Омарова А. Т., Мамытканов Д. К. ӘЛеуметтік жұмыстың этикалық негіздері алматы 2018



бет1/27
Дата13.03.2023
өлшемі0,76 Mb.
#73675
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27


Омарова А.Т., Мамытканов Д.К.
ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫСТЫҢ ЭТИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

Алматы 2018
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті философия және саясаттану факультетінің Ғылыми кеңесі және Редакциялық баспа кеңесі шешімімен ұсынылған.


Пікір жазғандар:

PhD Беймишева Айгүл Сейтжанқызы


Соц.ғ.к. Авсыдыкова Құралай Әділжанқызы
Оқу құралында әлеуметтік жұмыстың этикалық негіздеріне талдау жасалынып, кәсіби мамандарды дайындауға бағытталған кәсіби - этикалық құзыреттіліктер ұсынылған. Әлеуметтік саладағы іс-әрекеттің кәсіби ерекшелігі жөнінде жүйеленген теориялық білім қарастырылған. Бұл еңбек студенттер мен магистранттарға, оқытушыларға, және халықтың аталмыш санатының проблемаларына назар аударушы оқырмандарға арналған.
АЛҒЫ СӨЗ

Әлеуметтік жұмыстың этикалық негіздері» пәні әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы бакалавр мамандарын дайындауға, жеке - тұлғалық және кәсіби қабілеттерін дамытуға бағытталған. Әлеуметтік жұмыс кәсіби қызмет түрлеріне жатқызылуына байланысты кәсіби - этикалық құзыреттілігі мамандықтың маңызды компоненті болып табылады және практикалық әлеуметтік жұмыстың біртұтас кәсіби ойлау қабілеттерінің қалыптасуына ықпал етеді.


Әлеуметтік жұмыстың кәсіби маңызды құндылықтары, оның құндылықтарының қалыптасуы мен дамуы, әлеуметтік жұмыстың деонтологиялық және аретологиялық мәселелері, әлеуметтік қызметкердің іс-әрекетін реттеудегі этикалық-аксиологиялық аспекжағдайын зерттеуге бағытталған.
Оқу құралы логикалық және құрылу тізбегі кәсіби қызметті ұйымдастыруда этикалық-аксиологиялық көзқарас мәні мен әлеуметтік жұмыс саласындағы жалпыадамзаттық моральдық принциптерін жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Сонымен бірге, әлеуметтік жұмыстың этикалық-аксеологиялық негіздерін меңгеруге, әлеуметтік жұмыс құндылықтары жүйесінде қызмет ету қабілеттерін ашуға, клиентке, қоғамға қатысты әлеуметтік қызметкердің этикалық міндеттерін орындауға, құндылықты-этикалық өзін-өзі бағалау дағдыларын қалыптастыруға жағдай жасайды.
Болашақ мамандар бойында этикалық-аксиологиялық көзқарасты жүйелі жүзеге асыруда әлеуметтік жұмыстың әдістері мен формаларын, құбылыстардың, жағдайлардың этикалық – аксиологиялық нәтижелерін, кәсіби іс - әрекетті этикалық реттеу, әлеуметтік жұмыс тәжірибесінде этикалық нормалар мен прициптерді жүзеге асыруда қажетті кәсіби біліктіліктерін қалыптастырады.
Әлеуметтік жұмыстың этикалық-аксиологиялық негіздерін меңгеруге, әлеуметтік жұмыстың құндылықтар жүйесінде бағыттық көзқарасын қалыптастыруға, қоғамға, клиентке қатысты әлеуметтік қызметкердің этикалық жауапкершілігін іске асыруға, құндылықтық - этикалық өзін - өзі бағалау дағдыларын студенттердің толыққанды игеруіне көмектеседі.
«Әлеуметтік жұмыс» мамандығы бойынша кәсібилік қабілеттіліктерді қалыптастыратын этикалық негіздер кешенді қарастырылған. Қазіргі қоғамда кәсіби іс- әрекеттің барлық салаларына, әсіресе адамдарға әлеуметтік көмек көрсету арқылы адамның өзін-өзі жетілуімен сипатталатын салалардағы кәсіби іс-әрекетті этикалық бағалау критерийлерін енгізу талпынысы жүргізілуде. Осы пән әлеуметтік жұмыс тәжірибесінде және ғылыми қызметінде қажетті болатын кәсіби этикалық-аксиологиялық білімдерді қамтиды. Курс студенттерде гуманитарлық және әлеуметтік-экономикалық пәндерді оқу барысында қалыптасқан жүйелі білімдерді, қазіргі әлеуметтік жұмыс мамандығының жалпы және өзіндік ерекшеліктерін ескере отырылып жасалынған.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет