Научный журнал



Pdf көрінісі
бет10/30
Дата06.03.2017
өлшемі2,01 Mb.
#7832
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   30

КАЗАХСКАЯ ФИЛОЛОГИЯ 
 
 
Вестник КАСУ
 
52 
қызығушылығын  арттыруда  көп  ізденіп, 
жаңа  ақпараттық  технологияларды  меңге-
руді, әр - түрлі әдіс-тәсілдерді білуді қажет 
деп  санаймын  және  мен  өз  сабақтарымда 
техникалық  құралдарды  жиі  қолданамын. 
Бұл  оқушыларға  қазақ  тілінің  граммати-
касы  мен  фонетикасын  оңай  әрі  тиімді 
жолмен түсіндіруге көмектеседі. 
Жаңа  ақпараттық  құралдарды  қазақ 
тілі сабағында қолданғанда күтілетін нәти-
желер: 
•  үлгерімі  төмен  оқушыларға  көмек-
теседі; 
•  оқушыларың  сабаққа  деген  қызы-
ғушылығын арттырады; 
•  сабақта  пайдаланылатын  көрнекі-
ліктердің санын арттырады; 
•  оқушылардың  шығармашылығын 
арттырады; 
•  оқушыларды  жеке  жұмыс  істеуге 
үйретеді; 
• 
грамматикалық  құрылымдарды 
оңай түсінуге көмектеседі; 
•  оқушылардың  есте  сақтау,  есту, 
көру, сөйлеу, ойлау қабілеттерін дамытады; 
•  пікірталас,  талдау,  анализ  жасау 
мүмкіндіктерін арттырады. 
Көбінесе,  мен  қазақ  тілі  сабағында 
компьютерді  жаңа  тақырып  түсіндіргенде, 
грамматикалық  құрылымдарды  өткенде 
және  қорытынды  сабақта  қолданамын.  Қа-
зақ тілі сабағы әрі тартымды, әрі қызықты, 
әрі  сапалы  болуы  әр  оқытушының  өзіне, 
білім  деңгейіне,  кәсіби  шеберлігіне  байла-
нысты.  Оқу-тәрбие  негізі  -  сабақ.  Сон-
дықтан  сабақ  тартымды,  әсерлі,  мақсаты 
айқын,  қызықты  және  толық  мәнді  болуы 
тиіс. Ол - сонымен бірге басқа ұлт студент-
теріне  қазақтың  әдебиеті  мен  мәдениетін, 
ғылымын, өнерін насихаттайтын пән. 
Оқытушы сабақты дұрыс жоспарлап, 
мақсатын  нақты  белгілеп  алмайынша  көз-
дегеніне 
жете 
алмайды. 
Сабақтың 
мазмұнын,  құрылысын,  дәлдігін,  жұмыс 
жүргізу  тәсілін  мұқият  ойластыруы  қажет. 
Сабақта  жаңа  технология  ретінде  ақ-
параттық  -  коммуникативтік  технология-
ларды  пайдалануда  өткізілетін  сабақтарды 
жоспарлаудың негізгі талаптары: 
-  жағымды  психологиялық  орта  жа-
сау; 
-  студенттердің  тіл  үйренуге  деген 
қызығушылығын  (уәж,  ынта,  ұмтылыс) 
тудыру; 
-  ақпараттық  –коммуникативтік  тех-
нологиялармен жұмыс істей білуге үйрету; 
- ақпараттық-коммуникативтік техно-
логиялармен  орындалатын  жұмыстардың 
проблемалық болуы; 
-  проблеманы  шешуге  және  шешім 
қабылдай білуге үйрету; 
-  кез-келген  проблеманы  шығарма-
шылық тұрғыдан шешуге бейімдеу; 
- өзіндік пікір, идеялар, тұжырым, тү-
сінік келтіру; 
-  пікірін,  тұжырымын,  идеясын  дә-
лелдей және қорғай білуге дағдыландыру; 
-  өз  бетінше  орындауға  берілген  жұ-
мыстарға үлкен жауапкершілікпен қарауға, 
шығармашылықпен орындауға үйрету; 
- студенттердің бірлескен таным про-
цессіне  белсенді  араласуына  мүмкіндік 
жасау; 
-  студенттердің  өзінің  үйренгені  мен 
өз білімі туралы түсініктерін ортаға салып, 
бірлесе  талқылап,  олар  туралы  пікір  алы-
суға мүмкіндік жасау; 
-  студенттерге  өздік  жұмыстарын 
ұйымдастыру үшін орта құру. 
Жоғарыда  айтылған  мақсатқа  жету 
үшін оқытушының әрекеті: 

сабақтың 
тақырыбына 
сай 
мақсаттың айқын болуы; 
- негізгі мәселені бөле көрсетуі; 
-  материалдардың  өмірмен  байланы-
стылығы  әрі  тәрбиелік  мәнінің  маңызды 
болуы; 
-  студенттермен  тең  құқылы  түрде 
қарым-қатынас жасай білу; 
- өз талаптарын бұйрық түрінде емес, 
кеңес түрінде ұсыну; 
- әр пікірді, идеяны тыңдай білу, оны 
сыйлау және онымен санасу; 
-  ерекше  идеяларға  қолдау  жасап 
отыру; 
-  жағымды  (позитивті)  және  конс-
труктивті көзқарас ұстану; 

сабақта 
ақпараттық-коммуни-
кативтік технологияларды қолдану арқылы 
үнемі жаңалықтар енгізіп отыру; 
- студенттермен жеке жұмыстар жүр-
гізу  үйге  берілетін  тапсырманың  уақтылы 
және нақтылы берілуі; 
-  бағалау  нормалары  сақталып,  әділ 
бағалануы; 
-  осы  нәтижеге  жеткізетін  –сабақтың 

КАЗАХСКАЯ ФИЛОЛОГИЯ 
 
 
Вестник КАСУ
 
53 
жүйелігі. 
Сабақта  жаңа  технология  ретінде  ақ-
параттық  технологияны  пайдалану  сабақ-
тың  тиімділігі  мен  уәжін  арттырып,  білім 
берудің  табысты  болуына  оң  ықпалын  ти-
гізері  сөзсіз.  Ақпараттық  –  коммуника-
тивтік  технологияны  барлық  деңгейлерде 
жүйелі  пайдалану  арқылы  сабақтарда 
алынған  ақпаратқа  талдау  жасай  білуге, 
ақпаратты  дұрыс  таңдау  жауапкершілігін 
қалыптастыруға  және  өз  бетінше  жұмыс 
істеуге  дағдыландырады.  Ақпараттық  - 
коммуникативтік  технология  негізінде  - 
оқытудың  жаңа  моделін  құруға  жол  ашып 
отыр. 
Ақпараттық технология сабақты түр-
лендірудің,  ерекшелендірудің,  дараланды-
рудың  тәсілі  ғана  емес,  сонымен  қатар 
сабақты  жаңаша  ұйымдастырудың  мүм-
кіндігі.  Ақпараттық  технологияның  көме-
гімен  жүргізілетін  сабақтарда  –  студент 
өзін белсенді және  еркін, оқытушымен тең 
дәрежеде ұстай алады. Қазақ тілі сабағында 
ақпараттық  технологияны  енгізу  арқылы 
сабақтың  белсенділігін  арттыруға,  дамыта 
оқыту  идеясын  жүзеге  асыруға,  сабақты 
шапшаң  жүргізуге,  студенттің  өздік  жұ-
мысының көлемін көбейтуге болады. Педа-
гогикалық  технология  жалпы  компьютер-
лендіру  үрдісінен  тысқары  қалған  жоқ. 
Сондықтан  сабақта  ақпараттық  және  ком-
муникативтік 
технологияны 
кеңінен 
пайдалану  үйреншікті,  қалыпты  жағдай 
ретінде  қарастырылғаны  жөн.  Бүгінгі  күні 
кез-келген оқытушы қазақ тілі пәні болсын, 
басқа  пәндер  болсын  ақпараттық  және 
коммуникативтік  технологияны  пайдалану 
арқылы  әртүрлі  сабақтарға  әзірлемелер 
дайындап  және  оны  жоғары  деңгейде 
өткізе білсе, сабақтың тартымды әрі қызық 
болатыны  анық.  Мұндай  сабақтар  сту-
денттерді басқа әлемге, ақпараттар әлеміне, 
тарту арқылы сол әлемді өз көзімен көруге, 
көргенін курстастарына жеткізу барысында 
тіл дамыту мүмкіндігіне ие болады. 
Сабақты интернет  желісіне  қосылған 
компьютер  арқылы  басқару  –  қазақша 
сөйлеуге  үйренудің  тиімділігін  арттырып, 
студенттің  ойлау  қызметін  белсендіреді. 
Компьютердің  иллюстративтік  және  диа-
логтік мүмкіндіктері оқу үрдісінің уәждеме 
саласы  мен  әрекеттік  құрылымына  үлкен 
әсерін  тигізеді.  Тіл  үйрену  қабілеті  төмен 
студенттердің  өзі  де  компьютерден  бе-
рілген тапсырмалар арқылы сөйлеуге, ойын 
қазақша  жеткізуге  тырысады.  Қазақ  тілін 
үйретуде  интернеттің  мүмкіндігіне  тоқ-
тайтын  болсақ,  сөйлеу  әрекетінің  төрт  тү-
рінде  (оқылым,  айтылуым,  тыңдаулым, 
жазылым)  де  пайдалануға  болатыны  бел-
гілі.  Яғни,  ақпараттық  технология  –  оқу 
орындарында білім жетілдіруші құрал. 
Мысалы:  тіл  үйренудің  бастапқы  са-
тысында – интернеттен алынған суреттерді 
иллюстративті  материал  ретінде  пайда-
ланып,  әр  түрлі  жаттығулар  құрастыру 
арқылы студенттердің сөйлеу дағдысын қа-
лыптастыруға;  шағын  ертегілер  мен  әң-
гімелерді  тыңдату  және  оқыту  арқылы  тіл 
дамытуға,  сонымен  қатар  материалды  таң-
дау мүмкіндігін студенттердің өзіне беруге 
болады.  Студент  материалды  іздеу  бары-
сында  әртүрлі  мәтіндерді  оқып,  оны  тү-
сінуге  тырысады.  Жалғастырушы  топтарда 
–  жаңалықтарды  көріп,  тыңдату,  тыңдаған 
жаңалықтары  бойынша  пікір  алмасуға  бо-
лады.  Кешкі  ертегі  айдарларымен  берілген 
әр  түрлі  теле-радио  материалдарды  тіл 
дамыту  жұмыстарына  пайдаланамыз  т.б. 
Осы  материалдар  көмегімен  көптеген  жұ-
мыс түрлерін ұйымдастыруға болады. 
Ақпараттық  технологияны  қолда-
нуда,  әдетте  шынайы  өмірлік  жағдайлар 
келтіріліп,  бірігіп  шешу  мәселелері  ұсы-
нылады,  рольдік  ойындар  пайдаланылады, 
білгірлігінің  қалыптасуы  барысында  жеке 
белсенді  позициясын  қалыптастыруға  жағ-
дай  тудырады,  қарым-қатынас  дағдыларын 
орнықтырады,  сыни  тұрғыдан  ойлауға 
үйретеді.  Демек,  ақпаратты  технологияны 
пайдалануды  оқу  үрдісіне  енгізу  тіл 
үйретуде тиімді. 
Соңғы  кездері  қазақ  әдебиеті  сабақ-
тарында  да  көптеген  жаңа  технология-
лармен қатар ақпараттық технологиялар да 
жиі  қолданылуда.  Жаңа ақпараттық  техно-
логиялар дегеніміз – білім беру ісінде ақпа-
раттарды даярлап, оны білім алушыға беру 
процесі. Бұл процесті іске асырудың негізгі 
құралы  компьютер  болып  табылатын-
дықтан,  қазіргі  оқу  орындарына  шығарма-
шылық  ізденіс  қабілеті  дамыған,  жаңа  пе-
дагогикалық  технологияларды  жете  мең-
герген,  мамандық  шеберлігі  қалыптасқан, 
жаңа  ақпараттық  технологиялардың  тілін 
білетін мұғалім қажет. 

КАЗАХСКАЯ ФИЛОЛОГИЯ 
 
 
Вестник КАСУ
 
54 
Енді, осы ақпараттық технологиялар-
ды өз сабақтарымда қалай жұмыс түрлеріне 
пайдалануға  болатындығына  тоқталып 
өтейін.  Мысалы,  қазақ  әдебиеті  сабақ-
тарында  поэзиялық  шығарманы,  немесе 
ақынның  шығармашылығын  өткен  кезде, 
әуелі  оқушыларға  слайд  көрсету  арқылы 
өлең  авторының  өмір  жолымен  таны-
стырып,  осы  өлеңнің  шығу  тарихына 
ерекше  тоқталып,  өлең  мазмұнын  түсін-
діріп, содан соң оқушы - студенттерге ком-
пьютер  немесе  теледидар  арқылы  өлеңді 
тыңдату олардың жүрегінде әсер қалдыруы 
сөзсіз.  Осындай  жұмыс  түрлері  оқушы-
лардың  қазақ  поэзиясына  деген  сүйіспен-
шілігін оятады. 
Қазіргі  уақытта  роман,  әңгімелерді 
оқыту тіпті де үлкен қиыншылықтарға әкеп 
соғады,  себебі  балалар  кітап  оқып  отыр-
ғаннан  гөрі  компьютерде  көбірек  отыр-
ғанды  қалайды.  Осы  мәселенің  шешуін  де 
ақпараттық  технологиялар  көмегімен  та-
буға  болады.  Мәселен,  романды  оқуға  екі 
немесе  үш  сағат  берілсе,  оның  бірінші  са-
бағында  мұғалім  қысқаша  роман  кейіп-
керлерімен,  мазмұнымен  слайд  арқылы 
таныстырады.  Екінші  сабақта  осы  роман 
сюжеті  бойынша  түсірілген  кинофильм 
болса,  соны  көрсету.  Ал  үшінші  сабақта 
алған  білімді  бекіту  мақсатында  электрон-
дық  оқулық  бойынша,  немесе  мұғалімнің 
өзінің  құрастыруы  бойынша  тест  және  т.б. 
бақылау  түрлерін  өткізу,  оқушылармен 
пікірталас  жүргізуге  болады.  Үй  тапсыр-
масы  ретінде  бір  шығармашылық  топ  құ-
рып,  соларға  осы  роман  немесе  әңгімеден 
үзіндіні кино қылып түсіріп, келесі сабақта 
техникалық құралдарды пайдалану арқылы 
сол  киноны  топқа  көрсету.  Міне,  осындай 
ақпарат  құралдарының  көмегімен  сабаққа 
қатысу белсенділігі төмен оқушылардың да 
қызығушылығын арттыруға болады. 
Өзім  өткізетін  қазақ  әдебиеті  сабақ-
тарында ақпараттық  технология  келесі  жұ-
мыс  түрінде  де  қолданысын  табады.  Бұл 
оқушылардың шығармашылығын аса талап 
ететін  жоба  жұмысы.  Бұл  жұмыс  түрін 
жүргізгенде  оқушылар  техникалық  құрал-
дарды  қолдану  арқылы  жоба  дайындайды. 
Таңдалған тақырып бойынша жоба (презен-
тация)  жасағанда  оқушылар  интернет  же-
лісін  пайдалана  отырып,  тақырып  туралы 
ең қызықты оқиғаларды, мәліметтерді ірік-
теп  алады.  Жобадағы  мәліметтерді  иге-
рудегі  ең  маңыздысы  оқушылар  көр-
некілікті,  анимацияны,  дыбыстарды  қол-
данады. Оларға: суреттер, хаттамалар, маң-
дайша  жазулары,  жарнамалар,  кестелер, 
диаграммалар  жатады.  Сөйлеу  барысында 
оқушылар әр слайдқа толық мәліметтер бе-
реді.  Өз  ойын  ашық  айту  үшін  жоба  құ-
рушы  өз  жобасын  логикалық,  тілдік,  грам-
матикалық  жағынан  дұрыс  құруға  ұм-
тылады.  Сондықтан,  оқушылардың  ойлау 
қабілеттерін дамыту және өз бетінше білім-
дерін  бір  жүйеге  келтіру  мақсатында  ақпа-
раттық  оқыту  жүйесіндегі  жобалау  техно-
логиясын  қолдана  бастадық.  Жобалау  тех-
нологиясының  маңыздылығы  –  оқушылар-
дың  әр  саладан  алған  білімдері  үлкен 
мәселені  шешуге  мүмкіндік  береді.  Жоба 
түсінігі  бойынша  алынып  отырған  идея 
теориялық  және  практикалық  тұрғыда  ше-
шіледі.  Бұл  технология  белгіленген  нәти-
жеге  жетіп,  қорытынды  шығаруға  бағыт-
талған. Қорытындыға жету барысында оқу-
шылар ойланып, мәселені шешу барысында 
алған  білімдеріне  сүйене  отырып  ізденеді. 
Мәселен,  сабақта  балалар  Ыбырай  Алтын-
сариннің  шығармашылығымен  танысады. 
Енді осы тақырыпта терең мағлұмат жинап, 
онымен  бүкіл  топты  таныстыру  мақса-
тында  шығармашылық  топ  құрылады.  Топ 
құрылған  соң,  олар  Ыбырай  Алтынсарин 
туралы мағлұмат жинауға кіріседі. Балалар 
мұражай  қызметшілеріне,  белгілі  әде-
биетші, тарихшыларға барып осы тақырып 
жөнінде  сұхбат  алып,  тақырыпқа  бай-
ланысты  материалдарды  суретке  түсіріп, 
жалпы  толық  бейнематериал  жинақтайды. 
Жиналған  мағлұматтарды  компьютер  ар-
қылы  өңдеп,  қысқаша  деректі  фильм  етіп 
шығарады.  Содан  соң  бұл  фильмды  сабақ 
үстінде  оқушылар  назарына  ұсынады. 
Осындай өзгеше жұмыс түрлерін өткізу ар-
қылы  оқушылардың  шығармашылық  қа-
білеттерін  дамытуға,  олардың  осы  пәнге 
деген  қызығушылығын  оятуға,  дарынды 
тұлғаны қалыптастыруға әбден болады. 
Ақпараттық-коммуникативтік  техно-
логияны пайдалану – оқытудың тиімді әдіс-
терінің  бірі  екендігінде  сөз  жоқ.  Мысалы, 
қазақ тілі мен әдебиет сабақтарын оқытуда 
тағы бір өзім қолданатын тиімді әдістердің 
бірі  –  компьютерге  енгізілген  тест  жүйе-
лерін  сабақта  қолдану.  Тест  жүйесі  мұға-

КАЗАХСКАЯ ФИЛОЛОГИЯ 
 
 
Вестник КАСУ
 
55 
лімнің  уақытын  үнемдеуге,  бір  уақытта 
бірнеше топтарға бақылау жасауға пайдасы 
зор.  Сонымен  бірге  бұл  сабақтарда  элек-
трондық  оқулықты  пайдаланудың  маңызы 
зор.  Электрондық  оқу  құралы  –  бұл  оқу 
курсының  ең  маңызды  бөлімдерін,  соны-
мен  бірге  есептер  жинағы,  анықтамалар, 
энциклопедиялар,  карталар,  атластар,  оқу 
эксперименттерін  жүргізу  нұсқаулары, 
практикумға, курстық және дипломдық жо-
баларға  нұсқау  және  т.б.  білім  беруді  бас-
қаратын  мемлекеттік  органдар  тағайын-
даған арнайы статусы бар электрондық оқу 
басылымы. Дәл қазіргі күні оқу процесінде 
оқытудың 
ақпараттық-коммуникативтік 
технологияларын  тиімді  пайдалану  және 
қолдану  айтарлықтай  оң  нәтиже  беріп 
отыр.  Атап  айтсақ,  оқушылардың  өз  бе-
тімен  ізденісі,  пәнге  деген  қызығушы-
лығын  арттырып,  шығармашылығын  да-
мыту,  оқу  қызметінің  мәдениетін  қалып-
тастыру, дербес жұмыстарын ұйымдастыру 
т.б. сияқты оқушы белсенділігін арттыруда 
маңызы зор. 
Ақпараттық  технологиялардың  оқу-
тәрбие  үрдісінде  қолданылуы  мұғалім-
дердің де, оқушылардың да мүмкіндіктерін 
кеңейтеді. Ендеше, ақпараттық технология-
ларды  үйлесімді  пайдалану  қазіргі  таңда 
өзекті  мәселелердің  біріне  айналып  отыр-
ғаны даусыз. Қазіргі кезде сабақта ақпарат-
тық  технологияларды  бәріміз  кеңінен  қол-
данамыз.  Қазақ  әдебиетінің  классигі,  ұлы 
атамыз  Абай  Құнанбайұлы:  «Шәкірттерің 
жақсы оқу үшін, оның оқуға деген ынтасы 
және  қызығушылығы  зор  болу  керек»-  де-
ген.  Расында  да,  тек  ғана  жігерлі,  әр  нәр-
сені  үнемі  білгісі  келген,  табандылығын, 
шыдамдылығын  көрсеткен  адам  ғана  мақ-
сатына  жетеді.  Білім  берудің  озық  техно-
логияларын  меңгермейінше  сауатты  да 
жан-жақты  болу  мүмкін  емес.  Соның  бәрі 
компьютер,  интернет,  мультимедиялық  құ-
ралдар және интерактивтік тақта көмегімен 
болмақ. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
1.  Қазақстан  Республикасының  «Білім  ту-
ралы» Заңы 
2. Болашақтың іргесін бірге қалаймыз. Н.Ә. 
Назарбаевтың  Қазақстан  халқына  Жол-
дауы, 2011. 
3. Қазақстан Республикасы білім беруді да-
мытудың  2011-2020  жылдарға  арналған 
мемлекеттік бағдарламасы. 
4.  Обучение  для  будущего.  Проектная  дея-
тельность 
в 
информационной 
об-
разовательной  среде  21  века.  –  Астана, 
2009. 
 
 
 
УДК 821.512.122 
АБАЙ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ МЕН ТУЫНДЫЛАРЫНЫҢ ӘЛЕМ 
МӘДЕНИЕТІНІҢ ҚҰНДЫ ҚАЗЫНАСЫНА АЙНАЛУ ҮРДІСІ 
Тургумбаева Н.К. 
 
ХХІ  ғасырда  адамзат  өркениетінің 
алдына аса өзекті  мәселе  қойылды.  Бүгінгі 
таңда  білім  мен  ғылым  жеке  адамның,  тұ-
тас  бір  елдің,  тіпті  әлемнің  жаңара  дамуы-
ның  негізгі  тірегіне  айналып  отыр.  Жа-
һандану  дәуірінде  әрбір  ел,  әрбір  этнос 
жақсы  мағынасында  интеллектуалдық  жа-
рысқа түсті. 
Тәуелсіздіктің  үшінші  онжылдығына 
батыл қадам басқан Қазақстан бүгінгі таңда 
дүниежүзілік  білім  кеңістігіне  ену  жұ-
мыстарына  кірісіп  кеткеніне  де  біраз  жыл 
болды.  Еліміз  егемендік  алғаннан  кейін 
әлемдегі сандаған елдермен түрлі саладағы 
байланыстар жасалып, қазақ халқының тәу-
елсіздігі  мойындалып,  еліміздің  ұстанған 
бағыт-бағдарлары айқындалды. 
Еліміздің  болашағы  туралы  Елбасы 
Н. Назарбаев: «Адамзат баласының алдын-
да  үш  айғақты  міндет  тұр:  бірі  –  бей-
бітшілікті, екіншісі - руханиятты, үшіншісі 
-  табиғатты  қорғау  һәм  сақтап  қалу  [1]... 
Егер  біз  мемлекет  болып  тұрғымыз  келсе, 
өзіміздің  мемлекеттігімізді  ұзақ  уақытқа 
меңзеп  тұрғымыз  келсе,  онда  халық  ру-
ханиятының 
бастауларын 
түсінгеніміз 
жөн»,  [2]  -  дегеніне  қарағанда,  қай  елдің 
болмасын абыройы мен даңқы нарық жүйе-

КАЗАХСКАЯ ФИЛОЛОГИЯ 
 
 
Вестник КАСУ
 
56 
сімен  қатар,  рухани  мәдениеті  мен  оның 
айнасы  болып  келетін  әдебиетінен  көрініс 
табатыны  да  белгілі  болады.  Осы  айтыл-
ғандардан  мақаламыздың  басында  кел-
тірілген дәйек сөздің мәні де айқындалмақ. 
Ендігі  кезекте  біздің  мақсатымыз  –  Абай 
және  оның  әдеби-философиялық  мұрасын 
қазақтың  ұлттық  санасы  ретінде  әлемге 
тарту ету. 
Алғаш  Абайды  бүкіл  дүние  жүзіне 
таныту  арқылы  қазақ  халқын  әлемге  паш 
еткен дана М. Әуезов болса, ендігі уақытта 
дүниежүзілік білім кеңістігіне қадам басқан 
тәуелсіз  Қазақстанның  рухани  көшбас-
шысы  –  Абайды  «қазақ  халқының  Сим-
волы»  ретінде  биікке  көтеруіміз  қажет. 
Абайдың  даналығы  туралы  Елбасы  Н.  На-
зарбаев: «Абай сөзі – қазақтың бойтұмары. 
Абайдың  мұрасы  –  қазақтың  ең  қасиетті 
қазынасы», - деп ашып айтқан еді [3].  
Абай арқылы қазақ халқының ұлттық 
болмысын, рухани құндылықтарын, тарихы 
мен  мәдениетін,  әдебиеті  мен  салт-дәс-
түрін,  ұлы  тұлғалары  мен  рухани  дүние-
танымын  әлем  жұртшылығына  таныту. 
Осы  Абайдың  150  жылдық  мерей-
тойындағы  салтанатты  жиында  Елбасы 
Н.Ә.  Назарбаев:  «Абайдың  ұлылығын  та-
ныту  –  қазақ  елі-тәуелсіз  мемлекетті  та-
ныту»,  -  деген  сөзі  бүгінгі  ұрпаққа  келелі 
ой тастайды [3]. Абайды тану қазақ халқын 
танумен  бірдей.  Өйткені  қазақ  халқын  дәл 
Абайдай танып, Абайдай түсіндірген ешкім 
жоқ. Сондықтан да Абай – қазақ халқының 
рухани  көшбасшысы,  жол  сілтер  бағдары. 
Ұлы  ақынның  жасампаздыққа,  парасат-
тылық пен ынтымаққа үндеуші идеялары – 
Қазақстанды  мекендеуші  барлық  ұлт-
тардың  өкілдеріне  бірдей  құнды,  ортақ  қа-
зына.  Енді  осы  қазынаны  әлем  халқына 
жеткізуіміз, 
солармен 
ортақтасуымыз 
қажет.  
Абай  тақырыбы  таусылатын,  түге-
сілетін  мәселе  емес.  Өйткені  Абай  фено-
мені - толық танып білуге келмейтін құбы-
лыс.  Бұл  -  бір.  Екінші  -  Абайды  әр  ұрпақ 
өзінше  оқып,  өзінше  таниды,  демек,  Абай 
мұрасы әр дәуірде қоғам талабы мен ұрпақ 
қажетіне  қарай  әр  қырынан  қаралады»  [4]. 
Абайға  дейінгі  қазақ  әдебиетінің  майтал-
мандары  қаламының  нысаны  ретінде  мем-
лекеттік  идеологияны  жырласа  (әрине,  бұл 
жерде  жыраулар  поэзиясын  үстемдердің 
құрсауында  жүрген  тәуелді  ағым  деп  тү-
сіну  орынсыз),  ұлы  ақын  қазақ  даласына 
әлемді  шарлап  өтіп  үлгерген  ренессансты 
жылы  қонақжайлылықпен  қарсы  ала  білді. 
Бұл  үрдіс  Абайдың  көрші  әдебиет  ағы-
мынан қалыспайын деуінен емес, әлем әде-
биетін  жетік  меңгерген  оның  шығарм-
ашылығына  бұл  ағымның  қазаққа  керек 
деген  тұстарын  алып  қалуынан  пайда  бол-
ды.  «...  мұндағы  басты  қасиет  -  адамға  кө-
ңіл бөлу, адамды дәріптеу. Адамды барлық 
нәрсенің қожасы деп түсіну», - дейді ғалым 
С. Қасқабасов [4]. Адам адамды түсіне білу 
үшін өзінің ішкі сырына үңіле қарап, өзін - 
өзі танып білуі керек. Бұл орайда Абай:  
Ойға түстім, толғандым,  
Өз мінімді қолға алдым. 
Мінезіме көз салдым,  
Тексеруге ойландым. 
Өзіме өзім жақпадым, 
Енді қайда сыя алдым? 
Қалап алған көп мінез, 
Қалайша қылып тыя алдым?  
Мінеки, қазіргі барлық ғылымдардың 
ағымы  -  антропоцентризмнің  бастамасын 
Абай  өз  шығармаларының  ренессанстық 
сипаты  арқылы  елімізге  әкелді.  Абай  бізді 
әлем  әдебиетіндегі  ағымға  қосты.  Ағынды 
су  қашанда  мөлдір,  таза  болмағы  сияқты, 
өлеңдері  арқылы  өзіне,  өзінің  табиғатына 
үңіле  білген  халқымыздың  да  дүниеге, 
айналаға  деген  көзқарасы  ашық,  анық. 
Абай  қазақтың  дүниетанымы  мен  санасын 
қалыптастырды  деу  де  сыңар  жақтықтан 
ту-ар.  Абай  оны  қалыптастырған  жоқ. 
Ақын  оқырманды  өзіне  үңілдіре  отырып, 
атадан қалыптасқан рухани байлығымызды 
мойындауға, оны көре білуге үйретті.  
Ал ғалым Б.Майтанов: «Бізді таң қал 
тыратыны  –  Абай  шығармаларының  өткен 
заманда  да,  бүгін  де  қазақ  атты  ұлт  өкіл-
дерінің  өмірлік,  ұждандық  мақсат-талап-
тарына жауап беретіндігі. Демек, тіршілік – 
салтымызда,  тұрмысымыз,  идеология,  эко-
номикамызда  талай  жаңалық  болғанмен, 
мінез-құлық,  ар-мұрат,  көңіл-күйімізде  не-
гізгі ұлттық сапалар өзгермеген. Абай поэ-
зиясы  –  қазақ  халқының  ұлттық  психо-
логиясын  танып,  таразылауға  болатын 
жарқын дүние» [5]. Бұдан шығатын түйін – 
қазақтың  бай  рухани  болмысын  қаламына 
арқау  еткен  Абай  арқылы  әлем  мәдениеті 
сахнасынан көріне білуіміз керек.  

КАЗАХСКАЯ ФИЛОЛОГИЯ 
 
 
Вестник КАСУ
 
57 
Қазақ  әдебиетінің  қалам  алды  зерт-
теушілері Абай тақырыбынан аттап өте ал-
майды,  аттап  өткен  де  жоқ.  Төл  әде-
биетіміздің  әлемге  танылуы  қандай  дәре-
жеде  екенін  анықтау,  анықтай  отырып  та-
ныта білу – жаһандану алдындағы маңызды 
міндеттеріміздің бірі.  
Осы ретте  Абай мұрасының өзге тіл-
дерге  аударылуы  қандай  дәрежеде  деген 
сұрақ туады. Ақынның шығармалары орыс, 
өзбек,  қырғыз,  араб,  қытай,  ағылшын  тіл-
деріне  аударылған.  Олардың  басқалардан 
ерекшелігі  –  20  ғасырдың  40-70  жылдары 
жасалғандығында.  Бұл  аудармалар  Абай 
атындағы  Семей  Облыстық  Кітапха-
насында  сақтаулы.  Олардан  басқа  Абай 
поэзиясының  аударылуы  латыш  (1970  г.), 
молдаван (1970 г.), француз (1958 г.), поляк 
(1934 г.), латын (1940 г.) тілдерінен көруге 
болады.  
Аударамалардың ішінде қытай тіліне 
аударылған «Қара сөздердің» орны ерекше. 
Бұл  жанр  тілдің  поэтикасын  меңгерумен 
қатар,  пәлсапалық  ойлауды  да  қажет  ете-
тіндіктен, өзге тілге аударылған нұсқалары 
көп  емес.  Орыс  тіліне  аударылған  үш нұс-
қасы  бар.  Алғашқылары  кеңес  заманында 
Виктор  Шкловский  мен  жетпісінші  жыл-
дары  қазақ  жазушысы  Сәтімжан  Сан-
баевпен жасалса, 1990 жылы үшінші аудар-
масын  Семей  қаласының  тумасы  Роллан 
Сейсенбаев  пен  Клара  Серікбаева  жасады. 
Ол  орысша  «Книга  слов»  деп  аударылды. 
Бұл  аударманы  2001  жылы  Халықаралық 
Абай  клубы  мен  «Аманат»  журналының 
демеушілігімен  Клара  Серікбаева  мен 
Юрий  Кузнецов  жаңадан  редакциялап, 
ақынның  қарасөздері  мен  бір  топ  өлеңдері 
бұл  орыс  тілді  нұсқадан  ағылшын  тіліне 
Ричард Маккейнмен аударылды.  
Тақырыбымызға қатысты Абай мұра-
сының  аударылуынан  басқа  өзекті  мәсе-
ленің  бірі  -  ұлы  ақынның  шетел  әдебиет-
танушылары,  тарихшылары  мен  гумани-
тарлық  басқа  бағыттағы  ізденушілердің 
зерттеу нысанына айналуы. 
Абай  білімі  мен  дүниеге  көзқарасын 
кеңейту жолында көптеген шетел зиялыла-
рымен  танысты. Сондай адамдардың  бірі  - 
саяси  айдауда  жүрген  поляк  заңгері  Се-
верин  Северинович  Гросс  пен  заң  факуль-
тетінің  студенті  Александр  Викторович 
Леонтьев.  Абайдың  әділ  билік  қағида-
ларына,  оның  дүниетанымы  мен  басқа  ел 
алды  «қырғыздарынан»  ерекшеленетін  са-
уатына тәнті болған Александр Викторович 
Леонтьев бұл ерек тұлға туралы Алтай мен 
Сібірді  зерттеуші  американ  саяхатшысы, 
корреспондент Джодрж Кеннанмен бөлісіп, 
ол  өз  кезегінде  Абай  туралы,  оның 
айналасы,  Семей  кітапханасы  туралы  «Сі-
бір  мен  айдау»  еңбегінде  ашып  жазады. 
Әрине,  Абайды  зерттеу,  оған  шынайы  ден 
беру  ең  жақын  көршілерімізден,  орыс 
халқынан  бастау  алды.  Ақын  туралы 
орыстың  атақты  кеңес  жазушысы  Лев 
Озеров: «В Пушкине - по слову Гоголя - «... 
русская  природа,  русская  душа,  русский 
язык, русский характер отразились в такой 
же  чистоте,  в  такой  очищенной  красоте,  в 
какой  отражается  ландшафт  на  выпуклой 
поверхности  оптического  стекла...»  То  же 
можно сказать об Абае, начав приведенную 
фразу  со  слов:  «Казахская  природа, 
казахская душа, казахский язык, казахский 
характер»...  Так  всегда  бывает  с  великими 
поэтами.  Они  приближают  свой  народ  к 
глазам  души  всех  иноплеменных,  всех 
иноязычных читателей. Абай сумел сделать 
так, чтобы мы полюбили казахов и поняли 
их больше, чем это могут сделать учебные 
пособия по географии и этнографии» [6].  
Сондықтан  да,  біздің  алдағы  мін-
деттеріміздің  бірі  -  Абай  Құнанбайұлын 
әлем әдебиеті кеңістігінде  қазақтың ақыны 
емес,  әлемнің  ақыны,  оның  мұрасын адам-
зат  ойының  даму  жемісі  ретінде  ұсыну, 
жариялау.  Және  2006  жылғы  Абайдың 
Ресейдегі,  Пушкиннің  Қазақстандағы  жы-
лы  сияқты  шаралар  өз  шеңберін  кеңейтсе, 
тек  қазақ  үшін  ғана  емес,  әлем  мәдениеті 
үшін игі болары хақ. 
«Адамзаттың  ақыл-ойының  даму  та-
рихы  туралы  сөз  қозғағанда,  мына  біз, 
қазақ  ұлтының  перзенттері,  жат  жұрт-
тардың алдында даналықтың үлгісі ретінде 
неге Абайды мақтанышпен атаймыз? 
Әлем  толық  танып  болмаған,  олар-
дың  жүрегіне  жетіп,  санасына  сіңбеген, 
оның үстіне, мүлдем өзге ойлау жүйесі мен 
өмір сүру құбылысына ие дүниеауи лық да-
налармен қатар қоюымызға, тіпті кей тұста 
оған  ешкімді  теңгермеуімізге  қақымыз  бар 
ма? 
Ар-ұятымызды,  ұлттық  намысымыз-
ды,  ой-парасатымызды  кепілдікке  бере 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет