Mycophyta – Саңырауқұлақтар бөлімі. Классификациясы. Құрылысын түсіндіріңіз



бет1/9
Дата22.05.2023
өлшемі57,31 Kb.
#96130
  1   2   3   4   5   6   7   8   9

2-Блок
1.Mycophyta – Саңырауқұлақтар бөлімі. Классификациясы. Құрылысын түсіндіріңіз.
Саңырауқұлақтардың: кейбір белгілері балдырларға ұқсас; клеткасында хлорофилдері болмайды; көбінесе көп клеткалы, дегенмен бірклеткалы түрлері де бар; сапрофитті және паразитті қоректенеді.
Классификациясы жеті кластан тұрады: хитридиамициттер, гифохитрамициттер, оомициттер, зигомициттер, аскомициттер, базидиомициттер және жетілмеген саңырауқұлақтар класы. Бастапқы төрт класы төменгі, ал қалған үшеуі жоғары сатыдағы саңырауқулақтар.
Құрылысы. Талломы мицеллий деп аталады. Ол гифалардан тұрады. Төменгі сатыдағыларында: гифаларының көлденең пердесі болмады, пектинді заттан тұрады. Ал жоғарғы сатыдағыларында: гифалары көлденең перделермен бөлінген, насекомдардың хитиніне ұқсайтын азоттық заттан тұрады.
Клетка қабығының астында протопласт орналасқан. Ядросы ұсақ, 1-2 немесе одан да көп болады. Гифалары қолайлы жағдайда өсу нүктесі арқылы өте тез өседі. Суды бойына өткізіп, ылғалдылықты сақтайтын арнайы тесіктері болмайды. Сол себепті олар ылғалды аймақтарда өсіп, дамиды. Қор затына гликогендер жиналады, ал крахмал болса ешқашан жиналмайды. Сонымен қатар саңырауқұлақтар симбиоз түзеді. Яғни, балдырлармен, кейде жоғары сатыдағы ағаштармен селбесіп өмір сүруі. Бұл жағдай екі өсімдікке де пайдасын тигізеді: мицелийлер су мен еріген минералды тұздарды тамырға жеткізеді; ал ағаш тамырынан мицелий органикалық заттарды алады. Вегетативті, жыныссыз және жынысты жолдармен көбейеді.
Қазақстанда 188 саңырауқұлақ түрі өседі. Жоғырғы сатыға жататын қалпақшалы сағырауқұлақтар жеуге жарамды және жарамсыз болып бөлінеді. Жеуге жарамдысына: қозықұйрық, бүріскі, көңқұлақ, жерқұлақ, түлкіжем, түбіртек, майқұлақ және ойысқұлақ жатады. Ал улысына жататындар: 0,02 г адамды өлтіріп жіберетін боз арамқұлақ, сұр шыбынжұт, қызыл шыбынжұт, «жер майы» деген атпен танымал күңілкеш, жалған түлкіжем мен жалған түбіртек.

100% уникальности


2-Блок
2. Oomycetes - Оомицеттер класы. Классификациясы. Көбеюі. Құрылысын түсіндіріңіз.
Оомицеттердің 300-дей түрі бар. Мицелиі көп ядролы, көп бұтаұтанған, гифалардан тұрады. Жіп шұмақтарының қабықшалары целлюлозадан тұрады, хитині жоқ. Оомицеттерге картоптың жапырағында паразиттік тіршілік ететін Фитафтора жатады. Олар клетка аралық қуыстарында өсіп ұлғаяды, содан соң өскіншелері арқылы клеткалардың ішіне енеді және өсімдіктің өлуін жеделдетеді. Устьица қуысынан зооспорангия сабағы сыртқа шығып тұрады. Оның ұшында зооспора жетіліп, сағағынан бөлініп, өсімдік жапырағына түседі. Зооспоралар зақымданбаған жапырақты зақымдауға қабілетті. Споралары топыраққа түсіп, картоптың түйнектерін зақымдайды.
Дегенмен дамыған мицелийдің болуына қарамастан, оомицеттер саңырауқұлақтар қатарынан шығарылған. Бүкіл саңырауқұлақтардың ішінде тек осы класы мен хитридиомицеттер қозғалатын зооспораларға ие, оомицеттерде жасуша қабырғасында хитин жоқ, лизиннің биосинтезі оларда өсімдіктер сияқты жүреді, ал қалған саңырауқұлақтарда олай емес, соңында олар саңырауқұлақтарға мүлдем тән емес митохондриярық құрылымына енеді. Осы белгілерге сүйене отырып, саңырауқұлақтар патшалығы екі бөлімге бөлінген: Oomycota және Eumycota, қазіргі уақытта Oomycota бөлімі оомицеттер класымен Chromista патшалығына ауыстырылды.
Жынысты көбейетін өкілдері тек саңырауқұлақтардың шыққан жері, яғни Мексикада жүзеге асады. Ең алдымен гифаларында ооргонилері мен антеридийлері жетіледі. Ооргонийлері шар пішінді, ішінде 1 ядролы жұмыртқа клеткасы жетіледі. Антеридий орналасқан гифа ооргонийге қарай бағытта өседі. Кейіннен ол споралары арқылы ооргонидің ішіне өтіп жұмыртқа клеткасына жетіп, оны ұрықтандырады. Ұрықтанған жұмыртқа жасушасы қабықпен қапталып, зооспораға айналады. Тыныштық кезеңінен өткен зооспора мейоз жолымен бөлініп, гифаға айналады.

100% уникальности


2-Блок



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет