Н. И. Дубровская


Ыдыс-аяқ,  құрал-саймандар,  аспаптар



Pdf көрінісі
бет52/151
Дата27.01.2022
өлшемі2,1 Mb.
#24459
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   151
Ыдыс-аяқ,  құрал-саймандар,  аспаптар:  кәстрөлдер—  5  дана, 
тегештер  —  4  дана,  таба—  2  дана,  порциялық  табалар,  пудинг 
пішіні,  пышақтар,  асхана  қасықтары  —  5  дана,  тұздықты  қасық, 
ағаш  қасық,  күрекше,  кәпкір,  кепсер,  үккіш,  азық-түлік  турайтын 
тақтай,  таразы,  астау,  табақ,  тұздықты  сауыт,  ұсақ  тәрелкелер, 
миксер. 
ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР 
 
 
Ұнтақ  жармасы  және  сұлы  жармасынан,  «Геркулес»  сұлу 
қауыздарынан тұтқыр және сұйық ботқалар пісіреді.  
Бірінші  тәсілмен  (төгілмейтін)  бытырақ,  тұтқыр  және  сұйық 
ботқаларды дайындайды.    
Бытырап  піскен  ботқаларды  дайындау  үшін,  қайнап  жатқан 
тұзды  суға  дайындалған  жарманы  салады  және  ашық  ыдыста 
қоюланғанша  пісіреді.  Пісіру  аяғында  ботқаға  май  қосады  және 
жақсылап  араластырады.  Ботқа  пісіп  жатқан  ыдысты  қақпақпен 
жауып,  оны  әлсіз  қыздыруға  қалдырады,  бұл  буда  жұмсаруына 
әкеледі. Қуырылған қарақұмық жармасынан жасалған ботқаны буда 
жұмсарту  ұзақтығы—  1,5...2  сағ.,  арпа,  бидай  және  ақтаған  тары 
жармасы— 2.2,5 сағ., күріш — 1 сағат. 
Бытырап піскен ботқаны май, пияз, шошқа майы және басқа да 


57
 
 
 
азық-түліктермен береді. Оларды ет және балықтан жасалған ыстық 
тағамдарға  гарнир  ретінде  пайдалануға  болады.  Қарақұмық  және 
бидай жармаларынан ірімшік қосылған көмеш – ірімшік, жұмыртқа 
қосылған қарақұмық ботқасын дайындайды. 
Екінші  тәсілде  (төгілмелі)  қайнап  жатқан  тұзды  суға  (1  кг 
жармаға  6  л)  дайындалған  жарманы  салады.  Ботқаны  әлсін-әлсін 
араластыра  отырып,  ақырын  қайнатуда  пісіреді.  Дайын  ботқаны 
елеуішке  немесе  кепсерге  төңкереді,  сұйықтықтың  ағуына  жол 
береді,  кәстрөлге  салып,  май  қосады.  Осылай  күріш  пен  тарыны 
гарнирлерге пісіреді.. 
Ү ш і н ш і   т ә с і л бытырап  піскен  ботқаларды  пісіруді  бөктіру 
деп  атайды.  Көбінесе  күрішті  гарнир  үшін  бөктіреді.  Дайындалған 
жарманы  қайнаған  сумен  жібітеді,  ыдысқа  сары  маймен  бірге 
салады,  сәл  қуырады,  ет  немесе  тауық  сорпасын  құяды,  хош  иісті 
аскөктің  байланған  шоғын,  пияз,  тамырсабақ,  лавр  жапырағын  
қосады.  Жарма  сұйықтықты  жұтып  алған  соң  ыдысты  қақпақпен 
жауып,  ботақаны  сулы  жылытқышта  дайын  болғанша  ұстайды. 
Ботқаны  пісіріп  болған  соң  аскөк,  тамырсабақ,  пияз  және 
дәмдеуіштерді жояды.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет