Н. Ә. Назарбаев т аңдамалы сөздер



жүктеу 2.62 Mb.
Pdf просмотр
бет16/25
Дата15.03.2017
өлшемі2.62 Mb.
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   25

Жолдастар

Енді тағы бір аса маңызды құжатқа – Қазақ КСР-інің 

Мемлекеттік егемендігі туралы декларацияның жоба­

сына тоқталсам деп едім. 

Оның баламалы нұсқасының пайда болуын жақсы 

нышан деп санау керек. Егер ол болмаса, қашанғыдай, 

жалғыз жобаны талқылауға тура келген болар еді. Осы 

нұсқаны әзірлеуге қатысқан алуан ұлттардың депутат­

тары ең алдымен тұрақтылықтың сақталуы мен біздің 

көпұлтты мемлекетіміздің топтасуының қамын ойлаға­

нына сенімдімін. Бәріміз де парламенттік жұмыстағы 

пікір алуандығына бой үйретуіміз керек – бұл оны тек 

байыта түседі. 

Сіздер  менің  көпұлтты  Қазақстанның  барлық 

халықтарының құқықтарына бірдей қарайтын ұстаны­

мымды білесіздер. Мұны өзім үшін принципті нәрсе 

деп  есептеймін.  Халықтар  достығын  нығайта  беру 

қажеттігін ұдайы есте ұстау керек. Тегі, біз «ұлтаралық 

қатынастар» дейтін жаттанды сөздермен өзімізге аса 

қастерлі осы ұғымның қадірін кетіріп жүрген жоқпыз 

ба? 

Біздің  кеңестік  еліміз  ұлттық-мемлекеттік 



құрылымдардың  достастығы  ретінде  құрылды  және 

356

I  ТОМ. – 1989–

1991 


солай құрыла бермекші. Айтпақшы, дүние жүзіндегі 

басқа  мемлекеттерге  қарағанда  КСРО-ның  бірегей 

сипаты осында. Әрі оның барлық республикаларында 

жүріп жатқан үдерістер осы ақиқатты сенімді түрде 

дәлелдейді. 

Сондықтан ұлтты атамастан азаматтық қоғам құру 

біз мәдениет пен халықтың әл-ауқатының қазіргіден 

әлдеқайда жоғары деңгейіне жеткенде болатын ертеңгі 

күннің  міндеті  ретінде  қойылуы  мүмкін.  Кез  келген 

саяси іс-әрекет ізгі ниеттерге емес, нақты шындыққа 

негізделуі  тиіс.  Осыған  байланысты  Декларациядан 

республикадағы ұлттық мемлекеттілік туралы мәселені 

ғана емес, тіпті қазақ халқы жайындағы сөздерді де алып 

тастау керек дейтіндермен келісуге болмайды. 

Бұл  ретте  КСРО-ның  басқа  ұлттарына  қарағанда 

теңсіз жағдайда қалуы ықтимал қазақ халқы бізді дұрыс 

түсінбеуі мүмкін. Одақтас республикалардың осындай 

декларацияларының кез келгенін алып қараңыздар – 

олардың бәрінде ұлттық мемлекеттілік туралы қағида 

бар. 


Республика  аумағындағы  қазақ  жұртының  саны 

басым  емес  дегенге  сүйеніп  қана,  бұл  тезисті  біздің 

құжаттан  алып  тастау  саяси  қателік  болар  еді.  Өз 

тарихының өн бойында интернационализм мұратта­

рына адалдығын дәлелдеген қазақ халқы өзіне бұлайша 

қарауға тіпті де лайық емес. Айтпақшы, кез келген басқа 

халықтар да солай. 

Біз жөнсіз қызбалыққа салынбауымыз керек. Осы 

мінберден  сөйлеген  базбіреулердің  тек  өздерін  ғана 

тыңдап,  қарсыласының  көзқарасын  түсінуге  ықылас 

білдірмегендері де болды. Ал медальдың қашанда екі 

жағы бар ғой. Егер біз қателесейік демесек және респу­



357

бликаның барлық халықтарына теңдіктің толық кепілді­

гін бергіміз келсе, мұны әрқашан есте ұстауымыз керек. 

Жасырмай  айтайын,  маған,  мысалы,  баламалы 

Декларацияның  4-ші  тармағындағы  мына  сөздер 

ұнайды:  «Қазақ  КСР-і  барлық  азаматтарының  және 

республика  аумағында  тұратын  азаматтығы  жоқ 

адамдардың, олардың этностық, ұлттық және парти­

ялық қатыстылығына, тегіне, әлеуметтік және мүліктік 

жағдайына,  жынысына,  дін  ұстануына,  кәсіп  түріне, 

тұрғын  орнына  қарамастан,  Адам  құқықтарының 

жалпыға  бірдей  декларациясында,  Қазақ  КСР  Кон­

ституциясы мен КСРО Конституциясында көзделген 

барлық құқықтар мен бостандықтарына кепілдік береді. 

Азаматтық және ұлттық құқық теңдігіне қол сұғушылық 

заң бойынша жазаға бұйы рылады». Егер Декларацияны 

кемеліне  жеткізу  жөніндегі  комиссия  осы  тармақты 

қосатын  болса,  халық  оны  мақұлдап,  қабыл  алатын 

шығар деймін. 

Қабылданып, жұмыс істей бастаған тілдер туралы 

заңды сан саққа жүгіртуді қолайсыз деп есептеймін, 

бірақ  одақтық  заңнамаға  сәйкес  түзетулер  енгізілуі 

керек. Орыс тілді жұртшылықтың өз тілін пайдалану 

құқығына  қысым  жасалады-мыс  дейтін  күдіктерді 

арылту керек. Кәнеки, бір пәтуаға келейік те, мәселенің 

дұрыс түсінігін табайық. 

Енді Одақта мемлекеттік бір тіл болуы керек дейтін 

мәселе жайында. Ол сіздер мен біздердің құзыретіміз­

дегі нәрсе емес. Бұл мәселе одақтық деңгейде сөз бол­

сын. Мен КСРО Жоғарғы Кеңесіндегі тиісті талқылауға 

қатысып көрдім. Онда көп күнгі дауласудан кейін орыс 

тілін ресми тіл деп мойындауға шешім қабылданды. 

Сөйтіп, ол мемлекеттік тілден де жоғары болып шықты. 


358

I  ТОМ. – 1989–

1991 


Келіңіздер, қашан болсын және қай мәселеде бол­

сын заңды негізге алатын болайық. Өз сөздеріңізден 

бір-біріңізге деген күдікшілдік сарынын алып тастауды 

сіздерден тағы бір өтінемін, бұл залдың сыртында респу­

блика халқы бар екені әрдайым естеріңізде болсын. Ол 

мына мінберден айтылған әр сөзді, әрбір сөйлеушіні 

мұқият қадағалап отыр. Жағдайды өздеріңіз білесіздер, 

сондықтан оны одан әрі ушықтыра беруге болмайды. 

Біздің  Декларациямыздың  жобасында  прокура­

тура туралы бөлім бар. Тиісті комиссияның оны тағы 

бір  қарап  шыққаны  жөн.  Армия,  кеден,  Мемлекет­

тік  қауіпсіздік  комитеті,  прокуратура  дегенде,  адал, 

ашығын айтайықшы: біз федерацияны, бірақ жаңар­

тылған  федерацияны  қалаймыз.  Біз  экономикадағы, 

саясаттағы толық егемендік жағындамыз. Бірақ біз елді 

қорғау құқығын өз еркімізбен орталыққа береміз. Біздің 

басқа шаруамыз да жетіп артылады. Әуелі солармен 

шұғылданып алайық. 

Осында кеден туралы мәселе көтерілді. Егер нарыққа 

көшетін болсақ, бізге бүкілодақтық кеден кеңістігі қажет 

болады, әйтпесе батыс бизнесмендері бізге жұмыс істеу-

 ге келмейді. Ал меншік кеден деген не? Ондайда біз, 

айталық, Өзбекстанмен шекарада бақылау орнатып, 

баж салығын жинап, квота, лицензия енгізуге мәжбүр 

боламыз.  Егер  шеттен  әкелу  мен  шетке  шығарудың 

арақатынасында Қазақстан теріс сальдоға ие болса, онда 

бұл жағдайда ұтылатын кім? 

Енді  сыртқы  экономикалық  көзқарасқа  келейік. 

Халықаралық  рынокқа  шықпас  бұрын,  бізді  валюта 

қорына,  Халықаралық  банк  қауымдастығына  кіргізу 

үшін  біз  көптеген  миллион  доллар  төлеуіміз  керек. 

Мұны  әрбір  республика  жеке-дара  істей  алмайды. 



359

Сондықтан  орталықтандырылған  көмексіз  шетелдік 

рынокқа  шыққан  әр  республика,  әрбір  кәсіпорын 

өздеріне өздері бәсекелес тауып алады. Сонда осындай 

жағдайда бізге кеденнің не керегі бар? 

Егемендік  пен  демократия  туралы  айтқанда,  біз 

абсолютті егемендік, абсолютті еркіндік пен демокра­

тия болмайтынын ұдайы есте ұстауымыз керек. Дүни­

едегі барлық мемлекеттер бір-біріне тәуелді, қарызға 

ақша алады, сауда жасайды және сондықтан реттеуіш 

тетіктерді қолданады. Сондықтан масайраудан аулақ 

болайық. Барлық нәрсе өзара байланысты. Соны ұмыт­

паған жөн. 


360

I  ТОМ. – 1989–

1991 


Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі  

он екінші шақырылымының II сессиясында 

«Республикадағы мемлекеттік өкімет және 

халық шаруашылығын басқару органдарының 

құрылымы туралы» тақырыбында

СӨЙЛЕГЕН СӨЗІ

Алматы қаласы, 

1990 жылғы 25 қазан

Құрметті депутат жолдастар!

Бүкіл еліміз сияқты, республика өз дамуының аса 

күрделі кезеңіне аяқ басты. Қазақ КСР үкіметі нарыққа 

көшу бағдарламасының жобасын республика Жоғарғы 

Кеңесі  сессиясының  қарауына  ұсынды,  бұл  жобада 

Қазақстанның халық шаруашылығының өзіндік ерек­

шеліктері,  жаңарған  Одақ  жағдайында  республика­

ның мемлекеттік егемендігін жүзеге асыру мүмкіндігі, 

сондай-ақ КСРО Жоғарғы Кеңесі мақұлдаған «Халық 

шаруашылығын  тұрақтандырудың  және  нарықтық 



361

экономикаға көшудің негізгі бағыттарының» ережелері 

де ескерілген.

Сөйтіп, біз әлеуметтік жағынан бағдарланған тиімді 

экономика  жасауға,  азаматтардың  құқықтары  мен 

бостандығының сенімді қорғалуын қамтамасыз ететін 

демократиялық үрдістерді одан әрі дамытуға бағыт­

талған революциялық шешімдер қабылдаудың табал­

дырығында тұрмыз. Өзін одақтық және республикалық 

деңгейде қасарыса сақтап, нарықтық қатынастарға көшу 

жұмысына бөгет жасап, кәсіпорындарға еркіндік бермей 

отырған әміршіл-әкімшіл жүйенің ескі шеңберіндегі эко­

номика мен реформаны жүргізуге болмайтынын өткен 

жылдар көрсетіп берді. Экономиканың тапшылығы, 

инфляциялық үдерістердің үдей түсуі, қаржы мен ақша 

айналымының теңдестірілмеуі айдан анық.

Өкімет билігі мен басқарудың қазіргі құрылымы 

қоғамды дағдарысты жағдайдан шығаруды, қолда бар 

өндірістік,  экономикалық  және  зияткерлік  әлеуетті 

тиімді  пайдалануды,  халықтың  тұрмыс  дәрежесін 

көтеруді  қамтамасыз  ете  алмайды.  Олар  болып 

жатқан үдерістерге ықпал ету тұтқасынан айрылған, 

істің  одан  әрі  нашарлауын  тоқтатуға  дәрменсіз 

және нарықтық қатынастарды енгізіп, дамыту үшін 

жағдай жасауға, жоғары өнімді еңбекке ұмтылдыруға, 

кәсіпкерлік  пен  бәсекені  ынталандыруға  қабілетсіз. 

Ол  былай  тұрсын,  ғылыми-техникалық  прогрестің, 

өндірісті интенсивтендірудің, ресурстарды үнемдеу­

дің, еңбек және әлеуметтік белсенділіктің жолындағы 

кедергіге айналды.

Басқару органдары жұмысының түрлері мен әдістері 

кертартпа  және  әлеуметтік-психологиялық  фактор­



362

I  ТОМ. – 1989–

1991 


ларды  ескермейді.  Мемлекеттік  басқару  мен  шару­

ашылықты  тікелей  жүргізу  принциптерінің  ықпал 

етуі орын алған. Министрліктер мен ведомстволардың 

жұмысында  бөлу  функциялары,  кәсіпорындардың 

жұмысын тәптіштеу мен оларға араласу, экономикалық 

дербестігіне қысым жасау үстем болып отыр. Қабылда­

натын басқарушылық шешімдер үшін жауапкершілік 

жоқ.


Республикалық басқару органдары ескірген ереже­

лер мен нормативтік құжаттарды басшылыққа алуда, ал 

еңбек ұжымдары мемлекеттік кәсіпорын туралы заңға 

сүйенеді. Ақиқат мынадай: бүгінгі таңда әңгіме эконо­

микалық тұтқаларды пайдалану тиімділігінің төмендігі 

жағдайында басқару тізгінінен нақты айрылып қалу 

туралы, жалақының негізсіз көбеюі мен ақша эмисси­

ясын тоқтату, бюджет тапшылығын қысқарту мүмкін­

діктерінің жоқтығы жайында болып отыр. Өз кезегінде 

ақша мөлшерінің бақылаусыз өсуі, қаржы бақылаудың 

әлсіреуі жағдайында баға белгілеу жүйесінің реттелмеуі 

өнім беру тәртібінің құлдырауына, алып-сатарлықтың, 

заттай айырбастың етек алуына, ақша қатынастарының 

жалпы қожырауына апарып соқтырды.

Басқарудағы  салалық  көзқарастың  басым  болуы 

жергілікті Кеңестер құқықтарының шектелуіне әкеліп 

тіреді. Олар аумақтарды кешенді экономикалық және 

әлеуметтік дамыту, ұтымды аймақаралық және респу­

бликааралық  көлбеу  экономикалық  байланыстарды 

қалыптастыру жөніндегі толыққанды қызметті жүзеге 

асыру  мүмкіндігінен  іс  жүзінде  айырылған,  ол  бай­

ланыстар біржақты дамытылуда, ведомстволық және 

салалық мамандандырудың мүдделеріне ғана бағын­

дырылған.



363

Қазіргі  кезде  жергілікті  өзін-өзі  басқарудың,  сон­

дай-ақ  жергілікті  Кеңестердің  қызмет  саласының 

нақты құқықтық негізі жоқ. Түрлі деңгейдегі Кеңестер 

арасындағы тік байланыстардың бұзылуы, аймақтық 

өзімшілдік, жекелеген жергілікті Кеңестердің өз билік 

өкілеттіктерін  абсолюттендіруі  әлеуметтік-экономи­

калық жағдайдың тұрақсыздануына, кінәратты саяси 

үдерістердің өршуіне апарып соғуы мүмкін. Облыс-

аралық азық-түлік, тауар жеткізілімі орындалмай, одан 

адамдар зардап шегуде. Мұның өзі көпұлтты респу­

блика  жағдайында  болжап  болмайтын  зардаптарға 

душар етуі мүмкін.

Жергілікті Кеңестерде билікті төралқаларға шоғыр-

ландыруға,  атқарушы  органдардың  қызметіне  ұсақ-

түйек  қамқоршылық  жасауға,  аумақтарды  басқару 

мен  шаруашылық  міндеттерін  тікелей  атқаруға 

ұмтылушылық үдеп келеді. Соның салдарынан атқару 

комитеттерінің  белсенділігі  айтарлықтай  төмендеді, 

олар өздерінің тікелей құзырына жататын мәселелер 

бойынша  шешімдер  қабылдаудан  жиі  жалтаруда. 

Мұның өзі аса мәнді емес, жанжалды проблемаларды 

шешу кезінде ерекше байқалуда. 

Жергілікті  Кеңестердің  төралқалары  мен  атқару 

комитеттерінің  қызметінде  үйлесімсіздік,  қайталау-

шылық пен қосарланушылық қана емес, тіпті олардың 

текетіресуі, істің мүддесінен гөрі жеке бастың шамшыл­

дығы  мен  субъективизм  басым  түсетін  фактілер  де 

мәлім. 

Поселкелік,  селолық,  ауылдық  және  қалалық 



(ауданға бағынатын) Кеңестер деңгейінде бұдан да бетер 

қайшылықты  жағдай  қалыптасқан.  Оларда,  әдетте, 

қоғамдық  негіздегі  төраға  басқаратын,  аппаратсыз 


364

I  ТОМ. – 1989–

1991 


Кеңес және штаттағы төраға мен хатшы бастаған, депу­

таттар корпусының қызметіне бағыт беруге хақысыз 

шағын аппараты бар атқару комитеті жұмыс істейді. 

Көптеген жағдайларда Кеңестердің төрағалары болып 

шаруашылық басшылары немесе басқа басшылар сай­

ланған, бұл Кеңестер билігі идеясының өзіне нұқсан 

келтіреді  әрі  кәсіпорындардың,  мекемелердің  және 

ұйымдардың өкімет органына есеп беретіні және соның 

бақылауында болатыны туралы конституциялық негіз­

дерге қайшы келеді. 

Бірқатар жерлерде билік пен басқару органдарын 

қайта құруды өмірдің өзі талап еткен стихиялық үдеріс 

жүріп жатыр. Ондайда қалыптасқан құрылымдардың 

жұмыс түрлері мен әдістері қолданыстағы заңға жиі 

қайшы  келеді.  Осының  бәрі  жергілікті  жерлердегі 

өкімет органдарының беделін құлдыратып, мемлекеттік 

тәртіп пен атқарушылық тәртіптің төмендеуіне әкеліп 

соқты. 


Экономиканың тұрақтануын қамтамасыз ету және 

нарықты қалыптастыру жөніндегі мақсатты, үйлестіріл­

ген шараларды жүзеге асыру міндеттері мемлекеттік 

өкімет пен халық шаруашылығын басқару органдары­

ның құрылымын түбегейлі қайта құруды объективті 

түрде қажет етіп отыр. 

Бұл барлық деңгейдегі жергілікті Кеңестердің және 

Мемлекет басшысының азаматтық келісімге, барлық 

қоғамдық күштерді топтастыруға негізделген күшті, 

беделді және пәрменді іс-қимылын қажет етеді. 

Мемлекеттік билік пен басқару органдарын түбегейлі 

қайта құруға бару қажет және бұл орайда формализмге, 

ескі құрылымдарды атүсті өзгертуге жол беруге бол­

майды. 


365

Нарық пен басқару құрылымдарының өзара іс-қи­

мылының даму диалектикасы нарықтық қатынастарды 

қалыптастыруға белсенді түрде ықпал ететін қажетті 

басқару органдарын дер кезінде құруды талап етеді. 

Өзгерістер тактикасы нарықтың жұмыс істеуіне қажетті 

жағдайлар  мен  факторлардың  пайда  болуын  енжар 

күтуге  емес,  керісінше,  жаңадан  құрылған  басқару 

органдарының оны іске қосу тетігін қалыптастыруына 

бағдарлануы тиіс. 

Нарықтық экономикаға көшу жағдайында басқару 

құрылымын қайта құрудың ұсынылып отырған тәртібі 

мынандай негізгі қағидаттарға сүйенеді: 

– заң шығарушы, атқарушы билік пен сот билігін 

ажырату; 

– республика  мемлекеттік  және  шаруашылықты 

басқару органдарының құрылымын жасақтауда дербес; 

– одақтық  органдармен  және  басқа  республика­

лармен өзара іс-қимыл шарттық қатынастар негізінде 

және жаңа Одақтық шарт ережелеріне сәйкес жүзеге 

асырылады; 

– мемлекеттік меншікті республикалық және жер­

гілікті органдар арасындағы басқару деңгейі бойынша 

айқын  ажырату.  Бұл  орайда  жергілікті  Кеңестердің 

экономикалық негізін нығайту үшін мүлікті мүмкінді­

гінше солардың қарамағына беру көзделеді; 

– экономиканы  мемлекеттік  басқару  мен  шару­

ашылықты тікелей жүргізу функцияларының аражігін 

ажырату; 

– шаруашылық қызметті демократияландыру және 

орталықсыздандыру, кәсіпкерлік еркіндік және шару­

ашылық айналымға қатысушылардың меншік түрлері 



366

I  ТОМ. – 1989–

1991 


қандай екеніне қарамастан, экономикалық дербестігі 

мен жауапкершілігін кеңейту, кәсіпорындардың ведом­

стволық бағыныштылығын кең ауқымда жою.

Жоғарыда аталған қағидаттарды жүзеге асыру және 

барлық  деңгейде  күшті  атқарушы  өкімет  билігінің 

құқықтық негізін жасау ең алдымен жергілікті өкімет 

пен басқару органдарын қайта құрудың жеделдетілуін 

талап  етеді.  Бұл  орайда  аймақтардың  және  жалпы 

республиканың мүдделерін ұштастыру жоғары тұрған 

органдар  шешімдерінің  төменгі  органдар  үшін  мін­

деттілік принципін енгізуді талап ететінін атап айтқан 

жөн. Бұл нарық тетіктерін және халықтың әлеу меттік 

жағынан қорғалу жүйесін енгізуді үйлестіру үшін өте-

мөте қажет. 

Жергілікті мемлекеттік билік пен басқару органда­

рының  құрылымын  жетілдіру  жөніндегі  ұсынылып 

отырған шаралар Кеңестердің толық билігі принципін 

нақты  қамтамасыз  етуге,  олардың  органдарының 

(төралқалары мен атқару комитеттерінің) құқықтық 

жағдайының екіұштылығын жоюға, атқарушы билікті 

нығайтуға, қабылданатын шешімдер үшін жауапкер­

шілікті арттыруға бағытталған. 

Облыс, қала, аудан, поселке, село, ауыл деңгейінде 

халық  депутаттарының  тиісті  Кеңесі  жоғары  мем­

лекеттік  билік  органы  болуға  тиіс,  ол  жергілікті  заң 

шығарушылық (құқық қолданушылық) және атқарушы 

қызмет функцияларын етене ұштастырады. 

Кеңестің сессиясы төралқаны, Кеңес төрағасы мен 

әлеуметтік-экономикалық мәселелер жөніндегі орын­

басарларын сайлайды. Кеңестердің атқару комитеттері 

таратылады. 


367

Кеңес  төралқасы  ұжымдық  орган  бола  отырып, 

Кеңестің төрағасына аймақтың өкілетті және атқарушы 

өкімет билігі органдарының басшысы міндеті жүктеліп 

отырған жағдайда басшылықтың демократиялық қағи­

даларының  сақталуын  қамтамасыз  етуге  тиіс.  Оның 

құрамына  Кеңестің  төрағасы,  оның  орынбасарлары, 

тұрақты  комиссиялардың  төрағалары,  сондай-ақ 

Кеңестің шешімі бойынша басқа да депутаттар кіреді. 

Сессиялар  аралығындағы  кезеңде  төралқа  Кеңестің 

қарамағына  жатқызылған  кез  келген  мәселелерді, 

тек қана сессияларда шешілетіндерінен басқаларын, 

шешуге құқылы; Кеңес сессияларының шешімдерін, 

КСРО  Жоғарғы  Кеңесі  мен  Қазақ  КСР  Жоғарғы 

Кеңесінің заңдары мен қаулыларын, КСРО Президенті 

мен Қазақ КСР Президентінің жарлықтарын жүзеге 

асыру жөнінде және оперативті мәселелер бо  йынша 

қаулылар шығарады. 

Облыстық Кеңес төрағасының қызметіне кандидату­

раны Қазақ КСР Президенті сол Кеңестің депутаттары 

қатарынан ұсынады. Кандидат Кеңес депутаттарының 

көпшілігі  өзін  сайлағаннан  кейін  қызметіне  кіріседі. 

Аудандық, қалалық, қаладағы аудандық, поселкелік, 

селолық, ауылдық Кеңестер төрағаларының қызметіне 

кандидатураларды  халық  депутаттарының  жоғары 

тұрған  Кеңесінің  төрағасы  ұсынады.  Мұндай  тәртіп 

өтпелі  кезеңде  қажет.  Болашақта  оған  өзгертулер 

енгізілуі мүмкін. 

Атқарушылық  биліктің  барлық  буындарының 

қызметін үйлестіру, Кеңес пен аймақтың халық шару­

ашылығы салаларын мемлекеттік басқару органдарына 

басшылық ету және олардың арасындағы өзара байла­

ныстарды ұйымдастыру жөніндегі жалпы функциялық 


368

I  ТОМ. – 1989–

1991 


міндеттерді  жүзеге  асыру  үшін  Кеңестің  бірыңғай 

аппараты құрылады. Құрылымды, аппарат штаттарын, 

оның міндеттерін Кеңес белгілейді. Нарықтық үлгідегі 

экономикаға көшу және оның тиімді түрде жұмыс істеуі 

тек жергілікті және республикалық органдар арасын­

дағы өзара іс-қимыл мінсіз ұйымдастырылған жағдайда 

ғана мүмкін. Түрлі деңгейдегі атқару органдарының бір-

біріне бағынуының жоғалып кеткен тік байланыстарын 

қалпына келтіру, сондай-ақ Мемлекет басшысы мен 

жергілікті Кеңестердің жаңа өзара қарым-қатынаста­

рын орнату керек. Қазір республика Президентінің өте 

шектеулі құқықтары бар, күшті атқарушылық билікті 

қалыптастыру үшін қажетті жеткілікті құқықтық негізі 

жоқ. Егеменді Мемлекет басшысының құзыры болып 

табылатын өкілеттіктерді жүзеге асыру қиын, Прези­

денттің  халық  депутаттары  облыстық  Кеңестерімен 

байланыстары реттелмеген. 

Президенттің іс жүзінде үкімет құзырындағы мәселе­

лермен, күнделікті мәселелермен, жедел міндеттермен 

шұғылдануына тура келіп отыр. Үкімет, өз тарапынан, 

жоғары органдарға жалтақтай жұмыс істеуде. 

Осыған байланысты республиканың жоғары лауа­

зымды адамына қосымша өкілеттіктер беру объективті 

түрде қажет. Ол өкілеттіктердің құрамы «Қазақ КСР-

інің Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар 

енгізу туралы» Қазақ КСР Заңының сіздерге ұсынылып 

отырған жобасында келтірілген. 

Республика Президентінің мемлекет пен ең жоғары 

атқарушылық билік басшысы міндеттерін ұштастыруы 

ұсынылып отыр. Жаңа жағдайларда ол экономиканы 

тікелей реттеу және нарыққа тән жаңа атқарушы-жар­

лықшы органдар құру мүмкіндігіне ие болады. 



369

Жоғары мемлекеттік билік пен басқару органдарын 

қайта құру қажет. Президенттің орынбасары лауазымы 

вице-президент лауазымы етіп өзгертілуге тиіс. Қазақ 

КСР  Министрлер  Кеңесін  Президенттің  ұсынуымен 

республиканың  Жоғарғы  Кеңесі  бекітетін  Премьер- 

министр басқаратын Министрлер Кабинеті етіп қайта 

құрған жөн. Министрлер Кеңесі Төрағасының орынба­

сарлары лауазымдары жойылады. 

Министрлер  Кабинетінде  жаңа  нарықтық  құры-

лымдарды ескере отырып, 31 министрлік қалады, 16 

министрлік пен ведомство таратылады, ал қалғандары 

концерндер, қауымдастықтар және басқа қызмет нысан­

дары етіліп қайта құрылады. Олардың аппараттарын 

мекемелердің өздері ұстайды. 

Осындай  жағдайда  Қазақ  КСР  Президентінің 

аппараты  мен  республика  Министрлер  Кеңесінің 

Іс  басқармасын  қосып,  Президент  кеңсесін  құрған 

ұтымды сияқты. Бұл орайда аталған орган жұмысты 

атқарушылық қағида бойынша құруға тиісті. 

Қазақ КСР Конституциясына сәйкес республика Пре­

зидентінің жанынан Президенттік кеңес жұмыс істейді, 

оның міндеттері ішкі және сыртқы саясат қызметінің 

негізгі  бағыттарын  іске  асыру  жөніндегі  шараларды 

әзірлеу болмақшы. Негізгі заңға сәйкес Президенттік 

кеңестің қызметі кеңес беруші сипатта болады және 

оның тікелей мемлекеттік басшылыққа қатысуы көз­

делмейді.  Өмір  бұл  орган  жұмысының  тиімсіздігін 

көрсетті. 

Республика Президенті өкілеттігінің кеңейтілуіне, 

сондай-ақ саяси плюрализм мен көппартиялылықтың 

дамуына  байланысты  Президенттік  кеңестің  құра­

мын  жасақтау  принциптерін  өзгертудің  объективті 


370

I  ТОМ. – 1989–

1991 


қажеттілігі туып отыр. Халық депутаттары облыстық 

Кеңестерінің  төрағалары  қазір  неғұрлым  маңызды 

мемлекеттік шешімдерді әзірлеп, қабылдауға тікелей 

қатыспайтынын  да  атап  өту  қажет.  Олардың  саяси 

бағыттың жүргізілуіне және республиканың жоғары 

лауазымды  адамының  шешімдерінің  орындалуына 

ықпал етуінің қолда бар мүмкіндіктері де жеткілікті 

дәрежеде пайдаланылмайды. 

Республиканың  алдында  тұрған  міндеттер,  бар­

лық қоғамдық күштерді топтастыру мен басқарудың 

аймақтық көзқарасын күшейту қажеттігі Президенттік 

кеңестің құрамына халық депутаттары облыстық Кеңес-

тері төрағаларының енгізілуін талап етеді. Вице-прези­

дент пен Премьер-министр аталған кеңеске лауазымы 

бойынша кіреді. Президент кеңестің құрамына өзінің 

қалауы бойынша басқа адамдарды да енгізуге хақылы. 

Нарық тетіктерін әзірлеу және халық шаруашылығы­

ның салаларын жаңа жағдайға жан-жақты дайындау 

жеткілікті дәрежеде белсенді түрде жүргізілмей отыр-

ғанын атап өту керек. Республикалық органдарда бұл 

жұмыстың  кейбір  бытыраңқылығы  мен  қосарлануы 

орын алып отыр. 

Нарық қатынастарына көшу саясатын әзірлеп, жүзеге 

асыру Қазақ КСР Президенті үйлестіретін мемлекеттік 

басқарудың арнаулы міндеттері болуға тиісті. 

Бірыңғай экономикалық саясатты іске асыру, барлық 

мемлекеттік  басқару  органдарының  нарыққа  көшу 

жөніндегі  қызметін  үйлестіру  жарлықтар  мен  басқа 

да  нормативтік  сипаттағы  құжаттардың  жобаларын 

әзірлеу мақсатымен Қазақ КСР Президентінің жанынан 

арнаулы орган – Нарықтық қатынастарды енгізу жөнін­

дегі жоғары экономикалық кеңес құру қажет. Ол мен­



371

шік қатынастары, бюджет-қаржы жүйесі, баға белгілеу, 

әлеуметтік жағынан қорғау проблемалары мен басқа да 

мәселелерді шешудегі көзқарастардың бірлігін қамта­

масыз етуге тиіс. Іс-қимылдарды үйлестіру үшін кеңеске 

облыстардың өкілдері кіруі мүмкін. Нарық тетіктерінің 

енгізілуі барысын талдап, ұдайы бақылап отыру оның 

аса маңызды міндеттері болуға тиіс. 

Жоғары  экономикалық  кеңес  Қазақ  КСР  Прези­

дентінің Федерация Кеңесі жанындағы республикаара­

лық экономикалық комитетпен, сондай-ақ мемлекеттік 

басқарудың республикалық және облыстық органда­

рымен байланысын жүзеге асырады. 

Министрліктер  мен  ведомстволардың,  өзін-өзі 

басқаратын құрылымдардың қызметін үйлестіру үшін, 

сондай-ақ  нарықтық  қатынастарды  дамытудың  әзір­

ленген стратегиясын жүзеге асыру үшін мемлекеттік 

кеңесшілер институты құрылады. 

Белгіленіп  отырған  түбегейлі  өзгерістердің  басты 

мақсаты – әрбір тауар өндірушіге, меншік түрлеріне 

қарамастан, заң кепілдік еткен шаруашылық қызметінің 

бостандығын,  толық  экономикалық  дербестік  беру. 

Мұның өзі қазіргі кезде министрліктер мен ведомство­

лар атқаратын шаруашылықты жүргізу міндеттерінің 

көпшілігін тікелей өндірістік буынға беруді талап етеді. 

Сонымен  қатар,  кәсіпорындар  мен  ұйымдарды 

министрліктер мен ведомстволардың тікелей бағыныс-

тылығынан барынша шығарып, оларды коммуналдық 

меншікке  тапсыру  және  оларға  ведомстводан  тыс 

мәртебе беру керек. Сонымен бірге, өндірісті ұйымдас-

тырудың жаңа ілгерішіл формаларын: концерндерді, 

қауымдастықтарды, консорциумдарды, фирмаларды, 

салааралық  және  аумақтық  бірлестіктерді  ерікті 

негізінде құру үшін қажетті жағдайлар жасалуда. 



372

I  ТОМ. – 1989–

1991 


Газ шаруашылығы, құрылыс материалдары инду­

стриясы, мұнай өткізетін ұйымдар сияқты және басқа 

да кейбір салалардың әлеуметтік мәнділігін, оларды 

қаржыландырудың  ерекше  тәртібін  және  дамуын 

аумақтық тұрғыдан үйлестіру қажеттігін ескере оты­

рып, тиісті министрліктер мен ведомстволар негізінде 

мемлекеттік концерндер құру белгіленіп отыр. 

Республикада  бірқатар  салалардағы  өндірістің 

шоғырлану деңгейі біршама жоғары болып отырған 

жағдайда жаңа ұйымдық нысандар, сондай-ақ шағын 

кәсіпкерлік пен кооперативтік қозғалысты мемлекеттің 

қолдауы  өндірісті  монополиясыздандыру  жөніндегі 

маңызды шараға айналуға тиіс. 

Нарыққа көшу жағдайында республикалық мини­

стрліктер мен ведомстволардың рөлі принципті түрде 

өзгеруде. Олар әміршілдік-бөлушілдік міндеттерден 

қол үзіп, өз қызметін өндірісті реттеудің экономикалық 

әдістерін әзірлеуге, оған ғылыми-техникалық, ақпарат­

тық, коммерциялық және құқықтық қызмет көрсетуге, 

кадрлармен қамтамасыз етуге, нарық сыйымдылығына 

және бағаның өсуіне талдау жасауға, әділетті бәсекелес-

тік үшін жағдайлар туғызуға жұмылдырып отыр. 

Басқару  органдарын  түбегейлі  қайта  құру  жөнін­

дегі ұсыныстар министрліктерден, ведомстволардан, 

облыстардан келіп түскен пікірлер мен ұсыныстарды 

ескере отырып жүзеге асырылды. Бұл мәселелер Пре­

зиденттік кеңесте, республика Жоғарғы Кеңесі комитет­

терінің, Министрлер Кеңесінің, Мемлекеттік жоспарлау 

комитетінің,  Мемлекеттік  материалдық-техникалық 

жабдықтау бас басқармасының басшылары қатысқан 

жұмыс тобының мәжілістерінде талқыланды. 


373

Қазақ  КСР  Мемлекеттік  жоспарлау  комитеті  мен 

Баға жөніндегі мемлекеттік комитеті негізінде Эконо­

мика жөніндегі мемлекеттік комитет құру көзделуде. 

Оның негізгі міндеті республиканың әлеуметтік-эконо­

микалық дамуын жалпы болжау мен кеңінен жоспар­

лау,  перспективалар  мен  халықшаруашылық  басым 

бағыттарды,  ұлғаймалы  ұдайы  өндірістің  қарқыны 

мен тепе-теңдігін, жинақтау қоры мен тұтыну қоры­

ның арақатынасын, ғылыми-техникалық, инвестици­

ялық саясаттың, халық шаруашылығын құрылымдық 

жағынан  қайта  құрудың  басты  бағыттарын  анықтау 

болмақ.  Комитет  республикалық  бағдарламалар, 

экономикалық нормативтер, баға белгілеу мен бағаны 

реттеудің бірыңғай принциптерінің әзірленуін қоғамды 

ақпараттандыру бағдарламаларының енгізілуі жүзеге 

асыруға тиіс болады. 

Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі мемлекеттік 

комитет құру көзделіп отыр, оның негізгі міндеті мем­

лекет иелігінен алу мен жекешелендіру, мемлекеттік 

кәсіпорындарды меншіктің өзге түрлеріне негізделген 

акционерлік қоғамдар мен кәсіпорындарға айналдыру, 

оларды жалға беру бағдарламасын әзірлеп, іске асыру 

болмақ. Комитетке республиканың мүліктік құқықтары 

мен мүдделерін қорғау, мемлекеттік мүліктің құнын 

бағалау және оның пайдаланылу тиімділігін бақылау, 

сондай-ақ мемлекетке тиесілі акциялармен және басқа 

бағалы қағаздармен жасалатын барлық операцияларды 

орындау міндеттері жүктеледі. 

Монополияға  қарсы  саясат  жөніндегі  комитет  – 

мемлекеттік  басқарудың  жаңа  органдарының  бірі. 

Монополистік қызметке жол бермеу, оны шектеу және 

адалдықтан  айныған  бәсекені  тыю  жөніндегі  шара­


374

I  ТОМ. – 1989–

1991 


ларды әзірлеу оның негізгі міндеттеріне жатады. Ол 

сондай-ақ монополияға қарсы заңдардың сақталуын 

және  тауар  рыноктарында  үстем  жағдайда  болатын 

немесе сондай жағдайда болуы мүмкін шаруашылық 

жүргізуші субъектілердің құрылуына, таралуына және 

қайта  құрылуына  мемлекеттік  бақылауды  жүзеге 

асырады. 

Комитет тиісті билік пен басқару органдарына тауар 

рыноктарын, кәсіпкерлік пен бәсекені дамытуға жәр­

демдесу жөніндегі ұсыныстар, сондай-ақ монополияға 

қарсы заңдардың бұзылуын жою туралы орындалуы 

міндетті үкімдер енгізеді. Ол рыноктардың құрылы­

мына,  жай-күйіне  және  олардағы  бәсекеге  талдау 

жасаумен айналысуға, өндіріс пен айналымды моно­

полиясыздандыру, жоғары дәрежеде монополиялан­

дырылған шаруашылық жүргізуші субъектілерді бөлу, 

қосарлас  құрылымдар  мен  шағын  кәсіпорындарды 

құрып,  қолдау  жөніндегі  шараларды  әзірлеуге  тиіс. 

Комитет қызметінің бағыттарының бірі – шаруашылық 

жүргізуші субъектілердің тауар рыноктарындағы үстем 

жағдайына жол бермеу мақсатымен акцияларды сатуды 

және сатып алуды бақылау. 

Оған  заң  шығару  бастамашылығы  және  шару­

ашылық  жүргізуші  субъектілердің  монополиялық 

қызмет немесе арам ниетті бәсеке нәтижесінде негізсіз 

алған кірісін қайтып алу туралы шешімдер қабылдау 

құқығы беріледі. Комитет монополияға қарсы заңдар­

дың бұзылғаны үшін айып сала алады. 

Қаржы министрлігі жаңа жағдайда республикалық 

бюджеттің құрылуы мен орындалуы, бюджеттік реттеу-

дің бірыңғай принциптерін айқындау, одақтық және 

жергілікті бюджеттермен өзара іс-қимыл жасау мін­



375

деттерін орындайды. Бірыңғай бақылау-тексеру және 

аудиторлық қызмет одан әрі дамытылуға тиіс. Министр­

лік салық инспекциясының жұмысын ұйымдастырады, 

сондай-ақ Қазақ КСР Мемлекеттік банкімен бірлесіп 

құнды қағаздар нарығын қалыптастырады. 

Келісім-шарттар, аймақаралық және республика­

аралық  байланыстар  жөніндегі  комитет  Қазақ  КСР 

Материалдық-техникалық жабдықтау бас басқармасы­

ның, Аграрлық-өнеркәсіптік кешенді материалдық-тех­

никалық жабдықтау бас басқармасының, Мемлекеттік 

аграрлық-өнеркәсіптік  комитеттің,  Жеңіл  өнеркәсіп 

министрлігінің Қазақ жеңіл өнеркәсіп жабдықтау-өткізу 

бас басқармасының негізінде өндіріс пен шаруашылық 

байланыстарды қолдау, мемлекеттік тапсырыстарды 

шарттық негізде орналастыру, олар бойынша берілетін 

өнімді бөлу және оның бағасын реттеу үшін құрылады. 

Комитет  мемлекеттік  мұқтаждар  үшін  өнімге 

берілетін тапсырыстарды қалыптастыруда мемлекеттік 

делдал рөлін атқаруға, орындаушыларды таңдауға, мем­

лекеттік шарттарды әзірлеп, жасауға, сондай-ақ олар­

дың орындалуын және нақты шарттар орындалмағанда 

санкциялар қолданылуын бақылауға тиіс. Оған респу­

блика атынан Одақтың және одақтас республикалардың 

осындай  органдарымен,  Қазақ  КСР-інде  орналасқан 

кәсіпорындармен оның мемлекеттік мұқтаждары үшін 

өндірістік-техникалық мақсаттағы өнімдер, жабдықтар 

мен машиналар, ауылшаруашылық өнімін беру және 

алу жөніндегі бас шарттар жасасу құқығы беріледі. 

Мұндай  басты  шарттардың  (келісім-шарттардың) 

мемлекеттік  тапсырысты  белгілеудің  орын  алып 

отырған әкімшіл-әміршіл жүйесінен түбегейлі айыр­

машылығы мынада: ондай шарттарды, әдетте, конкурс-

тық негізде, ашық немесе жабық (шектелген номенкла­



376

I  ТОМ. – 1989–

1991 


тура бойынша) сауда-саттық өткізу, бағаның барлық 

түрлерін кеңінен қолдану жолымен жасасу көзделген. 

Қазіргі кезде де жұмыс істеп тұрған Қазақ КСР-інің 

Сыртқы экономикалық байланыстар жөніндегі мемле­

кеттік комитеті оларды дамыту стратегиясын әзірлеуге, 

дүниежүзілік рынокта республика мүдделерінің қорға­

луын қамтамасыз етуге, сыртқы экономикалық байла­

ныстарға қатысушыларды тіркеуді жүзеге асыруға тиіс. 

Өтпелі кезеңде оған тауарлар экспорты мен импортына 

лицензиялар беру мен квоталар белгілеу жөніндегі ұсы­

ныстарды әзірлеу жүктеледі. Ол республика аумағында 

жұмыс істейтін сыртқы экономикалық байланыстарға 

қатысушылардың бәрінің қызметін үйлестіруді күшей­

туге, сондай-ақ шетелдік әріптестермен сауда-саттық, 

валюта-қаржы,  ғылыми-техникалық  ынтымақтастық 

орнату  ісінде  оларға  көмек  көрсетуге,  қажет  болған 

реттерде дүниежүзілік рыноктағы жағдай мен бағалар 

туралы хабар беруге тиіс. 

Статистика  және  талдау  жөніндегі  мемлекеттік 

комитеттің қызметі нарық талаптарын ескере отырып, 

одақтық және дүниежүзілік статистиканың бірыңғай 

әдіснамасы  негізінде  құрылуға  тиіс.  Сонымен  бірге, 

республика халық шаруашылығы жұмысының жалпы 

нәтижелерін  есепке  алудың  және  атап  көрсетудің 

жалпылама  сипатынан  арылу,  арнаулы  тексерулер 

жүргізуді,  қоғамдық  пікірді  зерттеуді,  әлеуметтік- 

экономикалық салада болып жатқан құбылыстар мен 

үдерістерді талдау мен бағалауды едәуір кеңейту қажет. 

Берілетін хабардың объективтілігі, бүкпесіздігі және 

түсініктілігі комитет қызметінің негізін қалаушы қағи­

дасы болуға тиіс. 


377

Ауыл шаруашылығы және азық-түлік министрлігін 

таратылатын Қазақ КСР Мемлекеттік аграрлық-өнер­

кәсіптік комитеті мен Астық өнімдері министрлігінің 

негізінде ұйымдастыру ұсынылып отыр. Министрліктің 

міндеттері ауылшаруашылық және ұқсату кәсіпорында­

рының едәуір бөлігінің коммуналдық меншікке берілуін 

ескере отырып анықталуда. 

Республикалық  меншік  құрамында  өз  өнімімен 

облысаралық  және  республикааралық  қажеттерді 

қамтамасыз ететін кәсіпорындардың шектеулі тобын 

(жүнді алғашқы өңдеу фабрикаларын, қант зауыттарын, 

жекелеген ет комбинаттарын, құрамажем өнеркәсібі 

орындарын  және  басқаларын)  қалдыру  орынды  деп 

саналды. 

Бұл министрлікке жер пайдалану мен жерге орнала­

стыру жөніндегі заңның сақталуына бақылау жасау; жер 

кадастрын әзірлеу; малдәрігерлік, карантин қызметтері 

жұмысының қажетті деңгейін қамтамасыз ету; ауыл­

шаруашылық өнімінің сапасын бақылау міндеттерін 

жүктеу қажет. Министрліктің негізгі міндеттері ғылы­

ми-техникалық  прогресс  жетістіктерін  болжау  және 

оны аграрлық-өнеркәсіптік салаларға енгізу, ауылшару­

ашылық өніміне баға белгілеудің икемді тетігін әзірлеу, 

ауылшаруашылық  дақылдарының,  мал  мен  құстың 

селекциясын жақсарту жөніндегі жұмысты үйлестіру; 

азық-түлік ресурстарының құрама баланстарын әзірлеу; 

ауылшаруашылық өнімін өткізудің сыртқы және ішкі 

рыноктарын зерттеу болып табылады. 

Министрлік  азық-түліктік  астықтың  мемлекеттік 

резервтерін  қалыптастыруды,  орналастыруды  және 

сақтауды  жүзеге  асырады.  Оның  қызметінің  маңыз-

 ды  бағыты  ауылдың  өндірістік  және  әлеуметтік 

инфрақұрылымының дамуын реттеу. 



378

I  ТОМ. – 1989–

1991 


Өнеркәсіп министрлігі өнеркәсіптің барлық сала­

ларын, соның ішінде базалық салаларды, мемлекеттік 

концерндерді және басқа да құрылымдық ұйымдарды 

дамыту саясатын жүзеге асырушы принциптік тұрғыдан 

жаңа мемлекеттік басқару органы ретінде құрылады. 

Оның негізгі міндеттеріне республиканың «шикізат 

шылауы»  ретіндегі  жағдайын  өзгертуді  ескере  оты­

рып, облыстардың индустриялық дамуын реттеу және 

соған жәрдемдесу, өнеркәсіп өндірісінің құрылымын 

жетілдіру  жатады.  Шикізатты  кешенді  пайдалану, 

айналадағы ортаны қорғау, қорғаныс кәсіпорындарын 

конверсиялау  бағдарламаларын  әзірлеу  мен  жүзеге 

асыру министрлік қызметінің басты бағыты болады.

Осы  орган  қызметінің  жаңа  бағыты  бәсекелестік 

пен іскерлік жағдайларын ынталандыру міндеттерін 

орындау, жұмыс күші мол аймақтарда қосымша жұмыс 

орындарының ашылуын, сондай-ақ баға белгіленуі мен 

сыртқы экономикалық байланыстардың дамытылуын 

ескере отырып, кәсіпорындарды қаржыландыру, несие-

леуді, оларға салық салуды жетілдіру жөніндегі шару­

аларды үйлестіру болады. 

Көлік министрлігі республиканың теміржол, ави­

ация,  өзен  және  автомобиль  көлігінің  дамытылуын 

мемлекеттік  үйлестіру;  тиісті  одақтық  органдармен 

бірге  бірыңғай  нормалар  мен  ережелерді  бірлесіп 

әзірлеу;  жүк  және  жолаушылар  тасымалдары  мен 

көліктің барлық түрлерінің жұмысын үйлестіру; ғылы­

ми-техникалық прогресс бағыттарын дамытуды болжау; 

саланың тиімді жұмыс істеуі үшін қажетті ақпараттық 

қамтамасыз ету, салалық заңнаманы талдау, құқықтық 

және экономикалық режімдер жасау міндеттерін орын­

дауға тиіс. 



379

Сонымен бірге, темір жолдар мен азаматтық ави­

ация  басқармасы  республикалық  меншікке  беріліп, 

дербес шаруашылық кешендері мәртебесін сақтайды 

деп көзделуде, мұның өзі оларды одақтық органдармен 

бірлесіп басқаруды жоққа шығармайды. Автомобиль 

және қалалық электр көлігі, оларға күтім жасайтын 

кәсіпорындар коммуналдық меншікке беріледі. 

Сәулет және құрылыстағы техникалық саясат жөнін­

дегі мемлекеттік комитет сәулет өнері мен қала құрылы­

сында, құрылыс индустриясында бірыңғай ғылыми-тех­

никалық саясатты жүзеге асыруға, салынуы белгіленген 

кәсіпорындар жобаларының сараптамасына қатысуға, 

барлық құрылыс ұйымдары үшін міндетті ортақ нор­

малар мен ережелер әзірлеуге тиісті. Қалалар мен елді 

мекендерді дамытудың басты тәсілдерін әзірлеу соның 

құзырында болады. Сонымен қатар, комитетке құрылыс 

өндірісіндегі  инвестициялардың  тиімді  бағыттарын 

үйлестіру мен анықтау міндеттері жүктеледі. 

Жаңадан  құрылған  Геология  және  жер  қойнауын 

қорғау жөніндегі мемлекеттік комитет саланы мемле­

кеттік басқаруды жүзеге асыруға және жер қойнауын 

жан-жақты  зерттеу  ді,  оны  ұтымды  пайдалану  мен 

қорғауды;  пайдалы  қазбалар  кеніштерін,  гидроми­

нералдық  ресурстарды  қоса,  техникалық  жағынан 

негізделген түрде қазып алуды, жерлерді баптау мен 

қалпына  келтіру  жөніндегі  жұмыстың  жүргізілуін 

бақылауды  қамтамасыз  етуге  тиіс.  Комитетке  пай­

далы қазбалардың мемлекеттік қорларын есепке алу, 

оларды тиімді пайдалану жүктеледі. Оған республика 

аумағында орналасқан барлық геологиялық кәсіпорын­

дар мен ұйымдар беріледі.



380

I  ТОМ. – 1989–

1991 


Су ресурстары жөніндегі мемлекеттік комитет құру 

ұсынылады. Республиканың көптеген аймақтарында 

халық шаруашылығын одан әрі дамыту қазірдің өзінде 

судың  тапшылығынан  тежелуде.  Жер  бетіндегі  ағын 

суды  пайдалануды  молайту  мүмкіндігі  іс  жүзінде 

сарқылды. Комитеттің негізгі міндеттеріне мемлекеттік 

су қорын тиімді басқару; суды сарқылу мен ластанудан 

қорғауды жүзеге асыру; су шаруашылығын дамытудың 

бірыңғай стратегиясы мен ұзақ мерзімді бағдарламала­

рын әзірлеу, экономика салалары мен халықтың мүд­

делері үшін ресурстарды нормалаудың, пайдаланудың 

және суды бөлудің жіті тәртібін белгілеу жатады.

Таратылатын  Еңбек  және  әлеуметтік  мәселелер 

жөніндегі  мемлекеттік  комитеттің  негізінде  Еңбек 

министрлігін құру қажет. Жұмыс күші рыногын қалып­

тастыру және реттеу, халықтың көшіп-қонуы үдерісін 

мемлекеттік басқару, кадрларды даярлауды ұйымдас-

тыру оның негізгі міндеттері болмақ. 

Министрлікке  еңбекпен  қамтудың  мемлекеттік 

қызметін қалыптастыру және басқару, жұмысқа орна­

ластыру,  әсіресе,  жастарды,  әйелдерді,  мүгедектерді 

жұмысқа орналастыру проблемаларын шешу; қоғам­

дық жұмыстарды ұйымдастыру; еңбекке төленетін ақы­

ның ең төмен деңгейін айқындау; халықтың әлеуметтік 

қорғалуы  жөніндегі  шараларды  әзірлеу  міндеттері 

жүктеледі. 

Әділет  министрлігіне  жаңа  міндеттер  жүктеледі. 

Республика  Жоғарғы  Кеңесінің,  Қазақ  КСР  Прези­

дентінің тапсыруы бойынша заң жобаларын әзірлеу, 

әлеуметтік-құқықтық жағдайға талдау жасау және оны 

болжау, ведомстволық нормативтік актілерді сараптау, 

заң жобаларын жүйелеу және кодтау, сот-сарап меке­



381

мелерін басқару оның басты міндеттері болмақ. Мини­

стрлікті сот қызметін ұйымдық жағынан басқарудан 

босату көзделіп отыр. 

Министрлер  Кабинетінің  құрамында  төтенше 

жағдай жөніндегі комиссия құрылады. 

Халықтық бақылау комитеті қазіргі түрінде өзінің 

жұмысын тоқтатады, Қазақ КСР Мемлекеттік бақылауы 

құрылады. Қазақ КСР заңдарының, Жоғарғы Кеңес қау­

лыларының және республика Президенті Жарлықта­

рының  орындалуын  тексеру;  бюджет  қаржысының 

жұмсалуын, сондай-ақ басқару органдары қызметінің 

тиімділігін бақылау жаңа органның негізгі міндеттері 

болуға тиіс. Мемлекеттік бақылауға заңды тәртіппен 

тиісті өкілеттіктер мен құқықтар беру қажет. Ол Қазақ 

КСР  Президенті  мен  Жоғарғы  Кеңесіне  жүргізілген 

тексерулер мен зерттеулердің нәтижелері бойынша өз 

қорытындылары мен ұсыныстарын, сондай-ақ жарты 

жылдық есептерін табыс етеді. 

Жұмыс  істеп  тұрған  Әлеуметтік  қамсыздандыру, 

Халыққа білім беру, Денсаулық сақтау, Сыртқы істер, 

Автомобиль жолдары, Сауда, Ішкі істер министрлік­

терін, Дене тәрбиесі және спорт жөніндегі мемлекет­

тік комитетті, Мемлекет қауіпсіздігі комитетін сақтау 

ұсынылады. Мәдениет жөніндегі мемлекеттік комитет 

нарықтық экономика жағдайында мемлекеттік басқару 

мен реттеу жөніндегі міндеттерді тиісінше қайта қарай 

отырып, Мәдениет министрлігі болып қайта құрылады. 

Сонымен бірге, Мемлекет қауіпсіздігі комитеті мен Ішкі 

істер министрлігін біріктіріп, республиканың Мемлекет 

және қоғам қауіпсіздігі комитетін құру жөнінде ұсыныс 

бар.


382

I  ТОМ. – 1989–

1991 


Сонымен қатар, Министрлер Кабинетіне кірмейтін 

бірқатар республикалық мемлекеттік басқару органда­

рын сақтау ұсынылып отыр. Бұл органдардың міндет­

тері де өзгертілуге тиіс. 

«Ар-ұждан бостандығы мен діни ұйымдар туралы» 

КСРО  Заңының  қабылдануына  сәйкес  мемлекет  пен 

діннің  өзара  қатынастарын  қайта  қарауымыз  керек. 

Бұрын жол берілген қателіктер жалпы жұртқа мәлім. 

Сондықтан КСРО Министрлер Кеңесі жанындағы Дін 

істері жөніндегі кеңестің Қазақ КСР-індегі уәкілі ретінде 

жұмыс істеп тұрған мемлекеттік органның мәртебесін 

арттыру мақсатымен республика Президентінің аппа­

ратында тиісті құрылымдық бөлімше құру ұсынылады. 

Адамды адамгершілік жағынан жаңарту, халықты өзінің 

сан  ғасырлық  мәдениеті  мен  тарихына  баулу  ісінде 

атқарып отырған діннің рөлімен біз санаспай отыра 

алмаймыз. Діннің бітімгершілік әлеуетін, оның қоғам­

дық  келісім  мен  топтасуға  жетудегі  мүмкіндіктерін 

ескеру керек. 

Осы  ұсыныстарда  министрліктер  мен  ведомство­

лардың  құрылымы  мен  міндеттеріндегі  ең  елеулі 

деген өзгерістер бейнеленген, халық шаруашылығы­

ның  нарықтық  қатынастарға  кіруіне  қарай  олардың 

анықтала түсуі де мүмкін. Олардың міндеттеріне белгілі 

бір түзету одақтық, республикалық және коммуналдық 

меншікті бөлу мәселесінің шешілуі мен республикалық 

және жергілікті бюджеттерді қалыптастырудың ретін 

анықтаумен  тығыз  байланыста  жүзеге  асырылатын 

болады. 

Мемлекеттік  билік  пен  халық  шаруашылығын 

басқару органдарын қайта құру, тіпті басқарудың жаңа 

ерекше нарықтық органдарының құрылуын ескергеннің 



383

өзінде,  оларды  ұстауға  жұмсалатын  республикалық 

және жергілікті шығындарды шамамен төрттің біріндей 

қысқартуға мүмкіндік береді.

Кадрлармен қамтамасыз ету проблемасын шешпе-

йінше, қызметкерлердің психологиясы мен сана-сезімін 

түбірінен  өзгертпейінше,  халық  шаруашылығын 

тұрақтандыру  және  нарықтық  экономикаға  көшу 

жөнінде республика алдында тұрған міндеттерді орын­

дау мүмкін емес. Басшының беделін, мемлекеттік қыз­

метшілердің мәртебесі мен жауапкершілігін қалпына 

келтіру, ең бастысы – билік пен басқару органдарының 

аппаратын нарықтық экономика жағдайында шығар­

машылықпен  және  ынталы  жұмыс  істеуге  қабілетті, 

жоғары білікті кадрлармен толықтыру қажет. Оларға 

баға берудің негізгі өлшемі түпкі практикалық нәти­

желер болмақ. 


Каталог: books
books -> Мақалалар, баяндамалар жинағы
books -> 1 Бес томдық шығармалар жинағы Телжан Шонан лы Оқу құралдары, оқулықтар
books -> Ғылым комитеті М. О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Сейіт Қасқабасов
books -> Ббк 83. 3 (5 Қаз) 82 Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару»
books -> Бағдарламасы бойынша шығарылып отыр Редакция алқасы
books -> Құл-Мұхаммед М., төраға
books -> Ербол шаймерден°лы шы армалары бесінші том


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   25


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет