Молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасы


Морфофизиологиялық ерекшеліктері



бет9/11
Дата28.04.2022
өлшемі69.11 Kb.
#32634
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Морфофизиологиялық ерекшеліктері. Адамның гельминттерінің ішіндегі ең ірісі, ұзындығы 10 м, кейде 20 метрге дейін болуы мүмкін. Сколексі созылыңқы пішінді, сорғыштардың орнында екі ұзына бойы саңлаулары - ботриялары болады. Проглоттидтері ерекше пішінді – олардың ені ұзындығынан бірнеше есе үлкен. Бунақтарында жыныс жүйесінің құрылысы мен орналасуы бойынша ерекшелінеді: жыныс клоакасы бунақтың бүйірінде емес, оның вентральды жағының алдыңғы бөлігінде орналасқан; сары уыздары аталық безден вентральды, бунақтың бүйір бөлігінде орналасқан; жатыры тесігі болады, жұмыртқалар түскен бойда сыртқа шығарылып отырады, жатыры розетка тәрізді оралып жатады, сондықтан басқа тениидтермен салыстырғанда жетілген бунағында жыныс жүйесінің мүшелері толық жойылмайды. Жұмыртқасы сопақша пішінді, сары-қоңыр түсті, бір полюсінде қақпақшасы болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет