Натрий селитрасы



бет6/22
Дата07.01.2022
өлшемі36,96 Kb.
#18897
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
АММИАК СЕЛИТРАСЫ

Аммиакты-нитратты тыңайтқыш – құрамында азот аммоний (NH4) және нитрат (NO3) түрінде болады



1) Формула, әсер етуші заттың %-дық мөлшері.

NH4NO3. Әсер етуші заттың мөлшері 34,6%
2) Алу:

Бұл тыңайтқышты 56-60% азот қышқылын газ күйіндегі аммиакпен әрекеттестіру арқылы алады:

HNO3 + NH3=NH4NO3
3) Физикалық қасиеттері:

Аммиак селитрасының физикалық қасиеттері кристалдардың көлеміне және формаларына байланысты болады. Қазіргі кезде химия өнеркәсібі аммиак селитрасын диаметрі 1-3 мм шар формалы түйіршіктер және қабыршақтар түрінде шығарып келеді. Кристалды формасына қарағанда түйіршікті аммиак селитрасының сусымалдығы жоғары әрі жақсы шашылады.

Гигроскопиялығы өте жоғары болғандықтан, ауада тез қатып қалады да шашылу қасиеті төмендейді. Бұны болдырмау үшін оған фосфорит немесе сүйек ұнын, гипс, каолинит т.б. аздап араластырып қосады. Бұл қоспалар аммиак селитрасын ыдыратпайды, тыңайтқышқа сарғыш түс береді. Кейде оны бояулармен араластырады.

Тыңайтқыш ылғал тартпайтын қапқа салынып, құрғақ бөлмелерде сақталады. Егер тыңайтқыш қатып қалған болса, оны арнаулы машиналарда уатып, тесіктері 2-3 мм болатын елеуіштен өткізеді.

Аммиак селитрасы физиологиялық қышқылды тыңайтқыштар тобына жатады. Бірақ оның физиологиялық қышқылдығы аммоний сульфатынан едәуір төмен



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет