Неміс классикалыќ философиясыныѕ ерекшелігі. Немiс халқының рухы тудырған ХVIII-ХIХ ғғ. философияға уақытында Ф. Энгельс «немiс классикалық философиясы»


Ќазаќстан ќоєамына формациялыќ жјне цивилизациялыќ тўрєыдан кґзќарас



бет40/65
Дата16.05.2022
өлшемі340,53 Kb.
#34524
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   65
Ќазаќстан ќоєамына формациялыќ жјне цивилизациялыќ тўрєыдан кґзќарас.

Енді бүгінгі таңдағы Қазақстан қоғамына формациялық және цивилизациялық тұрғыдан қандай баға беруге болар екен деген сұрақ туады. Егерде біз формациялық тұрғыдан талдау жасасақ, онда социализмнің пісіп-жетілмеген ерте түрінен буржуазиялықдемократиялық сатыға қайта оралғанымызды байқаймыз. Оның себебін анықтау жолында ХХ ғ. бас жағына қайта оралуға тура келеді. Себебі, патшалық Ресей осы кезде оның тарихында бұрын-соңды болмаған терең де жүйелі дағдарысқа тап болғанын байқаймыз. 497 Ұлттық буржуазия табы әлсіз, сонымен қатар билікпен өте тығыз байланыста болғаннан кейін, олар заман талабына (ол елдегі феодалдық қатынастарды түбірімен жойып, буржуазиялық-демократиялық жолға түсу қажеттілігі болатын) тиісті жауап берудің орнына, «кішігірім жеңісті соғыс арқылы» ішкі қайшылықтарды шешкілері келді. Бұл жолда олар ең алдымен орыс-жапон соғысында өздерінің алып денесі болса да, аяқтарының саз екенін көрсетті, өйткені бір ғана айдың ішінде жапондықтар Ресейдің бүкіл теңіз флотын суға батырып, құртып жіберді. Соңынан Бірінші дүниежүзілік соғыста екінші рет соққы алып, қайшылықтың өте өрбуі себепті большевиктер өкімет басына келген болатын. Көп жылдарға созылған дағдарыстан ашынған ауыр жағдайдағы халықтың көңіл күйін пайдаланып, большевиктер социалистік бетбұрыс арқылы барлық мәселелерді шешуге ұмтылды. В.И.Ленин оны марксизмге енгізілген шығармашылық жаңалық ретінде есептеді. Қалай дегенде де, большевиктер бүкіл ұлттық байлықты мемлекеттің қолына өткізіп, барлық табиғи және адами ресурстарды «жаңа қоғамды орнатуға» жұмсады. Бұл ауыр да тайғақ жолда миллиондаған адамдарды құрбан етіп, олар заман талабына өзінше жауап берді, яғни елді индустриялап, халықтың сауатын ашты. Бұл төңкерісте әсіресе орны толмас апатқа ұшыраған қазақ халқы болды. Оны «жаңа өмірге» большевиктер бүкіл малын тартып алып, зорлап жерге отырғызудан бастады. Малынан айырылған халықтың жартысына жуығы геноцидке ұшырап, тіпті кейбір ауылдарда өлгендерді жерлейтін адамдар да қалмады. Егер осы апаттан халық аман қалғанда, бүгін Қазақ елінде 20 млн. артық қазақ өмір сүретін еді (басқа халықтардың өкілдерін есеп-темегеннің өзінде). Сөйтіп, бүгінгі демографиялық мәселелердің түп-тамыры сол өткен ғасырдың 20 жылдардың аяғы, 30 жылдардың басында жатқанын байқаймыз. Бұл тарихи кезекті жаңарудың, әрине, оң жақтары да болды, оны ешбір адам терістей алмайтын болар. Ол Совет елінің қуатты индустриалдық елге айналуы, көп қалалар мен ауыл кешендерінің пайда болуы, бүкіл халықтың сауатының ашылуы, жоғары білім беретін мекемелер, театр, консерватория, кітапханалардың пайда болуы т.с.с. Алайда тарихи уақыты әлі келмеген, жасанды түрде зорлықзомбылық арқылы орнатылған бұл қоғам ХХ ғ. 70 жылдарынан бастап-ақ үлкен дағдарысқа ұшырады. Оның жағдайын түсінікті болу үшін былайша салыстыруға болады. Егер сіз көктемде екі жас алма ағашын: біреуін құнарлы жерге, екіншісін сортаңға отырғызсаңыз, бір-екі жылдың ішінде бірінші ағаш тез қарқынмен өсіп, жемісін бере бастайды, ал екінші ағаш бірінші жылы сарғайған жапырақтарын 498 шығарып күзге шейін тұрады да, келесі көктемде өмірден кетеді. Міне, жасанды түрде артта қалған мемлекетте тарихи кезекті сатыларды аттап өтіп, зорлық арқылы орнатылған социалистік қоғам сортаңға егілген ағаш сияқты өмірден кетті. Біз бүгін уақытында большевиктердің аттап өткен сатысына қайта оралып, буржуазиялық-демократиялық жолмен жетіліп келе жатырмыз. Енді бүгінгі күрделі өзгерістегі Қазақстан қоғамын цивилизациялық жолмен талдасақ, онда біз қазіргі постиндустриалдық елдердің қолы жеткен өндіргіш күштерінен анағұрлым артта қалғанымызды байқаймыз. Сондықтан негізгі мақсат – дамыған елдердегі жаңа экономикалық жағынан тиімді, экологиялық таза технологияларды игеріп қана қоймай, қоршаған ортамызға сай келетін өз технологияларымызды жасау болмақ. Біз кедей елдердің қатарында болғаннан кейін, ол үшін шетелдерден инвестициялар тартып және жеке меншіктің негізінде қорланған ұлттық капиталды тиімді пайдалануымыз қажет. Сонымен қатар, әрине, біз бүкіл дүниежүзілік қарым-қатынастарға толыққанды дербес мемлекет ретінде кіру жолымызда өзіміздің төл мәдениетіміз бен рухани құндылықтарымызды жойып алмауға тырысуымыз керек. Осы ауыр да жауапты жолда біздің жас мемлекетіміз біршама ауқымды істерді жасап та үлгірді. Үлкен жетістіктердің бірі – экономиканы нарықтық жолға қою. Мыңдаған жылдардағы даму үдерісінде адамзат нарықтық экономикадан басқа тиімді жолды таба алмады. Бұрынғы Совет елінде жасалған жоспарлы экономика нарыққа қарағанда өзінің әлсіздігі мен тиімсіздігін ашық көрсетті. Енді, міне, бүгінгі таңда жер бетіндегі басқа мемлекеттер қазақ елін нарықты мемлекет ретінде мойындап отыр. Тоталитарлық жоспарлы экономикадан үзілді-кесілді бас тарту, мемлекеттік меншікті жекешелендіру біршама қателіктермен жүргізілсе де, белсенді топтарды тудырып, аударылып жатқан экономиканы аяғына тұрғызды. Кіші және орта іскерлікті дамыту саясаты миллиондаған адамдарды жаңа ахуалға тартып, олардың өмірге деген белсенді талпынысын тудыруда. Нәтижесінде, соңғы жылдары халықтың әл-ауқаты жоғарылап, елдің жарқын болашағына деген сенім қарапайым халықтың жүрегінде ұялады. Әсіресе қомақты өзгерістер қоғамның саяси-құқықтық салаларында байқалады. Демократиялық принциптерге негізделген жас мемлекет бірте-бірте өз күшіне енуде. Елді нақтылы басқарып отырған атқару билігі өзінің кәсіби шеберлігін шыңдау нәтижесінде бұл салаға талантты көп жастар тартылды. Екі палатадан тұратын кәсіби парламент заң шығарумен айналысуда. Сот билігі де біршама терең өзгерістерге түсіп, халықтың сеніміне кіруде. Ақпарат тарату саласына келер болсақ, бүгінгі таңда сан алуан жеке меншіктегі газет-журнал- 499 дар, радио және телестансалар жұмыс істеуде. Жеке адамдардың бас бостандығы мен құқықтарының қорғалу деңгейі жыл артып өсуде. Бүгінгі дамыған қоғамдарда заттық қорланған байлық емес, адам факторы негізгі қоғам дамуының қайнар көзіне айналуда. Әр адамның табиғи дарынын талантқа айналдырып, оны шығармашылық деңгейге дайындайтын – университеттер. Олай болса, тәуелсіздікті алғаннан бері білім беру жүйесін дамытуға да көп көңіл бөлінді. Көп жоғары оқу орындары университет болып қайта құрылды, жеке меншікке негізделген оқу орындары жұмыс істеп бәсекелестік бұл салаға да жетті. Дербестік алған халықтың тез арада шығармашылық мүмкіндіктері гүлдеп, қазақ мәдениет қайраткерлері бүкіл дүние жүзіне халқымыздың өз ерекшелігі, қайталанбас жақтарымен танылатын асыл мұраларын, бүгінгі күнмен үндесіп жатқан жаңа туындыларын таныстырды. Айман Мұсаходжаева, Жәния Әубәкірова, Марат Бисенғалиев, Роза Рымбаева, Мақпал Жүнісова, Майра Мұхамедқызы т.с.с. мәдениет қайраткерлері көп елдердің үлкен сахналарына шығып, еліміздің ғажап мәдени құндылықтарын басқа халықтарға ұсынып, солардың қошеметіне бөлінді. Әрине, қайсыбір қоғамның жүйелі дағдарысы сан алуан қайшылықтарға толы, оның негізгі ауыртпалығы қарапайым адамдардың еншісіне өтеді. Әсіресе тоталитарлық социализм жүйесінен демократиялық қоғамға өтудің бұрын-соңды адамзат тарихында болмаған қиындықтарға әкелгенін 90 жылдар айқын көрсетті. Алайда бас бостандығына ие болған халқымыз оның барыне де шыдап, шығармашылық жолмен оларды жеңе білді. Келесі даму сатысындағы негізгі мәселелер – шикізат өндіретін елді жаңа технологияларға негізделген өндірісі бар, дүниежүзілік бәсекелестікке сай келетін заттарды шығара алатын қоғамға айналдыру болмақ. Сонымен қатар ұлттық тілімізді толыққанды дәрежеге көтеріп, салтымыз бен әдет-ғұрпымызды жаңа өмірге сай келтіріп, біздің рухымызға жат шетелден кірген тұрпайы мәдени туындыларды сырттататын ахуалға жетсек дейміз.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет