен бірге жер үстіндегі тіршілік иесінің барлығы да 

әдейі тыныс алып үндемей, сабыр қылып күткендей. Көңілінде ұйқы 

болмаса  да,  көздерін  әдейі  жұмып,  Қабыштың  ендігі  халін  көріп, 

білгісі келіп монтансығандай. Қабыштың көңіліне еріксіз діріл кірді. 

Жүрегі лүпілдеп, буынынан сүлдер кетіп, Жұматайдың не бұйрығына 

болса да көнгендей».

32. 162-бет. «шабдар ат» – «ат».

33. 162-бет. Алғашқы нұсқада былай: «Түннің жым-жырттығына 

еріккен аты сулығын салдыратып шайнап, басын төмен салып жіберіп, 

жер тарпып, қатты дабыстап пысқырып-пысқырып жіберді».

34. 162-бет. «болып» – «істеліп».

35. 162-бет. «қойды» – «жіберді».

36. 162-бет. «сытыры» – «шатыры».

37. 162-бет. «дәл осы» – «дәл сол».

38. 162-бет. «айғаймен» – «дауыспен».

39. 162-бет. «Енді ел ұйқыға кеткенше» – «қайта ұйқы басқанша».

40. 162-бет. «жасырып қойып» – «жасырып алып».

41. 162-бет. «деп еді»– «деді».

42. 162-бет. «Ит басында шабалап» – «ит шабаланып үрсе де».

43. 163-бет. «Ұйқы келді-ау» дегендей – «Ұйқым келіп тұр», – де-

гендей болды».



366

44. 163-бет. «дегізген» – «дегізер».

45. 163-бет. «... тәрізденеді. Бір уақыт шынымен» – «сияқтанады. 

Шынымен».

46. 163-бет. «келетін қатерге нәзік» – «келетін қатерге қарсы нәзік».

47. 163-бет. «Қабыш көнілінен жорытып өткен үзік сезімдер еді» – 

«Қабыштың еріксіз ойлап қалған ойы еді».

48. 163-бет. «бірін» – «бәрін».

49. 163-бет. «сыбдырларын білдірмеске тырысып» – «білдірмейтін 

қылып».


50. 164-бет. «тұсына келді» – «тұсына келіп».

51. 164-бет. «жуан бәйбіше еді» – «жуан, паң бәйбіше еді».

52. 164-бет. «Ерте күннен бұның ауылы жуан ауыл атанып, ерке 

бәйбіше болып ерленіп» – «Бірақ ерте күннен ауылы жуан ауыл ата-

нып, ерке бәйбіше болып, өрлеп сөйлеп әдет қылғандықтан».

53. 164-бет. «Менсінбейді» – «менсіне алмайтын».

54. 165-бет. «Бәйбіше» – «Мәкен бәйбіше өзі тұстас қартаң...».

55. 165-бет. «... тындалған жоқ» – «...жұққан жоқ».

56. 165-бет. «... өсиет сөйлеп» – «... өсиет айтып».

57. 165-бет. «... көбінше» – «... көбінесе».

58. 165-бет. «бірге туған ағасы» – «бірге туысқан ағасы».

59. 165-бет. «тыржиып» – «тыжырынып».

60. 167-бет. «Ынтық оқығандар» – «ынтық болатын оқығандар».

61. 167-бет. Бұл арада біраз сөз түзетілген. Бірінші басылымда былай:  

«...қа дірлеп  сүйгендіктен  істейтін.  Сұлу  қыздың  сыртқы  көрінісі 

ішіндегі  ой-се зі мімен  нық  байланғандай  болатын.  Жәмеш  әзіргі 

уақытқа  шейін  жас  болып  желігіп  жүрген  қыз-бозбаланың  кісіні 

қызықтырар қызығын көре алған жоқ».

62.  167-бет.  Бұл  жерде  де  түзетулер  бар.  Журналдағы  сөз  мәтіні 

мынадай: «Бұның бәрін әжесімен бірге сынап, әңгіме қылып отырып, 

Жәмеш талай рет тексеріп, байқап көрген. Көбінің өміріне құмар бо-

лып, ынтығудың орынына жиреніп, торыққандай болатын».

63.  168-бет.  «...  айтқызбай  орындайтын»  –  бұдан  кейінгі  мына 

сөздер  сызылып  қалған:  «Асты-үстіне  түсіп,  құрметпен  күтетін 

қымбат бағалы асыл жар болды».

64.  168-бет.  Бұл  арада  жаңа  сөздер  қосылып,  бұрынғы  сөйлем 

қырнауға түскен. Мәтіні мынадай: «... Қадишаға билететін болды».

65. 168-бет. «еркелігі бар сияқты» – «еркелігі болды».

66. 168-бет. «түгелдеп» – «түгел етіп».

67. 168-бет. «үлкен кісілері мен» – «тәуір кісілері мен».

68. 168-бет. Бұл сөйлем кейіннен түзетіліп берілген. Әуелгі мәтіні 

былай: «... ешбір елден; табылмайтын әрі сұлу, әрі рақатты, әрі жай-



367

лы  күтім  болатын.  Сол  мінездердің  бәріне  қарап,  бүкіл  бір  болыс 

ел  Қадишаны  төбесіне  көтеріп  қадірлейтін,  ауызының  суы  құрып 

мақтайтын. Шыны жақсы әйелдің үлгісі деп байлау жасаған».

69. 169-бет. «... күйінен өзгерген емес» – «бір қалыпты бақытты 

күйінен өзгерген емес».

70.  169-бет.  Бұл  арадағы  сөйлемдер  едәуір  өңделген.  Түпкі 

нұсқаның  үлгісі  төмендегідей:  «...  сияқты  еді.  Қадишадай  бақытты 

апасы,  сондайлық  ерке,  еркін  тіршіліктің  иесі  болып  тұрған  шақта 

барлық  ауыл,  ауданмен  бір  болыс  ел  болып,  қадірлейтін  Кенжехан, 

сол апасының жолдасы болғандықтан, Жәмеш те кәрі жездесін іші-

сыртымен түгел құрметтейтін сияқты еді.

Кейде ауылға қырық-елу атты жиынның ортасында тамам елдің игі 

жақ сысын ауызына қаратып, қалың топтың қадірлісі болып Кенжехан 

келе жатқанда, Жәмеш апасының өмірінен ешбір мін таба алмағандай 

болатын. Сондайлық көпшілік қадірлеген жақсының ең жақсы көрген 

жолдасы  апасы  екенін  ойлағанда,  Жәмештің  көңіліне  қуанышпен 

сүйінген мақтан пайда болушы еді.»

71.  169-бет.  Бұдан  кейін  жазушы  Кенжеханның  кескін-келбетін 

жағымды  етіп  көрсететін  қомақты  баяндауды  қысқартып  тастап, 

«Жәмеш отырған жерде Мәкен бәйбіше Қадишаға Кенжеханның бітім 

тұлғасын мақтаудан да тартынбайтын» деп қысқаша сыпаттама бер-

ген.

Әуелгі мінездеме мынадай: «... келгендердің тобы ішіндегі біресе 



сол топты күлдіріп, біресе томсартып, біресе... күліп тақпақтап сөйлеп 

отырған сөзін естігенде, Жәмеш жездесінің келбетті жүзі мен буырыл 

мұрт, толық денесіне еріксіз құрмет білдіріп, сүйсініп қарағандай бо-

лушы  еді.  Кенжехан  біреулерге  билік-кесік  айтып,  біреулерге  бітім-

береке айтып, неше алуан елдің, ісін келместен кесіп-пішіп жатқанын 

көргенде: «Шындыққа осыдан нық баратын закон жоқ: Бар жақсының 

ұзап  барғанда  зорға  жететін  орны  осы-ақ»,  –  деп  тон  пішкен.  Бұл 

көңілі – Кенжеханның билігіне сүйсініп, қошеметпен мақтаған кедей-

кепшіктің  сөзін  естігенде  бұрынғыдан  да  нығаятын.  Жездесінің  бір 

кезде сұлу болған пішіні...» – деп әрі қарай жалғаса береді.

72. 169-бет. «... қалатын» – «қалушы еді».

73. 170-бет. Бұл арада жазушы бұрынғы сөйлемдер мен сөздерді 

қырнап,  түзеп,  қысқартқан.  Сөйлем  құрылымын  жаңаша  жазған. 

Журналдағы сөз мәтіні мынадай: «Міне, осы хал бір емес, әлденеше 

рет  басынан  кешкендіктен,  апасының  бақытты  күні  алдынан  талай 

рет қызық шақтай елестеп өткендіктен, Кенжехан сұрата жібергенде 

Жәмеш  көп  ойланбай-ақ  Кенжеханның  жары  болуға  көніп  қойған. 

Тегінде  Жәмешті  қадірлеген  үлкендердің  барлығы  ырзалығына 



368

сүйсінген  уақытында:  «Алдыңнан  жарылқасын,  қарағым!»  –  деп 

бата  бергенде,  ағасы  Хакімнің:  «Қадишаның  бақытсыздығы  да  же-

тер,  Жәмеш  бармайды,  берілмейді!»  –  деген  сөздерінің  барлығы  да 

Жәмештің  шынымен  намысын  келтіріп,  ызаландырғандай  болып 

еді». Бұдан кейінгі: «Өйткені, Қасым түсінгендей түсінік, ондай сезім, 

әлі бұның басына келіп көрген нәрсе емес», – деген Жәмешті ақтай 

айтылған сөйлем кейіннен қосылған.

74.  170-бет.  Журналдағы  нұсқасы  мынадай:  «...  бүгінгі  кеш-

те  Жәмеш  жездесіне  қалыңдық  болып,  жар  өмірінің  алғашқы  күнін 

өткізді».

75.  170-бет.  Алғашқы  нұсқада:  «Бұл  түнде  Жәмештің  көңілінен 

қандай хал кешті, жүрегінде қандай сезім болып, басынан қандай ой-

лар өтті?» деп жазылған.

76. 171-бет. Бұл сөйлемдер де стильдік қырнаудан өткен. Журнал-

да: «Жалғыз-ақ түске жақын оянып тұрған соң қасына Бибішті алып, 

бел асып барып, Қабышты көргісі келгенін айтқан. Бұл сөздің тура-

сында Бибіш сыр тартпақ болып мәнін сұрағанда, Жәмеш ешбір сөз 

айтқан жоқ. Бұрыннан жеңгесіне әмір жүргізіп, дағдыланған әдетпен:

– Бұл жайын құдалап сұрамай-ақ қой. Бүгін саған ештеңе де айт-

паймын. Тегінде бір нәрседен айнып, өкініп бұзылайын деп тұрғамын 

жоқ. Қабыштың талай жылдық зарлаған қарызы бар еді. Бір көрсем – 

ештеңе етпес деп тұрмын, соған хабар айт, – деген...» – деп басылған.

77. 171-бет. «... малды ауылдың бірі» – «басты ауылдың бірі».

78.  171-бет. «белгі болды»–«белгі сияқтанды».

79. 171-бет. Бұл жерге де өзгеріс енгізген. Бұрынғы үлгісі былай: 

«Жаңағы  сөзі  де  сондайдың  белгісі  сияқтанды.  Сондықтан  Жәмеш 

бойын салқын ұстап...».

80. 172-бет. Бұл сөйлемнің алғашқы нұсқасы мынадай: «Бұл сөз 

Қабышқа  арналғай  сөз  емес,  көбінесе  Бибіштің  мінезінен  туған  сөз 

еді. Сондықтан талай жылдан бері құмар болып жүрген жігітті тосып, 

тоғайға барудан Жәмеш әлі айныған жоқ. Ауылдың дырдуы басылып, 

иттер тыныштық алған соң, Бибішті өзі түртіп...».

81. 172-бет. Жазушы әңгіменің соңына қосымша сөздер қосқан. Бұл 

кейіпкердің көңіл күйін ашу үшін жасалған түзету екені байқалады. 

Алғашқы нұсқада әңгіме: «Шолпының сылдырымен бірге жүрегі де 

лүпілдеп  кеткендей  болды.  Екеуі  ақ  отаудың  есігін  жамылыңқырап 

тысқа шыққанда, Жәмештің жүзі бұрынғыдан көрі жүдеп, сұрланып 

тұр еді» деп аяқталады.

Т. Жұртбай


369



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет