Н. Ш. Чернышевский мұраларын оқып таныс болған, Батыс Еуропа әдебиетінен Гете, Дж. Байрон



Pdf көрінісі
бет533/677
Дата07.01.2022
өлшемі3,44 Mb.
#18344
1   ...   529   530   531   532   533   534   535   536   ...   677
 
ЖАМАНБАЛИНОВ  Мүбәрәк  Керімұлы  (7.11.1942  ж.т.,  Павлодар  обл.  Железинка  ауд, 
Тәтгімбет а) - ақын, Қазақстанның еңб. сің. мәдениет қызметкері (1987). Омбы пед. уч-щесін 
бітірген  (1950).  1949  -  52  ж.  Новосібір  обл.  Чапи  ауд-нда  оқу  ісінің  меңгерушісі,  мектеп 
мұғалімі,  1956  -  58  ж.  Павлодар  обл.  "Қызыл  ту"  газетінде  әдеби  қызметкер,  1958-90  ж.  осы 
газеггің  Ертіс,  Краснокутск,  Железинка  ауд-ндағы  меншікті  тілшісі  қызметтерін  атқарған. 
Тұңғыш өлеңдер жинағы "Айнабұлақ" 1956 ж. жарық көрген. Өлеңдері қырғыз, түркімен, өзбек, 
латыш тілдеріне аударылған. 
 
ЖАМБЫЛ Жабаев (28.2.1846. Жамбыл обл. Жамбыл тауының етегінде - 22.6.1945. Алматы) - 
ақын,  жырау,  жыршы.  Жасынан  анасы  Ұлданның  ақындық  талантын  бойына  сіңірген. 
С.Аронұлының шәкірті. Асан қайғы, Бұқар жырау, Шөже, Балта, Шернияз, Шортанбай, Дулат, 
Сүйінбай, Досқожа, Нысанбай, Майкөт, Майлықожа, Құлыншақ. т.б. ақындарды үлгі тұтқан. 
Сонымен бірге Ж. туысқан қырғыз елінің де сөз өнерін жетік білген. Қырғыз айылдарын аралап, 
өлең  айтып,  күй  тартып,  айтысқа  түскен.  Атақты  Тоқтоғұл,  Мұраталы,  Әлімқұл,  Балық, 
Тыныбек, Қатаған сияқты дүлдүлдермен өнер сайысына түскен, солармен бірге "Манас", "Ер 
Төштүк"  эпостарын  жырлаған.  Ж-дың  шығарм.  өмірі,  негізінен,  19  ғ-дың  70-жылдарынан 
басталған.  Ж-ды  нағыз  ақын  ретінде  байтақ  елге  танытқан  өнері  -  оның  айтыстары.  Ж-дың 
Сайқал қызбен (1864 - 65), Жаныс ақынмен (1866), Бөлектің қызымен (1870), Бұрым қызбен 
(1873),  Айкүміспен  (1874),  Сарамен  (1875),  Сары  ақынмен  (1875),  Шыбылмен  (1890), 
Бөлтірікпен  (1890),  Майкөтпен  (1891),  Сарбаспен  (1895),  Құлмамбетаен  (1897), 
Досмамбетпен (1907), Шашубаймен (1909), т.б. айтыстары қазақ әдебиетінің алтын қорына 
қосылды.  1916  ж.  ұлт-азаттық  қозғалысы  кезінде  жазылған  өлеңдерінен  есте  қалып,  хатқа 
түскені  -  "Патша  әмірі  тарылды",  "Зілді  бұйрық"  өлең-толғаулары,  "Заман  ағымы", 
"Белсенділерге", "Қазақстан тойына", "Жастар алдындағы сөз", "Батырақ кедейлерге", арнау, 
толғаулары бар.Ж. -жыршылық өнердің де асқан шебері. Ол "Өтеген батыр", "Сұраншы батыр", 
"Көрұғлы" дастандарын жырлаған. Оның толғау, дастандары, негізінен, шұбыртпалы, төкпе жыр 
ұйқасына құрылған. Ақын мол мұрасында шалыс ұйқастың да, егіз ұйқастың да, сыңар ұйқастың да 
үлгілері көп. Ж-дың үздік шығармалары 40-тан астам шетел тілдеріне аударылды. Ромен Роллан, 
Мартин  Андерсен,  Нексе,  Катарина  Сусанна  Причард,  т.б.  атақгы  суреткерлер  Ж.  поэзиясына 
жоғары баға берді. Ж. тура-лы жүздеген өлең-жырлар жазылды. Ленин орденімен, Еңбек Қызыл 
Ту,  Құрмет  белгісі  ордендерімен  марапатталған.  Сталиндік  (кейін  КСРО  Мемлекеттік)  сыйл. 
лауреаты атанды (1941). Ж-дың есімі Қазақстанның бір облысына, бірнеше ауданға, бірқатар елді 
мекендерге, мекемелер мен оқу орындарына берілген. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   529   530   531   532   533   534   535   536   ...   677




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет