Монография 63. 5 Ә58 354980 ӘмЛрова Б.Ә. Этностық 7009. 601 т



жүктеу 11.15 Mb.
Pdf просмотр
бет2/34
Дата24.03.2017
өлшемі11.15 Mb.
түріМонография
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34

Павяодярского 
П®да( оги чісявг»
л т
т
<
б
]

(Фестингер,  Тойлор  50-60  ж.),  атрибуция  теориясы  (Келли,  Хайдер, 
Фиске  70-90ж.),  таптаурындар  мен  ескішілдікке  элеуметтік-танымдық 
көзқарас  (Тежфел  60-70ж.),  элеуметтік  біртектілену  теориясы 
(Тежфел,  Тернер  т.с.с.)  талдау  жасаған.  Барлық  көзкарастар  біздің 
еңбектің  келесі  параграфтарында  көрсетілгендей,  таптаурындар  мен 
бағыт  мәселелеріне  негізделіп,  жаңсақ  нанымдарды  ескішілдік 
тұрғысынан  түсіндіреді.  Бірақ,  автор  өз  талдауларына  аныктамалар 
бергенде  жаңсақ  нанымдардың  езгеретіндігін  мысалмен  көрсетеді: 
«Сіз лифтке кіріп бара жатып  біреудің аяғын басып кетгіңіз делік.  Сол 
жағдайда  касыңыздагы  адамның  сізге  «өз  жауын»  кергендей  сезімін 
байқайсыз.  Бұл  жагдайда  сырттан  эсер  еткен  атрибуция  жоқ.  Ал, 
лифтің  ішінде  адамдардың  көптігінен,  біреуге  орын  беремін  деп 
байқамай  басып  кетсеңіз,  қасыңыздағы  адам  сіздің  жағдайыңызға 
тусініспен  қарайды.  Автор  адамдардың  бірін-бірі  кабылдауында 
туындайтын 
жаңсақ 
нанымдары 
қабылдау 
мен 
ойлау 
операцияларының құпия тұстарында екендігін көрсетеді.
Жаңсақ  нанымдардың  генезисін  таптаурындар  мен  бағыт 
жүйесінен  карастыруымызды  Т.Нельсонның  «Жаңсақ  нанымдар 
психологиясы»  теориясының  негізінде  көрсетіп,  өз  зертгеуіміздегі 
айырмашылықтарды  белгілейміз.  Бүл  теория  тұлганың  ұлт  өкілі 
ретінде  қалыптасуындагы  әлеуметтік  үйретудегі  балапық  шақтағы 
топаралық  байланысты,  құндылықтардың  отбасы  арқылы  ұрпактан- 
ұрпаққа  таралуын,  жаңсақ  нанымдар  мен  таптаурындардың  ақпарат 
құралдары 
арқылы 
берілуін, 
іс-эрекеттің 
мотивациялық 
жагдайларынан 
эмоционалдық 
кейіптер 
аркылы 
көрінетіндігін 
көптеген  галымдар  еңбектері  аркылы  түсіндіреді.  Мэселен,  адамның 
санасында  жаңсак  нанымдардың  пайда  болуы  туралы  Оллпорт:  «... 
бала  ата  -   анасынан  жаңсақ  нанымдарды  үйренбейді,  койылған 
атмосферадан бойына жұқтырады», - дейді  [12,57].
Ал,  Нельсон  бойынша,  ата-аналар  -  балалар  үшін  жаңсақ 
нанымдар 
мен 
таптаурындарды 
қалыптастыратын 
бастапқы 
әлеуметтік  көз.  Балалар 
құндылықтар  мен 
нанымдарды 
ата- 
анапарынан  алады.  Сөйтіп  таптаурындар  мен  жаңсақ  нанымдар 
ұрпақтан-ұрпаққа  жалғасады.  Бұп  тұжырым  біздің  көзкарасымызға 
негіз  боларлық.  Дегенмен,  автор  өз  ойларын  әлеуметтік-саяси 
жаукештікпен  ұштастырып,  жаңсақ  нанымдарды  «Эйджизм»  деген 
ұгыммен  көрсетеді.  Эйджизм  -  адамның жасына  қарай  пайда болатын 
таптаурындар, 
жаңсақ 
нанымдар 
жэне 
алапаулар 
(дискриминация)[10,233]. 
Автордың 
бұл 
анықтамасы 
адамдар 
арасындагы 
бірін 
бірі 
қабылдау 
кезіндегі 
пайда 
болатын 
жағдайлармен  түсіндірілген  (Пердье,  Гартман).  Бұл  зерттеулерде
18

адамдарды 
жасына, 
нәсіліне 
қарай 
қабыладау 
мәселелері 
қарастырылған.  Біздің зерттеулерімізде де бұл  жағдай  қарастырылған. 
Нэтижелер жүйесінде ұқсастық бар.  Бүл үғымды алғаш енгізғен  шетел 
психологі  Бартлетт  (1969).  Ол  көбінесе  эйджизмнің  қарияларды 
қабылдауларына  байланысты  екендігін  көрсеткен.  Адамның  жаңсақ 
нанымдарының  пайда  болуы  ойлауы  мен  сезімталдық  қасиеттеріне 
байланысты.  Өзін  қоршаған  ортаны  кабылдауда  адам  өз  білім 
деңгейіне,  зердесіне,  өмір  тәжірибесіне  қарай  ойлау  іс-әрекет 
белсенділігін  байқатады.  Себебі  қандай  жағдай  болмасын  танымдық 
белсенділік 
негізінде 
эмоционалдық-мотивациялық 
өріс 
пайда 
болады.  Ендеше,  адам  қабылдап  отырған  ақпаратын  белгілі  ой 
елегінен  өткізіп,  өндейді.  Бұл  қабылдау  процесі  ақпарат  мазмүнына 
қарай  аффектілік  сезімнің  нэтижесінде  жүзеге  асады.  Егер  ақпарат 
мазмүны  оң  эсер  негізінде  қабылданса,  аффект  немесе  наным  оң 
болмақ,  ал  егер  акпарат  мазмұны  теріс  әсер  етсе,  теріс  аффектілік 
сезім  пайда  болмақ.  Т.Нельсоннын  аталмыш  еңбегінің үшінші  тарауы 
осы  мәселелерді  зертгеуге  арналып,  «Таптаурындар  белсенділігіндегі 
ойлау  мен  сезім» деп  аталған.  Автор  бұл  тарауда Боденхаузен  (1993), 
Тежфелдін[13],  Тайфелдың  (70-80)[14],  Хамельтон  (1981),  Шварцтың 
(1990)[15] (1993)т.с.с.  ғалымдардың зертгеу  нэтижелерін арқау еткен.
Сонымен,  автор  элеуметтік  топтың  жэне  топ  мүшелерінің 
акпаратты  ендеу  процесінде негізгі  рөл атқаратындығын жэне онын ес 
тұтастығына 
тікелей 
эсер 
етуін 
жэне 
әлеуметтік 
нэтиже 
көрсеткіштеріне эсер ететіндігін айтады.  Солтүстікте тұратын адамдар 
жайлы  қалыптасқан  таптаурындарымыздың  өзіндік  акценті  бар, 
өзіндік  мінез  ерекшеліктері  бар  дейік.  Олармен  қатынасу  барысында 
сіздегі 
бар 
теріс 
жаңсақ  нанымдар 
оң  жаңсақ 
нанымдарға 
өзгереді[Автор  мысалынан  үзінді  10,92].  Себебі  адамды  адам 
қабылдау  екі  жақты  көңіл  күйге  байланысты.  Осы  құбылысқа  орай 
автор 
Боденхаузеннің 
топаралық 
аффект 
типтерін 
бөлудегі 
«кездейсоқ»  жэне  «сабақтас»  аффект  деген  ұғымдарын  қолданады. 
Мұның  алғашқысы  топаралық  контекске  сәйкес  емес  жағдайлардан 
туындайды:  екіншісі  - топаралық  контекстегі  сырткы  топты  қабылдау 
таптаурынын  ескере  отырып  пайда  болады.  Бұл  тұжырымда 
топаралық қабылдау  нәсілдік белгісіне негізделген.  Бұл тарауда да сөз 
болып  отырған  жаңсак  нанымдардың  пайда  болу  генезисі  мен  өзгеру 
динамикасы 
саяси-когамдық 
жагдайлардағы 
нэсілдік, 
таптық 
белгілерге байланысты  пайда болатындығын көрсетеді.
Жаңсақ  нанымдар  саналы  эрекет  нэтижесінде  аңғарылған 
жағдайларда  да  пайда  болады,  яғни  белгілі  ақпаратқа  немесе 
санамызда  із  қалдырған  хабарлар  негізінде  жаңсақ  нанымдар  пайда
19

болуы  мүмкін.  Бүны  автор  «аңгарылган  хабар»  дейді.  «...арактарды 
жарнамалаудағы 
суретке 
стакандагы 
ішімдіктің 
ішіне 
мүз 
түйіршіктері  салынған.  Кеп  уақыттан  бері  адамдар  арасында  мүз 
түйіршектерінің  әйелдін  кос  анарына  үқсастығы  бар  деген  лақап 
тарап,  жүрт  арақгың  жарнамасына  соган  байланысты  зейін  қояды 
деген  үгым  қалған»[10,104].  Ендеше,  адам  қандай  да  болмасын 
хабарлар  негізінде  пайда  болган  жаңсак  нанымдар  аркылы  қабылдау 
таптаурындарын қалыптастырады.
Жаңсақ  нанымдар 
саналы 
әрекет  жемісі 
болғандықтан, 
аңгарылмаған,  аңғарылган  және  санадан  тыс  кабылдау  процесінде 
пайда  болуы  мүмкін.  Сол  себептен,  біздің  мақсатымыз  тұлғаның 
әлеуметтену 
процесінде 
пайда 
болатын 
этностық 
жаңсақ 
нанымдардың 
генезисін 
және 
танымдық 
процестегі 
өзгеру 
динамикасын  анықтау  арқылы  түлганың  сана-сезімінің  калыптасу 
негізін көрсету болып отыр.
Жаңсақ  нанымдардың  үлтгық  сана-сезімдегі  көрінуін  Қазақсган 
психолог-галымы  С.М.  Жақыпов:  «Этностык  жаңсак  нанымдар  - 
этностық таптаурындарды  сипаттайтын  және этностық қүндылык багдар 
мазмүнын 
бейнелейтін 
феномен. 
Этностык 
жаңсақ 
нанымдар 
этносаралық  карым-катынас  пен  өзара  әрекеттегі  ерекшеліктерді 
анықгаушы»,  -  деп  түжырымдаган  [16,36].  Автордың  бүл  түжьфымы 
этносгық жаңсак нанымдардың табиғатын анықгауга және оның генезисі 
мен динамикасын зерттеудің жолдарын іздестіруге мүмкіндік береді.
Аталмыш  еңбектің  өзіндік  ерекшелігі  нақтылы  үлтгық  топтың 
өзіндік-психологиялық  жансак  нанымдарының  этностық  генезисін 
көрсету.  Бүл  -  қазіргі  заманымыздагы  үлттық түлганың  сана-сезімінің 
калыптасу  ерекшелігін  анықтаудагы  маңызды  мэселе.  Себебі,  И.  Кон, 
Т.Нельсон  көрсеткендей,  жаңсақ  нанымдар  таптаурындар,  багыт, 
эмоция  жэне  танымдык  процестер  қүрамына  кіреді.  Ендеше,  жаңсақ 
нанымдар адамның коршаган ортаны қабылдауынан, ойлау жүйесінен, 
саяси-элеуметтік,  қогамдык  жагдайларынан  туындап,  түпга  ретінде 
қалыптасуына әсер етеді.
Ендеше, жаңсақ нанымдарды тек қана теріс үғым деп көрсетудің 
өзі  қате түсінік.  Ол адам санасына келіп түскен  акпараттардың саналы 
түрде  сүрыпталып,  өзгеріп  отыруы  арқылы  пайда  болып  отырады 
және  сол  ақпаратқа  қатысты 
мінез-қүлық  таптаурындарының 
қапыптасуына негіз болады.
Еліміздің  психология  гылымының  даму  барысында  түлғаның 
элеуметтенуіндегі  жаңсақ  нанымдардың  кврінуін,  үлт  өкілі  ретінде 
қалыптасуын  жаңа  ғылыми  бағыт  «синергетикалық»  түргыдан  да 
зерттеу  қажеттігі туып отыр.
20

Синергетика  -  өзіндік  ұйымдасу  теориясы.  Өткен  ғасырдың  70- 
жылдары  жаңа  ғылыми  пән  ретінде  пайда  болды.  Синергетика 
ғылымы: 
матемтика, 
эстетика, 
биология, 
химия, 
философия
ғылымдарының  зандылықтарын  жан-жақты  қарастыруға  мүмкіндік 
беретін  бағыт  ретінде  көзге  түсіп,  кептеген  ғылыми  багыттарды 
қызыктырды.
Синергетика  20-гасырдың  орта  кезінде дүниежүзілік  ғылымның 
теориялық  жүйеленуіне  өз  үлесін  қосты.  Ол  өзінің  әдіснамалық 
негізденуімен  эр  түрлі  теориялық  мәселелерді  шешуде  объектілердің 
күрьшымы  мен  қызметін анықтау мен  нақтылауға мүмкіндік берді.
Осы  ғылыми  көзқарастың  негізін  қалаушылардың  бірі  М.С. 
Каган:  «Синергетикалык  талдау  пэні  -  дамушы  жүйенің  «тәртіп  пен 
былықтың»  өзара  катынас  заңдылықтарын  ашатын  өзіндік  үйымдасу, 
үйымдасудың бүзылуы,  қайта  күрылу  процестері,  өткеннің,  казіргінің 
жэне  болашақгың  өзгермелі  байланысын  түсіндіретін,  яғни  себепті 
(каузалды)  көзкарастарды  толықтыратын,  телеологиялык  көзқарастың 
көрінуін  үғынуға  мүмкіндік  беретін  даму  ерекшеліктерінің  даму 
жүйесіне тікелей емес сипат беру», - деп көрсетеді[17].
Мэдениетгану  мен  эстетикада  өнер  мэдениетінің  тарихи  даму 
процесінің  заңдылықгарын  жаңаша  түсінуге  синергетика  ғылымы 
негізінде  қол  жетгі.  Ол  эстетикалық сананың  калыптасуындағы  антропо- 
соционгенездік  көзқарастың  тиімділігін  дәлелдеді.  Сонымен  қатар, 
синергетикалық  танымдық  парадигма  өнер  мэдениеті  мен  эстетикалык 
сананың  қазіргі  кездегі  динамикалық  жағдайы  мен  дамуы,  пайда  болу 
заңдылықтарының  мәселелерін  тереңірек  түсінуге,  ондағы  ұлттық, 
таптык, 
элеуметтік-топтық, 
ұрпақтық  құрьшымдардын  калыптасу 
зандылыктарын  ашуга,  олардың  өзара  байланысын  ретгеуге  мүмкіндік 
береді.  Осы  ғылыми  жетістіктерінін  негізінде  өзінің  эдіснамалық 
қолданысын гылымдар жүйесінде еңгізуге жол ашты.
Ғалым  М.И.  Сафиуллина  Санкт-Петербургте  профессор  М.С. 
Каганның  80  жьшдығына  арналған  2001  жылы  өткен  халықаралық 
ғылыми 
конференциядағы 
«Синергетикалық 
көзқараспен 
этногенездегі  мәдени  байланысты  зерттеу»  атты  баяндамасында  бұл 
бағытгың  ұлттық  мэселелерді  зерттеудегі  рөлін  баса  көрсеткен: 
«Синергетиканың  негізіне  енген  -   жүйелілік,  тұтастық,  тэртіп  пен 
былықтың  өзара  эрекеттесуінің  сызықгық  емес  (нелинейный) 
принциптерін  этносты  белгілі  жүйе  ретінде  зертгеуге  жэне  оның 
мәдениетінің  көршілес  халықтармен  байланысын  анықтауға  әбден 
қолдануга 
болады. 
Сонымен 
қатар, 
эр 
этностың 
өзіндік 
ерекшеліктеріндегі 
күрылымдық 
детерминантгарды 
аныктауға 
мүмкіндік береді» - дейді  [18].
21

Ендеше,  бұл  бағыт  біздің  зерттеулеріміздің  ішкі  жэне  сыртқы 
факторлары  мен  даму  процестерінің  зандылыктарын  ашуға  толык 
мүмкіндік  жасайды.  Себебі  «синергетика»  үгымы  грек  тілінен  алынган 
«синергена»  ынтымыктасу,  жәрдемдесу  деген  мағынаны  береді  [19]. 
Г. Хакен ұсынған бұл термин белгілі бір тұгастык ретіндегі  кұрылымның 
пайда  болуындагы  бөлшектердің  өзара  эрекетінің  үйлесімділігі  деген 
үгымга  көңіл  аударуды  аңғартады  [20].  Этаостық  жаңсақ  нанымдардың 
генезисі  мен  динамикасын  анықгаудағы  қазақ  үлгының  қүрылымдық 
жүйесін  тереңнен  түсіндіруде  осы  ғылымның  негізгі  принциптері  мен 
өзіндік  үйымдасу  теориясы  әдіснамалық  негіз  бола  алады.  Себебі  бүл 
ғьшым  тек  процесс  заңдылықтарьш  гана  анықгамай,  оның  құрылымдық 
жүйесін жан-жақты талдауға мүмкіндік береді.
Егер,  біз  жаңсак  нанымдарды  үлттық  сана-сезімнің  негізгі  жэне 
бастапқы  көзі  деп  қарастырсақ,  онда  оның  пайда  болу,  даму 
ерекшеліктерін 
үптгық 
қүрылымның 
негізгі 
факторлары 
мен 
механизмдерін  ашуымыз  керек.  Яғни,  қазақ үлтының тарихи,  мэдени, 
шаруашьшык,  карым-қатынастық, экономикалық, элеуметтік жэне т.б. 
қалыптасу 
жүйелерін 
жан-жақты 
зерттей 
отырып, 
түлғаның 
әлеуметтену  процесін түсіндіру аркылы керсетуіміз қажет.
Қазіргі 
көптеген 
(педагогикалық, 
философиялық, 
психологиялық)  ғьшыми  зерттеулердің  нысанасы  болып  жүрген 
үлттық  сана-сезімнін  калыптасу  мэселелерін  оның  күрылымын 
анықтаудан бастау  қажет.
Көптеген 
қалыптасқан  зертгеулерде  үлттык  сана-сезімнің 
компоненттерін:  таптаурындар  мен  бағыттар  деп  көрсетеді.  Бүл 
компоненттер  нақтьшы  сананың  даму  нәтижесінде  аныкталатын 
айғақты  компонентгер.  Дегенмен,  түлғаның  үлттық  сана-сезімін 
қалыптастыру  мәселелерін  шешуде  оның  ішкі,  ілкі  құрылымын 
анықтау  қажет.  Ал,  жаңсак  (ілкі)  нанымдар  мен  наным-сенімдер  - 
адам  санасының  ішкібейнелік  негізін  қүрайтын  компоненттер.  Міне, 
қазіргі  психологиялык зертгеулердің жаңсақ нанымдардың қалыптасу, 
даму  зандылықтары  оларга  эсер  ететін  факторлар  мен  механизмдері 
арқьшы  зерттелуге  багытталуы 
ұлтгық  тұлғаның  сана-сезімін 
қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Халық  психологиясын  зерттеуге  ерекше  мэн  беру  қажеттігін 
немістің  элеумеггік  психологы  Вильгельм  Вундт  өзінің  1900-1920 
жылы  шығарган  «Халық  психологиясы»  енбегінде  баса  көрсетгі.  Ол 
халық  психологиясының  көрінуін  тілден,  салт-дәстүрден,  аңыздардан 
анықтау қажеттігін  айтты.
Ал, 
XX 
ғасырларда 
этнопсихологиялық 
мәселелерді 
қарастыруға  жаңаша  көзқарастар  пайда  болды.  Ол  көзқарастар
22

психологиялык 
бағыттар: 
фрейдизм, 
неофрейдизм,
гештальпсихологиялардың тұжырымдарымен сәйкестендірілді.
30-жылдары  этнографиядан  бөлініп  шыкқан  американдық 
этнопсихологиялық  мектептер  дүниеге  келді.  Оның  өкілдері  ретінде 
Р.Бенедикт,  А.Кардинер,  Р.Линтон,  Э.Сэпир,  И.Холлоуэлдерді  айта 
аламыз.  Солардың  ішінде  біздің  еңбегімізге  арқау  болған  американ 
психологі  Тодд  Нельсонның  жаңсақ  нанымдар  генезисі  жайлы 
көзқарастары.
Сөйтіп,  этнопсихология  пэнаралық  білім  жүйесі  бола  отырып, 
психология, 
социология, 
антропология 
жэне 
этнография 
ғылымдарының  элементтерін  өзіне  пайдапана  алатын  ерекше  дербес 
ғылымга айналды.
С.А. Арутюновтың айтуынша, «этностык өзгешеліктер,  олардың 
киген  киімінен,  ішкен  тамагынан,  түрыстары  мен  отырыстарынан 
байқапады».  Расында,  қазақтардың  малдасын  қүрып  отырулары; 
шешен  халықтарының  кең  маңдайлы  қалпақ  киюлері;  жапон 
халыктарының жүрістеріндегі  аяқ басуларының жиілігі т.с.с.
Үлітык  психология  мэселелеріне  гылыми  көзқараспен  қарауды 
Ю.В.  Бромлей,  С.И.  Королев,  Г.У.  Кцоева,  Н.И.  Луганский 
еңбектерінен  анықгауга  болады.  Бүл  көзкарастар  үлттык  мэселелерді 
(ерекшеліктерді) тэжірибелік түрде зертгеу кажетгігін  көрсетті.
60 жылдары психологиялық антропология ғылымы  негізінде үлт 
мәселесі 
кросс-мэдени  (мәдени-аралық  салыстырмалы) 
зерттеу 
жолдарымен 
жүзеге 
асырыла 
бастады. 
Мүндай 
зерттеу 
эдістемелерінін  белгілену  қажеттігін  ғалымдар  Д.Берри,  Р.Дасена, 
Я.Пургинга  және  М.Сегалла  өз  еңбектерінде  былай  түсіндірген: 
«Кроссмэдени  психология  -  эр  түрлі  мәдени  жэне  этностық  топтарға 
жататын  индивид  псхологиясының  өзгешеліктері  мен  ұқсастыктарын 
зертгеу;  олардың  мэдениэлеуметгік,  экологиялық  жэне  биологиялық 
ерекшеліктерін,  сонымен  қатар-олардагы  қазіргі  заманғы  өзгерістерді 
зертгеу» (Веггу і, еі аі,  1992).
80-жылдары  психологиялык  институттарда, 
академияларда 
этнопсихологиялык  мәселелерді  зертгеуге  арналған  лабораториялар 
пайда  болды.  Оларды  В.Г.  Крысько,  А.И.  Крупнов,  М.Г.  Стефаненко 
т.б. баскарды.
Біздін зерттеуімізде эңгіме  етіп  отырганымыз  -  этностың өзіндік 
ұйымдасу  мэселесі.  Ягни,  казак  ұлтының  ұлттық  белгілерінің  пайда 
болуы  мен  қалыптасуы,  сонымен  қатар  ұлт  екілін  дамыта  жэне 
қалыптастыра  отырып,  сана-сезімін  дамытудың  психологиялық  кезін 
табу.
23

1.2 
Үлттық 
саня-сезімнін 
психологияда 
зерттелуінін 
этносты к  жансак  нанымдарды  бастапкы  компоненті  ретінде 
карастырудагы  гылыми-теориялык мәні
Этнос  мәселесінің  психологиялық  жагын  қарастыруда  үлттың 
өзіндік  ерекшелігін,  оның  болмыс-бітімін,  мінез-кұлық  ерекшелігін, 
түрмыс-тіршілігін  аныктамай,  олардын  даму  генезисін  белгілемей, 
ұлттык өзіндік сананың  қалыптасу процесін  көрсету  өте қиын.  Осыган 
байланысты 
этнопсихология 
баска 
гылымдармен 
(психология, 
элеуметтік  психология,  этнография,  мәдениеттану  т.б.)  сабактаса 
отырып,  ұлттык  психологияның  кұрылымы  мен  ішкі  мазмүнын 
карастырады.
Этнос  -   тілдің,  аумақтың,  экономикалық  өмірдің,  ез  мэдениеті 
мен  психикапық  қалпының  ортак  бірлігіне  негізделген  адамдардың 
үлкен  біріккен  тобы.  Мүнымен  қоса,  ол  белгілі  тарихи  өзгерістерге 
байланысты  жетіліп,  дамып  отырады  немесе  жойылып  кетуі  де 
мүмкін. Сол себептен біз этносты «тарихи категория» дейміз.
¥ л т   өз  қүндылықтарын  динамикалық  түрде  дамыта  отырып,  өз 
бойында  белгілі  психологиялық  бағыт  жүйелерін  қапыптастырады. 
Бүл  процесс  үлт  өкілі  -  үлттык  түлганың  этностық  элеуметтену 
процесінде  жүзеге  асады.  Себебі,  кез  келген  түлга  өзінін  әлеуметтік 
ортасында  белгілі  эдет-дағдьшарды,  мінез-қүлық  таптаурындарын 
арнаулы ережелер негізінде өз санасында қапыптастырады.
А.О.  Бороноевтың  айтуынша,  сана-сезім  кұрылымын  екі 
түрғыдан  елестетуге  болады:  бірі  -  оның  басқа  адамдар  ортасындағы 
егемендігін 
байқататын, 
өзіндік 
аныкталуымен 
байланысты 
кезқарастары,  идеалдары  (пірі);  екіншісі  «Туган  жер»  үгымымен 
байланысты 
үлтгык 
күндылықтарды 
аңғаруы, 
адамгершілік- 
психологиялық багалауымен  байланысты  анықталады[21,45].  Ендеше, 
түлганың  сана-сезім  қүрылымын  нақтылы  белгілеудің,  оның  пайда 
болу генезисін анықтаудың үлт мәселелерін зерттеуде маңызы зор.
Сана-сезім  мэселелерінің  генезисін  анықтаудың  концептуалдык 
негізін 
Аристотель[22], 
Плотин[23] 
жэне 
Августиндердің 
еңбектерінен  бастаймыз[24]. 
Ал,  кейінде  теориялық  тереңірек 
қарастыруды 
Декарт 
жэне 
неміс 
классиктерінің 
теориялык 
багдарларыиан көруге болады.
Ұлтгық  сана-сезімнің  мэн-мағынасын  ашуда  көп  жылдар  бойы 
оны  тек  индивидтің  өзін  қандай  да  бір  үлтгық  қауымдастыққа 
жататындыгын  аңғару  деп  қарастырылып  келді.  Бүл  кезқарасты 
ұсынғандар  этнографтар, социологтар болды.  Ұлттық сана-сезімді  кен 
магынада  түсінуді  кеңес  ғалымдарының  ішінен  С.Т.  Калтахчаяннын
24

енбегінен (төменде оган токталамыз)  керуге болады[25].  Ұлттык сана- 
сезім  ұлт  өкілінің  іс-әрекетінен,  мінез-кұлкынан,  өмірге  деген 
көзқарасынан  т.б.  сыртқы  тікелей  анықталатын  белгілерінен  көруге 
болатын  ұлтгық -  психологиялық  кұбылыс.  Ал,  оның  ішкі  мазмұнын, 
мэнін  ашу үшін оның қүрамын анықтау қажет.
Ұлттық  сана-сезімнің  негізгі  қүрамдас  бөліктері  үлт  мэселесін 
этнопсихологиялық түргыдан  зерттеуде  оның  ең  бастапқы  қалыптасу 
негізі  болатын  этностық жаңсақ (ілкі)  нанымдардың  пайда болу,  даму 
генезисін анықтау ең өзекті  мәселе болып табылады.
Біріншіден,  жаңсақ  нанымдар  -  әлеуметгік-психологиялық 
күбылыс.  Адамның  коғамдагы  орны  жэне  іс-эрекеті  мэдени- 
элеуметтік механизмдерінің ерекшеліктеріне байланысты.
Екіншіден,  адамның  жаңсақ  нанымдары  өзінің  ішкі  бағытымен 
тарихи жэне үлттық кеңістікте бірдей  мэнге ие.
Үшіншіден,  элеуметгік,  жыныстык  жэне  жас  ерекшеліктеріне 
байланысты  болатын  эр  топ,  қоғамдағы  эр  үлт  ездеріне  тэн  мінез- 
күлык ерекшеліктерін  қоғамдык элеуметтене отырып, иемденеді.
Этностық  мэдениетгі,  психологияны,  сана-сезімді  ең  апдымен 
бір  халықты  екіншісінен 
айыратын  белгілер  жиынтығы  деп 
қарастырмай,  оның түрактылыгын,  бірлігін  қамтамасыз  ететін  үлттық 
қауымдастық 
факторы 
деп 
қарастыру 
керек. 
Бүл 
көзқарас 
мэдениеттердің,  психологиялык  жэне  т.б.  ерекшеліктердің  мэнін 
көрсетеді. 
Басқаша  айтқанда,  этностық  психологияның  негізгі 
бағыттарын  зерттеу  үшін,  сол  халыктың,  этностың  түрмысының  эр 
қырын  көрсететін  объективті  мінездемесі  болуы  шарт.  Ендеше,  бүл 
көзқарас төмендегі тезистерді  анықтайды, яғни:
1.  Этнос  -   табиғи-тарихи  негізде  қапыптасып,  «біз»  бен 
«оларды»  салыстыру  мен  карама-қарсылықка негізделген  адамдардың 
қауымдастығы[26,218].  Бүдан  үлтгық  өміршең  ерекшелік,  кейбір 
өзіндік-қоғамдық,  психологиялық  процестердің  байланыстылығы 
шыгады.
2.  Этнопсихологиялық  ерекшеліктер,  үстанған  бағыт  пен 
кұндылықтар,  эдет-ғүрыптар,  эмоциялар  жэне  көңіл-күй  нәтижелері, 
үлтгың  ішкі  жэне  сыртқы  бейнесі,  оны  қоршаған  табиғи  және  тарихи 
ортаның 
өзіндік 
ерекшеліктерінде 
байқалады. 
Этностық 
психологияның  ерекшеліктерін  түсіндірудің  әдіснамалық  негіздерінің 
бірі  - оның табиғатын  жэне жалпы  адамгершілік, таптык -  әлеуметтік, 
этностық  аракатынасын  ажырата  білу.  Халыктардың  психологиясы 
этностың  рухани  бейнесінің  негізгі  эрі  маңызды  жагының  бірі  болып 
есептеледі.
25

Этностардың психологиялык ерекшеліктері халықтардың табиғи 
материалдық  жағдайлары  көрінісімен  адам  санасында  қалыптасады. 
Ол  өзінің түп тамырымен  халықтар тарихының терең түкпірінен  орын 
апып,  оның  пайда  болған  неғізінен  бастап  дамиды.  Халықтардың 
психологиялық  ерекшеліктері  -  жалпы  үлттық  категория.  Этностық 
психология  -  қоғамдық эрі  жалпы  адамзаттық  психологияның бірі.  Ол 
үнемі  өзгеріп  отырады.  Қогам  дамуының  белгілі  кезеңдерінде, 
элеуметгік-экономикалық  жэне  жана  мазмүн  кабылдайды.  Накты 
этнопсихологиялық 
белгілерді 
анықгау 
барысындагы 
зерттеу 
еңбектерінің  қиындығын  байқаған  Ю.В.  Бромлей:  «Әрекеттер  мен 
қылықтардын  жиі  эрі  жыпдам  қайталанып  алмастырылуы  басқа 
үлттардағы  сол  жагдайларды  салыстыруда  қиындық  келтіреді,  ап 
бүның  көмегінсіз  этностық  ерекшеліктерді  анықтау  тіпті  де  киын 
екендігі  көпшілікке  мэлім.  Сонымен  қатар  эр  үлттың  өзіне  тэн 
психикалык  кескін  -  келбеті тез арада емес,  кейінірек эр түрлі  уакытта 
көрініс береді» - деген  [27,8-17].
Ал,  этностық  жаңсак  нанымдар  сырттай  көрінбейтін,  тек  адам 
эрекетінің  негізі  болатын  сана-сезім  компоненті  болғандықган,  оны 
зерттеудің  ғылыми  -   теориялык  негізін  ашу  үшін  оның  калыптасу 
жүйесін  жан-жақты  қарастыру  кажет.  Яғни,  үлтгык  сана-сезімнің 
әдіснамалык  негізін,  түлғаның  этностық  элеуметтену  процесін 
зерттеудің  эдіснамалық  негізін,  үлттық  мэдениеттің  адам  санасы 
дамуындағы  негізгі  фактор  ретінде  қаралуының  ғылыми-теориялық 
зерттелу бағыттарын аныктау қажет.
Психологиялық  ерекшеліктерді  зерттеу  мэселелері  адамдардың 
тәжірибелік  қажеттіліктерінің  жэне  олардың  саяси-экономикалық, 
мәдени байланыс жасайтын  мемлекет халкының дәстүрлері мен мінез- 
қүлық  ерекшеліктерін  білуге  талпынудың  нәтижесі  ретінде  пайда 
болды.  Рухани  психологиялық  салада  этностық  айырмашылықтарды 
зерттеп  білу, оның халық түрмыс-саптына,  мэдениетіне эсер етуі жэне 
жалпы  осы  халықгардын  іс-эркеттерін  білу  гапым  ойшылдарды 
элдеқашаннан - ақ қызықгырды.
Еуропалық 
өркениет 
дамуында 
көне 
Рим 
және 
Грек 
тарихшылары,  философтары,  саясатшылары  адамдар  арасында, 
айырмашьшықтың 
бар 
екенін, 
сонымен 
катар, 
«Ойкүменді» 
мекендеген  әр  түрлі  халықтардың  өкілдері  арасында  апшақтықтар 
болатынын анықтаған.
Квне  зертгеушілер  этностық  айырмашылықтың  себебін  белгілі 
географиялық- аймақгық, климаттык жагдайларынан болады деген.
26

Гиппократ  өзінің  «Ауа,  су,  жер»  атгы  еңбегінде  эр  халыкгың 
бойындагы  ерекшеліктері  олардың  географиялык  орналасуы  мен 
климаттың әсерінен деп  көрсетгі  [28].
Геродот  эр  түрлі  хапыктардың  мінез-қүлык  жэне  өмір  сүру 
ерекшеліктері  олардың  коршаған  табиги  ортасына  байланысты  деп 
түсіндірді-  Осыған  сэйкес  Геродот  баска  жердегіден  гері  Египеттегі 
аспан  ерекше,  сол  сиякты  Ніл  өзені  де  баска  өзендерге  қарағанда 
өзінін 
табиғи 
ерекшеліктерімен 
ерекшеленеді 
дей 
келе, 
египетгіктердің 
салт-дәстүрі 
мен 
эдет-ғүрыптарында 
басқа 
халықтардікінен өзгешеліктер бар деп көрсеткен  [29].
ХІУ-ХУІ 
ғасырларда 
алтын 
кендерін 
іздеуге 
деген 
кызыгушылықтың  пайда  болуы  еуропалықтарды  үлы  географиялық 
ашылуларға  экелді.  Тек  халықтар  арасында  гана емес,  сонымен  қатар 
нәсілдер  арасындағы  этностық  айырмашылықтарды  жаңаша  меңгеру 
мен  жаңаша ойлау  заманы  туды.  Сөйтіп,  этностық  айырмашылықгың 
түсіндірмелі  принципі  ретінде  географиялық  немесе  аймақгық 
детерминизм 
принципі  халык  жаны  түрғылықты 
мекен-жайға 
климатгың, 
топырақтың, 
рельефтің 
әсер 
ету 
нэтижесіне 
байланыстылығын  көрсетгі.  Табигат  жагдайларына  тәуелділігіне 
байланысты 
халықгарда  элеуметтік  қарым-қатынастың  ерекше 
нысандары өз өмірі  мен тарихына әсер ететін  әдет-ғұрыптар мен салт- 
дэстүрлерге үйлесімді  қапыптасатындығы байқалды.
Оңтүстік  жэне  Солтүстік  климаттарының  өзгерістері  адам 
организміне эсер  етеді.  Ендеше  адам  психикасының дамуына да  әсері 
бар деп есептеді Демокрит[30].
Этнопсихологияның  жаңа  терең  мүмкіндігі  XVIII  ғ.  басынан 
басталды,  онда  экономикапық  даму  саяси  жэне  үлтгық  дербестікті 
тереңдетті, 
ол 
өз 
кезегінде 
ішкі 
үлттык 
байланыстар 
мен 
қатынастарды  дамытуға  үлес  қосты.  Осы  жағдайлар  үрдісінде  үлтгық 
өмір салты, үлттық мәдениет,  психология  өмірлік іс-эрекет аумағында 
өзіндік  орын  алып,  функционалды  мүмкіндіктерге  ие  болды.  Халык 
мәдениетінің  бірлігі,  оның  рухани  -  психологиялық  жалпылығы 
төңірегіндегі  мэселелер  сол  кездің  мэдениетінде  белгілі  бір  орынга  ие 
болды. 
Осы 
мэселелер 
Г.Гердердің, 
Г.Гегельдің, 
И.Канттың, 
Ш.Монтескьенің,  И.Фихтенің,  Д.Юмның  жэне  т.б.  еңбектерінде 
көрініс тауып, жарыкқа шықты.
Ш.Монтескье  (1689-1755)  сол  халықтың  жалпы  эдіснамалық 
көзқарасын  жэне  рух  бойынша  этностық  айырмашылықтардың  мэнін 
толыққанды  түрде  көрсетті.  Ол  да  географиялық  детерменизм 
принципін  үстанган.  Дегенмен,  ол  климатгың  әсерімен  қалыптасатын 
сипатта  халықтың,  оның  тарихына  қалайша  эсер  ететіндігін  нақты
27

аныктады.  «Рух  заны»  деген  еңбегінде  ол  былай  деп  жазган: 
«солтүстік  климатта  сіздер  күнәлары  аз,  жақсы  ниетті,  шыншыл, 
ақкөңіл  адамдарды  көресіздер,  ал  қоңыржай  климатгы  елде  сіздер  өз 
іс  -  әрекетінде  түрақсыз,  тіптен  жақсылық  пен  жамандықга  да 
түрақсыз  адамдарды  байқайсыздар,  әйткені  ол  жақтың  белгілі  бір 
климаттық  ерекшеліктердің  жетіспеуі  оларга  түрактылык  көрсетуге 
мүмкіндік  бермейді.  Шектен  тыс  ыстык  климатта тән  күштен  мүлдем 
айырылады.  Ондай  кезде  тэннің  рахаттануы  жанга  ауысады. 
Хапықгың  «жаппы  рухына»  географиялық  жағдайлар  әсер  ететінін, 
үлттык мінездін қалыптасу негізін көрсетуге тырысты[31].
Француз  ағартушыларының  бірі  К.А.  Гельвеций  өзінің  «Адам 
туралы»  еңбегінде  «хапық  сипатында  болған  өзгерістер  мен  оларды 
тудырған 
себептер» 
жөніндегі 
бөлімінде 
халыктың 
сипаттық 
белгілеріне, 
олардың 
қалыптасу 
себептері 
мен  факторларына 
токталады.  Ол  былай  деп  жазды:  «Кезкелген  халықтың  қоғамдық 
тэрбиеде,  өзінің  мінез-қүлқын  қалыптастыратын  элемді  көру  жэне 
сезінуде ерекше қабілеттіліктері бар», - деген[32].
Ағылшын  философы  Д.Юмның  «Ұлтгық  мінез-күлық  туралы» 
еңбегінде 
зерттелген 
көзқарастар 
анағүрлым 
қызықты 
болып 
табылады.  Д.  Юм  қоғамдық  өмірдің  табиғи  (ауа,  климат)  шарттарын 
түрмыс  жэне  еңбек  дәстүрлерін  темпераментті,  мінез-қүлықты 
анықтайтын  факторлар  деп  есептеді.  Бірақ  Юмның  пікірі  бойынша, 
үлттық  ерекшеліктерді  қалыптастыруда  ең  бастысы  -  элеуметтік, 
моралдық  факторлар  болып  табылады.  Ол  бүл  қатарға  қоғамдағы 
әлеуметтік-саяси 
қатынастар 
мен 
байланыстардың 
барлығын 
жатқызады.  Юмның түсінігі  бойынша,  әлеуметтік -кәсіптік топтардың 
өзіндік  психологиялық  ерекшеліктері  бар  немесе  біртексіз  жагдайда 
өмір  сүреді  жэне  олардың  іс-эрекеттері  әр  түрлі  дей  отырып,  осы 
тіргыдан  қоғамның  эртүрлі  элеуметтік  топтарының  мінез-қүлқын 
қарастырды.  Жалпы ерекшеліктер  кэсіби  іс-әрекеттегі  карым-қатынас 
негізінде  калыптасады  да,  нәтижесінде  бейімділіктер,  дэстүр,  дағды 
аффектілері  жалпылана  түседі  жене  элеуметтік-кэсіптік  топтардың 
руханилығын 
қүрайды. 
Мінез-қүлықтың  топтық  өзгешеліктері 
эртүрлі  топтардың  жақындауын  тудыратын  өзара  әсерлерге  толы 
болады. 
Бүл 
күбылыстар 
саяси 

экономикалық 
қызығушылықтарымен, 
сауда 
-  
саттық, 
басқару 
қызығушылықтарымен тереңдей түседі[33].
Оның  идеяларын  немістің  философ  ғалымдары  И.Гердер, 
И.Кант, Г.Гегель жэне т.б. жалғастырды.

Барлық  неміс  ағарту  ісі,  сондай-ақ,  И.Гердер[34]  үшін  «үлттық 
мінез-күлық»  мэселелеріне  деғен  қызығушылық  екі  жағдаймен 
ерекшеленеді:
1.  Интернационалистік  экономикалық  -  саяси  катынастардың 
дамуымен, ягни олар - ұлтаралык қатынастар;
2. ¥лттык ерекшелік мәселелерінің езектенуі.
Осыған  орай  үлттық  мінез-қүлық  ерекшеліктері  туралы  Гердер 
ішкі жэне сырткы екі факторды  қарастыруды үсынады.
Ішкі  факторлар  -   бұл  ұлттық  мәдениет  және  қоғам  дамуында 
кцрінетін  табиғаттағы  органикалык  генетикалық  күштер.  Оның  пікірі 
бойынша,  органикалық  күштер  дамудың  ішкі  кезі  бола  отырып, 
барлық  табиғи  жэне  әлеуметтік  көпмәнділікті  анықтайды.  Адамзат 
коғамының  тарихы,  табиғаттьщ  даму  нәтижесі,  корытындысы  болып 
табылады. 
Сондықтан 
да 
Гердердің 
идеяларынан 
себепті 
факторлардың орын алғанын көреміз.
Этностық  мінез-құлықты  калыптастыруға  әсер  ететін  екінші 
фактор  -   сыртқы,  яғни  табиғи  жағдай  болып  табылады.  Ол 
адамдардың  психикасын  дамытуда  климаттық,  табиғи  шарттардың 
рөлін  тұтастай  жэне  толығымен  мойындайды.  Гердер  климат 
адамзаттық қысымға бағынуы мүмкін жэне ез мінез-құлқын езғертеді,
- деп жазды.  Ол тұңғыш рет халықтардың өмір салтын, олардың әдет- 
ғұрыптары  мен  салттарын  зерттей  келіп,  ауа райына (климатқа)  деген 
халықгардың  көзқарастары  туралы,  яғни,  тұтас  өмір  салтындагы 
сезімдерді,  эдет-ғұрыгітарды,  адамгершілікті,  дэстүр  ерекшелігін 
анықтайтын  экологиялық  үйлесім  туралы,  халыктардың  белгілі  бір 
шарттарға бейімделуі жөнінде айтгы.
ПГегель «Рух философиясы» атты еңбегі арқылы үлттардың мінез- 
қүлқы  туралы  білімді  дамытуға  маңызды  үлес  қосты.  Бұл  еңбегінде 
ұлттар  мінез-қүлқының  мэселелерін  қарастырды.  Ол  езінің  зертгеулері 
нетижесінде 
кейбір 
эдіснамалық 
мэселелердің 
шешімін 
тапты. 
Осылайша,  «темперамент жэне  мінез-қүлық» ұғьімдары мэні  жағынан  эр 
гүрлі  екендігін  дэлелдеп,  оларды  жарімлауға  карсы  шықты  да  егерде 
үлтгық  мінез-құлык  ұлтгық  қоғамның  ерекшелігі  болса,  темперамент  -  
жеке түлғаның ерекшелігі екендігін баса керсетгі[35].
XIX 
ғасырдың  екінші  жартысында  жаңа  кезең  туындап, 
этностық  психология  дербес  пэн  ретінде  қалыптасты.  Ол  В.Вундт, 
М.Лацарус,  Г.Лебон, Г.Штейнталь есімдерімен байланысты.
1859  жылы  неміс  ғалымдары  философ  Г.Штейнталдың  жэне 
филолог  М.Лацарустың  «Халықтық  психология  туралы  ойлар»  атты 
кітабы  шықты[36].  Авторлар  ғылымды  екі  топқа  белді:  бірі  -  
табиғатты,  екіншісі  -   рухты  зерттейді  деп,  олардың  міндеттерін  екіге
29

бөлді.  Рухты  зертгейтін  ғылымдардын  бірін  этностык  немесе 
хапықтық  психология  деп  атады.  Онын  міндетгері түрлі  халықтардың 
рух  іс-әрекетінің  формаларын жэне  өмір  сүру  ерекшеліктерін  зерттеу. 
Ендеше,  бүл  ерекшеліктер  мен  формалар  халықтардың  рухани 
табиғатын құрайды.
Г.Штейнталь  мен  М.Лацарус  концепциясында  халық  рух 
(халықтық  психология)  белгісінің  абстрактілі  өзін-өзі  үстайтын 
жартылай  түсініксіз  сипатта  болады.  Бүл  екеуінін  айтуынша, 
халықгық  психология  екі  белімнен  тұрады:  абстрактілі  -   халықтық 
рухтың  не  екенін,  оның  элементтерінің  қандай  болатындыгын  жэне 
екіншісі  жекелеген  халықты  іс-әрекеттің  жалпы  заңының  көрінуі 
ретінде зерттейді.
Біріншісі 
-  
халықгық 
тарихи 
психология; 
екіншісі 
- ]  
психологиялық этнология.
Ендеше,  танымның  қайнар  көзі  халык  рухынын  жемісі  болып 
табылады: тіл, миф, дін, өнер, дэстүр жэне халықтың толық тарихы.
Сонымен 
қатар, 
Штейнталь 
мен 
Лацарус 
«халықтық 
психология» жүйесін гылым  ретінде бірінші  болып  көрсетті.
Этностық  психологияның  қалыптасуында  В.Вундттың  есімі 
ерекше  аталады.  Вундттың  теориясынан  жекелеген  қызметтердегі 
элеуметтік-  психологиялық  зандылыктар  туындады.  Ол  адамзат 
қогамының  жалпы  дамуы  жэне  барлык  кұндылықтардың  рухани 
жемісінің  туындау  негізінде  жаткан  психологиялық  процестерді 
көрсетті.  Сонымен  қатар,  жаңа  ғылымның  пэндік  саласын  құрайтын 
ұлттық  рух  негізінде  жоғарғы  психикалық  процестерді  түсіндірді.
В.Вундт  ұлт  жаны  мен  психологиялық  құбылыстар  арасындағы 
байланысты,  әсерлену  мазмұнының  бірлігін,  сезім  мен  талпынысты 
ашып  көрсетеді.  Вундттың  пікірінше,  психологиялық  процестер 
жанның  белсенділігімен  түсіндіріледі.  Бүны  ол  апперцепциялық 
немесе ұжымның шығармашылық әрекеті деп атады[37].
Вундт  өзінің  «Халыктық  психологияның  мэселелері»  атгы  1912 
жылы  шыққан  еңбегінде,  халыктық  психологияның  үш  құрамдас бөлігін 
атап  көрсетгі:  тіл,  аңыз,  дэстүр.  Оның  ойынша,  тіл  -   поэзия  мен 
ғылымның  бастамасы  жэне  негізгі  қозғаушы  күші,  халықта  бар 
түсінікгерді,  зандарды  жэне  олардың  байланыстарының  жалпы  калпын 
сактайды;  аңыз  (миф)  -  діни  негізделген  халык  түсініктерінің  апгашқы 
маіъінасы,  сезімдер  мен  кұмартулар  арқьшы  әсер  етеді;  дэстүр  -  эдет- 
гұрып,  ерік  бағытын  жэне  мақсатын  анықгайтын  өнегелі  қағидалар.  Ол 
этнопсихологиялық зерттеулердің дамуына үлкен үлес қосты.
Осы  бастамадан  кейін  В.Вундт  идеяларын  Ресейде  Н.Н.  Ланге 
жэне Т.И. Челпанов т.б. дамытты.
30

Халықтык  психологияны  зерттейтін  авторлардан  француз 
ғалымы  Т.Лебонды  атгап  кетуге  болмайды  [38].  Ол  жасаған  жүйе 
басқа авторлардың идеяларына караганда езгеше жэне ХІХ-ХХ г.ғ.  екі 
фактормен  байланысгы:  көпшілік  жүмыскерлік  қозғапыстардың
дамуы жэне Еуропаның буржуазиялық колониалдық үмтылыстарымен 
тыгыз байланысты.  Этнопсихологиялык зерттеулердің  мақсаты  Лебон 
бойынша,  тарихи  көпшіліктің  рухани  қүрылымын  сипатгау  және 
тарих өркениетінің оған тэуелділігін анықтау болып табылады.
Осындай  қарама-қарсы  пікірлерге  қарамастан,  XIX  ғасьф  жаңа 
этнопсихология  ғылымының  пайда  болуы  мен  аяқталу  кезеңі  болып 
санапады.
Бірак, 
орыс 
гылымында 
этноүлтгық 
мәселелерге 
деген 
қызығушылық  бэсендемеді.  Бүл  Ресейдің  көпүлтгылығымен,  ягни 
Оңтүстік  Азия,  Кавказ жэне тағы да басқа елдермен  қарым-қатынаста 
болатындығымен  анықтапады.  Ресейдің  қогамдық  ойының  әртүрлі 
багытгарынан этностық психология  мәселесін ерекше сипатгауды В.Г. 
Белинскийдің,  Н.А.  Добролюбовтың,  Н.Г.  Чернышевскийдың  т.б. 
жүмыстарынан табамыз.
Н.Г.  Чернышевский:  «эрбір  тарихи  маңыздылығы  бар  халық 
ақыл-ой және  адамгершілік жагынан даму дәрежесі  бойынша өзара әр 
түрлі  адамдардың  бірігуі»,  -  деп  атап  көрсетгі  [39].  Осыган  орай 
үлттық  сананын  қүрылымы  түтас  элементтер  кешенін  жэне  жалпы 
жүйелі дамыған бейнені қүрайды.
«Славянофил»  жэне  т.б.  шығармаларында  үсынылған  үлттық 
мінезді  зертгеудегі  ерекше  бағыт  орыстың  қоғамдық  ойларының  діни 
идеологиялық  бағытын  белгілейді.  Олар  орыс  хапқының  түрмыс- 
тіршілігі,  өзіндік  санасына  аса  көп  көңіл  беліп,  элеуметтік  теорияны 
жарыққа 
шығарды. 
Олар: 
Н.А. 
Бердяев, 
П.Я. 
Данилевский,
И.В. Киревский, Ю.Ф.  Самарин,  И.В. Соловьев, А.С. Хомяков, және т.б. 
Олардың  негізгі  мақсаты:  орыс  халқының  маңызын  жэне  мәдениетінің 
орнын оларды қоршағандардың мэдениетінің жүйесінде анықгау болды.
Славянофилдердің үлттық бағдарламасы:
-  үлттың  жене  хапықтың  адамзатқа,  жеке  түлғаға  қатысты 
формальды анықтамасын белгілеуге;
-  әр  түрлі  үлттың  тарихи  түрмыс-тіршілігінің  үлтгық  мэнін, 
оның  сапыстырмалы  бағапары  жэне  эртүрлі  үлтгық  идеялардың 
мазмүнының сапасы турапы сүрақтарды анықгауға;

әр  түрлі  халықтардың  өзара  қарым-қатынасы  мен  үлттық 
идеялары  және  олардың  өзара  қарама-қайшылығын  көрсетуге 
бағытталды.
31

Олардың  идеялары  бұрынгы  дәуірде  де  болған.  Негізінен
Н.Бердяевтың,  Н.Данилевскийдің  жэне  В.Соловьевтың  көзқарасынан 
туындайды.
В.Соловьев  орыс  халқының  рухын  пейзажга  теңейді  жэне  кең, 
шегі  жок,  болашаққа  ұмтылган  деп  суреттейді  [40].  Н.А.  Бердяев 
бұган  қоса,  орыс  рухының  қалыптасуына  христиандықтың  тигізетін 
әсерінің  мол  екенін  айтады.  Сондықган  да  киелі  Русь  туралы,  оның 
элементтерінің әумелілігі туралы көп сөз қозгады  [41].
Ресейдегі  этнопсихологиялық зерттеудің тарихы  туралы  айтсақ,' 
Г.Г.  Шпетті  атап  өткен  жөн.  Этностық  психология  проблемаларына! 
белсене  қызыгушылық  танытқан,  феноменологиялық  мектептің 
көрнекті  философы  -  Г.Г.  Шпет.  Бұл  оның  тіл,  семиотика 
салаларындагы 
ғылыми 
қызығушылықтарымен 
байланысты. 
Г.Шпеттің  негізгі  этнопсихологиялық  кезқарастары  оның  «Этностық! 
психологияға  кіріспе»  атты  еңбегінде  (М.,1927)  көрсетілді  [42].  Ол 
рухты субстанционалды тануға қарсы шығады (Штейнталь, Лацарус).
Шпеттің  көзқарасы  бойынша,  этностық  психология  пэні  -  
ұжымдық 
типтін 
белгісі 
ретіндегі 
халық 
рухы. 
«Этностық 
психология»  басқа  пэндер  үшін  түсіндірмелі  ғылым  ретінде  емес, 
эдеттегі  үжымдық  эсерленуді  зерттейтін  сипаттаушы  психология 
ретінде танымал.
Сана-сезімнің 
психологиялық 
механизмі 
жан-жақты 
сабактастгық  табиғатқа  ие.  Себебі  оның  мазмұнына  тек  психикалык 
процестердің  қызметі  ғана  енбей,  тұлғаның  тұтастық  жүйелері, 
мотивациясы,  эмоционалдық  жай-күйі,  өмірлік  тәжірибе  нэтижелері 
де  кіреді.  Сана-сезім  адамның  саналық  кұрылымын,  мазмұн- 
магынасын  анықтауға  мүмкіндік  береді.  Осы  тұрғыдан  сана-сезімнін 
қалыптасуына  түрткі  болатын  бастапқы  саналық  көзін  белгілеп 
зертгеудің маңызы зор.
Кейінгі  жылдары  сана-сезім  мәселелері  ғылымдар  жүйесінде 
елеулі  орын  алуда.  Қазіргі  ТМД  кеңістігінде  өзбек,  қырғыз,  грузин 
жэне  басқа  елдердің  галымдары  осы  төңіректе  өз  зертгеулерінен 
туындаған  пікірлерін  ортаға  салуда.  Мэселен,  өзбек  ғалымдары:  Э.А. 
Агзамходжаева,  Г.С.  Арипова,  А.Р.  Вильданова,  Э.Г.  Газиев,  Б.Р. 
Кадыров,  Р.И.  Суннатова,  Н.С.  Сафаев  М.Д.  Шарипова  т.б.  өз 
еңбектерінде  өзіндік  сана  құрылымына,  механизмдеріне  жан-жақты 
талдау жасайды.
Р.И.  Суннатова  сана-сезімге  психологиялық  талдауында,  онын 
өте  күрделі  процесс  екендігін,  түлғаның  өзі  эртүрлі  жағдайларда 
«қабылдаудан  туындайтын  бейне»  екендігін,  сөйте  отырып  басқа 
адамдармен  өзара  әрекетке  түсуіндегі  өзінің  «Мен»  субъектісін
32


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет