Оќытушы этикасы


І. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ОҚЫТУШЫЛАРЫНЫҢ КӘСІБИ ЭТИКАСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІНІҢ КӨЗДЕРІНІҢ БІРІ РЕТІНДЕ ҚАЗАҚ АҒАРТУШЫЛАРЫНЫҢ АДАМГЕРШІЛІК-ЭТИКАЛЫҚ КӨЗҚАРАСТАРЫ



бет2/19
Дата06.01.2022
өлшемі477,5 Kb.
#12533
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
І. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ОҚЫТУШЫЛАРЫНЫҢ КӘСІБИ ЭТИКАСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІНІҢ КӨЗДЕРІНІҢ БІРІ РЕТІНДЕ ҚАЗАҚ АҒАРТУШЫЛАРЫНЫҢ АДАМГЕРШІЛІК-ЭТИКАЛЫҚ КӨЗҚАРАСТАРЫ
1.1. Қазақ ағартушылары Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаевтың әдемгершілік-этикалық тұжырымдамасы
Үлкен Совет энциклопедиясында “тұжырым” ұғымына (лат. conzeptio– түсіну, жүйе) түсінудің белгілі бір тәсілі, қандай да бір пәннің, құбылыстың, процесстің түсініктемесі, пәнге деген негізгі көзқарас – оларды жүйелік және т.б. түсіндіру үшін басшы идея деген түсініктеме беріледі.

“Концептуалдық ережелер” ұғымы ғылыми, көркем, техникалық, саяси және басқа да қызмет түрлерінде жетекші ойды, құрылымдық ұстанымды білдіру үшін де қолданылады.

Бүгінгі таңда, “Қазақстан Республикасындағы гуманитарлық білім беру тұжырымдарында” аталып өткендей, Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік-экономикалық қайта құрулар адамдар санасының күрделі өзгеру процесстерімен қатар жүреді, терең және әмбебап білімді қайта ойластыру мен елеулі жетілдіруді талап етеді, оларды өндіріске қызмет көрсетудің дәстүрлі формасынан мәдени-шығармашылыққа өтуі тиіс білім беру жүйесі арқылы жүзеге асыру.

Оны жүзеге асыру тәсілі ретінде ізгілендірудің көпқырлы құралы болып табылатын қоғамда демократиялық ағартуды мақсат етіп алған гуманитарлық білім беру алынады, себебі, парасатты қалыптастыруды, белгілі бір өмірлік құндылықтар мен бағдарларды дағдыландыруды, сезім, эмоция мәдениетін тәрбиелеуді болжайды.

Мақсат ретінде тұжырым Қазақстанның жалпы адамдық құндылықтар мен ұлттық ерекшеліктерін есепке ала отырып өтпелі кезеңде гуманитарлық білім беру саласында мемлекеттік саясат стратегиясын анықтауды алады, бұл қазақ ағартушылары Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаевтың адамгершілік-этикалық тұжырымдарымен айрықша тығыз шырмалып жатыр. Бұл ағартушылардың шығармашылық жолы өзіндік сана-сезімді ояту, ғылымның рухани қайта өрлеу, әлемдік өркениеттің жоғары шыңына көтеру мәселесі ерекше өткір болған өткен ғасырдың екінші жартысына сәйкес келеді.

Қазақтың ағартушы-демократтары туралы көп айтылған және жазылған, әсіресе Абай туралы, оның 150 жылдық мерейтойына байланысты халықаралық жылында. Бірақ дәл қазіргі кезде, тәуелсіз Қазақстан Республикасының жаңа тарихының қалыптасуы барысында, олардың шығармашылық мұраларына деген көзқарастарға түзетулер қажет, және ең алдымен, - жас ұрпақтың рухын дамытудағы жалпы адамдық адамгершілік тұжырымдарын түсіну, себебі біздің қиыншылыққа толы өтпелі кезеңнің әлеуметтік-экономикалық және моральдық катаклизмалары жастардың адамгершілік бейнесіне ауыр түрде әсер етуде.

Шоқан Уәлихановтың, Ыбырай Алтынсариннің, Абай Құнанбаевтың мақсатты ағартушылық қызметі Қазақстанның педагогикалық ойының даму тарихындағы жаңа бағытқа – жеке тұлғаның реалистік санасына, және ең алдымен, адамгершілік елесіне және ұстанымдарына, адамгершіліктік құндылықтары мен мұраттарына импульс берді.

Қазақ ағартушыларының түсіндірмелерінде адамгершілік мәселелері тек реалистік мазмұнға ғана емес, ХУ-ХУІІ ғасырлардағы ақындар мен жыраулардың абстракты “моральдандыруларынан” ерекше сол кездегі тәртіптер мен әділетсіздіктерді сынайтын жауынгерлік сипаттағы демократиялық бағытқа да ие. Олардың қоғамды революциялық қайта құруға шақырған ХУІІІ-ХІХ ғасырлардағы орыс материалистерінің прогрессивті адамгершіліктік ұстанымдары мен мұраттарынан айрықша өзіндік ерекшеліктері де болды. Бүгінгі таңда біз орыс материалистерінің ұстанымдарымен келісе алмаймыз және қазақ ағартушылары секілді, қан төгусіз, адам өмірі мен тағдырын құрбан етусіз, атап айтқанда ағартушылықты, ғылым мен мәдениетті дамыту арқылы халықтың және жалпы қоғамның адамгершілік, рухани және материалдық мәдениетін құру қажет деген пікірлерін қолдаймыз.

Қоғам, орта, жағдайлар - міне осылар адамның адамгершілік санасын анықтайды. Олар “адамды дәуір қалыптастырады” деп әділ баға берген.

Сонымен бірге ағартушы-демократтар жеке тұлғаны моральдық қайта бағалауда тәрбиенің рөліне айрықша мән берген және оған үміт артқан.

Қазіргі кезде қазақ ағартушыларының мұраларын терең зерттеудің деректану мен зерттеудың қомақты негізі болса да, бұл этикалық ойлардың педагогикалық аспектісі толығымен ашылмаған күйінде қалады, бұл біз жасауға тырысып отырған концептуалдық ережелердің мәселелерінң негізін құрайды, пәні: қазақ ағартушы-демократтары Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаевтың этикалық көзқарастарының педагогикалық негіздері.

Берілген концептуалдық ережелерді жасаудың мақсаты білім беруді ізгілендірудің қазіргі заманғы жағдайында Қазақстан оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеуде оларды тиімді пайдаланудың мүмкіндіктері мен рөлін анықтау үшін қазақ ағартушыларының адамгершілік-этикалық ұстанымдарының негізгі бағдарларын анықтау болып табылады.

Осы мақсатты жүзеге асырумен байланысты біз келесі міндеттерді анықтадық:

1. Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаевтың адамгершілік-этикалық ұстанымдарының концептуалды ережелерінің басты бағдарларын сипаттау.

2. Қазақ ағартушыларының педагогикалық этикасының негізгі ережелерін жалпылау.

3. Қазақстанның оқушыларын тәрбиелеудің қазіргі заманғы тәжірибесінде қазақ ағартушыларының адамгершілік-этикалық ұстанымдарының концептуалдық ережелерін пайдалану бойынша кейбір ұсыныстарды жасау.

Жетекші идея: ағартушы-демократтар Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаевтың этикалық ойының генезисін жалпы адамдық моральдың дамуының маңызды құрамдас бөлігі ретінде зерттеу. Өткеннің моральдық құндылықтарын игеру – республикадағы нарықтық қатынастар кезеңінже адамгершілік-этикалық тәрбиілеудің мазмұнын ізгілендіру мен жеке тұлғаны адамгершілік тұрғысынан байытудың шарты.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет