М.Өтемісов атындағы БҚму ғалымдарының ғылыми еңбектерінің сериясы / Тарих



жүктеу 1.88 Mb.
Pdf просмотр
бет1/10
Дата22.01.2017
өлшемі1.88 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

1

ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ 

МИНИСТРЛІГІ

М.ӨТЕМІСов АТЫНдАҒЫ 

БАТЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИвЕРСИТЕТІ 

М.Өтемісов атындағы БҚМУ ғалымдарының 

ғылыми еңбектерінің сериясы / Тарих 

А.Ш. ЖУРАСОВА  

Орал қаласының тарихы: 

әлеуметтік-экономикалық 

және мәдени даму аспектілері

 (1946-2011 жж.)

Орал - 2012


2

3

УдК 339.92:7



Пікір жазғандар:

Ә.Қ.Мұқтар – тарих ғылымдарының докторы

С.Б.Құрманалин тарих ғылымдарының кандидаты

Журасова А.Ш.

Орал қаласының тарихы: әлеуметтік-экономикалық және 

мәдени  даму  аспектілері  (1946-2011  жж.):  Монография.–  орал: 

М.Өтемісов атындағы БҚМУ Редакциялық баспа орталығы, 2012. - 

172 бет. 

  

           



            

Бұл монографияда орал қаласының Ұлы отан соғысынан кейінгі 

кезеңнен  қазіргі  уақытқа  дейінгі  әлеуметтік-экономикалық  және 

мәдени даму тарихы, қаланың дамуындағы өзгерістер сөз болады. 

Кітап тарихшыларға, студенттерге және өзінің өмір сүру ортасын 

білуге құштар барша оқырманға  арналған.

                                            

© М.Өтемісов атындағы БҚМУ  Ред. баспа орталығы, 2012.



Алғы сөз

Қазіргі  таңда  Қазақстан  Республикасы  дамыған  елдердің 

қатарына  кіруге  нақты  қадамдар  жасап  отырған  кезеңде  орал 

қаласының  республика  экономикасының  дамуына  қосып  отырған 

қомақты  үлесі  мен  қаланың  халықаралық    жан-жақты  байла-

ныс  деңгейіндегі  алатын  орны  зор  болып  табылады.  Сонымен 

қатар  тәуелсіздік  алғаннан  кейін  экономикалық  және  мәдени 

орталықтар  ретіндегі  қалалар  мәселесінің  көтерілуі  және  оның 

аймақтық  ерекшеліктерді  түсіну  үшін  қажеттігі  орал  қаласының 

тарихын  жазу  міндетін  алға  тартады.  Сондай-ақ  инновациялық-

интеграциялық  процесстердің  сабақтастық  негізде  жедел 

қарқынмен  дамуын  осы қаланың өнеркәсіп орындарынан көруге 

болады. Сондықтанда  жұмыс интеграциялық процестердің негізін, 

орал  қаласының  тыныс-тіршілігін  түсінуде    өз  құндылығын  арт-

тыра  түседі.  Қаланың  дамуына  өз  үлестерін  қосқан  қарапайым 

жұмысшыдан  үлкен  басшыға  дейінгі  тұлғалардың  саны  шексіз, 

олардың бәрінің атының аталмағаны үшін кешірім өтінемін. Әрине 

бір  зерттеу  жұмысы  арқылы  бір  қаланың  тұтас  тарихын  жазу 

мүмкін  емес.  Сондықтан  бұл  зерттеу  жұмысы  алдағы  уақытта  да 

толықтырылатын еңбек болып табылады.  



4

5

Қалалар тарихын зерттеудің өзектілігі

Әлемнің  озық  елдерінің  қатарына  қосылуға  ұмтылып  отырған 

тәуелсіз  Қазақстанның  алдында  маңызды  міндеттер,  соның  ішінде 

ғылыми-гуманитарлық саланы  әлемдік үрдістегі озық модель деңгейіне 

көтеру қажеттігі тарих ғылымына да қатысты мәселе. Сонымен қатар пре-

зидент Н.Ә.Назарбаев «соңғы он жыл құқықтық, экономикалық  және са-

яси жаңалықтарға қоса, ұлт психологиясына түбегейлі өзгерістер енгізіп, 

тарихтағы  орнын  танып-білу  сезімін  орнықтырды»деп  атап  көрсетті 

[1;16].  осы  тұрғыдан  алғанда  азаттық  алған  халықтың  тек  бүгінгісін 

ғана біліп қоймай өткенге де үңіліп, өзінің өмір сүру ортасының өткені 

мен  қазіргісін  жете  білуге  деген  ұмтылысы    тарих  ғылымының  алды-

на  жаңа  зерттеу  тақырыптарының  легін    шығарғаны  сөзсіз.  осыған 

орай  тәуелсіздік  алып,  егеменді  ел  болғаннан  бері  жаңа  көзқарасты 

қажет  еткен  тарих  ғылымындағы  зерттеуден  шет  қалмаған  маңызды 

тақырыптардың бірі - қалалар тарихы. Қалалар тарихының маңыздылығы 

туралы ғалым-философ Ғарифолла Есімнің «дүниеде бар нәрсе жоғалып 

кетпейді,  сондықтанда  мемлекеттің  негізгі  ұлттық  байлығының  бір 

бөлігін жасақтауға септігін тигіуші қалалардың жүйесін сақтап қалу ке-

рек. онсыз қалаларды жоғалтуымыз мүмкін, яғни қалалардағы рухани-

материалдық құндылықтардан айырылып қалуымыз мүмкін. Сондай-ақ 

қалаларда өнім өндіріп отырған мекеме-кәсіпорындармен қатар белгілі 

бір  саяси-қоғамдық  ұйымдар  жұмыс  жасайды.  Мұның  өзі  саясаттың 

қалада  жасалатынын  көрсетеді.  Қалалар-мемлекеттің  байлығы»  деген 

пікірімен толық келісуге болады [2]. Сондықтанда зерттеу тақырыбының 

өзектілігі  тарихи  дамудың  белгілі  бір  кезеңіндегі  қоғам  мен  мемлекет 

өмірінде қалалардың алатын орны мен ролін анықтаудан келіп шығады

.

 



Өйткені қалалар халықтың экономикалық, саяси және рухани өмірінің 

орталығы  ретінде  көрініс  ала  отырып,  қоғам  дамуында  жетекші  роль 

атқарады. Себебі бүкіл өзгерістер мен жаңалықтардың басталар жері мен 

үкімет саясатының алғаш жүзеге асар орны болып табылатын қалалар-

қоғам тарихының бөлінбес бөлшегі болып табылады. Қалалардың даму 

тәжірибесін  терең  зерттеу  қоғамның,  әлеуметтік-экономикалық  және 

саяси  дамуында  болып  жатқан  өзгерістердің  себептері  мен  мазмұнын 

түсінуге мүмкіндік береді.

Қазіргі  тарих  ғылымында  ХХ  ғасырдың  50  жылдардан  бастау 

алған Қазақстан қалаларының тарихын жаңаша көзқарас тұрғысынан 

қайта қараудың өзі маңызды болып отыр. Өйткені қоғам дамуын түсіну 

елдің әртүрлі қиырларындағы шаруашылық жағдайлары алуан түрлі 

аудандарды,  оның  орталығы  -  қалаларды  жекелей  алып  қарастыру 

қажеттігін сөзсіз талап етеді.      

Қалалар-  көп  салалы  әлеуметтік  организм  және  экономикалық-

жағрафиялық  контекст  деп  алсақ,  олар  әлеуметтік  -саяси  тұрмыс 

орталығы,  онда  үкімет  билігінің  ұйымдары  мен  әртүрлі  саяси  және 

қоғамдық бірлестіктер топтасқан. Сондықтан қалалар тарихын зерттеу 

аймақтың жергілікті ерекшеліктерін терең түсінуге мүмкіндік береді. 

осыған  орай  тақырыптың  қазіргі  таңдағы  өзектілігі  Қазақстанның 

қазіргі  кезеңдегі  тарихын  зерттеумен,  қоғам  тұрмысы  мен  мемле-

кет  өміріндегі  қаланың  алатын  орны  мен  ролін  анықтауда  маңызы 

зор.  Себебі  қазіргі  Қазақстан  Республикасының  өнеркәсіптік  және 

әлеуметтік-мәдени  келбетінің  қалыптасуының  өзі  Қазақстандағы 

қалалардың, оның саяси, мәдени-әлеуметтік өмірінің дамуымен тікелей 

байланысты. Өйткені Кеңес одағында ұзақ жылдар бойғы әлеуметтік 

саясаттың  жалпыға  бірдей  заңдылығымен  өсіп-жетіліп  өмір  сүрген 

қалалар  саны  2  мыңнан  асқан.  Сондай  қалалардың  қатарында  орал 

қаласын да атап өтуге болады.

Соңғы  жылдардағы  қалалар  мен  қала  өмірінің  тарихын  зерт-

теуге ерекше қызығушылық туындап, халықтың өз ортасын, ондағы 

оқиғаларды білуге ұмтылысының орын алуы бай тарихы бар  орал 

қаласына  да  қатысты  мәселе.    оның  үстіне  тарих  ғылымының  сая-

сатпен аралас қабаттасқан беттерінің бірі ретінде қазіргі қалалардың 

тарихына  терең  талдау  жасап,  өзіндік  бағада  зерделеу  мен  тың 

көзқарастан  баға  берудің  сұранысы  да  ерекше  болып  отыр.  Жалпы 

қалалардың ерекшелігін түсіну оның пайда болуы мен қалыптасуын, 

әртүрлі  кезеңдердегі  даму  тарихын  ғылыми  тұрғыдан  талдап, 

қорытындыламайынша  мүмкін  емес.  Мұны  өзінің  творчестволық 

қызметінде  қала  тарихымен  айналысушы  М.в.Ломоносов  атындағы 

Москва университетінің профессоры  Е.Н.Перциктің өзі «қала –ғылыми 

зерттеудегі тамаша обьект» деген пікірімен де толық қуаттайды [3;8]. 

Өйткені қалалар саяси, экономикалық, әлеуметтік процестердің басты 

аренасы.  онда  көптеген  мәселелер  орын  алады,  атап  айтсақ  саяси-

экономикалық,  әлеуметтік,  урбанизация,  экологиялық  мәселелермен 

қатар мәдениеттің, ғылым мен өнердің дамуы да жүзеге асады.

Тақырыптың ғылыми-теориялық маңыздылығының өзі Қазақстан 

территориясындағы қалалардың пайда болуы мен даму тарихына бай-

ланысты бірқатар арнаулы зерттеулердің шығуымен  байланысты. Бұл 

Қазақстандағы қалалар тарихын зерттеуді алға бастырған қадам бол-

са,  қалалардың  роліне,  оның  даму  стратегиясына    1980-  жылдардан 

бастап үкімет тарапынан ерекше көңіл бөліне бастады. осы кезеңнен 

бастап Үкіметтің қаулы-қарарларында ірі қалаларда бұдан былай ірі 

өнеркәсіп орындарын салуды шектеу керектігі, оның есесіне кіші және 

орташа  қалаларды  дамытып,  солардың  шаруашылық  мүмкіндіктерін 

толық пайдалану керектігі баса көрсетілді.



6

7

Тәуелсіздік  алғанға  дейін  қалалардың  даму  процесінің  бір 



жақты  зерттелуі,  саясаттың  шеңберінен  шықпай  көпшілік  жағдайда 

шындықтың бүркемеленіп қалуы қазіргі кезде осы мәселелерді жан-

жақты зерттеуге деген ғылыми қызығушылықты туғызып, тақырыпты 

өзекті мәселеге айналдырып отыр. Қазақстанның өндіргіш күштері мен 

өндірістік  қатынастарының  дамуында  маңызды  орын  алған  бірқатар 

қалалар  тарихы  жазылғанмен  орал  қаласының  қазан  төңкерісіне 

дейінгі тарихы өте қысқаша түрде жазылса, қазіргі кезеңдегі тарихы 

зерттелмеген. Сондықтан да экономикалық, саяси мәселелерімен қатар 

урбанизация, экологиялық-демографиялық мәселелері де қордаланған, 

ірі  өнеркәсіп  орталығы  болып  есептелетін  орал  қаласының  тари-

хын  зерттеу  Қазақстан    Республикасы  тарихы  үшін  өте  актуалды, 

ғылыми-практикалық маңызы зор мәселе. Себебі көпғасырлық тари-

хы  бар,  1932  жылы  10  наурызда  Батыс  Қазақстан  облысы  құрылған 

кезден оның орталығы болып келе жатқан орал қаласының Евразия 

кеңістігіндегі Европа мен Азияны жалғастырушы канал ретінде сая-

си- экономикалық, әлеуметтік және мәдени маңызы жоғары.

 

Неліктен 



қаланың  1946  жылдан  бергі  даму  тарихын    бөліп  алып  қарастырып 

отырмыз  деген  мәселеге  келсек.  Жалпы  Қазақстан  қалаларының  та-

рихын  жазу  1950  жылдардан  бастау  алғанын  атап  кеттік.  дегенмен 

бұл  қалалар  тарихында  орал  қаласы  өзіндік  орнын  толық  иеленбе-

ген, бірқатар зерттеулерде қаланың ролі айқын көрсетілмеген. оның 

үстіне  академик  М.Қ.Қозыбаевтың  «Қазақстанның  Батыс  аймағы  

ғылыми ізденіс үшін қызықты обьект...Көптеген мәселелер, әсіресе ар-

хеологиясы, тарихы мен этнографиясы, мәдениеті мен өнері, қоғамдық 

қатынастар мен әлеуметттік құрылымы тағы басқалары фундаменталь-

ды зерттеуді қажет етеді.» деген пікірінің осы мәселелердің  орталығы 

ретіндегі орал қаласына да қатысы бар десек қателеспейтін болармыз 

деп есептейміз[4;231]. Сондықтан Европа мен Азияны жалғастырушы 

ірі  орталық  ретіндегі  орал  қаласының  республиканың  халық 

шаруашылығы  мен  мәдени  дамуында  қаншалықты  орын  алғанын 

көрсету біз зерттеп отырған тақырыптың өзектілігін одан әрі айқындай 

түсетіндігі  сөзсіз.  оның  үстіне  республикада  жүргізіліп  отырған 

ономастикалық  саясаттың  өзі,  орал  қаласы  «кімнің  қаласы?»  деген 

мәселенің  көтерілуі  орал  қаласының  тарихын  жазудың  қажеттілігін 

сөзсіз талап етеді. 

Әрине  орал  қаласының  пайда  болуы  мен  дамуының  біртұтас  

тарихын жазу бір зерттеу жұмысы үшін өте ауқымды. Сондықтанда 

үлкен  ауыртпалық  жылдары  болып  саналған  Ұлы  отан  соғысынан 

кейінгі кезеңдегі қиындықтарды жеңе отырып ірі орталыққа айналған  

қаланың  даму  жолын  қарастыру  негізгі  мақсат  болып  отыр.  Себебі 

«қала кімнің қаласы?» деген мәселенің талас туғызуы кеңестік дәуірде 

жүргізілген  саясатпен  тығыз  байланысты.  Тек  соғыстан  кейінгі 

кезеңнен тәуелсіздік алғанға дейінгі аралықтағы жүзеге асқан саясат 

негізіндегі  өндіріс  орындарында  өзге  ұлттың  басым  болуы,  барлық 

істің орыс тілінде жүруі қаланың қандай бағытта дамығанын көрсетеді. 

Сондықтанда жоғалтқанымыздың орнын толтырып біртіндеп қаланы 

ұлттық бейнеге көшіру біз үшін күн тәртібіндегі өте ділгір мәселе бо-

лып саналады.

Қоғамда өзіндік ролі мен маңызы бар орал қаласының кеңестік 

және тәуелсіздік жылдарындағы тарихын тарихи деректер мен нақты 

құжаттарға сүйене отырып зерттеу жүргізу бүгінгі күн талабына сай 

келер  деп  ойлаймыз.  Сондықтан  қазіргі  Қазақстанның  өнеркәсіптік-

әлеуметтік  келбетінің  қалыптасуының  өзі  осындай  қалалардың 

өмірімен тығыз байланысты.

осы тікелей зерттеуге алынып отырған бай тарихы мен дәстүрлі 

мәдениеті  бар  орал  қаласының  тарихы  тақырыбын  кімдер  зертте-

ген;  қала  тарихын  қай  жағынан  алып  қарастыруға  болады  деген  ой 

тұрғысында тақырыптың тарихнамасына, зерттелу жағдайына  әріден, 

яғни    ең  алдымен  жалпы  қалалардың  тарихнамасын    зерделеуден  

бастағанды жөн деп санадық. Жұмысты жазу барысында қарастырған  

отандық зерттеушілердің ғылыми-зерттеулерін  саралай отырып, жал-

пы   қалалардың  тарихын 1917 жылға дейінгі  және кеңестік кезеңдегі  

даму тарихының тарихнамасы деп бөліп қарастыруға болады. Қазақстан 

территориясындағы  1917 жылға дейінгі қалалар  тарихының тарих-

намасында орал қаласының  географиялық-экономикалық жағдайын 

сипаттайтын  зерттеулер бар, ал кеңестік кезеңдегі  қаланың даму та-

рихына қатысты  арнаулы тарихи еңбектер жоқ.

орал қаласының тарихына тікелей қатысты зерттеулерді жинақтай 

отырып, оларды  былайша топтауға болады:

-қаланың пайда болу тарихы туралы еңбектер;

- қала туралы анықтамалық   жинақтар;

-қарастырылып  отырған  кезеңдегі  республиканың    дамуының 

жекелеген  салалары,  яғни  экономикалық,  мәдени,  әлеуметтік, 

демографиялық мәселелер бойынша зерттелген орал  қаласының  та-

рихына қатысты тарихи еңбектер. 

орал қаласының пайда болуы  туралы алдымен тарихи бағытта 

жазылған  зерттеулер  басшылыққа  алынды.  Кеңестік  кезеңдегі 

көптеген  тарихи  ізденістерде  қаланың  негізі  1613  жылдан  бастап 

қаланды деп жазылып келген болатын.  Алайда батыс өлкенің тари-

хын жете зерттеп жүрген  ғалым академик Т.З.Рысбеков өз еңбегінде 

қаланың пайда болу тарихына, қазақ халқының арғы тектерінен, ата-


8

9

бабалар өмір сүрген дәуір сонау I мың жылдықтан басталатындығын, 



қола дәуірі кезінде скифтердің, готтардың, ғұндар мен қыпшақтардың 

мекені болғандығын дәлелдеген [6;33-37]. Сондай-ақ Т.З.Рысбековтың 

пікірінше  ХХ ғасырдың 60-70 жылдары мен қазіргі таңда жүргізіліп 

жатқан  археологиялық  зерттеулердің  нәтижелеріне  сүйеніп  қаланың 

пайда  болу  тарихын  орта    ғасырлық  Саксин  қаласымен,  “Курения” 

тұрағымен  байланыстырды.  Ал    археологиялық  зерттеулер    орал 

қаласының тарихы сонау неолит заманынан басталатынын дәлелдеуде

.

 



Шын  мәнінде  қалалардың  пайда  болуының  тарихи  методологиялық 

негіздеріне сүйенсек қаланың бос жерде пайда болмайтыны шындық. 

Сондықтан  орал  қаласының  орны  да  ХVII  ғасырдан  бұрын,  Жайық 

казактары  келіп  қоныстанған  уақыттан  ерте  пайда  болғаны  сөзсіз. 

Сондай-ақ ХVI ғасырдың өзінде боярин Благов, Астрахань әскер басы 

князы  Лобанов–Ростовскийлердің  патшаға  жазған  мәлімдемелерінен  

казактардың Ресейден бос жерге келмегенін, оларға тұяқ тірер орын 

болғанын    публицист  Н.Чесноковтың  еңбегіндегі  мәліметтерден 

көруге болады [7;3]. Бірақ Н.Чесноковтың еңбектері публицистикалық 

сипаттағы  еңбектер  болғандықтан  кейбір  мәліметтер  нақтылай 

дәлелдеуді  қажет  етеді.  Сөйтіп  қалыптасу  тарихы  сонау  ерте  кезден 

басталған орал қаласы осы батыс өңірде болған ұлы тарихи оқиғалар 

мен  тарихи  дүрбелеңнің  барлығын  да  азды-көпті  бастан  кешіріп, 

тарих  толқынында  дағдарыс  пен  қиындықты,  жетістік  пен  өрлеуді 

бастан кешіре отырып, дамып, жетіліп, ірі экономикалық – әкімшілік, 

мәдени  орталыққа  айналды.  Әсіресе  соғыстан  кейінгі  шаруашылық-

тұрмыстық міндеттерді шешуде облыстың орталығы ретінде маңызды 

роль атқарды.

ХХ ғасырдың 30 жылдары отандық тарихнамада қалалар тарихына 

арналған  алғашқы  арнайы  зерттеулер  анықтамалар  түрінде  жарық 

көрген. Бұл зерттеулер қатарында Г.Н.дроздовтың, К.данилевскийдің, 

Е.Рудницкийдің  еңбектерін  де  батыс  аймақтың  қалалары  туралы 

анықтамалар  деп  өтуге  болады[8].  Г.Н.дроздовтың  еңбегінде  орал 

қаласы  мен  оның  аймақтарына  жалпы  географиялық-экономикалық  

жағдайына шолу түрінде  сипаттама берілген. 

Қалалар тарихы мәселесінің ғылыми-теориялық маңыздылығына 

орай Қазақстан территориясындағы қалалардың пайда болуы мен даму 

тарихына  1950-жылдарда  бастап  ерекше  көңіл  бөлініп,  қалаларды 

арнайы  зерттеу  жұмыстары  жандана  бастайды.  осы  кезден  бастап 

Қазақстандық  қалалардың  пайда  болуы  мен  даму  тарихына  көңіл 

бөлініп,  жеке  қалалар  тарихына  байланысты  кітаптар,  мақалалар 

жазылып, ғылыми зерттеулер жүргізіле бастады. олар  А.А.Горячева, 

К.Туманшин, 

Э.И.Герасимова, 

Б.Чемирбаева, 

Г.Алпысбаева, 

Б.о.Медетов,  Н.в.Алексеенко  тағы  басқаларының    еңбектері  болды.  

Бірақ бұл зерттеулердің көпшілігі қалалар тарихының қазан төңкерісіне 

дейінгі кезеңін қамтыды [9].

Ғылыми-публицистикалық  сипаттағы  еңбектердің  ішінен  орал 

қаласы тарихына қатысты географ Г.Е. Москалевтің [10]еңбегін бөліп 

алуға болады. оның еңбегінде орал қаласындағы сауда капиталының 

өнеркәсіпке  енуі  және  қала  халқының  әлеуметтік-кәсіптік  құрамына 

ықпалы  туралы  мәселе  көтеріледі.  Темір  жолдың  салынуы  бұл 

аймақтағы  капиталистік  қатынастардың  таралуына    және  жалпы 

экомикалық  дамудың  өзгерістерге  ұшырауына  тиімді  ықпал  еткені 

туралы ой өрбітеді. 

Жалпы  осы  жылдардан  бастап  қалалар  тарихына  арнайы  көңіл 

аудару  Қазақстан  тарихнамасының  кеңеюіне,  қалалар  тарихын 

зерттеудің  тереңдей  таралуына  және  жаңа  сипатта  дамуына  ықпал 

етеді.  оның  нәтижесінде  1960-1980  жылдарда  қалалар  тарихын 

зерттеу одан әрі жалғасын табады. Әсіресе  отандық зерттеушілердің  

басым  бөлігі  верный,  орал,  Риддер,  Жамбыл,  Семей  тағы  басқа 

қалалардың  қалыптасуы  мен  дамуы,  шаруашылығы,  саудасы  мен 

мәдени  өмірі,  патша  үкіметінің  саяси-әкімшілік  шаралары  туралы 

мәселелерге  ерекше  көңіл  аударылады.  Қалалар  туралы  жинақ 

еңбектермен  қатар  диссертациялық  жұмыстарда  жазылды.  оның 

ішінде  орал  қаласының    пайда  болу  және  даму  тарихын  ғылыми 

айналымға  алғаш  рет    енгізген  тарихшы-ғалым  Э.Н  Герасимованың 

еңбегін  ерекше атауға болады[12]. Зерттеуші орал қаласының   пайда 

болуынан бастап 1917 жылға дейінгі тарихын  қарастырған. ол қала 

халқының  санының  өсуі  туралы  жаза  отырып,  олардың  әлеуметтік 

жіктелуін  қала  экономикасына  ақша  –  тауар  қатынастарының 

енуінен  және  капиталистік  қатынастардың  дамуымен  байланыстыра 

түсіндіреді.  Сондай-ақ    ғалым  батыс  аймақтағы  сауда  капиталы  мен  

өңдеу өнеркәсібінің тезірек дамуына Қазақстанның басқа қалаларына 

қарағанда Ресейдің өнеркәсіпті орталықтарының  жақындығы ықпал 

етті  деп  санайды.  Қазақстан  қалаларының  әлеуметтік-экономикалық 

даму  мәселелері  мен  қатар  демографиялық  аспектілері  У.М.Искаков 

еңбектерінде қарастырылса[13;16], Т.Басенов еңбегінде   Қазақстанның  

қалаларының дамуына шолу ретінде  сипаттама берілген[14].  Сонымен 

қатар  А.Е.Елагиннің  бірнеше  құнды  зерттеулеріде  осы  бағытта 

жарық көрді. осы ғалымның басшылығымен Қазақстанның бірқатар 

қалаларының  тарихы  бойынша  топтастырылған  ғылыми  жинақ 

жарияланды[15].  Бірақта  бұл  еңбектерде  орал  қаласының  тарихы  

жайлы   еш мәліметтер келтірілмеген.  

Қалалар  тарихын  зерттеуде    тарих  ғылымына  өз  үлесін  қосқан  


10

11

ірі ғалым Ж.Қ.Қасымбаевтың еңбектерінде  көтерілген мәселелер мен 



оларда  жасалынған  тұжырымдарды  методологиялық  негіз  ретінде 

қарастырудың  маңызы  өте  зор  [16].  оның  негізгі  тұжырымдарына 

келсек,  біріншіден,  әскери  қорғаныс  орындары  ретінде  негізделген 

қалалар  Қазақстан  аймағының  экономикалық  дамуында  маңызды 

роль  атқарғанын  көрсетілген.  Екіншіден,  автор  мұндай  қалалар 

арқылы  қазақ  аулына  капиталистік  элементтер  еніп,  патриархалды-

феодалдық  қатынастардың  ыдырауы  жылдамдады  деп  көрсетеді. 

Үшіншіден, қала тұрғындарының өсу динамикасын талдауда да “қазақ 

даласына капиталистік қатынастардың енуі, патриархалды-феодалдық 

құрылыстың  ыдырауы  және  сонымен  бірге  Ресейдің  өнеркәсіпті 

аудандарымен сауда-экономикалық байланыстардың нығаюы, қазақтар 

шаруашылығының  жалпыресейлік  экономика  жүйесіне  тартылуы-

мұның  бәрі  қала  тұрғындарының  артуына  ықпал  етті”  деп  айқын 

сипаттайды.

Қаланың  орталық  ретінде  қалыптасуы  ең  алдымен  өнеркәсіп 

саласымен  тікелей  байланысты  екендігі  белгілі.  Қалалардың 

ұлғаюына  әсер  еткен  факторлардың  бірі  -  өнеркәсіп  орындары, 

сондықтан  қалалар  тақырыбына  қатысты  индустрия  мәселелеріне 

арналған  А.Ғ.Сармурзиннің,А.Қ  Қошановтың,  Т.А.Ашимбаевтың, 

Т.Сарсембаевтың  еңбектері  индустрия,  өнеркәсіптің  белгілі  бір 

салаларының  даму  мәселелерін  талдауға  арналған[17].  Соғыстан 

кейінгі  халық  шаруашылығын  қайта  қалпына  келтіруде  жүзеге 

асырылған  негізі  шаралар  мен  өнеркәсіптің  жалпы  даму  мәселелері 

Г.Чуланов,  в.Кольцов,  К.Симаков  еңбектерінде  орын  алған  [18].  Ал 

жалпы  Қазақстан  өнеркәсібіндегі  жұмысшы  табының  қалыптасуы 

мен  өсу  мәселелері  А.Н.  Нүсіпбеков,  А.Ш.Алтаев,  М.Х.Асылбеков, 

С.Б.Нұрмұхамедов  еңбектерінде  қарастырылған  [19].  Бірақ 

орал  қаласындағы  жұмысшыларға  қатысты  нақты  мәліметтер 

келтірілмеген.

Кейбір  еңбектерде  қалалардың  демографиялық  дамуына 

байланысты  бірқатар  деректер  келтірілген.  Әсіресе  қалалар 

тарихының  экономикалық-әлеуметтік  дәрежесі,  демографиялық 

сандық  көрсеткіштері  М.Х.Асылбеков,  А.Б.Ғали  еңбектерінде, 

Қазақстан қалаларындағы 1920-90жж. тұрғындардың тұрмыс дәрежесі 

А.Н.Алексеенко  еңбектерінде,  Г.А.Мынтаеваның  кандидаттық 

диссертациясында берілген[20].

отандық зерттеушілер  қалалардың  экономикалық, мәдени  және 

білім беру, денсаулық сақтау ісі саласының  даму  барысын жекелей мәселе  

ретінде  қарастырған. Мысалы, республикамыздың қалаларындағы білім 

беру  мен  мектеп  ісінің  даму  мәселелерін  қарастыруда  А.И.Сембаев, 

Г.Задорожный[21]  еңбектерінің,  педагогикалық  кадрларды  даярлау 

ісі  мен  жоғарғы  мектептің  даму  тарихы  туралы  Л.З.Рустемов  пен 

К.Жуламанов  еңбектері  мен  С.Т.Рысбекованың,  Г.К.Балахметованың 

диссертациялық жұмыстарындағы мәліметтердің маңыздылығын атап 

өтуге болады [22].

Сондай-ақ  Н.джандильдин  мен  А.Канапин,  Х.М.Әбжанов,Х.Б. 

Табылдиевтың  еңбектері  мен  о.Т.Ельчибаеваның  диссертациялық 

жұмысында  мәдени-ағарту  жұмыстарының  формалары,  кіиапхана 

ісінің,  мәдениет  пен  ғылымның  дамуы  туралы  мәселелер  кеңінен 

қозғалған[23]. Қаладағы мәдени дамудың бір саласы кітапхана ісінің 

дамуы,  мәдени-ағарту  мекемелерінің  жұмыстары,  мәдени  ошақтар 

мен  ұлттық-мәдени  орталықтар,  олардың  жұмыстары,  мәдениет 

саласындағы  мемлекеттің  саясатының  бағыттарын  анықтауда 

Ш.в.Тлепина,  в.в.Бардаков  еңбектері  мен  С.З.Баймағанбетовтың, 

А.Т.Капаеваның  докторлық  диссертацияларының  [24]  өзіндік  орны 

бар екенін атап өтуге болады.

Қазақстандағы денсаулық сақтау ісінің тарихы Р.И.Самарин еңбегі 

мен  С.Х.  душманов  докторлық  диссертациясында  қаралған.  Соның 

ішінде  С.Х.душмановтың  диссертациясында  1971-1985  жылдардағы 

Батыс  Қазақстанның  денсаулық  ісінің  даму  мәселесіне  үлкен  мән 

берілген [25].

Бірақ қоғамды қыспағында ұстаған кеңестік қатаң идеологиялық 

талап  ғылыми  талдаулардың  обьективті  қалыптасуына  және 

қалалардың пайда болуы мен даму мәселелеріне кең талдау жасауға 

мүмкіндік бермеді. Тек Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін қалалар 

тарихын  зерттеу  ісі  жанданып,  жаңа  бағытқа  түсе  бастады.1980 

жылдардың  II  жартысы  мен  1990-жылдарда  қоғам  өмірінің  барлық 

саласында демократиялық өзгерістер басталған кезде тарих ғылымы 

да  жаңару  жолына  түсіп,  тарихи  мәселелерді  кеңінен  қарауды  қолға 

алды. осыған орай Қазақстан қалаларының 1917 жылға  дейінгі және 

кеңестік кезеңдегі тарихына арналған бірқатар жаңа зерттеулер жарық 

көре бастады [26]. Бұл еңбектер жаңа көзқарастар негізінде жазылып, 

қалалардағы орысшыл отаршылдықтың зардаптарына мән берген.

Тәуелсіздік алғаннан кейінгі Қазақстанның жалпы экономикалық 

дамуына арналған Т.Ашимбаев, в.в.Парамонов, Н.К.Мамыров, түрік 

ғалымы  Фейзуллах  Будак  еңбектерінің  тәуелсіздік  жылдарындағы 

қаланың  саяси-экономикалық  даму  бағыттарын  айқындауға  тигізген 

көмегі  сөзсіз  [27].  Сондай-ақ  орал  қаласының  тарихына  қатысты 

жекелеген мәселелер жергілікті тарихшы-ғалымдар мен өлкетанушылар 

еңбектерінде  де  орын  алған.  Мысалы,  ғалымдар  Т.З.Рысбековтың, 

Б.Қ.Бірімжаровтың, 

С.Б.Курманалиннің, 

Ж.Ж.Жақсығалиевтің  


12

13

еңбектерінде  қала  мен  облыс  аудандарының  арасындағы  байланыс, 



қаланың  ауылға  көмегі,  ауыл  шаруашылығының  дамуына  қаланың 

өндіріс орындарының қандай дәрежеде ықпал еткені жан-жақты ашып 

көрсетіліп,  қаланың  тарихи  атауына  қатысты  мәселелер  көтерілген 

[28]. Ал тарих ғылымдарының докторы М.Н.Сдықов монографиялары 

мен  А.И.Қаржаубаева  диссертациясында  қаладағы  демографиялық 

мәселелер  талданған  [29].  Жергілікті  өлкетанушы,  филолог  Жайсаң 

Ақбайдың  еңбектері  мен  мақаларында  орал  қаласының  тарихының 

кейбір мәселелері қамтылған [30].

осы  жоғарыда  аталған  арнаулы  зерттеулер  мен  ғылыми 

еңбектерге шолу жасаған кезде Қазақстанның маңызды орталығының 

бірі ретіндегі орал қаласының тарихына байланысты кеңестік кезеңге 

дейінгі  тарихын  зерттеудің  аздығы  мен  кеңестік  кезеңдегі  тарихи 

дамуы жайлы жинақталған  ғылыми еңбектің жоқтығын байқатады.

Сондықтан зерттеудің мақсаты—адамзат қоғамының  дамуында 

маңызды  орын  алатын  қалалар  жүйесінің  тарихын  кешенді  зерттеу 

ісінің құрамдас бағыты ретінде орал қаласының 1946 жылдан қазіргі 

кезге дейінгі даму тарихын зерделеу. 

   




Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет