Монография «Елтаным баспасы»


Сонымен тарихи фразеологизмдер тіл арқылы мəдениеттанудың



Pdf көрінісі
бет104/193
Дата06.01.2022
өлшемі14,19 Mb.
#16567
түріМонография
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   193
Сонымен тарихи фразеологизмдер тіл арқылы мəдениеттанудың 
құрамды бөлігі ретінде тіліміздегі тұрақты тіркестер қорында 
ақпараттық мəні басым болуына қарай өміршеңдігімен ерекшеле-
неді. Тарихи фразеологизмдер ұлт тарихына қатысты дерек көздері 
ретінде бағаланып, танымдық қасиетке ие болады. 
4.2 Этнос тарихына қатысты 
фразеологизм компоненттері
Қай халық, ұлт болмасын мемлекеттік даму үрдісінде өзге ұлттармен 
қоғамдық  жəне  мəдени  өмірінде  бір-бірімен  алыс-беріссіз  тіршілігі 
болмайды. Тарихи, əлеуметтік, экономикалық байланыстар тіл-тілдің 
лексикалық  құрамына  əсер  етеді.  Əсіресе,  лексикалық  қабаттардың 
өзгеруге, толығуға бейім тұратынын ескерсек, онда түрлі жолдармен 
енген кірме сөздердің игерілуіне орай, арғы этимологиясы ұмытыла бас-
тайды. Кезінде сол жаңа сөздердің лексикалық қорды толықтырумен 
қатар,  кейбір  тұрақты  тіркестер  компоненттерінің  құрамына  енумен 
қоса,  ұйытқы  сөз  ретінде  жұмсалатын  тұстары  бар.  Соның  əсерінен 
тілдегі  фразеологиялық  тіркестердің  компоненттер  сыңары  болып 
тұрақталады. 
Əдетте фразеологиялық мағына тіркестер құрамындағы сөздердің 
қосындысынан  туады.  Сол  компоненттер  қатарында  шеттен  ен-
ген  сөздердің  фразеологизм  жасауға  ықпалды  болатыны  заңдылық. 
Өйткені ол сөздердің ұлт тіліне сіңісті болып кеткені соншалық, тілді 
тұтынушылар өз ана тілінің байырғы лексикасындай қарым-қатынасқа 
түсіреді. Фразеологизмдердің құрамындағы басқа тілден енген сөздер о 
баста түрлі мəдени тарихи байланыстар арқылы ауысқан сөздер болып 
табылады. Қазақ тіліне кезінде араб, парсы, монғол, орыс т.б. тілінен 
енген сөздер осының айғағы. Мұның бəрі сол алыс дəуірлердің əлде 
бір  елесі  сияқты  ұлтттар  тілінде  сақталып  қалады.  Олардың  қарым-
қатынас үлгілерінің сипаты лексикалық единицалармен қоса, əсіресе, 
мақал-мəтелдер мен фразеологиялық тіркестерде молынан ұшырасады. 
Бұлардың өзін компоненттер құрамына қарай, жасалу жолдарына жəне 
тақырыптық түрлеріне қарай бірнеше түрге бөлуге болады. 


127
1. Бір компоненті басқа тілден енген тұрақты тіркестер. 
2. Калька түрінде жасалған тұрақты тіркестер. 
3. Діни фразеологизмдер.
ü Бір компоненті басқа тілдерден енген тұрақты тіркестердің қазақ 
тілінің фразеологиялық қорында сандық жағы едəуір. Ең бастысы тілде 
қаншалықты кірме элементтер болса, солардың фразеологизмдердің сөз 
сыңарларына өгей еместігі. Солай бола тұра, кейбір сөздердің тек фра-
зеологизмдер құрамында ғана кездеседі. Мысалы: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   193




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет