Мукушева Каракоз Сериковна, Сагындыкова Гульдана Мырзабековна



бет1/2
Дата03.04.2023
өлшемі21,42 Kb.
#78743
  1   2
Байланысты:
Мукушева К мақала


Мукушева Каракоз Сериковна,
Сагындыкова Гульдана Мырзабековна
педагогика ғылымдарының магистрлері
Ақмола облысы бойынша «Өрлеу» филиалының аға оқытушылары,
Қазақстан, Көкшетау қ.

ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ – ЖОЛДАРЫ



Тәрбие – қоғамның негізгі қызметтерінің бірі, жеке адамды мақсатты, жүйелі қалыптастыру процесі, аға ұрпақтың тәжірибесін кейінгі буынға меңгертіп, олардың сана-сезімін, жағымды мінез-құлқын дамытушы. Бұл орайда қазақстандық Қ.Б.Жарықбаев, С.Қ.Қалиев, С.А.Ұзақбаева, Ж.Ж.Ұзақбаева, Ж.Ж.Наурызбай, К.Ж.Қожахметова секілді зерттеуші – ғалымдар еңбектерінің бірқатар жаңа ізденістерге жол ашып, қазақтың ұлттық тәлім-тәрбие жүйесін жинақтап, жетілдірудегі құндылығын атап өтуімізге болады.
Біздің тұжырымдауымызша, заманауи әлемге бейімді жас ұрпақты тәрбиелеудегі басты мақсатымыз: ұлттық мүдде, ұлттық намыс, ұлттық тіл, ұлттық дәстүр, ұлттық рух деген қасиетті ұғымдардан жан-жақты хабары бар, оларды бағалай алатын тәрбиелі ұрпақ тұлғасын қалыптастыру болуы тиіс деп білеміз. Өйткені, дамыған елдер қатарына, ана тіліміздің қадір-қасиетін, ата-бабамыздың тарихын жете бағалай алмайтын, бойында шалажансар рухы бар ұрпақ арқылы жету еліміздің болашағына балта шабумен пара-пар. Әр адам өз отбасында бала ата-анадан Отан, Туған ел, Жер туралы алғаш түсініктерді алады. Жауапкершілік, ұят, ар-ождан, намыс, адамгершілік деген ұғымдарды естіп, жақсы-жаманды айыруға талпынады. Жастардың патриотизмінің бір қайнар көзі - адамгершілік қасиеттер. Данышпан, қазақтың ұлы Абайы, оның қара сөздері мен ұлы түйінді ойлары, олардың барлығы да адамгершілік хақында. Жастардың тәрбиесіне, халқының әдет-ғұрпына ерекше мән беріп, жазған асыл сөз арналары бүгіндері адамгершілік бастауы іспеттес. Абайдың адамгершілік жөніндегі өсиеттерін алсақ, олардың ішінде біздің заманға да бағасы зор шындығымен, тәрбиелік ойларымен құнды. Аталған адамгершілік қағидалардың барлығы – болашағымыздың елжандылық, отансүйгіштік, патриоттық жағынан тәрбиелейтін ұлы құралы. Б.Момышұлы: «Патриотизм – Отанға (мемлекетке) деген сүйіспеншілік, жеке адамның аман-саулығының қоғамдық-мемлекеттік қауіпсіздікке тікелей байланыстылығын сезіну, ал мемлекеттік нығайту дегеніміз жеке адамды күшейту екенін мойындау, қысқасын айтқанда, патриотизм мемлекет деген ұғымды, жеке адаммен, яғни өткенімен, бүгінгі күнімен және болашағымен қарым-қатынасты білдіреді» - деп патриотизм ұғымына анықтама берген болатын. Патриотизмнің маңызды өлшемдерінің бірі – тіл. Қазақ зиялылары тілдің жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеудегі рөлін жақсы көрсеткен. А.Байтұрсынов бұл жөнінде: «Тіл – адамның, ұлттың ерекше белгісі, қоғамдық өмірдегі қарым-қатынаста қолданатын ұтымды қаруының бірі», - деген. Бұдан қазақ демократтары мен зиялыларының тіл саясатын дұрыс құру үшін күрескенін көреміз. Әр халық алдымен өзінің туған тілін сыйлап, оны мақтан тұта білуі керек.
Адамгершіліктің ең жоғарғы түрі – бауырмалдық, бүкіл адам баласын бауыр, дос тұту, көпшіл болу, ұлтжандылық қасиетті қастерлеу. Азаматтық тәрбие сана-сезімді, дүниетанымды қалыптастырудан басталып саяси-идеялық тәрбие арқылы отансүйгіштікке (патриотизм), ұлтжандылыққа (интернационализм) әкеледі. 5. -275 бет
Жастарды «Кішіпейілділіктен кішіреймейсің», «Ел қамын жеген ер», «Ақылдың көзі – аталы сөз» деген сияқты бабаларымыздан қалған даналық сөзі болған мәселелердің бірі – атамекенін, Отанын қадірлеп, құрметтеп тәрбиелеу мәселесі. Атамекен – дәстүрлі дала қоғамының қоныс тепкен кеңістігі, қазақ жұртының тіршілігі, өмір сүру ортасы. Сондықтан да халқымыз өз атамекенін, Отанын, өз халқын, өз тілін, салт-дәстүрін жүрекпен сҥйе білген әрі ұрпағын да соған баулыған. Отан сүю сезімі – халқының келешегі үшін күресумен, ол үшін аянбай еңбек етумен етене қабысып жататын сезім. «Патриоттары көбеймеген халық елдігінен айырылады, әрі мемлекеттігін сақтап қала алмайды»,– деген сөз шындығы осының айғақтай дәлелі. Елдігін, ерлігін сақтап қалудағы Алаш азаматтарының «Оян, қазақ» еңсеңді көтер, елдігің мен ерлігіңді, адамдық қасиетіңді дәстүріңнен тәрбие арқылы, ұрпағыңа мирас қып қалдыр, Отансүйгіштік қасиетіңді ұрпағыңның бойына дарыт, атамекені үшін күрес деуі. Отансүйгіштік, ұлтжандылық екеуі – егіз ұғым. Қазақстанды қорғау, Қазақстанның дамуына өз үлесін қосу – әр азаматтың борышы. Осы адамзат баласының бойына патриоттық сезімін қалыптастырудағы басты шарт – оның сыртқы болмысы мен ішкі рухани жан дүниесінің бірге бітесе ұштасуы десек, ұлы Абай адам баласының бойына керекті үш қасиетті атап көрсетеді: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек. Осы үш қасиеттің ішкі мәніне үңілер болсақ, ыстық қайрат – адамның бойындағы ерлік пен батырлық, елінің қорғаушысы, ұлты үшін неге де болса дайын екендігін білдіретін ұлтжандылық қасиеті болса, нұрлы ақыл – ұлттың бірігуін, бір тудың астына біріктіретін, адамдық болмысының қалыптасуына, Отансүйгіштік қасиетін ой-санасында қалыптастыра отырып, ішкі рухани жан дүниесінің жетілуіне, ұлттың ұлт болып қалыптасуына керекті қасиеті болса, жылы жүрек – адамгершілік пен адамдықты, қайырымдылық пен мейірімділікті адам бойына қалыптастыратын қасиет деп білеміз. Ұлы Абай айтқан осы үш қасиетті адамзат баласының бойына қалыптастыратын, сол халықтың салт-дәстүрлері, ділі мен діні, ұлттық идеологиясы деп айтар едік.
Қазақстан – 130-дан астам ұлттар мен ұлт өкілдері мекендейтін полиотехникалық мемлекет. Қазақстан қоғамының мәні – әр түрлі ұлт өкілдерінің өзара түсіністік, төзімділік және рухани, мәдени құндылықтарына құрметпен қарау және қабылдау. Қазақстанның әрбір азаматы біздің бірлігіміз – көпжақтылығымызды жақсы ұғынып, түсінеді. 136-бет
Елімізде көктемнің алғашқы күні – Алғыс айту мерекесі. Қазақстан халқы биыл сегізінші жыл қатарынан Алғыс айту күнін атап өтуде. Тағдырдың тәлкегімен елімізге қоныс аударған түрлі этнос өкілдерін қазақ халқы құшақ жая қарсы алып, ауыртпалық атаулыны бірге көтерді. Бұл күн - қиын-қыстау кезеңдерде қуаныш-қайғыны бөлісіп, пана бола білген қазақ халқына өзге ұлт өкілдерінің алғыс айтатын күні. Жыл сайын барлық этностардың бір-біріне мейірімділік көрсететін күні. Көрнекті ойшыл Әл-Фараби: «Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы», – деген пікірі әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметіне қол жеткізуге талпыныс жасап отырған қазақ халқы үшін басты ұстанатын мақсат болуы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет