Непрерывного педагогического образования, рассмотрены вопросы роста



Pdf көрінісі
бет39/68
Дата01.01.2017
өлшемі8,45 Mb.
#944
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   68

 

Задача №3 (Тема: «Производная в физике») 

Дан  закон  движения  тела  как  функция  от  времени:  S(t)=0,25t

4

-2t


2

+3.  Считая 

массу тела равной 1, найдите зависимость положения тела S от действующей на 

него силы F.  

Решение:  Выражение  для  силы,  действующей  на  точку,  найдем  по  2  закону 

Ньютона: 

F=ma=mx

//

, m=1; x



/

=t

3



-4t; x

//

=3t



2

-4, откуда 

3

4

2



F

t



 

36

28



16

3

3



8

2

36



16

8

3



)

3

4



(

2

)



3

4

(



4

1

3



2

4

1



2

2

2



2

4















F

F

F

F

F

F

F

t

t

S

 

Задача №4  (Тема: «Прогрессии в биологии») 

 

4

.  



Рост  дрожжевых  клеток  происходит  делением  каждой  клетки  на  2  части. 

Сколько  стало  клеток  после  десятикратного  их  деления,  если  первоначально 

было а клеток? 

Решение:  

b

n

 = b



1

·q

n-1



, n = 11 

 

b



11 

= b


1

·q

10 



 

q = 2, b


= a 


 

b

11



=a·2

10

=1024a 



 

 

Изучение данного курса обеспечит формирование у учащихся представлений:о 



сущности математического моделирования, о практической задаче и сущности 

её решения, о способах рациональной деятельности. 

Также учащиеся смогут овладеть специальными, интеллектуальными умениями 

и умениями  рациональной учебной деятельности: 

1. Специальные умения-это умение 

 



решать сложные задачи на пропорции и проценты

 



решать задачи на составление уравнений, неравенств и их систем; 

Ответ: 1024а 

клеток. 


371 

 



 

строить и «читать» графики элементарных функций; 

 

применять  формулы  арифметической  и  геометрической  прогрессии  к 



решению текстовых задач; 

 



применять производную к исследованию элементарных функций; 

 



применять  механический  и  геометрический  смысл  производной  к 

нахождению величин. 

2. Интеллектуальные умения - это умение 

 



осуществлять анализ изучаемого явления (процесса); 

 



описать  явление  (процесс)  на  языке  математики  и  построить 

математическую модель; 

 

 планировать  процесс  решения  сформулированной  задачи  (умение 



выделять  составляющие  задачи,  анализировать  и  уточнять  составленное  

в  каждом  конкретном  случае  наиболее  целесообразное  и  вместе  с  тем 

оптимальное 

решение 


задачи, 

 

дать 



качественную 

оценку 


количественных результатов); 

 



 грамотно  перевести  результат  решения  математической  задачи  на  язык 

исходной задачи. 

3. Умения рациональной учебной деятельности: 

 



пользоваться различными информационными источниками; 

 



планировать и организовывать свою учебную деятельность; 

 



 контролировать и оценивать свои результаты. 

 

Библиографические ссылки 



1. Государственная  программа  развития  образования  Республики 

Казахстан на 2011-2020 годы. – Астана.-2010 год; 

2. Национальный    план  действий  на  2012-2016  годы  по  развитию 

функциональной грамотности школьников.– Астана.-2012 год 

3. Бродский И. Л., Видус А. М., Коротаев А. Б. Сборник текстовых задач  

по математике для профильных классов, 7-11 класс. - Москва: АРКТИ, 

2004  

4. Вавилов  В.В.  и  другие.  Задачи  по  математике.  Алгебра.  -Москва: 



«Наука», 1987 

5. Терешин  Н.  А.  Прикладная  направленность  школьного  курса 

математики .- Москва: «Просвещение», 1990 

 

 



Маржан Каукеновна Мукажанова 

«№45 бейімделген орта мектебі» КММ 

Қазақстан, Өскемен 

 

ОҚУ ЖӘНЕ ЖАЗУ АРҚЫЛЫ СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУ 

ТЕХНОЛОГИЯСЫН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ БАСТАУЫШ 

СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ОҚУ-ТАНЫМДЫҚ 

ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТЕРІН ДАМЫТУ 

372 

 

 

Оқушылардың  түйінді  құзыреттіліктерін  дамыту  –  заман  талабы.  СТО 

технологиясын  қолданудың  окыту  процесіндегі  мәні  және  педагогикалық 

ғылым  мен  практикадағы  оқушылардың  таным  кызметі  дамуының  зерттелуі 

қарастырылған.  СТО  технологиясын  қолдану  негізінде  оқушылардың  таным 

қызметінінің диагностикасы көрсетілген. 

 

Қазақстан  Республикасының  2011-2020  жылға  дейінгі  білім  беру 

бағдарламасында  бастауыш білім беруде жаңа рухани-мәдени құндылықтарды 

игеруге, ұлттық сананың қалыптасып, ақыл-ойының, интеллектуалдық дамуын 

қамтамасыз  ететін,  болашақ  орта  буындағы  оқу  әрекетіне  дайындық  ретінде  

оқу-танымдық  құзыреттіліктерін дамыту  қажеттілігі туындайды.  [5]  Қазақстан 

Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті 

–  ұлттық  және  жалпы  адамзаттық  құндылықтар,  ғылым  мен  практика 

жетістіктері    негізінде  жеке  адамды  қалыптастыруға,  дамытуға  және  кәсіпік 

шыңдауға  бағытталған  сапалы  білім  үшін  қажетті  жағдайлар  жасау;  жеке 

адамның  шығармашылық,  рухани  және  күш-қуат  мүмкіндіктерін  дамыту, 

адамгершілік  пен  салауатты  өмір  салтының  берік  негіздерін  қалыптастыру, 

даралықты  дамыту  үшін  жағдай  жасау  арқылы  ой-өрісін  байыту»  деп  атап 

көрсетілген.  [4]  Аталған  міндетттерді  жүзеге  асыру  үшін  оқытудың  жаңа 

технологияларын  енгізу  және  тиімді  пайдалану  секілді  мәселелерді  анықтап 

алу, білім беру жүйесіндегі басты ұстаным ретінде әркімнің өзінің білім алуға 

деген жеке әлеуетін қоғамда барынша пайдалануға көмектесетін оқыту жүйесін 

дамытуды қамтамасыз етуді көздейді. Әр мұғалім өз пәнін оқытуда оқу-тәрбие 

үдерісін  басқарып  жүргізеді.  Мен  де  өз  инновациялық  іс-әрекетімді  басқару 

кезінде  заман  талабына  сай    педагогикалық  менеджменттің  принциптеріне 

сүйенемін. Менеджменттің басты мақсаты — жетістікке жету болса, жетістікке 

ұмтылу адамды  дамытуға бастайтын үлкен күш. [6]   Менеджменттік  басқару  

арқылы    педагогикалык    қызметтің    сапалы  нәтижесі  үшін  атқарылған 

жұмыстың  жемісін  көруге  болады.  Қазіргі  күндері  педагогикалық 

менеджментке  бірнеше    анықтамалар  берілген.  Солармен  таныса  отырып, 

бастауыш  сынып  мұғалімі  ретінде    оқу-тәрбие  үдерісінде  басшылыққа  алуға 

болады  деп  келесідей    анықтамаға  тоқталдым.  Ол:    Оқытудың  тиімділігін 

арттыру  мақсатында  әдіс-тәсілдер,  принциптер  мен    формаларды  тиімді 

пайдалану  арқылы    оқу-тәрбие  үдерісін  жүйелі  басқару.  [2]    Педагогикалық 

менеджмент  арқылы  басқару  мен  дәстүрлі  басқаруды  салыстыру  арқылы 

педагогикалық  менеджменттің  тиімділігіне  көзім  жетті.  Оқу-тәрбие  үдерісін 

ұйымдастыруда  педагогикалық  менеджменттің  көрсеткіштерін  басшылыққа 

алдым. Олар: 

 



алдағы болжауға байланысты мақсат қою

 



оқу-тәрбие үдерісінің құлшынысы мен өзбетіндік талаптарына сүйену; 

 



алдағы болашақтың мүмкіндігін іздеу арқылы басқару; 

 



оқу-тәрбие  үдерісін  дамытуағы  логиканың  дамуы;  педагогикалық 

жаңашылдыққа, оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыруға жаңа тұрғыдан қарау;   



373 

 



 

басқару проблемаларын шешуде арнайы технологиялар қолданып, 

педагогикалық жүйенің тиімділігін арттыру; 

 



оқу-тәрбие 

үдерісінің 

нәтижесінің 

қосымша 


мүмкіндіктерін 

қарастыру; 

1.  СТО  технологиясының  мүмкіндіктерінің  негізінде  мұғалімнің  зерттеу 

қызметінің мәнін анықтау. 

2.  СТО  технологиясының  мүмкіндіктерін  тиімді  пайдалану  жағдайында 

мұғалімнің  өзін-өзі  өзектендіру  диагностикасын,  танымдық  қызметінің 

қалыптасу әдістемесін жасау. 

3. Оқушының оқу-танымдық құзыреттілігінің дамуының диагностикалық 

картасын жасау. 

Жоғарыдағы  міндеттерді  орындау  барысында  «таным»,  «құзыреттілік», 

«оқу-танымдық  құзыреттілік»,  «сыни  ойлауды  дамыту  технологиясы» 

терминдерімен  жұмыс  жасалды.Ғалымдардың  «таным»  барысында  адам  өзін 

қоршаған  ортаны  игереді,  ол  туралы  білімі  кеңейіп,  тереңдей  түседі,  адамның 

заттар  мен  құбылыстар  туралы  жалпы  мәліметі  ішкі  мәнге  қарай  ұмтылып, 

жүйелі, шынайы білімге айналады, сондықтан танымды адамның жаңа әрі тың 

білімді игеріп, рухани баюы деп  те есептеуге  болады»-  деген құнды пікірімен 

де келісемін. Философиялық сөздікте: таным – заттардың эмоциялық мазмұнын 

немесе ақиқатты табу мақсатындағы заттардың күйін, жағдайын меңгеру болып 

табылады.  Педагогикалық  сөздікте  таным  –  әлем  туралы  шынайы  білімдерді 

алуға  деген  субъектінің  шығармашылық  іс-әрекеті  деп  жазылып,  сыртқы  орта 

туралы  ақпарат  алу  тұрғысынан  берілген.  Ә.Нысанбаев,  Д.Кішібеков, 

Ұ.Сыдықов, Г.Нұрышева  танымға сыртқы заттар мен құбылыстардың, олардың 

қатынастарының  адам  санасында  идеалды  образдар  жүйесі  ретінде 

бейнелеуінің қайшылыққа толы күрделі үдерісі деп анықтама берген [8]. 

Психология  ғылымында  «құзыреттілік»  ұғымына  қатысты  нақты 

түсініктер  қалыптасқан.  Сонымен  қатар  бұл  ұғым  іс-әрекетті  жүзеге  асыруда 

білім, білік, дағдыны қамтиды (А.Н. Журавльев, Н.Ф. Талызина, Р.К. Шакурова 

және  т.б.)  [3].  Олай  болса  психология  ғылымында  «құзыреттілік»  танымдық 

(когнитивтік),  пәндік-практикалық  және  жеке  өзіндік  тәжірибелер  жиынтығы 

ретінде  түсіндіріледі.  Жас  ерекшелігіне  қарай  балалардың  құзыреттілігі  өткен 

кезеңдегі  психикалық  деңгейіне,  мәдени-тарихи,  этникалық  және  әлеуметтік-

экономикалық  формалардың  әсер  ету  дәрежесіне  тікелей  байланысты  болады.

 

Ал,  оку-танымдык  құзыреттілік  -окушының  зерттеу  әрекеті  мен  өзіндік  оқу-



танымдық процесін қамтамасыз ететін кешенді құзыреттілік. Бұл құзырет өзінің 

білімділік  қызметін  ұйымдастыра  білуді,  тиімді  жоспарлай  білуді,  сәйкес 

функционалдық  сауаттылық  талаптары  негізіндегі  білімді  игеруде  әлемнің 

ғылыми  бағытын  түсінуге  ізденушілік  -  зерттеушілік  әрекет  дағдыларын 

игеруге  мүмкіндік  беретін  өзінің  әрекетіне  талдау  және  қорытынды  жасау 

тәсілдерін карастырады [6]. Жоғарыдағы айтылған теориялық идеялар ектептің 

тәжірибе-эксперименттік  жұмысының  тақырыбы  мен  менің  ғылыми-зерттеу 

тақырыбымның  негізгі  өзегі  болады.  Мектептің  ТЭЖ  тақырыбы:  «Мұғалімнің 

кәсіптік құзыреттілігі мен оқушының танымдық құзыреттілігін бейіндік мектеп 


374 

 

жағдайында  байланыстыра  отырып  қалыптыстыру  болса,  осыған  орай  менің 



ТЭЖ  тақырыбым:  «Оқу  және  жазу  арқылы  сын  тұрғысынан  ойлау 

технологиясын    тиімді  пайдалану  арқылы  оқушылардың  оқу-танымдық 

құзыреттілігін  дамыту»  «Оқу  және  жазу  арқылы  сын  тұрғысынан  ойлау 

технологиясы»  RWCT  Сын  тұрғысынан  ойлауды  дамыту  бағдарламасы  – 

әлемнің  түпкір  -  түпкірінен  жиылған  білім  берушілердің  бірлескен  еңбегі.  

Жобаның негізі Ж.Пиаже, Л.С.Выготский теорияларын басшылыққа алады [7]. 

Мақсаты:  Барлық  жастағы  оқушыларға  кез  –  келген  мазмұнға  сын  тұрғыдан 

қарап,  екі  ұйғарым  бір  пікірдің  біреуін  таңдауға,  саналы  шешім  қабылдауға 

сабақтарға үйрету. «Сыни тұрғыда ойлау жобасы» алған білімін өмірде қолдана 

алатын,  өзін  таныта,  дамыта  білетін  жеке  тұлғаны  қалыптастыруға  мүмкіндік 

тудыратын  технология  болғандықтан,  оқу  үдерісінде  оқушы  бойында 

құзіреттілік  қалыптастыруда  рөлі  өте  жоғары.  Бұл  технологияда  проблеманы 

ойлау, пайымдау, дәлелдеу, еркін, ашық пікір білдіру мүмкіндігіне ие болады. 

Осы ойларды жүйелей келгенде «Оқушының оқу-танымдық құзіреттілігі сыни 

ойлау  жобасы  арқылы  қалай  қалыптасады?»  -  деген  сауалдың  туындауы 

заңдылық. Бұл орайдағы атқарылған іс-шаралар: 

 

қала  мектептеріндегі  оқыту  тренингтеріне,  ашық  сабақтарға, 



семинарларға, әдістемелік кеңестерге қатысу; 

 



оқушылардың  білім  деңгейін    көтеру  үшін  СТО  технологиясын  

сабақта қолдану; 

 

оқушының  оқу-танымдық  құзыреттілігін  дамыту  үшін  қосымша 



жұмыстар жүргізу, ізденушілік-зерттеу деңгейлерін арттыру; 

 



әр  түрлі  деңгейдегі  қашықтық  олимпиада,  ғылыми  жобалар, 

сайыстарға қатыстыру; 

Бұл құрылым үш кезеңнен тұрады. Олар: 

Қызығушылықты  ояту  оқушылар  үшін  сабаққа  қатысудағы  алғашқы 

қадам.  Сондықтан  бұл  кезеңде    Болжау  кестесі,  Тірек  сөздер,  Венн 

диаграммасы,  Т  кестесі,  бір  айналым  күнделік,  Блум  таксаномиясы,  Миға 

шабуыл,  Топтастыруды  қолданамын.  Мағынаны  тану(ажырату)  кезеңі 

оқушылар  жаңа  мәліметпен,  идеямен  немесе  жаңа  мазмұнмен  кез  келіп 

қалғанда іске асады. Т кестесі, Пікір - талас, Аквариум, İNSERT, RAFT, ДЖИК 

СО, Куббизм, Геометриялық фигуралар, Бір айналым сұхбат, Түртіп алу, Жұпта 

талқылау,  Бағытталған  оқу,  Талдау  картасы  арқылы  іске  асырамын.  Ой 

толғаныс  –  үйрену  процесінің  соңғы  кезеңі  болады  да,  бұл  кезде  оқушылар 

алған  білімдерін  сыртқа  шығарып,  түсінгендерін  өз  сөздерімен  жеткізіп  бере 

бастайды. Эссе, Топтастыру, Пирамида, Құндылық сызығы, Т кестесі, Sinkuein 

немесе бес жолды өлең, RAFT, Түйін сөз, Семантикалық карта, Концептуалды 

таблица,  Бір  айналым  сұхбат  сияқты  әдістерді  сабақтың  мақсатына  сай 

пайдаланамын [1]. 

Оқушылардың  оқу-танымдық  құзыреттіліктерін  дамыту  жұмысымды  бір 

сабақтың барысындағы іс-тәжірибем арқылы көрсетуді жөн көрдім. Сыныбы: 2 

сынып,  әдебиеттік оқу сабағы.  Тақырыбы: Сәкен Жүнісовтың «Кімнің мекені 

жақсы?»  әңгімесі.  Оқушыларды  топқа  бөліп  отырғызған  соң,  оларға 


375 

 

«Топтастыруға»  тапсырмалар  бердім.  І  топқа    «Құрбақа»,  «Құмырсқа», 



«Тышқан»  туралы  топта  өз  білгендерін  жазып,  алдарына  берілген 

энциклопедияны  пайдаланып,  топтастыру  жасайды,    тақта  алдына  шығып 

жасаған  топтастыруларымен  таныстырады.  Осыдан  кейін  сабақтың 

тақырыбының  байланысын  анықтап,  сабақ  мақсатымен  таныстырдым.  Бұдан 

әрі «Мағынаны ажырату» кезеңіне көштім. ДЖИК СО  стратегиясы - ұжымдық 

оқыту  әдісі.  Сондықтан  оқушылар  жалпы  мәселені  алдымен  ұжымда 

талқылады.  Оқушыларға  мәтінді  бөліктерге  бөліп  бердім.  Мәтін  4  бөлікке 

бөлініп дайындалды. Бірдей мәтін бөлігін алған оқушылар енді эксперт немесе 

жанұя  топтарында  мәтіннің  бірдей  бөліктерін  талдайды.  Төрт  логикалық 

бөлікке  бөлінген  мәтіннің  1  –  бөлігін  бірлер,  2  -  бөлігін  екілер,  3  -  бөлігін 

үшіншілер, 4, 5- бөліктерін - бесінші және төртінші топқа бөлінетін оқушылар 

алды.  Бастамас  бұрын  бастапқы  топтардағы  мәтінді  мұқият  меңгеру  қажет, 

себебі жанұя топтарға түсіндіруге жауапты екенін түсіну керек. Келесі кезекте 

бастапқы топтар қайта табысып, үйреніп келген бөліктерінің мазмұнын ортаға 

салды.  Осылайша  ұжым  мүшелері  бірін  –  бірі  оқытуға,  сол  арқылы  ойлануға 

үйренді. Одан әрі «Аквариум» стратегиясы арқылы 3-топ мәтіннің мазмұнымен 

таныстырды.  «3W»  стратегиясы  арқылы  оқушылар  бірлесе  отырып,  келесі 

топтарға  сұрақтар  жазып  берді.  Әр  топ  өздеріне  берілген  сұрақтарға  жауап 

берді.  Геометриялық  фигуралар  стратегиясы  –  бұл  стратегияның  құралдары 

геометриялық  пішіндер.  Мақсаты:  оқушының  сөздік  қорын,  әдеби,  мәдени 

сөйлеу  тілін,  күрделі  ойлау  қабілетін  дамыту.  Себебі  бала  оқылып  отырған 

мәтіннің  кейіпкерлерінің  мінез-құлқына,  сипаттама  бере  отырып  қорытынды 

жасайды.  Жұмыс  жұпта  орындалды.  Мәтіндегі  кейіпкерлерді  түрлі 

фигуралардың  сипатына  қарай  ұқсастығын  өзбеттерімен  табуға  тырысты.  Ой-

толғаныс  кезеңінде  әр  топқа  «Жалпы  сұрақ»  қойылды.  Ол    «Өз  мекендерін 

қорғау»  болды.    Оқушылар    жауынқұрттың,  көкқұтанның,  бозторғайдың 

«мекендерін» қорғады. 1-топ суретін салса, 2- топ  сипаттау мәтінін жазды, 3-

топ  көрініс  көрсетті.    Мәтіннің  түйінін  табуда  әр  топ    «Нақыл  сөздер»  атты 

галереяны  аралады.  Галереяда  көптеген  мақал-мәтелдер  мен  нақыл  сөздер 

жазылған  карточкалар  жинақталды.  Әр  топ  саяхат  жасай  отырып,  мәтіннің 

негізгі  ойын  ашатындай  мақал-мәтелдер  мен  нақыл  сөздерді  жинақтап, 

«Дөңгелек  үстел»  стратегиясы  арқылы  жазып,  оқып  берді.Үй  тапсырмасы 

ретінде  «5  жолды  өлең»  жазуға  немесе  «Венн  диаграммасын»  мәтін  бойынша 

жасап  келуге  және  «Кімнің  мекені  жақсы?»  тақырыбында  эссе  жазуға  барлық 

оқушыға тапсырма берілді. 

Бір  сабақтың  көлемінде  СТО  технологиясының  стратегиялары  арқылы 

оқушылардың  өзінің  оқу  қызметін  ұйымдастыруға,    жоспарлай  алуға, 

ізденушілік-зерттеушілік дағдысын қалыптастыруға,  талдау, қорытынды жасау 

деңгейлерін 

кеңейтуге, 

жаңа 

ақпараттар 



арқылы 

оқу-танымдық 

құзыреттіліктерін арттыруға бағытталған жұмыстар жүргізілді. Оқу және жазу 

арқылы  сын  тұрғысынан  ойлау  технологиясының  стратегиялары  көп  әрі 

қолдануға  ыңғайлы,  жеңіл,  тиімді.  Іс–тәжірибе  көрсеткендей  СТО 

технологиясын  қолданып  жүрген  сыныбымның  оқушыларының  даму  деңгейі 



376 

 

жоғары, өзін ортада еркін ұстайды, жеке тұлға ретінде сезінеді. Өзіндік «Мені» 



дамыды.  Сыни  ойлау  философиясындағы  басты  мақсат:  оқушы  қандай  да 

болмасын  ақпаратты  өздігінше  игеріп,  өз  өміріне  жарата  алатын  әмбебап 

тәсілдерді үйренуі керек.  Білім алу оқушы тұрғысынан белсенді процесс болуы 

қажет, тек белсенді түрде жұмыс жасай отырып, ол қандай да болмасын білімді 

игереді. Сын тұрғысынан ойлау әрбір оқушыны терең ойланып, философиялық 

тұжырым  жасауға  бағыттайды.  Өмірде  ең  керекті  білік  пен  дағды  –  қоғамда 

қарым-қатынас  құра  білу,  басқа  адамдармен  тіл  табысу  екендігін  ескере 

отырып,  әр  сабақта  оқушы  оқытудың  басқа  да  қатысушыларымен  (оқушылар 

мен ұстаздар) араласып коммуникативтік қарым – қатынас процесінің белсенді 

мүшесіне  айналады,  әрі  ұжымда,  қоғамда,  әлеуметте  қалайша  өзара  байланыс 

құру  мәселесі  төңірегінде  ойланады  [1].  Саналы  талқылаулар  мен  білімді 

тәжірибеде  қолдану,  жаңа  идеялар  мен  ұғымдарды  жинақтаумен,  мазмұн 

жөніндегі  өздерінің  ашық  ұсыныстарымен  немесе  бір  зерттеуді  бастаумен 

айғақталады.  Бұл  процесс  арқылы  оқушылар  өздерінің  ойын  нақтылайды, 

қатарластары мен мұғаліммен кері байланыса отырып мәліметтер жинағы мен 

құрылым  мағынасын  сынақтан  өткізеді.  Яғни,  іштей  ойлануға  үйренеді,  ой 

алмасады.  Белсенді  түрде  өз  білімін  үйрену  жолына  қайта  қарап,  өзгерістер 

енгізеді.  Жоғарыда  көрсетілген  іс-тәжірибем  арқылы  оқушылардың    оқу-

танымдық  құзыреттілігін  дамытуға  бағыттап,  2013-2014  оқу  жылына,  яғни 

қорытынды  кезеңге  қойған  міндеттерімді  іске  асырып  келемін.  Оларды 

төмендегі кестеден байқауға болады. 

Кесте 1. Қорытынды кезең міндеттері 

Міндеттер 

Күтілетін нәтиже 

Көрсеткіштер 

Әдістер 


Сыни тұрғыдан ойлауды 

дамыту технологиясын 

барлық сабақтарда 

қолдануды іске асыру 

 

оқушылардың 



пәндерге деген 

ынтасының 

жоғарылығы; 

 



технологияның 

стратегияларын 

түсінуі,  

 



тапсырманы 

талапқа сай орындай 

алуы; 



 



топта жұмыс істей 

алу дағдысы; 

 

бақылау; 



 

педагогикалық



-психологиялық 

диагностика; 

Оқушылардың оқу-

танымдық 

құзыреттіліктерін 

дамыту 


 

өзінің білімділік 



қызметін 

ұйымдастыра және  

тиімді жоспарлай 

білуі 


өзін қоршаған орта 

туралы  білімі 

кеңейіп, тереңдей 

түседі; 


 

бақылау 



жұмыстары; 

 



тестілеу;  

Оқушылардың бәсекеге 

қабілеттіліктерін 

қалыптастыру 

 

жаңа, әрі тың 



білімді игеріп, рухани 

баюы; 


түрлі деңгейдегі 

олимпиада, 

сайыстардағы 

жетістіктері; 

 

бақылау; 



 

жетістіктер 



мониторингісі; 

СТО  технологиясын  пайдалана  отырып,  мен сабақтарымда  төмендегідей 

өзгерістерді аңғардым:  

 

Сабақты  белсенді  өткізіп,  әр  баладан  еркін  жауап  алуға  жағдай 



жасалды. 

 

Мұғалімнің  іс-әрекеті  емес,  оқушының  іс-әрекеті  бірінші  орында 



тұрып,  сол  арқылы  соңғы,  нәтижелерге  жеттік,  яғни  бала  білімді  іс-әрекеті 

арқылы меңгерді. 



377 

 

 



Терең , тиянақты, сапалы білім алуға жетілді. 

 

Оқушылардың  шығармашылықпен  іздену  қабілеттері,  зерттеу 



жұмыстарын жүргізу тәжірибелері қалыптаса бастады. 

 

Жеке  тұлға  ретінде  «мен»  деген  рөлі  көтеріліп,  өз  пікірлеріне 



бақылау, бағалау жүргізе алатын болды. 

 

Баланың рухани дүниетанымының өсуіне ықпал етті. 



Оқушыларда пайда болған өзгерістер: 

 



оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артты; 

 



бір-бірінің пікірімен санасып, ұжымда сыйластық қалыптасты; 

 



оқушылардың өзін-өзі бақылауы, өзін-өзі бағалауы жоғарылады; 

 



нәтижесінде  қалалық  пәндік  олимпиадаларда,  сайыстарда,  ғылыми 

жоба  қорғауда  өз  білімдерін  дәлелдей  білді.Оны  оқушыларымнан  алынған 

педагогикалық-психологиялық әдістемелердің қорытындысы дәлелдей алады. 

Оқушыларымның  оқу-танымдық  құзыреттіліктерінің  даму  деңгейлерінің 

қорытындысында    талдау,  қорытынды  жасау  деңгейлері,  ізденушілік-

зерттеушілік  дағдысының  қалыптасуы  жоғары  деңгейге  дейін  көтерілгенімен, 

оқушылардың  өздерінің  оқу  қызметін  ұйымдастыруға  көңіл  бөлу  керектігі 

анықталды. Қазіргі күндері оқушыларымның білім сапасының пәнер бойынша 

жоғарылағанын көруге болады. 

Кесте 2. Білім сапасы мониторингісі 

Пәні 

1 сынып 


2 сынып 

3 сынып 


4 сынып /болжам/ 

Математика 

69% 

71% 


78% 

84% 


Қазақ тілі  

74% 



79% 

85% 


Әдебиеттік оқу   73% 

75% 


80% 

85% 


Дүниетану 

73% 


75% 

79% 


84% 

Кесте  3.  Оқушылардың  жетістігі.  /қалалық  пән  олимпиадасы,  «Зерде» 

ғылыми жобалар сайысы,халықаралық түрлі интеллектуалдық сайыстар/ 

 

2012-2013 



(1 сынып) 

2013-2014 

(2 сынып) 

2014-2015 

(3 сынып) 

2015-2016 

(4 сынып) 

І орын 


1 (халықаралық) 



 

ІІ орын 


4 (облыс) 



 

ІІІ орын 



6 (облыс) 



 

Оқушылардың  түйінді  құзыреттіліктерін  дамыту  –  заман  талабы. 

Сондықтан  «Оқушылардың  функционалдық  сауаттылығын  дамытудың  2012-

2016  жылдарға  арналған  Ұлттық  іс-қимыл  жоспары    25  .06  2012  №  832» 

қабылданды. 

•  Негізгі  бөлімде  СТО    технологиясын  қолданудың  окыту  процесіндегі 

мәні  және  педагогикалық  ғылым  мен  практикадағы  оқушылардың  таным  

кызметі дамуының зерттелуі қарастырылған. 

СТО технологиясын қолдану негізінде оқушылардың таным қызметінінің 

диагностикасы көрсетілген. 

Атқарылған  жұмыстарды  түйіндей  келе,  мынадай  ұсыныстарды 

ұсынамын. 



378 

 

-



 

СТО  технологиясын  пайдалану  арқылы  оқушылардың  оқу-танымдық 

құзыреттіліктерін  дамыту  жұмысын  ұйымдастыруда  жаңа  қолданылмаған 

стратегияларды жүйелі түрде жүргізу; 

-

 

Республикалық,  облыстық  деңгейдегі  қашықтық  сайыстар,  ҒПК-лар, 



олимпиадаларға  қатыстыра  отырып,  оқушының  танымдық  деңгейлерін 

жетілдіру. 

-

 

Білім,білік,  дағдыларын  өмірдегі  түрлі  жағдайларда  пайдалануға 



үйрету. 

 

Библиографиялық сілтемелер 



1. Б.Қ.Саньязова  «Оқу  мен  жазу  арқылы  сыни  тұрғыдан  ойлау 

стратегияларын  қолдану  тиімділігі».//  ШҚО  педагогика  жаршысы.- 

№2(16)- 2006, 36-бет. 

2. А.П.Егоршина  Эволюции  менеджмента  в  производственной  сфере  - 

объективная предпосылка педагогического менеджмента //  Менеджмент, 

маркетинг  и  экономика  образования:  Учебное  пособие  /–Н.  Новгород: 

НИМБ, 2001. – 624 с. 

3. Инновационные  условия  развития  профессиональной  компетентности 

учителя. Л.Ф.Иванова //Инновации  образовании. 2003 -№4. –с.69-80. 

4. Қазақстан  Республикасының  Білім  беру  заңы,  2007  жыл,  13  бап,  4-

тарау, 16 бап, 4-тарау. 

5. ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік 

бағдарламасы.// жоба, Егемен Қазақстан .-18 маусым 2011 жыл.№237-239, 

9-10 бет. 

6. Қазақстан  Республикасының  2015  жылға  дейінгі  білім  беруді  дамыту 

тұжырымдамасы « Қазақстан мектебі», №2 2004 жыл, 8 бет. 

7. С.  Ысқақова.  «Сыни  ойлауға  жетелеу»//  Қазақстан  мектебі-№3-2010, 

40-бет. 


 

 

Маржан Сулейменовна Мурсалимова 



«Би Боранбай атындағы орта  мектебі» КММ 

ШҚО, Тарбағатай ауданы, Қызыл кесік ауылы 

 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет